Тлеубай с. Т., Тойымбекова ж. Б



жүктеу 48.25 Kb.
Дата26.10.2018
өлшемі48.25 Kb.
ТЛЕУБАЙ С.Т., ТОЙЫМБЕКОВА Ж.Б.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ



tleubaevas@mail.ru, jumagul.65@mail.ru

МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ


Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. Қазірдің өзінде мектеп тәжірибесінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Атап айтқанда, оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; серіктестерінде түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне және оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге ықпал жасайды.

Педагог әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: бірі – ақылға, екіншісі – қиялға, үшіншісі – көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты - шығарма сөз. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын – бәрі шығарма болады» деп, сөз құдіретінің оқушының сындарлы ойлауына әсері мол екендігін айтқан болатын.

Диалог сөзінің философиялық астары жанды тілді түсінуде ғана емес, алдымен, өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасын қалыптастыруда жатыр. Демек, бүгінгі күнгі ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетуде. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыруымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атады. Соның дәлелі - курс барысында жүргізілген «Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау дегеніміз не?» тақырыбындағы сабақта «Оқу» таныстырылымы арқылы «Миға шабуыл» жасалып, курсқа дейінгі мектеп тәжірибесінде жүзеге асырып жүрген бағалау әрекеті туралы ой қозғалды. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы таныстырылым негізінде, алдымен, жеке ойлану, жұбымен бөлісу, топта талқылау іс-қимылдары жүзеге асты. Сұрақ қоюдың түрткі, басқаға бағыттау, сынақтан өткізу түрлері қолданылды: -Жиынтық бағалау деген қалай түсінеміз? Оқытуға деген қарым-қатынасты бағамен шектеуге бола ма? Әлде..., -Кері байланыс оқушыға өзін жетілдіруге көмектесе ме? Орнатылған кері байланыс оқушыларға өз жұмысы туралы ойлануға мүмкіндік береді ме? деген пікірталасқа қажетті сұрақтар төңірегінде өзара талқылау, білімді кеңейту мақсатындағы жұмыс түрлері жүргізілді. Бір жағынан мұғалімдердің бағалау туралы білімдері кеңейтілсе, екінші жағынан сұрақ қою және жауап алу дағдылары жетілді. Мысал ретінде диалог құруға мүмкіндік туғызатын сұрақтар үлгісі ұсынылды («Бауырсақ» ертегісі бойынша диалог құруға мүмкіндік туғызатын сұрақтар).


Сабақ сатысы

Сұрақтар мақсаты

Сұрақтар:

Кіріспе

Байланыс орнату;

Сыныптың не білетінін анықтау;

Бұрынғы жұмысты қайталау;

Сабақ тақырыбында жүретін проблемаларды белгілеу;



- Бұл ертегіні кім жазған?

- Неге бұл орыс ұлттық ертегісі деп аталады?

- Ертегінің басты кейіпкерлері кімдер?

- Ертегінің мазмұнын айтып бере аласыз ба?



Жаңа материалдың тұсаукесері

Қызығушылық және ілтипаттылық туғызу;

Талқылау және логикалық ойлауға ықпал ету;

Оқушылар не болып жатқанын түсінгенін анықтау;


- Бауырсақ деген кім?

- Оны кім жасады?

- Ол неден және қалай жасалған?

- Ертегі кейіпкерлері кімдер?

- Ертегі кейіпкерлері бауырсақпен қалай кездесті?


Қолдану

Назар аудару және түсіндіру;

Бақылаудың негізінде ойлы тұжырым жасауды үйрену;

Қиын сәттерді, түсінбеушіліктерді түсіндіру және жекелеген оқушыларға көмектесу;


- Баурсақ қандай кейіпкерге жатады?

- Қазіргі жағдайда Бауырсақ өзін қалай ұстар еді? (Мысалы, ол жаңа қалаға түссе)



Қорытынды

Сабақтың негізгі сәттерін қайталау;

Сабақ нәтижесін бағалау және оқушылардың тақырыпты түсіну және меңгеру деңгейін анықтау;

Болашақтағы проблемалар мен тиісті сұрақтарды анықтау...


- Ертегіні неше бөлімге бөлуге болады?

- Бауырсақ неге домалап кетті?

- Бауырсақ неге түлкінің айласына түсіп қалды?

Олай болса, сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта алады.



Мектеп тәжірибесінде оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалану тиімді. Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақтарды қарапайым етіп қою, өткен материалға оралуға, ойға салуға, дұрысын қабылдауға және толығырақ жауап беруге итермелейтініне көзіміз жетуде. Ал сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге және өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз ойыңызды дәлелдеу үшін мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағыт-бағдар беріп отырады. Тақырыпты игертуде оқушы білімін тиянақтап, ұғынғанын анықтау мақсатында қойылатын қайта бағыттау сұрақтарын оқушы нақты әрі дұрыс жауап бере алмаған сәтте «Тағы кім қандай ой айтады? Көмектесе алатындар бар ма? Серіктестеріңнің пікіріне келісесіңдер ме?» тәрізді сұрақтарды ұсынған дұрыс. Себебі оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Ендеше, оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінін нақты бөлігі болмағанымен, «Жақын арадағы даму аймағы» аясында бақыланатындықтан, оқыту табысты болады.
: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет