Тәрбиешісі Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы ортаңғы топқа арналған Білімдік саласы



Дата07.01.2018
өлшемі45.49 Kb.
Абдрахманова Айсулу Маулиевна

МКҚК «№11 «Арай» балабақша

Тәрбиешісі
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

ортаңғы топқа арналған

Білімдік саласы: таным

Бөлімі: Айналамен таныстыру

Тәрбиеші: Абдрахманова А.М.

Тақырыбы : ҚЫСҚЫ АҒАШТАР

Мақсаты: 1.Қысқы ағаштардың бұтағына, діңіне қарап ажырата білуге, ағаштар мен талдарға қамқор болуды үйрету.

2.Ағаштардың адамға тигізер пайдасын айтып үйрету.

3.Қоршаған ортаның әдемілігін, сезімталдығын түсіне білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: жазда, қыста жеке өсіп тұрған ағаштың, қысқы орман суреті, ормандағы аңдар мен құстардың суреті.

Үлестірмелі заттар: әр балаға карточка ормандағы қыстың суреті, жеке- жеке тарелкада ұйықтап жатқан аюдың, түлкінің, тиіннің, суықторғайдың суреттері.

Алдын- ала жұмыс: қыс туралы әңгімелер жүргізу, ағаштарды серуен кезінде бақылау.

Сөздік жұмыс: терек, көктерек, үйеңкі, ағаштың пайдасы, қылқан.

Билингвалды компонент:


Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мақсатты -түрткі болғыш


Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады.

Жып – жылтыр боп жатады.



(«қыстың дыбысы» әуен ойналады)

Тыңдап отырады

Іздестіру- ұйымдастыру

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста ауа райы қандай?


Мына суретке қараңдар.

(қыстың күні ойнап жүрген балалардың суреті)

Балалар қыста қалай ойнайды?
Жұмбақтың жауабын табыңдар:

Жазда жатсаң- көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң- жаның рахат табады. (ағаш)

Бүгін ағаштар туралы әңгімелесеміз.

Нақты қысқы ағаштар туралы айтамыз.

Ағаштардың адамға қандай пайдасы бар?

Жауапты мынау схема бойынша айтуға болады.


Ағаштарды атап кетейік.
Енді осы ағаштарды салыстырайық: жазда қандай болады, қыста қандай болады екен. Шырша мен қарағай қыста да, жазда да жасыл түсті қылқанды болып қалады. Қалған ағаштар жазда жасыл жапырақты, ал қыста жапырақсыз болып тұрады.

Қыста ағаштар не істейді?

Қыста ағаштар неге үсіп қалмайды екен?

Сергіту сәтін жасайық:

Көкке бойын созады.

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады.

Көк қарағай қарағай,

Мейірбанды анадай.

Енді осы ағаштар туралы қысқаша айтып кетейік.


Мына суретке қараңдаршы: орман.

Кең жерде өскен көп ағашты орман деп атайды. Орман аңдар мен құстардың мекені. Ағаштың үстін де, астын да мекен етеді. Оны біз қазір ойын арқылы көрсетеміз.



Келіңдер дидакт.ойын ойнаймыз:

«Орнына орналастыр».

(баяу музыка әуені ойналады)

Аңдар мен құстарды дұрыс орналастырдыңдар. Балалар сендер орман ішінде, бақ ішінде жүргенде мынадай ережелерді білулерің керек:


  1. Орман ішінде от жақпа, айғайлап сөйлеме.

  2. Ағаштың бұтағын сындырма.

  3. Құстың ұясын бұзба.

  4. Қыста ағаштың түп жағына көп қар таста.

Қимылды ойын ойнайық бәріміз:

«Шырша, бүршік, қоян»

Шарты: «шырша» дегенде қолды екі жаққа созу,

«бүршік» дегенде отыра қалу,

«қоян» дегенде секіру керек.

Жаңылып қалған ойыннан шығады.


Қыс.

Күн суық, боран соғады, адамдар жылы киім киеді.

Балалар қыста шана, шаңғы, коньки тебеді.

Жұмбақтың жауабын табады.

Отын қылады, жиһаз жасайды, ауа тазарады, жазда көлеңке болады, дәрі- дәрмек жасайды,

жеміс өседі, әдемілік үшін.


Ақ қайың, шырша, көктерек, шетен.

Ағаштар демалады, ұйықтайды.

Қыс келіп қармен жауып тастайды, тамыры үсіп кетпесін деп.

Балалар сөздерін қайталап отырып, қимыл жасайды.


1-бала:

Қайың- діңі жұқа ақ қабықпен жабылған. Тез өседі, бүршіктерінен дәрі- дәрмек жасайды. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайыңнан жиһаз жасайды. Жапырақтары дөңгелек.

2-бала: Шырша - қысы- жазы жап- жасыл боп қылқанды жапырақты ағаш. Құрылыс материал және музыка аспабын жасайды.Шыршаның қылқандарынан дәрумендер жасайды.

3-бала: Көктерек – діңі түзу, тегіс, қабығы жасылдау түсті, жапырағы дөңгелек, жылдам өсетін ағаш.

4-бала: Шетен – суықтан қорықпайды. Биік өседі, қабығы қызыл қоңыр түсті ағаш және оның қызыл түсті домалақ жемісі бар.
Орман
Балалар, карточкалы ойын ойнайды.
Тыйым сөздерді қайталайды.
Қимылды ойын ойнайды.

Рефлексті - дәлелдеу

Бұтақтарды сындырмай,

Ағаштарды баптайық.

Құстарды да атпайық,

Табиғатты сақтайық!




Бәрі шеңберге тұрып хормен сабақты қорытындылайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қысқы ағаштардың бұтағына, діңіне қарап ажырата біледі.

Қандай түсініктерді игерді: ағаштардың адамға пайдасын біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ағаштар мен талдарға қамқор болуды үйренеді.


Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «ҚЫС» А. ҚҰнанбаев «ҚАР» С. Шаймерденов»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: ас атасы нан сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Баймуратова Назым Зейнелгабиденовна Шортанды ауданы «Бозайғыр орта мектебінің» мм биология пәні мұғалімі Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Раздольный ауылы Раздольный орта мектебі Химия,биология пәнінің мұғалімі Асылхан Сайра
Razrabotkaurokov -> Уакаева Гульнар Кадесовна биология пәні мұғалімі Зеренді ауданы Жылымды негізгі мектебі Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Razrabotkaurokov -> Ақжанова Асемгуль Ботабаевна Красный Яр №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы
Razrabotkaurokov -> Каженова Динара Жангалиевна дене шынықтыру нұсқаушысы Көкшетау қаласы «№11 «Арай» бала бақшасы» мкқК


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет