Тобы: Еркетай Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Экология Тақырыбы



жүктеу 68.15 Kb.
Дата15.07.2018
өлшемі68.15 Kb.
Тобы: Еркетай

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Үй жануарлары. Жылқы және есек.

Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,көрсету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: үй жануарлары туралы мәлімет беру.

Қажетті көрнекі құралдар: үй жануарлары қой, сиыр, түйе, ешкі,жылқы, ит, мысық,есек суреттері,мақта, жіптің қиындылары.

Биллингвальді компонент: Сиыр - корова, қой - овца, ешкі – коза,жылқы-лошадь,есек-осел, ит-собака, мысық-кошка,түйе-вервлюдь.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті



Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Балалардың көңіл күйлерін көтеріп, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бастау үшін балаларды орындарынан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу.


Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!

c:\users\жансая\desktop\еркетай 2016--2017\img-20161122-wa0016.jpg

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Балалар  адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспананы қалай атаймыз?

-         Үй

Үй қандай бөліктерден тұрады?

-         Төбесі, есік, терезе , үйдің қабырғасыннан тұрады.

Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

-         Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды.

Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымыздағы тұрған үйдің неше терезесі бар екенін санайық

-         1, 2, 3, 4, 5, 6

- Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде әңгімелейтініміз осы терезелердің ішінде жасырылған.

Балалар мен сендерге әр терезеде жұмбақтар бар екен, мен сендерге соны оқып берейін



c:\users\жансая\desktop\еркетай 2016--2017\img-20161122-wa0023.jpg
1.     Терезе

Қамыс құлақ,

Тостаған тұяқ,

Мінсең қанат,

Сүті дәрі, еті тамақ.   

                      (Жылқы)



2.   Терезе

  Үстінде екі тауы бар,

Қызық бір жануар.  

                           (Түйе)



3.   Терезе

 

Кішкене ғана бойы бар,



Айналдыра киген тоны бар 

                            (Қой)



4.   Терезе

 

Екі айнасы бар,



Екі найзасы бар.  

                     (Сиыр)



5.     Терезе

Үй жанында өмір сүреді

Біреу келсе үреді

                            (Ит)



6.     Терезе

Сүтті жақсы көреді

Жылы жерде ұйықтайды (Мысық)

 

7.     Терезе

Секең- секең етеді,

Таумен тасқа жетеді.

          (Ешкі)
Өзі сұр,бөрі емес,

Ұзын құлақты,қоян емес.

Жұмыр тұяқты,жылқы емес

(Есек)

- Бұл суреттер сендерге таныс па?


- Дұрыс, үй жануарлары.

-Балалар жануарлар екі топқа бөлінеді. Үй жануарлары және жабайы жануарлар. 

Жабайы жануарлар орманда мекен етеді. Олар қоректерін өздері табады. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз үй жануарлары туралы болмақ. Енді үй жануарлары туралы толықтай айту үшін бір сәт тақтаға назар аударайық!


Түйе: Үй жануарларының ішіндегі ең ірісі сүт қоректі жануар. Түйе шөппен қоректенеді. Адамдарға жүн, ет, сүт береді. Сүтінен: ең пайдалы дәрілік қуаты бар шұбат жасайды. Түйе жүнінен көрпе жасаймыз. Ерте кезде адамдар көшіп, қону үшін көлік ретінде пайдаланған.
Сиыр: Үй жануарларының ішіндегі ірі аша тұяқты жануар. Сиыр сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді.. Оның терісінен тон киеміз. Адамдарға ет, сүт береді сиыр сүтінен: айран, сүт, ірімшік, кұрт, май, қатық жасайды.
Жылқы: Үй жануарларының ішіндегі ірі сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді. Жылқыны адамдар көлік қылып мінеді. Адамдарға ет, сүт береді жылқының сүтінен адам денсаулығына өте пайдалы сусын қымыз жасайды.
Қой: Төрт түлік малдың ішіндегі сүт қоректі, момын жануар. Шөппен қоректенеді. Адамдарға ет, сүт, жүн береді. Түйе жүнінен қалың киім тоқиды, киіз басады, байпақ жасайды.
Ешкі: Ешкінің сүті өте пайдалы. Ешкінің жүні түбіт деп аталады. Одан түрлі қалың киімдер, әсіресе қолғап тоқимыз.
Есек: Адамдар оны көлік ретінде, отын жүк тасуғы пайдаланады. Оның етін жемейді.

Ит: қолға ең бірінші үйретілген жануар. Ол – адамның сенімді досы. Үнемі адамға қызмет етіп, үйін, малын, қорасын күзетеді. Иттің сезім мүшелері жақсы жетілген. Қазіргі кезде иттердің әр түрлі тұқымдары шығарылған.

Мысық: бірнеше мың жыл қолға үйретілген. Қазір де оны тышқаннан қорғану үшін ұстайды. Тұмсығындағы қылшық мұрты арқылы иісті сезеді. Мысық - өте таза жануар. Қазіргі кезде мысықтардың көп түрі бар.

- Үй жануарлары барлық адамдарға, яғни, біз үшін өте пайдалы. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Олар адамдардың бағып - қағуымен, асырауымен тіршілік етеді. Адамдар оларға жем, су, шөп береді. Осы жануарлар үй маңында,қорада яғни адамнын көмегімен тіршілік ететіндіктен үй жануарлары деп атаймыз.


- Үй жануарларының балалары болады. Біз оларды төлдері деп атаймыз.
Қой – қозы
Сиыр - бұзау
Жылқы – құлын
Түйе – бота
Ешкі – лақ

Есек- қодық

Ит- күшік

Мысық- марғау.

- Балалар,ендеше үй жануарларының дыбыстарын үнтаспа арқылы тыңдайық.

Балаларды екі орталыққа бөлдім.



І топ – мақтадан қойдың жүнін жапсыру.

ІІ топ – жіптің қиындыларынан жылқы жасау.

c:\users\жансая\desktop\еркетай 2016--2017\img-20161122-wa0003.jpg c:\users\жансая\desktop\еркетай 2016--2017\img-20161122-wa0006.jpg

Қағаз қиындыларынан суреттер құрастыру



c:\users\жансая\desktop\еркетай 2016--2017\img-20161122-wa0005.jpg c:\users\жансая\desktop\еркетай 2016--2017\img-20161122-wa0007.jpg

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Өз төлін тап?»

c:\users\жансая\desktop\еркетай 2016--2017\img-20161122-wa0025.jpg c:\users\жансая\desktop\еркетай 2016--2017\img-20161122-wa0024.jpg

- Ендеше апайларымызға жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік!
Әмірхан: Ақ бұзауым ұнайды
«Мө - мө» деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
Тілімен мұрнын жалайды
Анеля: Кіп - кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзім деп.
Санжар: Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Эльнара: Шөре - шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секектеме деміңді ал
Селтеңдемей құлағың
Ермухан: Айналайын, ботам
Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ
Теріп жейсің жантақ
Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар» ойыны

Мақсаты: Үй жануарларын дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабылетін дамыту.

c:\users\жансая\desktop\еркетай 2016--2017\img-20161122-wa0028.jpg

Ән: «Ойыншықтар»
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай жануарлармен таныстық?

- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?


- Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?

Кәне,балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз деп,айтамыз






-         Үй

-         Төбесі, есік, терезе , үйдің қабырғасыннан тұрады.

-         Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды.

-         1, 2, 3, 4, 5, 6

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

-Ия, бұл үй жануарлары.

- Балалар үнтаспадан үй жануарларының дыбыстарын тыңдайды.
- Бірінші орталығындағы балалар мақтадан қой жасайды.
- Екінші орталықтағы балалар жіптің қиындыларынан жылқыны жасайды.
- Сергіту сәтін қимылдар арқылы жасайды.
- Ойынды қызығушылықпен орындайды.
- Үй жануарлары.

- Сиыр,қой,ешкі,жылқы,есек т.б.

- Бұзау,лақ,құлыншақ,күшік
Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.



Игереді: жылқы мен есекті танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтуды, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: жылқы мен есектің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет