Тәрбие сағатының тақырыбы: Мемлекеттік тілге құрмет – елге құрмет. Мақсаты



Дата26.11.2018
өлшемі79.66 Kb.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мемлекеттік тілге құрмет – елге құрмет.
Мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдылық деңгейін көтеру. Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, Қазақстан туралы буклет, нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының барысы: Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып, тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.



Мұғалім: Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын. Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір-бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.

Оқушы: Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраным!



Мұғалім: Ал, балалар, олай болса Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын айтамыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»деп жазылған.

Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері бар. Соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жататындар бар. Түркі тілдес халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, әзербайжан, алтай, құмық т.б. жатады. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Демек, тәлім-тәрбие тілден басталады. Тіл бөбектің үні, тіл-ананың әлдиі, тіл-бесік жыры. Ана тілі-ар өлшемі. Тіл ұлттың жаны.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

«Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай өмір сынынан сүріндірмей болашаққа жеткізетін тұғырлы идея. Елбасы жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Мектеп түлектеріне қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі тиіс деп атап көрсетті. Ал, оқушылар, Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Ұлтаралық тіл – орыс тілі, халықаралық тіл – ағылшын тілі деп көрсетті.



  1. Ал, балалар, мемлекеттік тіліміз қай тіл?

  2. Ұлтаралық тіліміз қай тіл?

  3. Халықаралық тіл қай тіл?

Мұғалім: Бүгін бізде тіл туралы жазған ақындарымыздың өлеңін тыңдап көрейік.

Оқушы: Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім!

Туған жері – түп қазығы, айбыным!

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт санасы – тірегі.

Қадамыңа шуақ шашар үнемі



Оқушы: Ана тілі – бар білімнің қайнары,

Аталардың өсиеті пайдалы

Алақаны мейірімді ананың,

Ұстазыңның жарқын жүзі жайдары.



Оқушы: Ана тілім-тастамайтын әліппем

Болғаным жоқ әріптерін танып мен.

Өз тілімді жақсы көру арқылы,

Достасамын барлық жақсы халықпен.



Оқушы: Ең бірінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедің.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.



Оқушы: Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.



Оқушы: Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар!

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

Оқушы: Ана тілі – қасиетті дана тіл,

Ана тілі – қадірлейтін баба тіл.

Ана тілі әрі көркет, анам тіл,

Тіліңменен шешендіктің бәрін біл.



Оқушы: Тарихыңа көз жүгірсем тілімнің,

Ойға келер қанша өнер-білімде.

Қастер тұтып өз тілімді қорғасам,

Тіл арқылы жақсы болар күнім де.


Оқушы: Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Сатылмайтын, сарқылмайтын қазақ тілін.

Адаммен адамды тілдестірер,

Онсыз болмас дүниеде білім, ғылым.



Оқушы: Ана тілі – біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздей сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл деп санаңыз.



Оқушы: Дана тілім – бақ тілім

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсіз менің қасіретті шаттығым

Сенсіз менің тазалығым, пәктігім.



Оқушы: Біздің Отан кең-байтақ,

Көп ұлттың мекені,

Біз құшақты кең жайсақ,

Әлемге сыйып кетеді.

Тату еліміз табысқан

Қазақстан – бақстан.



Оқушы: Ана тілім – бойымдағы қанымсың,

Ана тілім – кеудемдегі жанымсың,

Қанатымсың самғайтұғын биікке,

Ана тілім мақтанышым барымсың.



Мұғалім: Ал,балалар, біз үш тілде амандасып көрейік.Қазақ тілі, орыс тілі, және ағылшын тілінде.

Біз мектепте қай мезгілден бастап оқимыз?



  • Күз.

  • Біздің мектепте басқа ұлт өкілдері барма?

  • Ия, орыс, күрді.

  • Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?

Оқушылар 3 тілде айтады.

  • Балалар қазір жылдың қай қай мезгілі?

  • Көктем.

- Көктемнің бірінші айы, дұрыс айтасыңдар. Наурыз айында қандай мерекелеріміз бар?

- 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесі. Аналарымыздың әпкелеріміздің мерекесі. 22-Наурыз мерекесі қазақ елінің жаңа жыл мерекесі. Күн мен түннің теңелген кезі.

- Балалар, осы көктем мезгілінде бірінші пісетін жемісіміз не?

- Құлпынай.

Олай болса, балалар, мына көктем суретіне қараңдаршы. Осы жерде құлпынай бар. Осы құлпынайды кім тереді? Кім құлпынайды үзіп алса, сол құлпынай суретінің арқасындағы тапсырманы орындайды.

Оқушылар тапсырманы орындайды.



Мұғалім: Қане, балалар, еліміз тыныш,аман болсын. Әрқашан аналарымыз да аман болсын. Алдымызда келе жатқан 8-наурыз мерекесі құтты болсын! Бір шаңырақ астында дініміз де, тіліміз де бір біздің.

Хор. «Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде.

Мұғалім: Ал, балалар, жарайсыңдар. Тіл арқылы біз өз ойымызды білдіреміз.

Оқушылар өз ойларын айтады:



  1. Сөйлесеміз.

  2. Дәм сеземіз.

  3. Ойласамыз.

  4. Пікірлесеміз.

  5. Хабарласамыз.

  6. Кеңесеміз.

  7. Қарым-қатынас жасаймыз

Мұғалім: Жүздің көркі – көз

Ауыз көркі – сөз.

Сөздің көркі – мақал-мәтел – дейді халқымыз. Мақал-мәтел сан ғасырлар көрген оқиғаларының жиынтығы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Мақал-мәтелдер.


  1. Білім кілті – тіл.

  2. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

  1. Тіл көңілдің кілті.

  2. Тіл қылыштан өткір.

  3. Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

  1. Өнер алды қызыл тіл.

  2. Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

  1. Тіл қаруы – сөз,

Сөз қаруы – ой.

Мұғалім: Жарайсыңдар.Ұлы Мағжан ақын айтқандай «Ана тілі халықпен мәңгі бірге жасайды» деген. Олай болса, бабаларымыз айтқан асыл сөзді тыңдап көрейік.

Оқушы: М. Жұмабаев «Тіл – адамның жанының тілмашы, тілі кең болса, адамның қор болғаны».

Оқушы: Б. Момышұлы «Тіл дегеніміз – қай халық болмасын келешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры».

Оқушы: М. Әуезов «Ана тілін білмеймін адам, мәдениетті адам санатына қосылмайды».

Мұғалім: Ал балалар, келесі кезегіміз жұмбақтар шешу.

І топ ІІ топқа қояды. Сол жұмбақтың шешуін шешеді.



І топ.

Ақ дуалдың ар жағында қызыл от,

Байлауынан бір босамас қызыл ат. (тіл)

ІІ топ.

Тілден ұшып,

Құлаққа қонады. (сөз)

І топ.

Бойлаған сайын тереңге,

Шығасың биік белеңге. (білім)

ІІ топ.

Құйрығынан тұмсығы ұзын. (тіл)



І топ.

О жағы мәрмәр,

Бұ жағ мәрмәр

Ортасында

Сандуғаш сарнар. (тістер және тіл)

ІІ топ.

Таудан биік,

Теңізден терең. (ақын)

І топ.

Бірде төмен, бірде шығып жоғары,

Сөз сөйлесең, қозғалыста болады. (тіл)

ІІ топ.

Екі қарауыл,

Екі тыңшы,

Бір жыршы. (екі көз, екі құлақ, тіл )



І топ.

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)

ІІ топ.

Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар.

Келесі кезең мақалдың жалғасын табу.

Айтылған сөз - ... ...

Тілге құрмет - ... ...

Жыланның уы тісінде, адамның уы ...

Бас кеспек болса да, ... ... ...

Піл көтермегенді ... ...

Тілден артық ...

Ең ащы да тіл, ең ...



Ән хор: Анамның тілі аяулы үні.

Қорытынды.

  1. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері жасайды?

  2. Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі қашан қабылданды?

  3. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

  5. Ұлтаралық тілі қай тіл?

  6. Халықаралық тілі қай тіл?

Сабақтың соңы:

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын

Ауамыз таза болсын,



Келген қонақтардың дені сау болсын!
: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет