Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық. Мақсаты



жүктеу 102.75 Kb.
Дата14.10.2018
өлшемі102.75 Kb.
Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық.
Мақсаты: Студенттерге тұрақты дамудың –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық деңгейлері, тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар. тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар, халықаралық ұйымдардың іс-әрекетінің тұрақты дамуға қатысты ғылыми теориялық негіздері жайлы білімдерді меңгерту.
Жоспар:

1.Тұрақты дамудың деңгейлері

2.Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар

3.халықаралық экологиялық ынтымақтастық


Негізгі түсініктер: тұрақты даму деңгейлері, экологиялық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыстар.
Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар.

Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі – процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе – теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей , қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.

Адамзат баласының экологиялық проблемаларды шешуге күш салу қажеттілігін ХХ ғасыр басында В.Н. Вернадский айтқан болатын. Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:



  1. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;

  2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;

  3. Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).

Аталған бағыттарды іс жүзінде асыру, біршама шамаларды қарастырады, олардың ішінде атап көрсетсек, экономикасы дамыған елдердің артта қалған мемлекеттерге қаржылай және техникалық көмегі, ресурстарды үнемдеу проблемасы жөніндегі технологиялық шешімдер, қоғамның қажеттілігін экологиялық таза өнімдерге бұру мақсатында экономиканың салаларына құрылымдық өзгерістер жасау, экологиялық бағыттағы халықаралық форумдар ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғауда халықаралық жауапкершілік механизмдерін құру, экологиялық салық салымдарын енгізу, біріккен стратегиялар мен концепцияларды жасау, жекеленген табиғи ресурстарды пайдалануды шешу.
Айнала табиғи ортаны қорғау обьектілерінің халықаралық классификациясы Айнала қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық обьектлері

Мемлекеттік юрисдициядан тыс

ғарыш

әлемдік мұхит



Ауа атмосерасы

антарктида

Бөлінетін табиғи ресурстар

Ерекше табиғат обьектілері

Сирек және жойылуға қауіп төнген өсімдіктер мен жануарлар

Мемлекеттік юрисдициясына жататындар


Халықаралық ынтымақтастықтың келесі формаларын бөліп көрсетуге болады:

  1. Парламентаралық ынтымақтастық,мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған, бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде.

  2. Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады.

  3. Конвенциялық (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер.

  4. Ғылыми – техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта өзара мәліметтер алмасуға бағытталған. Бұнда бірігіп орындау қажет: табиғат қорғау зерттеулерін, кешенді түрде жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану, ғылыми жобалар мен сараптама жүргізуді.

Жоғарыдағы келтірілген негізгі халықаралық ынтымақтастықтар қоғамдық ұйымдардың, іскер адамдардың, мемлекетаралық әртүрлі форумдар өткізулермен іске асып жалғасып отырады. Бұндай кездесулерде әр елдегі экологиялық жағдайын талқыға түсіп, оны шешудің экономикалық проблемасы көтеріледі, содан кейін ғана оны қаржыландыру жөнінде шешім қабылданады. Мысалы, Қазақстандағ Арал теңізі немесе Семей атом полигонының зардабын жоюға АҚШ, Англия, Германия, Жапония мемлекеттерінің қаржылай, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық көмегін атап айтуға болады.

Екі жақты және көп жақты келісімдер мен халықаралық конвенциялар әртүрлі елдердің табиғат қорғау күштерін қадағалайды. Бұндай келісім – шарттардағы серіктес болып көбінесе көрші елдер мен мемлдекеттер аймағтағы табиғи ортаны сақтаудың жалпы мүдделері және кейбір ресурстарды бірігіп пайдалану жөнінде болып тұрады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерімен оңтүстіктегі сырдария өзеніне жазғы күндері су жіберу мәселелері жөнінде келісім – шартқа отырған.

Халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығының тарихы әлемдегі жануарлар әлемін сақтау және пайдалануды реттеу жөніндегі келісімді жасаудан басталған. 1875 жылы Австро – Венгрия және Италия құстарды қорғау декларациясына қол қойған. 1882 жылы бірнеше Европа мемлекеттері Париж қаласында ауыл шаруашылығына пайдалы құстарды қорғау жөніндегі бірінші конвенцияға қол қойды. Халықаралық келісім көбінесе балық, кит және теңіз жануарларын қорғау үшін жасалады. Солтүстік мұхиттағы балық аулауды реттеу жөніндегі тәртібі 1882 жылы жасалып, қазіргі таңда осы сала бойынша 70- тен астам келісімдер бар. 1954 жылы теңіз суларының ластануы проблемасы жөнінде Лондонда 20 ел қойған конвенция, теңізді мұнай өнімдерімен ластауды болдырмауға қол қойды. Келісім бойынша мұнай және мұнай қоспаларын қол қойған елдердің жағалауларына 80-250 километр қашықтық аралығында тастауға рұқсат етілмейді. Кейіннен осы сферада жаңадан конвенцияларға (1972, 1973 ж.ж.) қол қойды, онда қатаң шаралар қарастырылған суларға шайынды және радиоактивті қолдықтарды тастауға. Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен ғарышты бірігіп пайдалану жөніндегі келісім – шартқа отырған. Каспий теңізіндегі экологиялық тепе – теңдікті және ондағы табиғи ресурстарды қорғау жөнінде Иран, Ресей, Өзбекстан, Түркменстан елдерімен ынтымақтастық шарттарға қол қойған.

Халықаралық экологиялық ынтымақтастық қызметінің негізгі принциптері.

Айнала ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ең алғашқы қадамдары бұдан 32 жыл бұрын басталған болатын. 1970 жылдардың басында, қоғам мен табиғат арасында жеткілікті экология – экономикалық проблемалар адамзатқа әлемдік қауіп туғызатын, оның салдарынан планета биосферасына үлкен өзгерістер болатындығы белгілі болды.

Қоршаған орта проблемасы, оның қазіргі кең таралуы Стокгольм конференциясынан (1972 ж.) бастау алады. БҰҰ шешіміне сәйкес жеке ұйым құрылған болатын, оған табиғат қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты әлемдік масштабта ұйымдастыру міндеті жүктелген еді. Бұл оған қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау көп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша оның кейбір жеке аспектлерімен келесі мамандырылған ұйымдар, БҰҰ басшылығымен жұмыс істейді:

ЮНЕСКО –ғылым, білім, мәдениет саласындағы БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім – шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы құрылған. Штаб – пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан. Ол экология саласында “Адам және биосфера” және “Адам және оны қоршаған орта” бағдарламалары бойынша жұмысты орындайды, адам мен айнала орта байланысы және оның әлеуметтік – экономикалық факторларының дамуында зерттеулержүргізеді;



ФАО – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану,қорғау; жаңа және өзгеше энергия көздерін өндіруді, игеруді ықпалын тигізуге көмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бұл мекеменің штаб – пәтері италияның астанасы Рим қаласында орналасқан.

ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарының деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген, оған тұщы сумен қамтамасыз жасау, тамақ және қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды.Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді, халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай – ақ емдеу дәрілердің сапалық жағын тексереді. Дамушы елдердегі халықтардың деңсаулығын жақсартуға көмектеседі. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.

ЮНИДО – халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті бекіту және өнеркәсіптің дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген;

МАГАТЭ – радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агенттік. Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб – пәтері Вена қаласында орналасқан.

ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) – бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай – ақ ұлттық метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.

МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) – бұл одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекемк. МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жөнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан (Швецария).

МЮО-Халықаралық құқық ұйымы 1968 ж құрылған, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық сұрақтарын дайындауға ықпал етеді.

МЭС-Халықаралық экологиялық сот. 1994 ж қарашада Мехико конференциясында заңгерлердің ұсыныс бойынша құрылған ұйым. Әлемдік экологиялық іс-әрекеттерді әділ шешуді қажет ететін мәселелерді шешумен айналысады. Бұл ұйымда әлемнің 24 елінен 29 судья жұмыс істейді.

WWF-жабайы табиғатты қорғау фонды (ағыл. WWF World Wide Fund for Nature) — 1961 ж құрылған. 27 ұлттық бөлімшелері бар.

МОТ –Халықаралық еңбек ұйымы. 1919 ж еңбек қауіпсіздігінің шарттарын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту мақсатында құрылған ұйым.

ГРИНПИС (Greenpeace «Жасыл әлем») — қоршаған ортаның деградациясының алдын алуды мақсат етіп қойған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым. 1971 ж Канаданың Ванкувер қаласында құрылған 1,5 млн мүшесі бар, 1/3— американдықтар. Әлемнің 32 елінде бөлімдері бар.

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық ынтымақтастығы қызметі халықаралық экологиялық құқығымен реттеледі. Оның негізінде барлық елдер келісіп, қабылдаған принциптер мен нормалар жатыр. Осы принциптердің қалыпасуына маңызды үлес қосқан БҰҰ қоршаған ортаны қорғау проблемасы жөніндегі Стокгольм конференциясы (1972 ж.), Әлемдік табиғат хартиясы мақұлдаған (1982 ж.) және Халықаралық БҰҰ конференциясы айнала қоршаған орта және дамыту Рио – де – Жанейро (1992 ж.). Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі экологиялық принциптерінің даму тарихын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады: 1.Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясы (1972 ж.) мемлекеттер және халықаралық қоғамдастықтың экологиялық саясатындағы маңызды кезеңі басталуын белгілеп берді. Конференцияның қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұнда әлемдік қауымдастықтың айнала қоршаған ортаны қорғаудың страсегиялық міндеті, жұмыс жасау бағыты анықталды. Стокгольм конференциясы 5 маусымды Халықаралық қоршаған орта қорғау күні деп белгіленді. Конференцияда БҰҰ қоршаған орта жөніндегі тұрақты жұмыс органы құрылды, оның штаб – пәтері Найроби қаласы (Кения) таңдап алынды. Қабылданған бағдарламада негізінен үш бағыт, табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда:

- айнала ортаны бағалау - әлемдік бақылау жүйесі;

- айнала ортаны басқару;

- көмекші шаралар, қоршаған орта сферасында білім беру және мамандар даярлау;

Аталған ұйым басқа халықаралық ұйымдардың қоршаған орта компоненттері – жер, су, атмосфера, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, сақтау, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіреді.

2. Әлемдік табиғат хартиясы БҰҰ Бас Ассамблеясы 28 қазан 1982 жылы қабылдаған. Стокгольм конференциясы сияқты, Әлемдік табиғат хартиясы Халықаралық қауымдастықтың экологиялық қызметінің басты бағыттарын анықтады, бұл мемлекеттердің экологиялық саясаттарын әрі қарай қалыптасуына өзіндік үлесін қосты. Хартияда келесі негізгі принциптер жарияланады:


  • адам баласы, табиғаттың құрамдас бөлігі екенін саналы түрде ұғынады. Сондықтан, табиғатқа құрметпен қарап, оның негізгі принциптерін бұзбауға тиіс;

  • жер бетіндегі өмір тіршілігінің генетикалық негізі қауіке тірелмеу керек. Әрбір түрдің көбейіп таралуына жабайы немесе үй жануары болсын,оған жағдай туғызылуы, яғни қажетті тіршілік ортасы сақталсын;

  • жер бетіндегі барлық региондар, құрлық, теңіз болсын қорғау заңдылықтарына бағынышты болғаны жөн, бөлек қорғалумен қамтамасыз етілуі қажет, ерекше аймақтар – барлық экожүйе түрлері және сирек, жойылып бара жатқан флора, фауна тіршілік ортасы;

  • табиғи ресурстарды қолдауда ысырап етушілікке жол бермеу, олар пайдаланылуы тиіс орынды, табиғат хартиясы принципі талап етуі бойынша; биологиялық ресурстар өздерінің қалпына келу мүмкіндігі мөлшерінде ғана пайдаланылғаны жөн, бірнеше рет қайталанып қолданылатын ресурстар суды қосқанда айналымға жіберген дұрыс.

Хартия мәлімдегендей, табиғи ресурстарды аяусыз және ұтымсыз пайдалану нәтижесі , сондай – ақ мемлекеттер мен халықтар арасында тұрақты экология – экономикалық тәртіпті орнату қабілетінің жоқтығы цивилизация негізін жояды.

Бақылау сұрақтары:



1.Әлеуметтік-экологиялық кризиске сипаттама беріңіз.

2.Экологиялық жағдай типтері қандай?
: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет