Тәрбие сағат Арақ ішу-айып, мас болу-қылмыс



Дата19.07.2017
өлшемі54.46 Kb.



16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
эмблема 16 колледж

«БЕКІТЕМІН»

№16колледж директоры

____________ Г.Шертаева

«_____» _______________ 20 ___ ж.

Тәрбие сағат
Арақ ішу-айып, мас болу-қылмыс

-

Данасы:____________________________________


Енгізілген мерзімі:___________________________
Пайдалану мерзімі:___________________________

Қызмет бабында пайдаланылатын басылым

Шардара
АЛҒЫ СӨЗ

1 Әзірлегендер: ТҰ-43топ шебері:........................................................................Р. Закираева

2 Бірінші рет енгізілді

Осы тәрбие сағатын №16 колледж рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды.



МАЗМҰНЫ


1 Мақсаты............................................................................................................................................4

2 Көрнекілігі........................................................................................................................................4

3 Сабақтың түрі...................................................................................................................................4



4 Сабақтың барысы.............................................................................................................................4

4.1 Кіріспе сөз.....................................................................................................................................4

5 маскүнемдік туралы ұлы ғұламалардың айтқан нақыл сөздері..................................................4

6 Қара пима.........................................................................................................................................5

7 Ойбөліс.............................................................................................................................................6

8 Қорытынды......................................................................................................................................6

9 Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................................................6





1 МАҚСАТЫ

Халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдет араққа жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру,

жасөспірімдерді дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
2 КӨРНЕКІЛІГІ

Маскүнемдікке байланысты қанатты сөздер, слайдтар.


3 САБАҚТЫҢ ТҮРІ

Ойбөлісу
4 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


4.1 КІРІСПЕ СӨЗ

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

Мың өліп, мың тірілсе де намысты қолдан бермей елдігін сақтап келген кешегі арқалы да

айбынды қазақтың бүгінгі ұрпақтарының жайы қандай?

Бүгінгі күні адам баласының бойындағы ең жаман қасиеттің бірі – маскүнемдікке

салыну. Осы бір ащы су қаншама үйдің бақытын ұрлады, берекесін алды. Әрбір отау

шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің шаңырағын шайқалтатын басты себептің бірі

де осы маскүнемдік.

Ішімдікке әуестенушілік әсіресе жасөспірімдер мен қыз – келіншектердің арасында кең

етек алып бара жатқаны баршамызға аян. Тіпті алькоголді ішімдік ішудің салдарынан

жан түршігерлік қылмыстар да жиілеп кетті. Осы бір дінімізге жат қылықтан бойымызды

аулақ ұстау үшін сіздерді бүгінгі тәрбие сағатымызға шақырып отырмыз.

Олай болса құрметті ұстаздар, білім алушылар «Арақ ішу- айып, мас болу – қылмыс»

деген тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер.
5 МАСКҮНЕМДІК ТУРАЛЫ ҰЛЫ ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ АЙТҚАН СӨЗДЕРІ

Қос жаһанға билік еткің келсе егер

Бес нәрседен қашық жүрсең, ел сенер.

Зорлық қылма, араласпа арамға

Шарап ішпе, азғындыққа салынба

Бұлар бекпі қор етеді тағы да

Адамның бойындағы бәрі де, жүзі де, киген киімі де, жаны да, ойлары да әсем болуы керек. Ал мас болу - өз еркімен жындану.
Маскүнемдік – ақылдан алжасуға жаттығу.
Ішсең қисаңдап жүресің,

Ретсіз ыржаңдап күлесің.

Ар – ұяттан айрыласың,

Оны да өзің білесің


Біле тұра ішесің

Өз кебініңді өзің пішесің

Ұрлықты да жасайсың

Түрмеге де түсесің.


Болар бала кісілікке үйір

Тозар бала ішімдікке үйір


Ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені,

Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені


Маскүнемдік өз еркіңмен ақылдап алжасу.
Спирттік ішімдіктер адамды айуан, аң етіп жібереді.
Арақ болды жексұрын да жауыз да

Арақ өзі құйылмайды ауызға!

Әділетін айтыңдаршы, ағайын

Кім кінәлі, арақ па әлде ауыз ба?


Арақ аздырады, өз көріңді өзіңе қоздырады
Алла Тағала Қасиетті Құранда адамзат баласына арақ ішуге тыйым салған. Пайғамбарымыз «Арақ ішпеңдер!». Себебі арақ барлық жаманшылықтың кілті деген. Арақ ішкен адамнан әуелі иман кетеді, иман кеткен соң ұят пен намыс кетеді деген.
6 «ҚАРА ПИМА» БЕЙНЕКЛИПІН КӨРСЕТУ

Сөзі: Ұ.Есдәулетов

Әні: А. Қоразбаев, орындаған Н.Ерболат
7 БЕЙНЕМАТЕРИАЛ КӨРСЕТУ

Соңғы 10 жылда еліміз бойынша маскүнемдер саны бірнеше есе өскен. Елдегі наркологиялық мекемелерде 235 416 адам маскүнемдік дерті бойынша есепте тұр. Ал есепте тұрмағаны қаншама?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының пікірінше, жылына басына шаққандағы ішімдік 8 л –ден аспаса ғана ұлт генофонына әсері болмайды. Ал бізде 1 адамға шаққанда жылына орта есеппен 31 л сыра, 12 л арақ ішіледі екен.

Бұл дегеніміз – ұлттың азып – тозуына тамырына балта шабу.

Арақ алдап, сыра жалмап жер үстін,

Күйін кештік күлде қалған кебістің.

Қоғамымның жүрегі айнып лақсиды

неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?


8 ОЙБӨЛІС

1 Арақ ішуді адам қайдан үйренеді? Неге үйренеді?

2 Арақтан құтылудың қандай жолдары бар?


9 ҚОРЫТЫНДЫ

Мінекей көрдіңіздер ішімдіктің қай жағынан алсақта зиянын көрдік. Түптеп келгенде, арақ – шарапты салынып ішкен адам өте келе бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады.

Арақ ішкен адам 4 күйге түседі екен. Ә дегенде ол тотықұсқа ұқсап, жұрт көзіне жүруге тырысады, оның қимыл – қозғалысы да кербез әрі керім болып келеді. Содан соң маймылдың қылығын шығарады , елдің бәрімен қалжыңдасып, құлжақтай бастайды. Одан кейін ол арыстан кейпіне кіріп, тәкаппарланып, өз күйіне сенген өркөкірекке айналады.

Бірақ , ол ең аяғында «шошқа» болып батпаққа аунайды.

Сондықтан әрбір азамат, ата – ана, мұғалім жас буынға ішімдіктің зиянды екенін жете түсіндіріп отырғаны абзал. Себебі маскүнемдік күн санап ғасыр дертіне айналып, жаппай етек алып барады.

Қазақта жақсы сөз бар: «Арақ аздырады, өз көріңді өзіңе қаздырады» дейді, шын мәнінде арақтың ақыры өз көріңе жетелейді.

Қазақ елінің болашағы берік, ұрпағы ұлағатты болсын десек салауатты өмір салтын ұстанайық, ағайын.
10 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

- Сыныптан тыс жұмыстар. Кезекті басылымдар

- Ғаламтор беттері

- Ұстаз жаршысы газет



- Ұ. Асылов, Ж. Нұсқабайұлы « Әдеп инабаттылық дәрістер»
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет