«Тұла бойым көне сөз, көне мүсін» Өкініш



жүктеу 43.95 Kb.

Дата29.10.2018
өлшемі43.95 Kb.

Абзал Бөкен 

«Тұла бойым көне сөз, 

көне мүсін» 

ӨКІНІШ 

Тұла бойым көне сөз, 

көне мүсін, 

Жаратылған жан едім өлең үшін. 

Өмір мені ап кетті өзге арнаға 

Дегендей-ақ: «ой қуып, 

сөз барлама», 

Көне сөзбен кемел ой кейін қалып, 

Басыр болды басында 

озған бала. 

Қ

ара өлеңге  қоса алмай 



қ

осарымды 

Ондаған жыл ой көшім ошарылды, 

Тұлпар едім  қарғыған ордан аман, 

Сұңқар едім зеңгірден сорғалаған 

Бір сауысқан орныма 

сұңқар болып, 

Тұлпар болды 

Қ

олтума қолдағы адам. 



Қ

ыран көңілім  қалғыды, 

Кием өлді. 

Иен жұртымды ителгі иеленді. 

Ал мен болсам, 

(Замана себеп делік) 

Құ

лдарша істеп, 



билерше жемек болып 

Дарыныма дағдарған  қол созбаппын, 

Қ

арыныма ғана сол көмек беріп. 



«Өлең еді басынан ой-арманым, 

Бұл жүрісім - жаңаша оянғаным»,— 

Дей алмадым, 

ешкімге дей алмадым. 

Іздемедім және де арашаны, 

Ал мыналар,  қараңыз тамашаны: 

Алла берген атақты аздау көріп, 

Адам берер сыйлыққа таласады... 

Мұның аты шығар-ау 

құ

лқынды ойлау, 



(Құлқынды ойлау -

тірлікте бір тынбайды-ау). 

Тұрмыс түзеп одан да таза ғана 

Текті өлеңді сен де, дос, 

мазалама; 

Құ

лша істеген билерше жеуі мүмкін, 



Құ

лша ойлаған билерше 

жаза ала ма?! 

Тұла бойым көне сөз, көне мүсін 

Жаратылған жан едім өлең үшін, 

Өзгелерге бұйырды кең өрісім... 

Көне жиһаз, 

кеудем бір көне сандық, 

Ашпай жатып қақпағын, 

Көме салдық. 

Жаратылған жан ба едім денем үшін 

Неге осалдық жасадым, 

неге осалдық?! 

АҚЫН 

(ДӘУІТӘЛІГЕ) 

Ақын деген алапат бір айбынмен 

жүре тұрған жөн еді. 

Бақыт түгіл, 

Бас көтертпес  қайғыңмен 

жүре тұрған жөн еді. 

Жаңаң жоқ па? 

Көнеліктің көзімен 

жүре тұрған жөн еді. 

Бай болмай-ақ 

кедейліктің өзімен 

жүре тұрған жөн еді. 

Азамат ең Алашым деп терлейтін 

жүре тұрған жөн еді. 

Сыйлықсыз-ақ... (өлмесеңіз бермейтін) 

жүре тұрған жөн еді. 

Қ

азақы бір  қалпыңменен  қастерлі ең, 



жүре тұрған жөн еді. 

(Жұртта көп қой) 

Мейлі жалғыз кастөммен 

жүре тұрған жөн еді. 

Еншілес ең Есениндей дарақпен 

жүре тұрған жөн еді. 

Мейлі кінәз коньяк ішсін, 

Шараппен 

жүре тұрған жөн еді. 

Шындық үшін сен бір  қызыл кеңірдек, 

жүре тұрған жөн еді. 

Өлтіріп ап алтын дедік, 

Темір боп 

жүре тұрған жөн еді. 

Шерлі, зерлі күйге толы шанақтай 

жүре тұрған жөн еді. 

Қ

ара томға ғана бізді  қаратпай 



жүре тұрған жөн еді. 

Беу, Дәуітәлі! 



ӨТЕДІ 

«Қайғы түссе басыңа 

күйзелме»,— деп айта салу оп-оңай. 

Ақ түседі шашыңа, 

Дақ түседі көңіліңе, ботам-ай! 

Амал  қанша, 

Төзесің; 

Еңбегің еш, тұз орнына сор тұнып. 

Көңіліңнің көзесін 

Көз жасыңмен шүпілдете толтырып. 

Бірақ бәрі өтеді, 

Қ

айғы өтеді көңіліңді  қаусатқан. 



Қ

уаныш та кетеді 

Сусып түскен сақинадай саусақтан. 

Не бар дейсің мәңгілік, 

Мәңгі қайғы, мәңгі бақыт деген жоқ; 

Бірі жүректі ән қылып, 

Бірі оған қадалады тебен боп. 

Тасырқайды тарлан да, 

Тұтқыр деген тағалың да таяды. 

От пен суға салғандай 

Солқылдайтын жүрек сорлы баяғы. 

«Бәрі өтеді, бұл да өтеді» 

Осы сөз 

Сүлейменнің жүзігінде мөрленген. 

Керқұла да кешегі 

кісінемес,  қиқу тілеп кермеңнен. 

Тәңір иең құп көрсе 

«Бәрі өтеді», — (оның өзі төте сын) 

Бәрі өтеді деп жүріп 

Өкініші — өзің де өтіп кетесің. 



ЖЕҢУ 

Бәрін де жеңдім. 

Батыр - Мен, бағыланың мен, 

Ірі,үстем; 

Дауыңды жеңдім ақылмен, 

Жауыңды жеңдім  қылышпен. 

Бөрін де жеңдім. 

Батыр - Мен,  қабылан - мен, 

қ

орқар түсімнен, 



«Тасыңды» жеңдім «асыммен», 

Тасырды жеңдім мысыммен. 

Бәрін де жеңдім. 

Батыр - Мен. 

Өзім кен және өзім кең; 

Ақшаны жеңдім ақыммен, 

Патшаны жеңдім төзіммен. 

Бәрін де жеңдім. 

Батыр - Мен. 

Беттессем, бетпақ именген; 

Асауды жеңдім тақыммен, 

Қ

ашауды жеңдім сүйменмен. 



Бәрін де жеңдім. 

Жол қылып 

жалама жартас,  қыр жағын. 

Бәрін сүзем деп болдырып 

Сүзіліп  қалған  құлжамын. 

АРҚАР 

Қ

АЗАҚТЫҢ 

Қ

АБЫРҒАЛЫ  ҚАЛАМГЕРІ 

ШЕТ ЕЛ АСТЫ 

Арқада  қысың 

жайлырақ болса, 

Арқардың ауып несі бар? 

Мұнарға батып 

Ай  құлақтанса, 

Сан арқар әлі жосылар. 

Ақсақ ойылып, асықты  қиған 

Көкшегір мұзды  қысың бұл -

Асылды алып, 

жасықты  құрбан 

Ететін жұттың ісін біл. 

Халқына бейне 

қ

алқандай еді, 



Қ

аламы -  қару-жарағы. 

Арқарды  қойшы. 

Арқардай, әне, 

Азамат ауып барады. 

Ысқырған  қыстың ызғырығы өтті ме, 

Ызғары өтті ме сүйектен. 

Не үркітті екен ізгі жүректі 

Қ

ауымның  қамын күй еткен?! 



Арқардай ауды. 

Желмен жарысқан 

Тәрк етіп тарпаң ғұмырын. 

Секем алды ма сергелдең қыстан 

Кететін созып сіңірін. 

Шет жұртты асты, Батысты ап бетке, 

Прага барып бекінді: 

Атамекеннен алыстап кеткен 

Ораз Мұхаммед секілді... 

Тамсары анда, 

Аңсары мұнда... 

Жүрекке жеңіл жүк пе екен?! 

Аралас өскен аршалы  қырда 

Сексеуіл сынды мықты екен. 

Арқаның  қысы гүл,құрақ болса 

Арқарың алып не керек? 

Шыңылтыр  қыста күн  құлақтанса 

Кешігер көктем-көбелек. 

Селеуін күзде желге бүктемес 

Сары дала салқын күй ақты. 

Құ

лазыр көңіл. 



Ер көшіп емес, 

Ел көшіп кеткен сияқты. 

Мандытпайтұғын мехнаты көп 

Тірліктің жүгі - тартарым. 

Алматысы бар, 

Чехиясы жоқ 

Мен де бір жалғыз арқарың. 

ҚАСИЕТ 

(ОРАЛБЕККЕ) 

Алыстан келсең, 

Аңқылдап 

Алдыңнан шығып тұратын 

Саудырап тұрған алтынға 

Сатпайтын әсте мұратын; 

Ақ дастарханын Асылы 

Айқара жайып тастайтын, 

Тумысы таза  қалпымен 

Тұнық бір ойға бастайтын; 

Көңілге алаң ісіңді 

Айтқызбай өзі тындырып, 

Жаныңа жайсыз түсіңді 

Жақсыға жорып, күлдіріп. 

Селдіреп  қалған бүгінде 

Қ

азақи салттың көзі боп, 



Сары  қымыз, саба түбінде 

Қ

ормалды  қордың өзі боп. 



Кішілік жолын қатты ұстап, 

Алдыңнан кесіп өтпейтін. 

Шындықты  қорғар шақ туса, 

Шегініп әсте кетпейтін. 

Әңгіме тынбай бір түнмен 

Алдыңнан шықса нөпір көп, 

Жатырқап  қалған жұртыңмен 

Жалғайтын алтын көпір боп; 

Қ

ара сөз -  қару-жарағы -



Жүргенде жазып жұрт өлең 

Бөкеновше емес, 

Қ

аламын 


Бәкеев құсап сілтеген. 

Ашылса -тойдың көркемі, 

Сапырса - ойдың зерені. 

Ақтоғай деген өлкенің 

Ақтаңгер озық өрені. 

Кеуілің білсін күндесең,-

Мен де бір сондай болам деп. 

Осының бәрі кім десең -

Жүністің ұлы Оралбек! 

СУЫҚ 

Мен де бір суық адам, суық адам, 

(«Суықты» әуре болған туып анам). 

Болыппын шешеме сыз, әкеме мұз 

Тірек боп тірлігіне жуымаған. 

Болғанда әке сондай, ана сондай 

Бауырға бүйрек аға жанасар ма-ай. 

Сылтаурап күле бердім уақыт аз деп, 

Бір тауда жүре бердім, 

Ара шалғай... 

Кенелтіп тәтті үмітке әз жүректі 

Кездіктің сабындай боп аз күн өтті. 

Кісі едім заманында, 

Тарпаң тағдыр 

Болуға кісікиік мәжбүр етті. 

Мен де бірсуық кісі. 

Жанына адам 

Жоласын,жоламасын налымаған; 

Жылу боп не біреуге дарымаған, 

Не өзі жылу көріп жарымаған. 

Көңіл пәс, 

Тұнжыр көзде аунаған мұң, 

(Сол мұңға мен пақырды баураған кім?). 

Шаша алмай маңайыма бір шапағат 

Өзім де әлгі ызғардан жаурағанмын. 

Қ

алған соң қайран кеудем қаңырап шын 



Шуағын қай біржылу жамыратсын? 

Тұлпармын талмау тұстан қастық көрген, 

Кім қастық еткен болса, Тәңір атсын. 

Кетік ой, кетік қағаз, кетік қалам... 

Өмірден кетікжан боп өтіп барам. 

Осылай тұйық күйі, 

Суық күйі 

Бір күні суық жерге кетіп қалам. 



Суреттерді түсірген С.ЕСІЛБЕК. 

Мысты өңір. - 2009. - 9 қазан (№ 40). - 7 б. 







©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет