Тәрбие сағатының тақырыбы: Ата салтым –кең пейіл дархандығым. Тәрбие сағатының мақсаты



жүктеу 45.8 Kb.
Дата04.04.2018
өлшемі45.8 Kb.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ата салтым –кең пейіл дархандығым.

Тәрбие сағатының мақсаты: Ғасырлар бойы жинақталған ұлттық қазыналарымызды атадан қалған асыл сөздерді болашақ ұрпақтын санасына қалыптастыру.

Мақал-мателдің мағынасын терең ұға білуге үйрету.

Тыйым сөздер,ырымдар арқылы жат қылықтан аулақ болуға,

әдептілікке шақыру.

Өз елін, халқын сүюге,қамқор болуға,салт-дәстүрлерді

қастерлеп сақтауға үйрету.

Отаншылдыққа ,ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.

Қолданылған әдістер: Сто технологиясының әдістері

Көрнекілігі: Слайд,буклет,ұлағатты сөздер.

Жүрісі:I Қызығушылықты ояту.

-Ал,жақсы ,балалар,бүгінгі “Ата салтым-кең пейіл дархандығым’’атты тәрбие сағатында ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрппаққа жалғасып,кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен тереңірек танысамыз.Әңгіме мұнда көрсетілген тақырыптар негізінде жүреді:




II Мағыныны тану

Мен қазақпын , биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім,мәңгі өлмеске

Айта бергім,келеді,айта бергім.

Кең даланың ежелгі ,

Қазақ деген халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз

I.Атадан қалған асыл сөз.

Атамыз қазақ бір ауыз сөзбен қуанып, бір ауыз сөзбен жауын орнынан

тұрғызбай тастаған шешен, қайсар, кеңпейіл, дархан халық болған. Біздің

ата-бабамыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай ,

тамаша тәлім –тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар:

-Дүниеде не жетім?



-Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

-Дүниеде ең жақының кім?

-Дүниеде не қымбат?

- Дүниеде не қиын?

II.Ескірмейтін есті сөз. Кім көп біледі?

Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған. Күнделікті

өмірде ата-әжелерің, ата-аналарың айтып отыратын ырым мен тыйым

сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?-...

Көп қой оның үлгі берер тұстары,

Жат қылықтан аулаң болар тысқары,

Тыйым сөздерді есте сақтап жүрейік.

Ұғымы мол жеткізбейтін сөз саны деп, міне осындай ырымдар мен

тыйымдарды есте сақтап, жаман әдеттен аулақ болыңдар.

-Жағыңды таянба; -Нанды бір қолыңмен үзбе; -Жалғыз ағашты шаппа:

- Тұзды баспа; Нанды аяққа баспа; -Бөркіңді теріс қаратып киме;

III.Ұлағатты ұлттық ұғымдар.

Әр халықтың ұлтына сай үлгісі,

Қасиетті айы, күні , жулдызы.

Ұлағатты ұғымдар бар санамда

Есте сақтар елімнің бар ұл-қызы.

-Ата-бабамыз кейбір сандарды қасиетті деп есептеген.



-Қасиетті, киелі қандай сандар? Киелі сандарға кластер жасайық

-3; 5; 4; 7; 9;



-Бес қару : Садақ. Мылтық. Найза. Қылыш. Айбалта.

-Үш асыл: Көз .Тіл. Көңіл.

-Төрт тұлға: От. Су. Жел. Жер.

-Жеті ата:Бала. Әке. Ата. Арғы ата. Баба.Түп ата. Тек ата.



IV.Салт-дәстүрлер.

Халықтың дәстүрге айналған кқасиетті рәсімдері өте көп .Рәсімдер

ата-мұра болып қалыптасып. Ұрпақтан-ұрпаққа мәдени үлгі ретінде

жалғасып келеді. Халқын сүйген –салтын сүйеді - дей келе халықтың салтын білумен

қатар, оларды сақтап, салттарды мүлтіксіз орындап, әрі дамыта беру-сендердің

міндеттерің.Адамдардың жарық дүниеге келген күненен бастап , оның есейіп,. қартайып,

о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым –

қатынасы атаулымен барлығы салт-дәстүрден өзекті орын алады.

Салт-дәстүрлер ғасырлар бойы жинақталып, адам өмірінің барлық жақтарын

қамтиды. Сондықтан кез-келген адам өз халқының салт-дәстүрінің

аясында өмір сүруі қажет.

Салт-дәстүр санамызда сақталады,

Бабалар өсиеті жатталады.

Өсеміз елін сүйген ұландар боп,

Қазынасы халқымның жатта бәрі десек, сендер

-Қандай салт –дәстүрлерді білесіңдер? (бесікке салу,шілдехана, тұсау

кесу, сүндеттой ,бәсіре атау ,сүйінші ,көрімдік беру ,ерулік,қарулық Асар,соғым басыға, т.с.с...)
ТОПТАСТЫРУ


Көрініс «Жарасып тұр дәстүрім» .

V.Мақал-сөздің мәйегі. Кім жылдам?

Бабамыздан қалған асыл мұрамыз,

Ұрпақтары біздер ие боламыз.

Қортынды қысқа ғана ұғымы бар

Сөз мәйегін сол жолдардан ұғамыз.

Халқымыз дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды.

-Ендеше, ата жолы, ата салтқа байланысты мақал-мәтелдер айтайық.

III.Ойтолғаныс Білемін; Білдім; Білгім келеді;

- Бүгін біз ата-бабадан қалған асыл мұраларымыз жөнінде кеңінен

таныстық.

Ата-салты – ардақты ,

Әрбір сөзі-салмақты

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің, бір күн бармақты –деп аталар сөзін, өсиетін есте сақтап,

Қастерлеп ,құрметтеп жүріңдер дегім келеді.

Елге тірек ,нағыз ұлттық тұлға болып!

Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Ұлттық салт –дәстүрді меңгеріп.-деп



Егеменді еліміздің болашағы –өздерің.Сондықтан да ата –баба мұраларын қастерлеп, дамыту, оны іс жүзінде орындай білетін мәдениетті де саналы, парасатты, Егемен Қазақстан мәртебесін көтеретін нағыз азамат болады деп сенемін.

,
: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет