Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ағаштардың пайдасы». Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ағаштардың пайдасы»



Дата07.01.2018
өлшемі499 b.


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ағаштардың пайдасы».

  • Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ағаштардың пайдасы».

  • Тәрбие сағатының мақсаты:

    • Оқушыларға туған табиғатымыздағы ағаштар және олардың пайдасы туралы жан-жақты мәлімет беру. Ағаштарға деген сүйіспеншілігін арттырып, ағаштардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Оқушылардың сөздік, тілдік қорларын байыту. Дұрыс сөйлеу дағдысын жетілдіру. Сөзбен сөзді дұрыс байланыстырып сөйлеуге, дыбыстарды дұрыс, анық айтуға машықтандыру. Оқушыны ойланту, өздігінен ізденіске салу, ойын тұжырымдау. Табиғатты қоғауға, ағаштарды күтіп баптауға тәрбиелеу.
  • Тәрбие сағатының түрі: танымдылық (жаңа сабақ).

  • Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, «ой қозғау», «Венн диаграммасы», мақал-

  • мәтелдер, сұрақ-жауап.

  • Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, ағаштардың суреттері, СТО.

  • Тәрбие сағатының жоспары:

    • Кіріспе сөз.
    • Балаларды ағаш түрлерімен таныстыру.
    • Жұмбақ.
    • Тақпақ -Жанар, ән -Әсел.
    • Сергіту сәті.
    • Мақал-мәтелдер, ағаш туралы тиым сөздер.
    • Ойын. Көрініс: «Ағаштың пайдасы».
    • Тақпақ.
    • Жылы тілектер айту.
    • Ән.
    • Қорытынды.
  • Сабақтың барысы: І. Кіріспе.

      • Арайлап таң атты
      • Алтын сәуле таратты
      • Жарқырайды күніміз
      • Жарқырайды даламыз
      • Қайырлы күн балалар,
      • Қайырлы күн қонақтар.
      • Сәлем сөздің анасы,
      • Сәлем берер әр қазақтың баласы – дей келе, қош келдіңіздер құрметті қонақтар.
    • Бүгінгі біздің «Ағаштардың пайдасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
    • Қане, балалар, бүгінгі күніміз, сабағымыз сәтті өтсін!

ІІ. Балалар, өздерің білесіңдер, ағаштың тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы болады.

  • ІІ. Балалар, өздерің білесіңдер, ағаштың тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы болады.

  • Міне, мына суретке қараңдаршы, бірінші жер астында ағашқа өмір, нәр беріп тұрған-тамыры орналасқан, ал мынау діңі, діңнен жан-жаққа бұталары таралған бұталарынан жапырақтары өркен жаяды. Балалар қараңдашы, біз өзіміздің отбасымызды осы ағаштың құрылысымен салыстырып көрейікші.

  • ІІІ. Міне, мынау ағашқа өмір беріп тұрған тамыры біздің ата-әжеміз, діңі – олар ата-анамыз. Бұтақтары балалар сендерсіңдер.

  • - Балалар ағаштардың қандай пайдасы бар?

  • - Бақшамызға сән береді, көлеңке береді, ауаны тазартады, жемісін жейміз.

  • ІV. Ағаштан қағаз, кітап, құрылыс материалдары, жиһаздар,музыкалық аспаптар жасалады. Ағаш – ол денсаулық. Ағаш болмаса бүкіл адамдар, жан-жануарларға тыныс алатын таза ауа жетіспес еді.

  • Ағаш тек байлық емес. Ол жер көркі, ел көркі. Сондықтан байлығы бізге ғана емес, кейінгі ұрпақтарға жету үшін, әрбір кесілген ағаштың орнына міндетті түрде ағаш отырғызу керек. Азайып бара жатқан ағаш түрлерін сақтауымыз керек.

  • V. Ағаштың түрлерімен таныстыру. Слайд. Жеміс ағаштары және емен, қайың, үйеңкі, терек, шырша, ақ қайың, тобылғы, қарағаш, қарағай, т.б. түрлері бар.

  • VІ. Жұмбақ.

  • Қар, мұз еріп, су көбейіп,

  • Сай-салаға ағады.

  • Бүршік жарып, жапырақ ашып,

  • Жер гүл шашақ тағады.

  • Балаларым айтыңдаршы,

  • Бұл қай кезде болады? (көктем)

  • VІ. Олай болса көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

    • Жаңбыр жауады, күн жылынады, ағаштардың жапырақтары көгереді.
    • Балалар біздің Жанар жаңбыр туралы тақпақ жаттап келіпті.
    • Соны тыңдайық.
  • Жанар: - Жаңбыр, жаңбыр жаусың,

  • Жанымызға дауасың.

  • Біз ойнайтын ауланың

  • Тазартасын ауасын.



VІІ. Асел: «Жау жаңбыр» әнімен.

  • VІІ. Асел: «Жау жаңбыр» әнімен.

  • VІІІ. Мақал-мәтелдер. Тиым сөздер.

  • Жеке жұмыс: Шайра, Дияр, Хасан.

  • Әке – бәйтерек, бала – жапырақ.

  • Ағаш көркі жапырақ.

  • Ауыл сәні – терек,

  • Терек егу – керек.

  • Ағашты кеспе.

  • Ағаштарды сындырма.

  • Жеміс ағаштарын ата.

  • Ағашты күту жұмыстарын ата.

  • ІХ. Сергіту сәті.

  • Тербеледі ағаштар,

  • Алдымыздан жел есіп.

  • Кіп-кішкене ағаштар,

  • Үп-үлкен боп өседі.

  • Х. Ойын: «Ағаштарды ата».

  • ХІ. Көрініс. «Ағаштың пайдасы». Мирас, Дархан.

  • ХІІ. Нұрасыл. Тақпақ.

  • Табиғаттты қорғау үшін бәріміз күресейік.

  • Бір-бір ағаш егейік.

  • Текке отырмай жасымыз бен кәріміз

  • Таза ауа үшін терімізді төгейік.

  • ХІІІ. Тілдік жаттығу. (тыныс)

  • Ағаштар былай дыбыстайды:

  • Алма ағашы а – а – а

  • Өрік ағашы ө – ө – ө

  • Алмұрт ағашы ұ – ұ – ұ

  • Шие ағашы и – и – и



«Жақсы сөз жарым ырыс» -дейді дана халқымыз. Ендеше бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

  • «Жақсы сөз жарым ырыс» -дейді дана халқымыз. Ендеше бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

    • Аспанымыз ашық болсын!
    • Доc болайық!
    • Тату-тәтті болайық!
    • Сабақты жақсы оқиық!
    • Еліміз аман болсын!
    • Әрқашан күн сөнбесін!
  • Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».

  • Балалар, біз бүгінағаштар туралы көптеген мәліметтер алдық. Осы ағаштардың ішінде жоғалып бара жатқандарын қамқорлықпен көбейту керектігін де түсіндік. Бүгін барлықтарың сабаққа жақсы қатысып отырдыңдар.

  • Айдын шалқар көлім бар

  • Ну орманды елім бар

  • Күннен күнге көркейген,

  • Менің байтақ елім бар – дей келе,

  • Құрметті қонақтар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет!





Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет