Түлкі Түлкі(Vulpes vulpes)- жер шарында арктикадан басқа барлық жерде кездесетін космополит. Түлкілер геммингтердің көбеюі кезінде өзен алқабынан тундраға кіреді. Түлкілердің биіктікте өмір сүру деңгейі де жоғары



жүктеу 61.25 Kb.
Дата15.07.2017
өлшемі61.25 Kb.
Түлкі

Түлкі(Vulpes vulpes)- жер шарында арктикадан басқа барлық жерде кездесетін космополит.Түлкілер геммингтердің көбеюі кезінде өзен алқабынан тундраға кіреді.Түлкілердің биіктікте өмір сүру деңгейі де жоғары. Орта Азияда олар таудың ең қарлы шыңында 4000-5000 м биіктікте, Кавказда 2700м биіктікте кездеседі.

Ресейде дене көлемі, түсі, жүнінің құрылысына қарай түлкінің 8 туысы мекендейді.

Экологиялық ерекшеліктері

Түлкілердің өмір сүру ортасы алуан түрлі.Барлық белдеулерде: тундра, орман-тундра, орман, орман-дала, дала, шөл мен тауда кездеседі.Ашық және ағаштар аз өскен жерлерді, өзен аңғарын, ауылдардың маңында мекен еткенді ұнатады.Бұндай жерлер азық табу мен ін қазуға өте ыңғайлы.Түлкілер антропогендік ландшафтқа, адамға жақын аймаққа тез үйренеді. Мысалы, ірі қала шеттеріне, саябақтарға кірген жағдайлар да болған.

Кешке және таң ата бергенде өте белсенді.Егер қорек көп болса түнде ұйықтайды, ал таң ата күн шықпас бұрын аңшылыққа шығады, одан кейін күндіз қайта демалады.Бірақ, саршұнақтарға таңертең де, күндіз де аңшылыққа шығатын түлкілер де кездеседі.Жазда олар күндізгі қорек іздеуге көп бөгеледі.Ал өлген мал көмілген жерлерге кешке және түнде барады.

Түлкілерге аңшылыққа шыққанда олардың есту мүшесі жақсы, иіс сезімі нашар, көруі де төмен екенін аңғарған жөн.Олар қауіптен құтылып кетуге, бөтен ортаға тез үйренісуіне өте бейім.Олардың мінезі өзгермелі болады.Байқампаздық пен көріп есте сақтауы жақсы жетілген.Осыған байланысты олар бөтен иісті берден сезеді, бірақ қақпанды байқамай қалуы мүмкін.

Олар территориалды аң.Жалғыздан өмір сүреді.Көбею кезінде жұптасп өмір сүреді.Әр аңның мекен ету алқабы 1,5-тен 400км2 –ге дейін жетеді.Аумағының шекарасын несептік белгімен қарға, топыраққа,мбұталы ағашқа, құрғақ шөпке қалдырады.Әсіресе несеппен белгі салу буаздық кезеңде күшейеді.Солтүстік белдеулерде түлкі аз мекендейді. Алқабы-10-35км2, кейде 2-5км2.Шығыс Сібірде бір түлкі апаңы 200-400км2-ді (Герасимов, 1977) алады.Ең жоғарғы тығыздық Ресей мен Предкавказьенің орталық орманды-даласында байқалады.20км2 аумаққа 11-14 апаң қазылады.

Түлкілердің буаздық мерзімі қыстың аяғы мен көктемде.Бұл кезеңде олар мазасызданып, демалмайды.Оны «түлкілердің үйлену тойы» дкеп атайды. Оны аналық түлкі бастайды артынан бірнеше аталық түлкі ереді,бір-бірімен таласқа түседі.Бір аталық аналық пен қосылып, буаздықтанкейін де бірге болады.Жас күшікті өсіруге екеуі де қатысады( аналық күшіктегеннен соң іннен шықпайды, ал аталық оларға тамақ әкеліп отырады).

Түлкілер 52-56 күнде әдетте 4-6, кейде 12-14 күшікті дүниеге әкеледі.6-7 апта емізіп, 3-4 айда апаңнан шығады. Қыста жалғыздан өмір сүреді.10 айында жыныстық жағынан жетіледі.Қолда- 25 жылға дейін, табиғатта 8-10 жыл өмір сүреді.

Санын шектеуші факторлар

Түлкі- экологиялық жоғарғы бейімді аң, бірақ ол дымқыл топырақпен көмкерілген тегіс орманды массивтерден қашады.Қалың қар қимыл мен тышқантәрізді қоректерін аулауға кетергі келтіретіндіктен түлкілер солтүстік еуропалық орман массивтері мен Сібірдің көптеген аумақтарында аз кездеседі.Қардың қалыңдауы түлкінің маусымдық айналымына да әсер етеді.

Ұсақ кемірушілердің азаюы түлкінің өсімталдығын төмендетіп, жастарының өлуіне әкеледі.Аз қоректенудің салдарынан 70% аналықтар ұрпақ әкеле алмайды.

Түлкінің жаулары: шибөрі, қасқыр, сілеусін, құну және қырандар.Аталқтарының жаулары көбірек: филин, қаршыға, дала қыраны, қарға. Көбінесе түлкілер қаңғыбас иттердің жеміне айналады.Химиялық препараттармен уланған саранча мен тышқантәрізділерді жеп те өледі.

Жалпақ және жұмыр гельминттер аңды әлсіретіп, ішкі органдардың өзгерісіне, аңның өліміне әкеледі.Түлкілерде: оба, паратиф, энцефаломиелит, құтырық сияқты аурулар эпизоотиясы болады.Оңтүстік және батыс елдерде түлкілерде қышыма ауруы тарап, аңның жаппай қырылуына әкелген уақыттар да болған.

Тығыздықтың артуы туылудың өсуі мен күшіктің өлімінің азаюымен реттеледі.Ал кемуі осы процесстің кері жүруімен орын алады.



Алқаптар сапасы

Түлкілер алқабының бағалылығы әртүрлі фактор комплексімен анықталады, әсіресе аң санының тығыздығымен есептеледі.ЗМУ «санақ қызметінің» мәліметі бойынша 1966-1984 жылдары Ресейдің 31 аймағындағы түлкі өмір сүруге жарамды алқаптарды бағалау жұмыстарын С.А.Корытин, Н.Н.Соломин(1990) атқарған.Бұл ғалымдар түлкінің әр таралу санының деңгейіне (төменгі, орташа, жоғарғы) байланысты тығыздығын төрт бонитетке бөлді. Бірінші бонитет - 0-0,45; екінші- 0,46-0,90; үшінші- 0,91-1,35; төртінші- 1,36 және одан көп(1000га-ға).

Тығыздығы 1000га-ға 0,01-0,5 түрден келетін аймақ түлкілер алқаптарының ең төменгі сапасына ; 0,51-1,0- екінші классқа; 1,01-1,5- үшінші классқа; 1,51-2,0- төртінші классқа; 2-ден жоғары болса- жоғарғы бесінші классқа жатқызылады.Қосымша азықтандыру сияқты шаралар жүргізілгенде түлкілер саны мен тығыздығы уақытша артуы мүмкін, мұндай жағдайда аңды аулау мөлшері мен пайызы да артады.

Германияда түлкі саны 1000 га жерге 1,5 бастан аспауы керек деп есептеледі,себебі мұндай тығыздықта бұл аңның құтырықпен ауруы тоқтайды.Ресейде бұл норма төмен болуы қажет,себебі дәл осындай тығыздықпен де бұл ауруы түрі кең таралады.

Соңғы жылдары Урал мен Сибирьде түлкі санының тығыздығы орта деңгейден төмен, ал оңтүстік аймақтарда – орташа деңгейде таралған.Кейбір аудандарда бонитет деңгей жоғары болады.Мысалы, Хакасияның бірқатар аудандарында түлкі тығыздығы 2,4 басқа жетеді.Аталған аудандарда аңшылар бір маусымда 100-ден астам түлкіні аулаған.

Түлкіні аулауды нормалау

Түлкі аулауды нормалау мәселесі өте аз қарастырылған, бұл аң популяциясын зерттеу анализінің жоқтығына байланысты. Әдебиеттерде аңның тығыздығы, туылу мен өлімі, түлкінің жастық және жыныстық топтары, популяция санының артуы, өмір сүру ортасының өзгеруі жайлы мәліметтер өте аз кездеседі.Ф. В. Ивановтың (1966) деректерінде Рязанский облысында максимум 38% ауланады. Подмосковьедегі аңшылық шаруашылығында (Иванов, 1967) түлкінің тығыздығы 1000га жерге 0,65-тен 1,76-ға дейін келеді, жылына 40-85%-ке дейін ауланады.

Костромский облысында 1945-1964 жылдар аралығында аңшылар орташа мөлшерде негізгі аң басының 32-42%-ын аулаған және ол аң санының азаюына әкелген жоқ.Дегенмен, Н.Ф.Пантелеев және Л.С.Барановтың(1969) дерегі бойынша Вологодский облысында түлкінің жалпы басының 20-25% ғана аулануы керек.М.Сергеев Вологодский облысының Череповецкий ауданы бойынша 1968 жылы 400 түлкі, күзде 515 түлкі ауланғанын айтады, бұл аң басының 30%-ын құраған.

А.А.Вершинин мен А.А.Лазерев аңшыларға жүргізілген сауалнама нәтижесінде Камчаткада түлкі аулау 30-72%, ал орташа 60% түлкі басы ауланады деген қорытындыға келді.

Құтырық, қышыма сияқты ауру таралған аудандардағы түлкілерді умен, аңшылық жасау арқылы өлтіріп, індерін бұзып жатады.Бұл әдістер тек ғана түлкі санынның азаюына әкеледі бірақ жоймайды.

Батыс Еуропада түлкіні жиірек аулау бұл аңнның тек аңшылыққа ғана емес әртүрлі күресу шараларына төзімді келетіндігін көрсетеді.Мысалы, Солтүстік Ирландияда әр ауланған түлкі үшін сыйақы беріледі, дегенмен оның саны әлі тұрақты деңгейде. Еуропаның 10 ауданында түлкі саны құтырық ауруы немесе жасанды санын азайту шаралары жүргізілген соң 2-3 жылдан кейін қайта қалпына келіп алады.Шотландияда түлкі зиянды аңға жатады. Оны өлтіргені үшін сыйақы беріледі,бірақ мұндай заманауи әдістер түлкі басының азаюына кедергі келтіре алмай отыр.

С.А.Корытин мен Н.Н.Соломиннің ойларынша, түлкі табиғатта ешқандай зиян келтірмейді, сондықтан оның санын шектеудің қажеті жоқ.Одан бөлек аңшылар келесі маусымда ауланатын түлкі санын біліп, алдын ала жоспарлау керек.Басқа ғалымдардың зерттеулері мен тәжірибелеріне сүйене отырып олар түлкінің тығыздығы мен алқапта таралу деңгейіне қарап аулау нормасын құрды. Нормалаудың көрсеткіші болып алқаптағы түлкі тығыздығы үлкен рөл атқарады.Тығыздығы белгісіз алқапта 50% түрді аулауға болады.Екінші бонитетке(0,46-0,9) жататын алқапта орташа 60%, үшінші бонитетте(0,91-1,35)- 70%, төртіншіде(1000 гектарға 1,35 бастан келеді)-80%-ға дейін аулауға болады.

Саны азайған түлкілерді аулау қиынға түседі,себебі, аң сақтана бастайды.Саны жоғары кезде бонитет пен алқапқа қарамастан аңшылықты максимальды аулауға ұйымдастыру керек.Түлкілер саны артқан кезде аңшыны нормамен шектемеу керек.Сонымен қатар ғалымдар түлкінің орташа тығыздығы мен мекендеу ортасына қарай аулаудың әртүрлі нормаларын ұсынған.

Саны артқанда(2-3 есеге) жастары мен ересек аталықтары ауланып, аналықтары қалдырылады.Аң басының келесі жылға дейін артуы аналық түлкінің күйіне байланысты болады. 0,4 аналық кезіндегі өсім- 110-115%; 0,5 кезінде- 190%; 0,6 кезінде- 200%; 0,7 кезінде - 210% тең болады.

Түлкіні аулау ерекшеліктері

Н.С.Корытиннің ойынша, аңды аулау аң санының өзгеруіне тікелей байланысты.Сондықтан, өсім мен тіршілік ұзақтығы өзгеріссіз болған кезде аң аулау бастапқы санынан 50%-ды құрайды.

Саны күрт артқанда аулауды бақылау мүмкін болмағанда жас түрлерді аулауға қосымша құралдар мен тәсілдер қолданылады(қақпан).Сонымен қатар иттермен аулауға да болады.

Түлкі популяциясын әр жастағы түлкі параметрлеріне анализ жасаумен математикалық үлгімен зерттеу арқылы Н.С.Корытин, Ф.В.Кряжимский, И.Е.Бененсон қорытындыға келді.



Аң аулауды арттыруды аулау маусымының соңында жүргізілетін түлкі басына санақтан, аналықтың ұрпақ беру деңгейімен жас түлкілердің санына қарай анықтайды.

Жоғары аталған әдіс-тәсілдерді арнайы аудандағы түлкі басын аулау мен бағалы алқаптардағы түлкілерге қолданады.Түлкілерді аулау нормасына белгіленген нақты жыл бойынша өзгерістер енгізіліп отырады.
: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет