Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу ҚАҒидалары



Дата12.04.2018
өлшемі89.39 Kb.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы________ № ___

қаулысымен бекітілген



Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу

ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Осы Қағидалар терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібін белгілейді.

2. Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу аталаған тұлғаларға (бұдан әрі – мүлік иелері) тиесілі жоғалған немесе зақымдалған мүліктің құнын төлеу арқылы жүргізіледі.

3. Мүліктің құнын өтеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте расталған кезде мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, терроризм актісінің жасалуы мен мүліктің жойылуы немесе зақымдануы арасында себепті байланыстың болуы негіз болып табылады.

4. Мүлік иесіне мүліктің құны оған жыл сайын тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резерві есебінен уәкілетті жергілікті атқарушы органның ақшалай қаражатты төлеуі арқылы өтеледі.



  1. Мүліктің тиесілігі және осы мүліктің құрамы тиісті құжаттармен, мүлік иесінің және куәгерлердің түсініктемелерімен расталады.

6. Өтелетін мүлік құнының мөлшерін белгілеуді мүлік иесінің және қажет болған кезде өзге ұйымдардың және (немесе) мамандардың қатысуымен жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

Өтелетін мүлік құнының мөлшері зақымданған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстар және (немесе) оның зақымдануы салдарынан мүліктің арзандатылған мөлшері не болмаса жоғалған немесе зақымданған мүліктің ескіруін ескере отырып, мүлік құнын өтеу кезінде осы жерде қолданылатын нарық бағасы бойынша жоғалған мүліктің құны негізінде белгіленеді.

Мүліктің құны бағалау қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

Зақымданған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығыстары оны қалпына келтіруге жұмсалатын шығындар сметасымен немесе калькуляциясымен расталады.

Мүлік иесінің мүлікті бағалауға, зақымданған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалған шығындардың сметасы мен калькуляциясын жасауға байланысты қызметті төлеу бойынша құжаттық расталған шығыстары өтелетін мүліктің құнына қосылады.

7. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар кезінде жоғалған немесе зақымданған мүліктің құнын өтеу үшін мүлік иесі терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды өткізгеннен кейін он бес күнтізбелік күн ішінде жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш береді.

Мүлік иесі жергілікті атқарушы органға мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішпен өзі жүгіне алмаған жағдайда оның кәмелетке толған отбасы мүшесі немесе сенімхат негізінде өзге тұлға жүгіне алады.

8. Мүліктің құнын өтеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жергілікті атқарушы органға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарастырады.

9. Мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішке мүлік иесі жергілікті атқарушы органға:

1) жеке тұлғалар үшін – мүлік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал ұйымдар үшін – заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;

2) мүлікті, зақымданған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығыстарын және (немесе) зақымдануының салдарынан мүліктің арзандатылған мөлшерін не болмаса жоғалған мүліктің құнын, сондай-ақ мүліктің құнын өтеудің тиімді тәсілін көрсете отырып, мүлік құнын өтеу туралы өтінішті;

3) мүліктің жоғалу немесе зақымдану фактісін растайтын құжаттарды;

4) анықтау немесе алдын ала тергеу органдарының қаулысын не болмаса сот үкімін немесе сот қаулысын не болмаса терроризм актісінің жасалуы мен мүліктің жоғалуының немесе зақымдануының арасындағы себепті байланыстың болуын растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де құжаттарды;

5) мүліктің тиесілігін, оның құрамын, зақымданған мүлікті қалпына келтіруге жұмсалған шығыстарды, зақымдауының салдарынан мүліктің арзандатылған мөлшерін, жоғалған мүліктің құнын (бар болған кезде) растайтын құжаттарды;

6) мүліктің меншік иесі тәуелсіз сарапшыны және оның қызметтерін пайдалануды дербес таңдаған жағдайда мүлікті бағалауға, мүлік иесінің зақымданған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалған шығындардың сметасы мен калькуляциясын жасауға байланысты қызметті төлеу бойынша шығыстарын растайтын құжатты ұсынады.

10. Осы Қағидаларың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған кезде мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш қарастырылмастан өтініш берушіге қайтарылады.

11. Жергілікті атқарушы орган мүлік иесіне осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды алуға және жинауға көмек көрсетуге міндетті.

12. Өтінішті тіркеу мүліктің меншік иесіне өтінішті қабылдау туралы растау қағазын бере отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Келтірілген мүліктік зиянды және жүргізілген төлемдерді өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында жүзеге асырылады.

13. Жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қаржы рыногын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша аккредиттелген уәкілетті мемлекеттік органның және қаржы ұйымдары мен мүліктің меншік иесі таңдаған тәуелсіз сарапшының (бұдан әрі – тәуелсіз сарапшы) мүлікке келтірілген залалдың мөлшерін бағалауын ұйымдастырады.

Сонымен қатар мүлікке келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастыруға байланысты шығыстар жергілікті атқарушы органға жүктеледі.

14. Мүлікке келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) мүліктің меншік иесінің тәуелсіз сарапшыны жергілікті атқарушы орган ұсынған тәуелсіз сарапшылардың тізбесіне және олардың тұрған жерлері, байланыс телефондары туралы ақпараттарға сәйкес таңдауы;

2) бағалауды өткізу уақыты мен орнын мүліктің меншік иесімен келісім бойынша анықтау;

3) зақымданған мүлікті бағалауды өткізу;

4) мүліктің меншік иесін бағалау туралы есеппен таныстыру.

15. Мүлікке келтірілген залалдың мөлшерін бағалау кезінде зиян келтірілген күнге дейінгі мүліктің есептелген амортизациясын (тозуын) алып тастай отырып, оны қалпына келтіру құны залал келтірілген күндегі қолданыстағы нарықтық бағалардың негізінде есептеледі.

16. Мүлікті жою кезінде келтірілген залалдың мөлшері залал келтірілген күндегі нарықтық бағаның негізінде белгіленеді.

Егер мүлікті техникалық қалпына келтіру мүмкін болмаса немесе экономикалық негізделмесе, мүлік жойылған деп саналады. Егер мүлікті қалпына келтіру шығысы мүлікке залал келтірілген күндегі нарық бағасынан сексен пайыз асып кетсе, мүлікті қалпына келтіру экономикалық негізсіз деп саналады.

17. Егер жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде тәуелсіз сарапшыда мүлікке келтірілген залалды бағалауды ұйымдастырмаса, онда мүліктің меншік иесі тәуелсіз сарапшының қызметін дербес таңдай алады.

Мүліктің меншік иесінің тәуелсіз сарапшының қызметіне төлеген құжаттық расталған шығыстары өтелетін залалдың сомасына қосылады.

18. Тәуелсіз сарапшы қорытынды шығарғаннан кейін өтініш пен тиісті құжаттардың негізінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 1-тармағында баяндалған жағдайларда зақымданған не болмаса жоғалған мүлік құнының мөлшері көрсетілген зиянды өтеуге қаржы бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.

Мүлік құнын өтеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберіледі.

19. Залалды өтеу «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысында көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібіне сәйкес зиянды өтеуге қаржы бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шыққан күннен бастап үш банктік күн ішінде мүліктің меншік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдық немесе жинақ шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.

20. Залал өтелгеннен кейін Келтірілген мүліктік зиянды және жүргізілген төлемдерді өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында өтелген залалдың мөлшерін, күнін және төлем құжатының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жүргізіледі.

21. Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеген жергілікті атқарушы орган жойылған немесе зақымданған мүлікке кінәлі деп танылған және белгіленген ақшалай және (немесе) өзге де қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуіне шара қолданады.

1-қосымша



Терроризм актісінің салдарынан

жеке және заңды тұлғаларға келтірілген

мүліктік зиянды өтеу қағидаларына

өтініш нысаны


_______________________________________________________ әкімі

(облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, (облыстық маңызы бар қала))

_____________________________________

(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)

_____________________ тұратын

_______________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш

Сізден_____________________________________________________________


(зақымданған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығыстарын)

қоса есептей отырып, ______________________________________________

___________________________________________________ терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағындағы

_______________________________________________________________

(уақыты, орны, оқиға сипаты)

_____________________________________________________________

байланысты келтірілген материалдық залалды өтеуді сұраймын.

Материалдық залалды мына мекенжай бойынша: ___________________

__________________________________________________________________

(облыс, аудан, қала, тұратын жердің мекенжайы)


Банктің атауы _______________________________________________

Банктің БИК, ЖИК _____________________________________________ Ағымдық немесе жинақ қорының шоты____________________________ _________________________________________________________атына

(Т.А.Ә., деректемелер)
Алушының СТН № ____________________________________________

Өтінішке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:


1. ____________________________________________________________

2. ____________________________________________________________

3. ____________________________________________________________

4. ___________________________________________________________

5. ____________________________________________________________
_______ «____» __________     Өтініш беруші ________________

(жылы) (күні)   (айы)                        (қолы, Т.А.Ә.)


______________________________________________________________

                        (кесу сызығы)

Азаматтың өтініші ___________________________________________

№ _________ тіркелді. Өтініш қабылданған күн ___________________


Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы және қолы __________

_______ «____» __________         Өтініш беруші _____________________



(жылы) (күні)    (айы)                         (қолы, Т.А.Ә.)


Терроризм актісінің салдарынан

жеке және заңды тұлғаларға келтірілген

мүліктік зиянды өтеу қағидаларына


2-қосымша
Келтірілген мүліктік зиянды және жүргізілген төлемдерді өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналы




р/р

Өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе деректе-мелері

Келіп түскен күні, кіріс №

Тұратын мекенжайы

Материалдық залалды өтеу

себептері (орынның қысқаша сипаттамасы, уақыты)

Келтірілген материалдық залалдың мөлшері

Төленген ақшалай қаражаттар бойынша төлем құжатының № және күні (тіркеушінің

қолы)

1

2

3

4

5

6

7











































 



Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Қазақстан республикасының заңы шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына
user documents -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
user documents -> Мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптар
user documents -> Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісім шарт әскери қызметшілерін бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу
user documents -> Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
user documents -> Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет