Тұжырымдама (жаңа редакцияда)



жүктеу 225.76 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі225.76 Kb.

№ исх: 22.06.2017 от: 22.06.2017


«Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

тұжырымдама

(жаңа редакцияда)

1. Заң жобасының атауы

«Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы (жаңа редакция).



2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігін негіздеу

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы жарғысы негізінде «2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) қабылдаған болатын, ол ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2021 жылға қарай 7,5 есе рет ұлғайтуды көздейді.



Қазақстан Республикасының «Қазақстанның жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттігі» Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность».

Аграрлық сектор экономиканың жаңа өсім драйвері болуы тиіс.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің келешегі бар. Қазақстан көптеген позициялардан аграрлық экспорттық өнім өндірушілерінің әлемінде ірілердің біреуі болуы мүмкін. Әсіресе, экологиялық таза азық түліктің өндірісі бойынша «made in Kazakhstan» бренді осындай өнімнің эталоны болуы тиіс.

Сонымен бірге, Қазақстан барлық еуразиялық құрлықта астық өндірісі бойынша «нан себетіне» айналуға тиіс. Шикізатты өндірістен сапалы, қайта өңдірілген өнім шығаратын өндіріске ауысуды қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана Қазақстан халықаралық нарықтарда бәсекелесе алады.

Осыған орай, Үкіметке және әкімдерге келесі тапсырыстар берілді:

біріншіден, субсидиялар бөлу ұстанымдарды қайта қарастыру және өнімді сақтандыруға бірте-бірте ауысу қажет;

екіншіден, 500 мыңнан астам үй шаруашылықтарын және шағын шаруашылықтарды 5 жыл ішінде кооперативтерге біріктіру үшін барлық жағдай жасау қажет;

үшіншіден, өнімді қайта өңдеу деңгейін көтеру, тауарларды сақтау, тасымалдау және сатудың тиімді жүйесін құру қажет;

төртіншіден, еңбек өнімділігінің деңгейін көтеру және өндірістік шығындарды төмендету қажет;

бесіншіден, жерді пайдалану тиімділігін көтеру қажет. 5 жыл ішінде суарылатын жердің алаңын 40% ұлғайту қажет, сонымен 2 миллион гектарға қол жеткізуге болады;

алтыншыдан, өндірісте талап етілетін аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестициялар көлемін ұлғайту қажет.

2021 жылға қарай азық-түлік тауарларының экспортын ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін түрлендіру арқылы 40% ұлғайтуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Осы міндеттер 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы тиіс.

- Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау көрсету жобасының аясындағы «Қазақстанның өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жағдайын зерттеу және оны жаңарту жолдары» Дүниежүзілік банкінің ұсынымдары («Ауыл шаруашылығындағы тәуекел менеджменттің» (өсімдік шаруашылғындағы сақтандыру) құрамдасы)» (2011 жыл).
Өсімдік шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің ажырамас құрама бөлігі ретінде ел экономикасында негіз құрайтын рөлді атқарады.

Сақтандырудың қолданыстағы жүйесі міндетті және ерікті сақтандырудан тұрады.

Ауыл шаруашылығының өндірісінде табиғи тәуекелдерін азайту, өсімдік шаруашылығы өнімі өндірушісінің мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдері арқылы қолайсыз табиғи құбылыстар салдарынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік агро азық-түліктік бағдарламасы аясында 2004 жылғы 10 наурызда «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң) қабылданған болатын, ол астық, май дәндерін, қант қызылшасыны және мақтаны сақтандыруға міндеттенеді.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығының өндірісі төтенше экономикалық тәуекелдерге тап болады. Тәуекелдердің негізгі үлесі ауа райының құбылыстарына байланысты, бұл ретте Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дақылдарын өсіруге ықпал ететін ең көп таралған тәуекелі – құрғақшылдық, осыған орай, Қазақстанның кейбір өңірлері тәуекелді егіншілік аймағы болып есептеледі. Тарихи түрде Қазақстанның ауыл шаруашылығы құрғақшылықтан 5 жылда 2 рет зардап шегеді, ал қатты жауынсыздықтан – 6 жылда 1 рет. Нәтижесінде, жылдар бойынша ауыл шарушылығының астық өнімділігінің жиі және күрт ауытқулары байқалады. Мәселең, соңғы 10 жылда астық дақылдарының шығымдылығы республика бойынша орташа алғанда 10,2 бастап 13,3 ц/га (2006-2016 жылдары) түрленеді. Құрғашылықтан басқа, елдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісіне әсер ететін тәуекелдер - бұршақпен жауын және ерте қатқақ болып табылады.

Сақтандыру туралы заңы Қазақстанда өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды енгізу үшін институционалдық негіздерді құрады. Бұл ретте, сақтандыру жағдайларына қолайсыз табиғи құбылыстар басталуы нәтижесінде өсімдік шаруашылығы өнімінің зақымдануы немесе жойылуы немесе салдарынан сақтандырушының (фермердің) ысыраптары пайда болған жиынтығы жатқызылады.

Сондай-ақ сақтандырудың баламалы түрлерін дамыту мақсатында 2006 жылғы 5 шілдеде «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын, ол тұтынушы кооператив түріндегі өзара сақтандыру қоғамын құруды қарастыратын болады.

Алайда, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды енгізу аграрлық сектордағы тәуекелдерді тиісті басқаруға қол жеткізбей, кейінгіде агросақтандыру нарығының қатысушылары кездесетін мәселелерді анықтады. Атап айтқанда:

- саланың жоғары несиелік тәуекелдерінен АӨК субъектілерінің қарыздарын сақтандыруға және кепілдендіруге ақша бөлу тетігіне сақтандыру компаниялардың лайықты қызығушылығы мен кепілдіктері болмағаны;



- АӨК субъектілерінің міндеттемелерін кепілдендіру құралдарының дамымағаны;

- дәнді дақылдарды сақтандыру бойынша қолданыстағы тарифтер Заңға және 2004 және 2009 жылдары тиісінше белгіленген шығындар нормативтеріне сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларының өндірушілерін (бұдан әрі - АШТӨ) келтірілген залалдың өтеудің толық сомасын қамтамасыз етпегені;

- көптеген шағын шаруашылықтар жеңілдетілген агротехнологияларын да сақтамағаны, бұл тәуекелдер дәрежесін елеулі ұлғайтады, және қолайсыз табиғи құбылыстардың тәуекелдеріне қырсыздықтың тәуекелдері қосылады, олар сақтандырумен жабыла алмайды;

- өзара сақтандыру қоғамының (бұдан әрі - ӨСҚ) қызметі сақтандыру компанияларының қызметіне қарағанда мемлекеттік реттеуші органдарымен (ҚР АШМ және ҚР Ұлттық Банкі) бақыланбайды;

- ӨСҚ көбінесе жергілікті атқарушы органдары мен қоғамдық ұйымдармен құрылады, бұл ӨСҚ АШТӨ үшін қосымша қаржылық ауыртпалыққа айналдырды – фермелер сыйақыларды төлемейді, тиісті түрде төлемдерді де алмайды;

- саланың жоғары табиғи-климаталық, эпизоотикалық, фитосанитариялық, карантинді, экономикалық тәуекелдері;

Сақтандыру туралы заңын қабылдаған сәттен бастап агросақтандырудың қолданыстағы жүйесі тұрақты өзгертіліп толықтыратына қарамастан, осы нарық сегментінде кемдеу белсенді жұмыс істейтін сақтандырушыға да, сақтандыру компаниялардың қызметтеріне сұранысты тұрақты түрде төмендей отырған АШТӨ-ге де қатысты бұрыңғыдай шешілмеген мәселелер қатары қалады.



Өсімдік шаруашылығында сақтандырудың жеткіліксіз тиімділігінің себептері:

1) сақтандыру тарифтерінің және шығындар нормативтерінің адекваттылығы емес;

Сақтандыру туралы заң дақылдар топтары бойынша ең төмен және ең жоғары тарифтері белгіленген болатын. Әдеттегідей, іс жүзінде сақтандыру сыйақылардың сомалары ең аз сақтандыру тарифі бойынша есептеледі, бұл сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін жеткілікті қорды қалыптастыруға қол жеткізбейді және сақтандыру жағдайлары басталғанда сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақсыздығына әкеледі.

Бұдан басқа, осы мән-жай міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіруге егін салатын алаңның бір гектарына шығындар нормативтерінің өзектілігі еместігімен ұштастырылады. Мәселең, Ақмола обылысындағы жаздық бидай үшін үш түрі бойынша есептелген (жалақы, жанар-жағар майы, тұқым) 1 гектарға шығындар нормативі 3457 теңгені құрайды. Сонда ол нақты 34 473 теңгеден асады.

2) агротехнологиялардың төмен деңгейі;

Залаладылық та АШТӨ өзінің қызметіне байланысты, олар өндірістің технологиясын жетілдіруге тырмыспайды, ал оқиғалар қатарында егін еккен кезде белгіленген агротехнологияларды сақтамайды, бұл жиі түрде ауа райының болмашы нашарлауында егін ысырыптарына әкеп соқтырады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тәуекелдерінің ерекшелігі өңірлердеегенттік желісін дамыту немесе штатта дақылдарды өсіру технологиясы бойынша мамандар болуы сияқты сақтандырушыларға қосымша талаптарды қойғыздырады. Бұл барлығы қосымша күрделі салымдарды талап етеді, алайда олардың тиісті қайтарымы жоқ. Нәтижесінде ойыншылардың аздау саны нарықтың осы сегментінде белсенділікті білдіреді.



3) ӨСҚ қызметінің регламенттелмеуі және қолданыстағы тарифтерді ӨСҚ демпингтеу;

Сақтандырушылармен жұмыс істеудің теріс тәжірибесі және сақтандыру полистерінің жоғары құны соңғы жылдары отандық аграрийлерін жиірек ӨСҚ жүгінетіне жетелейді.

ӨСҚ-мен жасалатын сақтандыру шарттарының саны өсуінің оң беталысына қарамастан, осы сақтандыру механизмі оңтайлы деп санауға болмайды. Атап айтқанда, ӨСҚ қызметіне мемлекеттік реттеуші органдар тарапынан бақылау жоқтығын атап өту керек, бұл осындай бірлестіктердің тарапынан алаяқтық іс-әрекеттері мен қаржылық тұрақсыздық тәуекелдерін жоғарлатады.

Сондай-ақ заңнама бойынша бекітілген ӨСҚ Сақтандыру заңымен белгіленген минимумнан төмен сақтандыру тарифін пайдалану мүмкіндігінен, міндетті сақтандыру шарттарын жасасқан кезде ӨСҚ бағалар демпингі байқалады. Алайда, іс жүзінде бұл сақтандыру жағдайлары басталғанда ӨСҚ қаржылық тұрақсыздығына әкеп соқтырады.


4) ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерін сақтандырумен толық емес жабылуы

Өсімдік шаруашылығында қолданыстағы сақтандыру жүйесіне сәйкес сақтандыруға дәнді және май дақылдары, қант қызылшасы мен мақта жатады. Бұл ретте, сақтандыруға жеміс-бақша дақылдар, картоп, астық дақылдар жатпайды, олар да қолайсыз табиғи құбылыстардың теріс әсеріне дұшар болады.



5) АШТӨ өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы.

Сақтандыру полисі жоқтығы үшін АШТӨ жауапкершілігін күшейту ұсынылады. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы істерді қарастыру және әкімшілік бұзушылық туралы хаттамаларды құру, әкімшілік жазаларды салу жергілікті атқарушы органдарына жүктеу ұсынылады.


Проблемалық мәселелерді реттеу мақсатында келесі шаралар ұсынылады:

1. ӨСҚ аккредиттелген агенттерге немесе лицензияланатын брокерлерге трансформациялау;

2. өңірлер мамандану сұлбасының негізінде табиғи-климаталық аймақтарға байланыстыра отырып, өндірістік шығындар нормативін нақты шығындар сәйкестігіне келтіру;

3. актуарлық есептер нәтижелері бойынша және опат болу бойынша статистика деректерінің негізінде қолайсыз табиғи құбылыстар басталуы жиілігін ескере отырып, табиғи-климаталық аймақтар бойынша сақтандыру тарифтерінің анықтау градациясын енгізу;

4. сақтандыру тарифтері жыл сайы төмендеуге беталыспен (бонус-малус) қайта қарастырылуы тиіс;

5. АШТӨ аккредиттелген агенттер және/немесе брокерлер арқылы сақтандыруын заңнама бойынша бекіту;

6. сақтандыру туралы заңының қолданысы таралатын дақылдар мен өңірлердің мамандануы картасы негізінде белгілеу бойынша бұйрық әзірлеу құзыретін ҚР АШМ бекіту (мамандану сұлбасымен ұсынылмаған дақылдар міндетті сақтандыру аясында сақталмайды, алайда ерікті сақтандыру аясында сақтандырылуы мүмкін);

7. сақтандыру тергеулері бойынша комиссия құрамын қайта қарастыру (қолданыстағы құрам: облыстың, республикалық маңызды қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының өкілдері, ауданның (облыстық маңызды қаланың) жергілікті атқарушы органы, агент, сақтандырушы немесе қоғам және сақтанушы өкілдері). Комиссияның ұсынылатын құрамы: агент, сақтандырушы, сақтанушы, гидрометеорологиялық қызмет органы, ауданның (облыстық маңызды қаланың) жергілікті атқарушы органы, өңірлік кәсіпкерлік палатасы өкілдері.

8. агросақтандыру жүйесіне омбудсменді енгізу;

9. міндетті сақтандыруға жататын дақылдар түрлерінің тізімін қайта қарастыру (дәнді, май, мақта, қант қызылшасы) мақтаны алып тастаумен және картопты енгізумен.

10. сақтандыру полисі жоқтығы үшін АШТӨ жауапкершілігін күшейту;

Сонымен, жоғарыда баяндалғанның негізінде, Елбасы агроөнеркәсіптік кешен алдында қойған міндеттерді ескере отырып, сондай-ақ 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру қажет.

Осыған орай, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейібір заңнамалық актілеріне Заң жобасы арқылы өзгерістерді және толықтыруларды енгізу ұсынылады.

Оның негізінде, Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне Заң жобасымен өзгерістер енгізу қарастырылған болатын:

1. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне, сақтандырушыларды міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтарғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша өзгерістер бөлігінде;

2. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі заңы;

3. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы заңы;

4. «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі заңы.



3. Заң жобасын қабылдау мақсаты

Заң жобасын қабылдау мақсаты сақтандыру жүйесін жетілдіру арқылы өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру болып табылады. Заң жобасын және оған ілеспелі түзетулерді қабылдау төмендегілерге қол жеткізуге көмектеседі:

- өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірушілері үшін қаржыландыру қол жетімділігін арттыру (сақтандыру полисі ЕДБ қарыз алу үшін кепілдік құралы болуы тиіс);

- өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірушілерін техникалық жабдықтау және технологияларын арттыруды ынталандыру (нашар жабдықталған АШТӨ үшін жоғары тариф қолданылады, осыған орай АШТӨ тарифтерін лайықты қылу үшін техникалық жабдықталуын жетілдіруге тырысады).


4. Заң жобасын реттеу мәні

Заң жобасын реттеу мәні өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру саласында қоғамдық қатынастар жиынтығы болып табылады.



5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасының келесі құрылымын енгізу ұсынылады:

Преамбула

1-тарау. Негізгі түсініктерді, мақсаттарды, міндеттерді және өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру туралы заңнамасының ұстанымдарын көздейтін жалпы қағидалар.

2-тарау. Міндетті сақтандыру шарттарын жасасу, сақтандыру жағдайларының түрлерін қарастыратын өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру талаптары, сақтандыру сомасының мөлшерін және оны төлеу тәртібін анықтау, сақтандыру төлемінің мөлшерін және оны жүзеге асыру тәртібін анықтау.

3-тарау. Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреттілігін қарастыратын өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеу.

4-тарау. Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру жүйесіндегі қатысушылардың тізімін, сондай-ақ олардың құқықтарын және міндеттерін көздейтін өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушылары.

5-тарау. Заң күшіне ену тәртібін және субъектілердің жауапкершілігін қарастыратын қорытынды қағидалар.



6. Заң жобасын қабылдау жағдайында болжамды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары

- өсімдік шаруашылығы өнімі өндірушілерінің мүліктік мүдделерін қолайсыз табиғи құбылыстардың салдарынан кепілдірілген қорғауды қамтамасыз ету жүйесін бекіту, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерінің кірістерін арттыру;

- Қазақстандағы агросақтандыру жүйесін дамыту, өсімдік шаруашылығында сақтандыру қызметтерінің нарығын кеңейту, оның ішінде қайта сақтандыру тетігін құру есебінен;

- сақтандыру компанияларының тәуекелдерін азайту, олардың табыстылығын қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылығы дақылдарының сақтандырылған алаңдарының қамтуды (үлесін) ұлғайту;

- егін шаруашылығында жүйелік тәуекелін азайту және ауыл шаруашылығы өндірісінің инвестициялық тартымдылығын арттыру.



7. Басқа заңнама актілерінің әзірленетін заң жобасына сәйкестігін бір кезде (кейінгіде) келтіру қажеттілігі

«Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы» заңының жобасына тұжырымдамамен көзделген кейбір заңнама актілеріне өзгерістерді және толықтыруларды бір кезде енгізу қажет.



8. Заң жобасының мәнін өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттеу

Заң жобасының мәні Қазақстан Республикасының келесі актілерімен регламенттелген:

1) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы заңы;

2) «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі заңы;

3) «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы заңы.

9. Қарастырлатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибе болуы

Аграрлық сақтандырудың дүниежүзілік тәжірибесі

Агросақтандырудың халықаралық практикасын талдау сақтандырудың осы сегменті мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді және ауқымды қолдау кезінде тиімді жұмыс істейтіне және жеткілікті жылдам дамитына көрсетеді. Осындай қолдау көрсету тәсілдерінің біреуі, бірақ жалғыз емес, әртүрлі ақша бөлу және агросақтандыруды қаржылық қолдаудың басқа түрлерін қолдану болып табылады.

Агросақтандыруға ақша бөлу бағдарламасын әкімшіліктендіру жеткілікті қиын, сондықтан елдердің көбінде бағдарлама әкімшісінің функцияларын орындайтын арнайы органдары немесе құрылымдары бар. Мемлекет шығындарын азайту үшін бағдарламалар әдеттегідей жеке сектормен серіктестік ұстанымы бойынша жұмыс істейді.

Аграрлық сақтандырудың замануи беталыстары

Аграрлық сақтандыру жүйелері дамудың әртүрлі сатыларында орналасады. Ең дамыған жүйелер АҚШ-та, Канада мен Испанияда бар. Сақтандыру деректерге базаланады (егін өнімділігі, ауа-райы, технологиялық аспекттер, қаржылық және басқарушылық есептілік). Өндірушілер мен үкімет қажетті ақпаратты жинауда сақтандыру компаияларға көмектеседі. Мәселең, Канадада және Испанияда субсидияларды алатын барлық өндірушілер дақылдар өндірісі бойынша деректерді беруге міндетті. Сондай-ақ СК тәуекелдермен жағдайды орында бағалау және сақтандырудың жақсырақ жағдайларын ұсыну үшін сақтандырылған егістерге кез келген уақытта мониторинг жүргізу мүмкіндігі бар.



Сақтандырудың дәстүрлі бағдарламалары

Халықаралық тәжірибе агробизнеске арналған сақтандыру жүйесін дамытудың бірнеше нұсқаларын ұсынады:

апатты шығындарды жабу үшін қаржылық көмек (Германия, Италия, АҚШ, Канада);

қайта сақтандыру пулындағы мемлекеттің қатысуы (Португалия, Испания);

сақтандыру қызметтерін жеке сақтандыру компанияларымен мемлекет көмегінсіз көрсету (Швеция);

кейбір сақтандыру азық-түліктері бойынша сақтандыру сыйақыларына ақша бөлу (бұршақ, қатқақ және т.б. - Испанияда, Францияда, Австрияда);

көптеген тәуекелдерден сақтандыру бағдарламаларына ақша бөлу (multi-risk) (Канада, АҚШ және т.б.).

АҚШ

1980 жылы егінді сақтандыру туралы федералдық акт қабылдауымен бірге жеке сақтандыру компанияларын тарту үшін ақша бөлу енгізілген болатын және сақтандыру жабуын кеңейту мүмкіндігі туындады 1994 жылы егінді сақтандыруды реформалаудың федералды актісі егінді сақтандырумен апаттар жағдайына Үкімет кепілдіктерін біріктіреді және MPCI (Multiple Peril Crop Insurance) бағдарламасын құруға көмектесті.

MPCI бағдарламасы көптеген табиғи қауіптерден, құрғақшылықты, артық ылғалдықты, су тасқанын, бұршақты, қатты желдерді және басқа апатты табиғи құбылыстарды қоса қорғауды қамтамасыз етеді. Бағдарлама өсірілетін дақылдардың 70 түрлерінен аса жабады, алайда барлық жерлерде барлық түрлер бойынша жабылу ұсынылмайды, тек климаталық және басқа факторлар бойынша.

MPCI бағдарламасының әртүрлі нысандары бар:

CAT (Catastrophic Risk Protection) – апатты тәуекелдерден қорғау:

Осы полис бойынша фермерлер ең аз сақтандыру жабындыны алады. Осы полисты сатып алу мемлекет ақша бөлетін барлық басқа бағдарламаларда қатысу шарты болып табылады. Бағдарлама фермер егінінің күтілетін нарықтық құнының 55% құрайтын баға бойынша фермердің орташа егінінің 50% жабады. Сонымен, 100% залал жағдайында фермер күтілетін кірістің 27,5% құрайтын өтемақыны ала алады. Осы жабындыға сыйақыны толығымен мемлекет төлейді. Фермерлер әр округта әр өсірілетін дақыл үшін 60 АҚШ доллары сомасындағы тек әкімшілік шығындарды ғана төлейді, алайда ең төмен төлем сомасы бір өндірушіге 600 АҚШ долларынан аспауы тиіс. Ресурстары ең көп шектелген фермелер, барлық кірістер көзінен алынатын табысы 20000 АҚШ долларынан аспайтындар келесі 2 жыл ішінде әкімшілік шығындар төлеуінен босатылады.

GRP (Group Risk Plan) and Buy-up Coverage – сатып алынатын сақтандыру жабындысы:

Осы бағдарлама бойынша фермер егіннің ең көп жабындысын (5% аралығымен) және оның бағасын (нақты нарықтық құнының 100% дейін) таңдай алады, бұның бағдарламаның алдыңғы түрінен мүмкіндігі көбірек. Сақтандыру сыйақысы әр өңірде әр дақыл үшін актуарлық есептелген тарифтерге және ферманың егін мөлшері туралы деректерге базаланады. Сақтандыру компаниялардың әкімшілік шығындары, сондай-ақ сақтандырудың таза сыйақысының бөлігі мемлекеттік субсудиямен жабылады. Осы бағдарламаның басқа түрі GRP (Group Risk Plan) болып табылады. Buy-up Coverage-дан айырмашылығы жабынды нақты фермадағы емес, округта сақтандырылатын дақылдың орташа егін өнімділігіне базаланады, яғни округтағы егін өнімділігі сақтандырылған деңгейден төмен түссе, өндіруші оның фермадағы егін өнімділігі ортадан жоғары болса да, өтемақыны алады.

АҚШ-та ақша бөлінген ауыл шаруашылығының сақтандыруына Тәуекелдерді басқару жөніндегі агенттік (RMA) әкімшілік етеді. Сақтандырылатын өнімдерді агенттік әзірлейді, алайда сақтандыру қызметтерін жеке сақтандыру компаниялары ұсынады (әртүрлі жылдары олардың саны 14 - 20 есептеледі), олар ақша бөлу сақтандыруы бағдарламасы бойынша жұмыс істеу құқығына аккредиттеуден өтеді.

Сақтандырушы тәуекелдер бөлігін қайта сақтандырудың мемлекеттік қоры арқылы қайта сақтандыруға міндетті, алайда төлемдерді өткізу бойынша жауапкершіліктің үлкен бөлігін өздері атқарады. Сақтандыру өнімдерінің шарттары қатал регламенттелген. Сақтандырушылар агенттік әзірлейтін және түзетілетін сақтандыру тарифтері бойынша жүмыс істейді. Субсидиялардың бөлігі 70% жабындыда сыйақы сомасынан 50% құрайды. Стратегиялық мақсаттарға және дақылдар ерекшеліктеріне қарай, субсидиялар бөлігі 60 бастап 30% дейін құруы мүмкін (бұл жабынды пайызына байланысты болады). Субсидиялар сақтандыру компанияларына төленеді. Фермер сыйақысомасының тек өзінің бөлігін төлеуге тиіс.

Қазіргі кезде 50% астам ауыл шаруашылығының өндірушілері және шамамен 70% ауыл шаруашылығының жерлері сақтандырылады. Мультитәуекелді және индекстік сақтандыру бойынша 150-ден астам сақтандыру өнімін ұсынылады.

Канада

Канадада ауыл шаруашылығының өнімін сақтандыру 40 жылдан асас уақыт ұсынылады, барлық шет жерлерде сақтандыру бағдарламалары 25 жыл бұрын ендірілген болған. Бағдарлама өндірушілердің ерікті қатысуын көздейді. Дақылдарды сақтандыру қолайсыз ауа райы жағдайларынан және басқа тәуекелдерге орай болуы мүмкін егін ысыраптарына экономикалық әсер етуді азайту арқылы өндірушілердің кірістерін тұрақтандыруға қол жеткізеді.

Бағдарлама бойынша шығындар өндірушілер мен шет жерлердің үкіметтері арасында бөлінеді. Үкіметтер бағдарлама әзірлемесіне жауап береді. Федералды үкімет сыйақылар сомаларының бөлігін және әкімшілік шығындарды өтейді. Сондай-ақ шет жерлердің сақтандыру агенттеріне қайта сақтандыру қолдауын ұсынады (5 шет жері қайта сақтандырубағдарламасына қатысады). Барлығы Канадада 10 өңірлік сақтандыру бағдарламасы жұмыс істейді, олардың ішінен 5 шет жері өзінің ауыл шаруашылығының тәуекелді порфелін халықаралық қайта сақтандырушылар арқылы қайта сақтындырады. Осы 5 шет жерінде сақтандыру бағдарламалары жақсырақ дамыған деп саналады.

Бағдарлама барлық шет жерлерінде ауыл шаруашылығының көптеген коммерциялық түрлерін қорғауды қамтамасыз етеді (Канадағы дақылдардың 90% субсидияланатын бағдарлама арқылы сақтандырылуы мүмкін). Алаңдардың 65% бастап 70% дейін жыл сайын сақтандырылады. Бағдарлама әкімшілерінің деректері бойынша 50% бастап 55% дейін фермер өз дақылдарының егінін сақтандыру үшін келісімшарттарды сатып алады. Канадада өнімдер бойынша сақтандыру жабындының орташа деңгейі - 74%.



Сақтандыруға болатын өнім түрлері

Қазіргі кезде дәнді, май, астық дақылдары мен жеміс-жидектерге сақтандыру өнімдері ұсынылады. Қосымша жабындыны өндірушілер жеке сатып ала алады:

- бұршақтан сақтандыру;

- көп жылғы көшеттерді/ ағаштардың опатынан сақтандыру;

- қайта егу;

- дақылдарды оңтайлы мерзімдерде егу мүмкінсіздігі.



Ақша бөлінген сақтандыру бағдарламасы бойынша жабынды келесіні қамтиды:

- жеке дақылдардың және шаруашылықтағы барлық егістің опаты/зақымдануы;

- бизнесті тоқтату және өндірісті қайта қалпына келтіруге шығындарды өтеу (жануарлар және көп жылғы жас көшеттер);

- өндіріс көлемдерін қайта қалпына келтіру құны немесе нарықтық баға бойынша төлеу;

- сапаны жоғалту;

- егінді жабайы аңдармен зақымдану үшін өтемақы.



Сақтандыру бағдарламасы қалай жұмыс істейді

Өндірушілер төлеген сыйақылар және субсидиялар бір қорға (пулға) жіберіледі, ол өтемақы төлеуге пайдаланады. Бағдарлама сақтандыру құны өндірушілер үшін қол жетімді болғандай, бағдарлама қатысушылары арасында сақтандырушылардың шағын санының ысыраптарын бөлуге көмектеседі. Егін сақтандыруы барлық фермерлерге, ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің иелеріне, және сақтандырылатын дақылдарды өндіретін жалдаушыларға көмектеседі.

Өндіруші дақылдарды таңдайды және осындай дақылдардың барлық егістерін сақтандыруы тиіс.

Бағдарлама жеке шаруашылықта егін өнмділігінің деректері бойынша немесе шет жерлердегі өңірдегі орташа өнім өнімділігі бойынша өндірістің белгілі деңгейіне кепілдік береді.

Есептілік егін өнімділігі соңғы 5-15 жылы орташа көрсеткіш бойынша белгіленеді. Сақтандырушылар егін өнімділігінің ең жоғары және ең төменгі тарихи көрсеткіштерін алып тастау және трендті көрсету үшін түзететін коэффициенттерді пайдалануы мүмкін.

Сақтандырушы үшін сыйақы дақыл, өңір және жеке шаруашылық бойынша тәуекел параметрлеріне негізделеді. Сақтандырушылар әдеттегідей, егін өнімділігінің жоспарлы (есептеген) деңгейінің 70 - 80% жабынды деңгейін тағдайды (жалпы сақтандырушы 50%, 60%, 70%, 80%, 85% және 90% жабу деңгейін таңдай алады).



Испания

Испанияда ауыл шаруашылығын сақтандыруда бай тәжірибесі бар. 1920 және 1970 жылдары арасында сақтандырудың әртүрлі жүйелері сыналанған болатын, оларда мемлекет қатысуы дәрежесінен айырмашылықтары бар. 1978 жылдан бастап қолданыстағы сақтандыру жүйесі осы тәжірибенің базасында құрылған.

Испанияда СК (27) агенттер рөлін атқарады. Барлық сақтандырудың қол қойылған шарттары шарттарды әкімшілендіретін, залал мен төлемдер бағалауын өткізетін компанияға тапсырылады (ол мемлекет пен жеке сақтандыру компанияларымен бірігіп құрылады). Барлық тәуекелдер мемлекеттік қайта сақтандыру компаниясы арқылы қайта сақтандырылады.

Дақылдарды және жануарларды сақтандыру бойынша 100-ден астам сақтандыру өнімі ұсынылады. Тарифтерді мемлекеттік компания есептейді. Фермерлердің 70% және шамамен ауыл шаруашылығының 90% және жануарлардың 70% сақтандырылады. Көбінесе мультитәуекелді сақтандыруға ақша бөлінеді (сыйақы сомасынан 30 бастап 70% дейін, көбінесе – 50%).

Индексті сақтандыру (егін өнімділігінің индексі және ауа райының индексі) пилоттық фазада орналсады. Апатты заладар өзінің дақылдарын және жануарларын сақтандырған шаруашылықтарға ең біріншіден өтемақы төленеді. Фермер тек сақтандыру сыйақысының өз бөлігін ғана төлейді. Сыйақының қалған бөлігі автоматты түрде мемлекеттік сақтандыру компаниясына мемлекеттік бюджеттен аударылады.

Сақтандыру полистерінің үш әртүрлі типі ұсынылады:

1) тек бір тәуекел типін жабатын (exceptional).

2) кқптеген тәуекелдерді жабатын (multiple).

3) өндірушінің бақылауынан тыс барлық тәуекелдердің жабылуын қамтамасыз етеді ('all-risk').

Осы елдегі агросақтандыру жүйесі қарапайым өнімдерден (бұршақ және жеке тәуекелдер) мультитәуекелді сұлбасына дамыған болатын. Бүгінгі күнге елде өсімдіктерді және жануарларды сақтандыру үшін 80-нен астам өнім ұсынылады, оларды аралдарды қоса барлық өндірушілер пайдаланады. Ауал шаруашылығының сақтандыруы өндірушілер үшін ерікті болып табылады, алайда сақтандырушылар сақтандыру бағдарламаларының талаптарына жауап беретін барлық өндірушілерімен жұмыс істеу қажет.

Келтірілген шетел тәжірибесінің салыстырмалы талдауы Қазақстан үшін АҚШ мен Испаниядағы ауыл шаруашылығының дақылдарын сақтандыруды қолдану тәжірибесі ең лайықты екенін көрсетті, өйткені АҚШ мен Испанияда осы жүйе 1978-1980 жылдардан бастап жұмыс істейді.

Бұл ретте, Канададағы ақша бөлінген ауыл шаруашылығын сақтандыру жүйесі әлемдегі ең дамыған деп есептелетінін атап өту қажет. Көптеген елдер өз бағдарламаларын канадалық жүйе тәжірибесін және ұстанымдарын ескере отырып, ақша бөлу бағдарламаларын құрады.



Көрсетілген елдерде өсімдік шарушылығындағы сақтандыру міндетті түрден басталатын. Осы елдердің аграрлық секторында сақтандыру мәдениеті көтерілген сайын және белгілі уақыт өте отырып, ерікті және ерікті жүктелген сақтандыруға ауысу өтті.

2011 жылы Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығының саласында міндетті сақтандырудың қолданыстағы жүйесін шолу, жақсарту бойынша Дүниежүзілік банк кеңейтілген зерттеуді жүргізген болатын. Зерттеу нәтижесінде Дүниежүзілік банк оны бекіту және уақыт өткен сайын ауыл шаруашылығын сақтандырудың нарықтық жүйесіне ауысу бойынша ұсынымдарды әзірледі. Жергілікті мамандардың пікірлеріне, халықаралық тәжірибеге және озат практикаға тіреле отырып, оны пайдалы әрі тұрақты қылу үшін үш-бес жыл ішінде дақылдарды міндетті сақтандырудың қолданыстағы жүйесін кезең-кезеңмен бекіту стратегиясы белгіленген болатын.

Жоғарыда көрсетілгенді ескере отырып, қолданыстағы заңға толықтырулар мен өзгерістер қатарын қысқамерзімді келешекте енгізу қажеттілігі көзге түсерлік.

10. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжамды қаржылық шығындар

Заңды іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етеді.



_____________________________



: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет