Тұмаудың алдын алу



жүктеу 21.12 Kb.
Дата09.06.2017
өлшемі21.12 Kb.
Тұмаудың алдын алу

Тұмау — тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы — ортомиксовирустар, олардың үш типі: (А, В, С) бар. Өте жұқпалы ауру. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа нұсқасын түзуі мүмкің.

Кейде ол асқынып, тыныс жолын, жүйке жүйесін, қантамырды, жүректі ауруға шалдықтырады.Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б.арқылы жұғады.

Таралуы

Бір мезгілде өлке, тіпті, бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауыруы мүмкін. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол — салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт жәнет.б.) әсерінен тез қырылады.

Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы — тұмаумен  ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық,  сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1-2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, өсіп-өнеді де, мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1-4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп, құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Тұмаудан жазылғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады. Ол А типінен кейін 1-2 жылға, В типінен кейін 2-3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

Алдын алу шаралары

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көніл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып, жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызуы төмендеп, сауыға бастайды.



Емі

Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуында, дене сырқырағанда аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуы керек, олар жиі қайнатылып жуылуы тиіс.



Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді.

Г.Рашитова , №71 мектеп-лицей медбикесі
: files -> sites -> 1384418080685817 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> Вопросы по патологической физиологии для подготовки к практическим занятиям для студентов стоматологического факультета
sites -> Краткий исторический очерк Сосудистая система общие данные, компоненты Функциональная анатомия сердца Развитие сердца Аномалии развития сердца
sites -> 1. Анатомо-физиологические особенности венозной системы
sites -> Тесты по Акушерства и Гинекологии сs к наружным половым органам относятся нижеперечисленные за исключением: a




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет