«тыныс демікпесі» денсаулық мектебі тыныс демікпесі (астмасы)



жүктеу 26.87 Kb.
Дата13.10.2018
өлшемі26.87 Kb.
«ТЫНЫС ДЕМІКПЕСІ» ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ



Тыныс демікпесі (астмасы) - тыныс алу жолдарының инфекциялық-аллергиялық қабынуы, ұстамалы демікпе, демалудың қиындауымен сипатталатын созылмалы ауру.

Ықпал етуші аллергенді жойып, дұрыс ем жасайтын болса, ауруды болдырмауға болады. Демікпенің пайда болуына әсер ететін сыртқы және ішкі ықпал етуші факторлар бар.

Кез келген түрлі заттар аллерген болуы мүмкін: үй шаңы, жануарлардың жүні, тағам өнімдері (бал, цитрустар, дәмдеуіштер және басқалар), зең, өсімдік тозаңдары, тұрмыстық химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, темекі түтіні және т.б.

Ықпал етуші факторлар

Егер отбасында туыстардың біреуінде тыныс демкіпесі байқалатын болса, балалардың демікпемен ауру қаупі артады, бұған тұқымқуалаушылық факторы тікелей әсер етеді.

Сонымен қатар, тыныс алу жолдарының жоғары сезімталдығы, яғни аллерген әсеріне бронхтың аса тез немесе қатты тарылуына, науқастың жынысы да себеп болуы мүмкін. Ер балалар қыз балаларға қарағанда тыныс демікпесімен жиі ауырады. Дегенмен, ересек жастағы ерлерге қарағанда әйелдерде тыныс демікпесі көп тараған.

 Тыныс демікпесінің асқынуына әсер етуші факторлар

Бұл факторларға: дене жүктемесі, салқын ауа, тітіркендіретін газдар, ауа райының өзгерістері, күйзелістер жатады. Олар тыныс демікпесінің дамуына себеп бола алмайды, осы диагноз қойылған науқастарда ұстамалрдың пайда болуына себепші болады.

Тыныс демекпісінің пайда болу факторларын біле отырып, бұл дерттен сақтануға болады!

 Себептері

Бала жасындағы демікпені таралуының артуының себептері сан алуан. Үйдің ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы қоршағандардың маңызы зор, әсіресе бұл аэроаллергендерге (кененің болуы) қатысты. Жәндіктердің, мысалы, жасыл көбелектердің, кененің, таракандардың көп болуы да демікпенің себебі бола алады. Басты себебі болып ауа-райы табылады, өйткені аллергендер тұрғылықты жердегі ауа-райы жағдайына байланысты: ылғал және жылы климат көгерулер мен кенелердің көбеюіне жағдай жасайды.

Демікпені асқындыруға әкелетін қауіп факторлары үш топқа бөлінеді: алдын ала берілетін – атопия, мұрагерлік, гиперреактивтілік; себепті- шаң, жануарлар аллергендері, саңырауқұлақ, тозаң, аспирин және т.б.; ықпал етуші-респираторлық вирустық инфекциялар, тағамдар, темекі тарту, өтімді иістер және т.б.

Емдеу

Демікпені емдеу үшін екі түрлі препаратты қолданады: асқынуға қарсы және кеңірдекті кеңіту. Препараттар мөлшері мен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер тағайындайды.

Тыныс демікпесімен ауыратын балаларды кешенді емдеу мыналардан тұруы керек:

Қажетті дәрілік препараттармен емдеу;

Ауру балалар мен олардың ата-аналарына арналған білім беру бағдарламарына қатысу (демікпе-мектеп);

Мамандарға кезеңімен қаралып тұру;

Санаторийлық-курорттық және басқа да осы сияқты емдеу әдістерін қолдану;

Аллергендерге егілу (арнаулы иммунотер).

 Алдын алу

Тыныс демікпесімен ауыратын баланың тағамдарынан ауруға себеп болатын тамақ өнімдерін алып тастау керек. Дәрілік аллергияның алдын алудағы маңызды фактор болып тұншығу және басқа да аллергиялық белгілерді беретін дәрілік препараттарды толығымен алып тастау саналады.

Күнделікті үйді жинау, жуу, тұрғылықты мекеннен кілемдерді, жұмсақ жиһаздарды шығарып тастаған жөн. Кітаптар шыныланған шкафтарда немесе сөрелерде болғаны дұрыс. Үйде синтетикалық жуу заттарын, тұрмыстық химиялық аэрозольдерді ұстамаған абзал.

Үйде жануарлар, құстар мен аквариум ұстамау керек. Құстардың қауырсындарына аллергиясы бар балаларға синтепоннан немесе сол сияқты басқа материалдан жастыұ жастау қажет.



Тыныс демікпесімен ауыратын балаларға жүргізіліп жатқан  емнің тиімділігін бақылап отыру үшін, оларды мұқият қадағалап отырған дұрыс.

Бақылау тұрақтылығы ауру кезеңінің ауырлық дәрежесіне байланысты.
: images -> sampledata
sampledata -> Министерство здравоохранения республики узбекистан
sampledata -> 2 қосымша. Паразиттік аурулардың алдын алу
sampledata -> Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
sampledata -> Инструкция по охране труда для старших администраторов и администраторов зао «ооо» Ипо от -2013г
sampledata -> Запознаване с антропогенезата теория за произход и еволюция на човека
sampledata -> Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет