Тіршілігі мен сыртқы құрылысы



Дата20.07.2018
өлшемі39.03 Kb.
Тіршілігі мен сыртқы құрылысы

Өзен шаяны өзен-көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Бұл-судың тазалығын қажет ететін шаян. Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі- ұзын, бірі-құсқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.

Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі-екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяталады. Құрсақтың соңғыбунағында аналь тесігі болады.

Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағандықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді соза немесе жиыра алмайды. Сондықтан ол су түбінде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді , суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Су түбінде қозғалғанда- алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұд кезде хитинді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды.Шаянның сауыты қорғаныш жабын болады, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылыбуындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады.

Тыныс алуы



Шаян баскөкіректің екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өскіншелер - желбезектер арқылы тыныс алады. Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы қанға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді.

Қан айналымы



Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар - салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді, сөйтіп, қантамырлар соғады. Жүрек-пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырылған кезде қанды салатамырға айдайды да, қан салатамырдан ішкі мүшелер аралығына барады. Қан ішекте қорытылған қоректі, сондай-ақ желбезек арқылы оттегін қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегі мен қорек жеткізеді, мүшелердегі көмірқышқыл газды және бөлінген сұйық өнімді алып кетеді.

Зәр шығаруы



Шаян екі жасыл без арқылы зәр шығарады. Жасыл бездер- сыртқа шығаратын өзекшелері бар дөңгелек қалташалар. Осы бездерден бөлінген сұйық өнім қанға барып, тамыр қабырғаларынан сүзіледі , еріген заттар сыртқа төгіледі.

Жоғары сатыдағы шаянтәрізділер 

 Буынаяқтылар типінің бір класс тармағы. Ең ертедегі қазба қалдықтары кембрий кезеңінен сақталған. Жер шарында кең тараған, 13 отрядқа бірігетін 19,5 мыңдай түрі бар. Дене мөлшері 80 см-ден (омар) 3 м-ге (Камчаткалық теңіз шаяны) дейін жетеді. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің негізгі белгісі: бас, кеуде (8) жәнеқұрсақ бунақтарының (6, тек жұқасауытты шаянда – 7) саны тұрақты. Басында жұп фасетті көздері орналасқан. Дене бунақтарының әрқайсысында жұп аяқтары болады, тек құрсақтың соңғы бунағында аяғы болмайды, ол тельсон деп аталатын мүйізгекке (сегментке) айналған. Тыныс алу және қан айналу жүйесі жақсы дамыған. Қарыны шайнау және сүзу бөліктеріне бөлінген, күрделі асқорыту бездері бар. Ересек түрлерінде антеннальді бездер (бастағы өскіннің 2-жұбының түбінде орналасқан без) зәр шығарады. Жыныс саңылаулары аналығының 6-шы, аталығының 8-ші кеуде бунағында ашылады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділер метаморфоза (Мысалы, креветка) және тура (Мысалы, өзен шаяны) жолмен дамиды. Бұлардың организміндегі күрделі құрылымдарымен қатар, қарапайымдылар типінде кездесетін қос тармақты құрсақ аяқтарының болуы – осы күнге дейін ғалымдардың арасында класс тармақтың аталуы жөнінде пікірталастар тудыруда. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің кейбір түрлері: тағам ретінде пайдаланылады (дәуіт шаян); балықтардың қорегі болып табылады (мизидалар); ал крильден (Euphausіa superba) мал азығы, витаминдер, пасталар, сыр қоспасы даярланады.





Үлкен-Нарын ауылдық лицейі «КММ КГУ»

Реферат



Орындаған: Сейтқанова Зинұр

Тексерген: Сахитова Үміт

Үлкен-Нарын
Каталог: uploads -> doc -> 0778
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0778 -> Сабақ жоспары: Пәні: Информатика Тобы: ш-09, в-09 Күні, айы, жылы: 15. 10. 2009 жыл Сабақтың тақырыбы: «Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет