Топсеруен: «Айналамыздағы өсімдіктер әлемі», «Өсімдіктер тіршілігіндегі күзгі құбылыстар». Зертханалық жұмыстар



Дата05.07.2017
өлшемі75.82 Kb.
БИОЛОГИЯ 6-сынып

Зертханалық жұмыс: «Споралы және тұқымды (ашық тұқымды және жабық тұқымды) өсімдіктермен танысу: көкек мүгі, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, қызанақ».

Топсеруен: «Айналамыздағы өсімдіктер әлемі», «Өсімдіктер тіршілігіндегі күзгі құбылыстар».

Зертханалық жұмыстар: «Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу», «Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепаратын даярлау», «Осы микропрепараттарды ұлғайтқыш құралдар арқылы, қарап өсімiдік жасушасының құрылысын зерттеп білу».

Зертханалық жұмыстар: Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың). Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау. Тамырдың түрөзгерістері;

Зертханалық жұмыстар: Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы.

Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу. Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түр өзгерістері. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды табу. Тамырсабақтың түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау. Топсеруен: Өсімдіктің қысқы тіршілігі. Жапырағын тастаған ағаштар мен бұталар;



Зертханалық жұмыстар: Гүлдің құрылысы мен танысу. Бунақденелілермен және желмен

тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.



Топсеруен. Терезе алдындағы өсімдіктер әлемі.

Зертханалық жұмыс: Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.

Зертханалық жұмыстар: «Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы, «Мүктердің сыртқы құрылысы», «Қырықжапырақ тәрізділердің сыртқы құрылысы», «Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылсы», «Қылқанжыпырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу», «Шаршыгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Лалагүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Пияз тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Астық тұқымдасы. өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы».

Топсеруен. «Қалалық саябақтағы және мектеп маңындағы өсімдіктер дүниесінің өкілдерімен кездесу, танысу». «Өсімдіктер дүниесі өкілдерінің көктемдегі оянулары».

Зертханалық жұмыстар: «Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы құрылысымен танысу», «Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу».

Зертханалық жұмыстар: «Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы

құрылысын зерттеп білу», «Түтікшелі және қатпарлы қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы», «Қабық(қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу»,«Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс ерекшелігімен танысу».



Ескерту. (Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда көрсетулермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.).

Сарамандық жұмыстар:

«Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және мектеп айналасында өсімдіктер бірлестігін

құрастырып, оны жабдықтау бойынша жүргізілетін көктемгі жұмыстар», «Бөлме өсімдіктерін көктемгі күтіп-баптау жұмыстары», «Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар», «Жылдың күзгі мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі».

Топсеруен:

«Бірлестіктегі өсімдіктер тіршілігі», «Орман (саябақ) табиғи бірлестік екендігі», «Табиғи

бірлестіктегі көктемгі тіршілік». «Жылдың көктемгі маусымындағы өсімдіктердің тіршілігі». Жаз айларына берілетін тапсырма: оқып танысқан тұқымдастардағы өсімдіктердің кеппешөптерін дайындау (шаршыгүлділер, раушангүлділер, алқа және бұршақ тұқымдастары, лалагүлділер, пияз және астық тұқымдастары); осы аталған тұқымдастардың оқып танысқан өкілдерінің тұқымдарынан жинақтама құрастыру, өсімдіктер тіршілігіне фенологиялық бақылау жүргізіп, байқалған өзгерістерді бақылау

күнделігіне енгізу, арамшөптердің кеппешөптерін дайындау, көкөністердің, жемістердің, бақша өсімдіктерінің және астық дақылдарының тұқымдарын жинау, жаз айларында өсімдіктердің гүлдеуіне және жеміс түзілуіне, жапырақтардың өзгерістеріне бақылау жүргізу, бөлме және әсемдік өсімдіктерге, және үйдің ауласындағы басқа да өсімдіктерге бақылау жүргізіп, күтім жұмыстарымен айналысу (байқалған барлық өзгерістерді күнделікке енгізу.


7-сынып;

Зертханалық жұмыс: Ашық су қоймасынан не аквариумнан алынған су тамшысын микроскоп астында қарап, қарапайымдардың өкілдерін табу.

Зертханалық жұмыс: «Шұбалшаңның қозғалу ерекшелігін, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау», «Сыртқы құрылысымен танысу», «Даяр дымқыл препараттағы құрттың ішкі құрылысына назар аударып зерттеу».

Зертханалық жұмыс: «Сулы ортадағы тірі балықтарды бақылау», «Олардың сыртқы

құрылысына назар аударып зерттеу», «Қабыршақтарындағы дөңгелектеу келген сызықтарға қарап балықтың жасын анықтау», «Балықтың қаңқасын қарап зерттеу», «Балықтың ішкі құрылысына қарап мүшелерін анықтап табу, олардың орналасуына назар аудару»;



Зертханалық жұмыс: «Тірі бақаларға бақылау жүргізу». «Бақаның сыртқы құрылысын зерттеп білу. Қаңқасының ерекшелігіне назар аудару». «Даяр ылғал препараттан бақаның ішкі құрылысына қарап мұқият зерттеу»;

Зертханалық жұмыс: «Тірі кесірткенің қозғалысын, басқа да тіршілік әрекеттерін бақылау (улы емес жыландарды немесе тасбақаларды бақылауға болады»). «Олардың сыртқы құрылыстарына назар аударып зерттеу». «Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру».

Топсеруен: «Өлкетану мұражайына немесе хайуанаттар бағына барып туған өлкенің алуантүрлі жануарларымен танысу»;

Зертханалық жұмыс: «Құстардың сыртқы құрылысы». «Қауырсынды жамылғысы, қауырсындарының әртүрлі типтері». «Құстардың қаңқасы, ішкі құрылысы (ылғалды препарат)». «Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу».

Топсеруен: «Орман құстарымен танысу (саябақ, мектеп бағының құстары). Тірі құстардың мінез-құлығын бақылау»;

Зертханалық жұмыс: «Аңдардың тіршілігін бақылау». «Сыртқы құрылысын, қаңқасының құрылыс ерекшелігін зерттеп білу».

«Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын қарап танысу».



Ескерту: (Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады).

Топсеруен: «Қолға үйретілген және жабайы аңдар тақырыбы бойынша өлкелік мұражайға немесе хайуанаттар бағына бару».
8-сынып:

Зертханалық жұмыс «Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны көріп танысу»;

Зертханалық жұмыс: «Тізе рефлексін зерттеу», «Терінің тітіркенуі кезінде жолақтардың

түзілуін бақылау: вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі қан тамырлары тарылып теріде ақ жолақтар көрінеді, ал одан кейін байқалатын қызыл жолақтардың парасимпатикалық бөлімнің әсерінен қан тамырларының кеңеюіне байланысты жүреді», «Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі»;



Зертханалық жұмыс:«Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау, Соқыр дақты табу, Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау, Саусақтардың ұшындағы төмпешіктердегі және сыртқы бетіндегі сезімталдықты

анықтау»;



Зертханалық жұмыс:

«Кальцийсіздірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу, Омыртқа жотасының

иілгіштігін, бұлшық еттер мен сүйектерінң орналасуын анықтау,.Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау»;

Сарамандық жұмыс. «Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету»;

Зертханалық жұмыс. «Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсерін байқау»;

Зертханалық жұмыс: «Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау мөлшерін анықтау. Тамақтану мөлшерін анықтау, тамақ рационын құру»;

Зертханалық жұмыс:

«Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалау»;


9-сынып:

Зертханалық жұмыс: «Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз». «Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы».Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу;

Сарамандық жұмыс: «Қарапайым генетикалық есептер шығару, Өз ататегіңе шежіре құрастыру»;

Зертханалық жұмыс:«Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру». «Организмдердің өзгергіштігі»;

Зертханалық жұмыс: «Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері».

Зертханалық жұмыс: «Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері»;

БИОЛОГИЯ 10-сынып зертханалық жұмыстар: жаратылыстану-математика бағыты

№1 зертханалық жұмыс.

Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық жасушалардың (бактериялар) құрылысы.



№2 зертханалық жұмыс.

Пияз эпидермисінің жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарын бақылау.



№3 зертханалық жұмыс.

Өсімдік жасушаларындағы цитоплазманың қозғалысын бақылау.



№5 зертханалық жұмыс.

Өсімдіктер мен жануарлардағы өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру.



№6 зертханалық жұмыс.

Шежіре құру.



11- сынып зертханалық жұмыстар: жаратылыстану-математика бағыты

№1 зертханалық жұмыс.

Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың нәтижесін, түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу.



№2 зертханалық жұмыс.

Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеу.



10-сынып зертханалық жұмыстар: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы:

Зертханалық жұмыс:Эукариоттық (өсімдік, жануар,саңырауқұлақ) және прокариоттық (бактериялық) жасушалардың құрылысы.

Зертханалық жұмыс: «Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық (бактериялар) жасушалар».

Зертханалық жұмыс: «Өсімдік фенотиптерін зерттеу».Практикалық жұмыс. «Генетикалық есептер шығару».



Зертханалық жұмыс. «Шежіре құру».
11-сынып зертханалық жұмыстар: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы:

Зертханалық жұмыс.Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу;
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет