Тендерлік қҰжаттама медициналық тауарларды сатып алу бойынша Тапсырыс беруші



бет1/3
Дата03.04.2017
өлшемі444.39 Kb.
  1   2   3
Бекітемін

«Семей қаласының қан орталығы» КМҚК директоры

_____________________ А. Альжанова

2017 жылғы «21» ақпан № 48-П бұйрық



ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМА

медициналық тауарларды сатып алу бойынша
- Тапсырыс беруші: «Семей қаласының қан орталығы» КМҚК, Қазақстан, 071404, ШҚО, Семей, Сеченов көшесі 4, БСН 071240012580, ЖСК KZ35826F1KZTD2001074, БСК ALMNKZKA, «АТФ Банк» АҚ Семей қ. Филиалы.

Тапсырыс берушінің өкілі: «Семей қаласының қан орталығы» КМҚК мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджері Ж. Рамазанова, тел. (7222) 53-16-64, kgkpcks@mail.ru

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы: ШҚО ДСБ «Семей қаласының қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, 071404, ШҚО, Семей қ., Сеченов көшесі, 4, ЖСК KZ35826F1KZTD2001074, БСК ALMNKZKA, «АТФ Банк» АҚ Семей қ. Филиалы

- Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының өкілі: «Семей қаласының қан орталығы» КМҚК мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджері Ж. Рамазанова, тел. (7222) 53-16-64

Тендерлік құжаттаманың бағасы: тендерлік құжаттама тегін, электронды түрде ұсынылады.


1. Жалпы ереже

1. «Семей қаласының қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысының 2-бөлімінің 5-тарауы негізінде жеткізушіні таңдау мақсатында тендер өткізу тәсілімен «Семей қ. Қан орталығына» арналған мемлекеттік сатып алуларды жариялайды:

- Лот № 1 1 902 450 (бір миллион тоғыз жүз екі мың төрт жүз елу) теңге сомасына 150 дана көлемінде «PSC-2 аппаратына арналған шығын материалдары»,

- Лот № 2 16 692 480 (он алты миллион алты жүз тоқсан екі мың төрт жүз сексен) теңге сомасына 230 дана көлемінде «Қан компоненттерін әсерсіздендіру үшін шығын жүйесі: донорлық тромбоциттердің пулындағы патогендерді және лейкоциттерді әсерсіздендіру үшін магистраль»,

- Лот № 3 10 160 640 (он миллион бір жүз алпыс мың алты жүз қырық) теңге 144 дана көлемінде «Қан компоненттерін әсерсіздендіру үшін шығын жүйесі: донор плазмасында патогендерді және лейкоциттерді әсерсіздендіру үшін магистраль»,

- Лот № 4 4 869 100 (төрт миллион сегіз жүз алпыс тоғыз мың бір жүз) теңге 230 дана көлемінде «Қан компоненттерін әсерсіздендіру үшін шығын жүйесіне компоненттерді тазалау және сақтау үшін контейнер»,

- Лот № 5 45 760 000,00 (қырық бес миллион жеті жүз алпыс мың) теңге сомасына 1600 тест «Жинағында Cobas-201 аппаратына арналған бақылау ерітінділері және шығын материалдарымен реагенттік таспалар»;

- Лот № 6 23 793 795 (жиырма үш миллион жеті жүз тоқсан үш мың жеті жүз тоқсан бес) теңге сомасына 85 (сексен бес) орам «100 тест ARCHITECT i1000SR аппаратына арналған С гепатиті вирусына антидене реагенті»;

- Лот № 7 12 870 345 (он екі миллион сегіз жүз жетпіс мың үш жүз қырық бес) теңге сомасына 87 орам «ARCHITECT i1000SR иммунохемилюминесценттік анализаторға 100 тест реагенті, мерез»;

- Лот № 8 5 047 045 (бес миллион қырық жеті мың қырық бес) теңге сомасына 85 орам «100 тест ARCHITECT i1000SR аппаратына арналған В гепатиті вирусына үстіртін антиген»,

- Лот № 9 8 901 318 (сегіз миллион тоғыз жүз бір мың үш жүз он сегіз) теңге сомасына 87 орам «100 тест ARCHITECT i1000SR аппаратына арналған реагент, АИТВ Комбо».

2. Тендерді ұйымдастырушы: «Семей қаласының қан орталығы» КМҚК, Қазақстан, 071404, ШҚО, Семей, Сеченов көшесі 4, БСН 071240012580, СТН 182700233094, ЖСК KZ35826F1KZTD2001074, БСК ALMNKZKA, «АТФ Банк» АҚ Семей қ. Филиалы

3. Тауарды жеткізу шарты: медициналық мақсаттағы бұйымдар Тапсырыс берушімен ұсынылған техникалық ерекшеліктерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Тауардың бағасы тасымалдауға және сақтандыруға, кеден бажы және сатып алушының қоймасына жеткізу бойынша барлық шығындар қосылуы тиіс.

4. Осы тендерлік құжаттамаға келесілер қосылады:

1) осы Ереженің 3 және 4 тарауларының талаптарына өз сәйкестігін растайтын әлеуетті өнім берушімен ұсынылуға жататын тендерлік құжаттама құрамы, құжаттар тізімі,

2) сатып алынатын тауардың техникалық және сапалық сипаттамалары, техникалық ерекшелігін қосқанда,

  3) сатып алынатын тауардың, фармацевтикалық қызметтердің көлемі және әрбір лот бойынша оларды сатып алу үшін бөлінген сома.

«Семей қаласының қан орталығы» КМҚК үшін сатып алу көлемі:

- Лот № 1 1 902 450 (бір миллион тоғыз жүз екі мың төрт жүз елу) теңге сомасына 150 дана көлемінде «PSC-2 аппаратына арналған шығын материалдары»,

- Лот № 2 16 692 480 (он алты миллион алты жүз тоқсан екі мың төрт жүз сексен) теңге сомасына 230 дана көлемінде «Қан компоненттерін әсерсіздендіру үшін шығын жүйесі: донорлық тромбоциттердің пулындағы патогендерді және лейкоциттерді әсерсіздендіру үшін магистраль»,

- Лот № 3 10 160 640 (он миллион бір жүз алпыс мың алты жүз қырық) теңге 144 дана көлемінде «Қан компоненттерін әсерсіздендіру үшін шығын жүйесі: донор плазмасында патогендерді және лейкоциттерді әсерсіздендіру үшін магистраль»,

- Лот № 4 4 869 100 (төрт миллион сегіз жүз алпыс тоғыз мың бір жүз) теңге 230 дана көлемінде «Қан компоненттерін әсерсіздендіру үшін шығын жүйесіне компоненттерді тазалау және сақтау үшін контейнер»,

- Лот № 5 45 760 000,00 (қырық бес миллион жеті жүз алпыс мың) теңге сомасына 1600 тест «Жинағында Cobas-201 аппаратына арналған бақылау ерітінділері және шығын материалдарымен реагенттік таспалар»;

- Лот № 6 23 793 795 (жиырма үш миллион жеті жүз тоқсан үш мың жеті жүз тоқсан бес) теңге сомасына 85 (сексен бес) орам «100 тест ARCHITECT i1000SR аппаратына арналған С гепатиті вирусына антидене реагенті»;

- Лот № 7 12 870 345 (он екі миллион сегіз жүз жетпіс мың үш жүз қырық бес) теңге сомасына 87 орам «ARCHITECT i1000SR иммунохемилюминесценттік анализаторға 100 тест реагенті, мерез»;

- Лот № 8 5 047 045 (бес миллион қырық жеті мың қырық бес) теңге сомасына 85 орам «100 тест ARCHITECT i1000SR аппаратына арналған В гепатиті вирусына үстіртін антиген»,

- Лот № 9 8 901 318 (сегіз миллион тоғыз жүз бір мың үш жүз он сегіз) теңге сомасына 87 орам «100 тест ARCHITECT i1000SR аппаратына арналған реагент, АИТВ Комбо».

4) тауарды жеткізу орны, мерзімі және өзге шарттары

Жеткізу орны: «Семей қаласының қан орталығы» КМҚК, Қазақстан, 071404, ШҚО, Семей, Сеченов көшесі, 4.

Тауарды жеткізу: жеткізудің бастапқы мерзімі 2017 жылғы 11 сәуір, тауардың қалған бөлігін жеткізу сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар кестесіне сәйкес,

5) төлеу шарттары және тауарды сатып алу шартының жобасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысандар бойынша,

6) тендерлік өтінім бағасын есептеу тәсілі мен әдістемесіне тасымалдау және сақтау, кеден баждарын, салықтарды, алымдар және өзге шығындарды төлеу бойынша барлық шығындар кіреді,

7) Валюта: теңге,

8) тендерлік өтінім Ереже (30.10.2009 ж. № 1729 ҚР Үкіметінің қаулысы) талаптарына сәйкес болуы тиіс және Тіл туралы ҚР заңнамасына сәйкес ұсынылуы тиіс.

9) тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінің нысандары заңды тұлғалар және жеке тұлғалар үшін Ереженің (30.10.2009 ж. № 1729 ҚР Үкіметінің қаулысы) № 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларына сәйкес (нысандар қоса ұсынылады),

10) Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) мынадай:

1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.

Кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмайды.

11) Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік өтінімді өзгертуге немесе қайтаруға құқылы.

12) Тендерлік өтінім мына мекенжай бойынша ұсынылады: «Семей қаласының қан орталығы» КМҚК, Қазақстан, 071404, ШҚО, Семей, Сеченов көшесі 4,тел/факс: 8(7222)53-17-65 17.03.2017 ж. сағат 12.00-ге дейін.

13) Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2017 жылғы «07» наурыз өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша жүгіне алады. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін сатып алуды ұйымдастырушының келесі реквизиттері бойынша жолдау қажет: Семей қаласының қан орталығы» КМҚК, Қазақстан, 071404, ШҚО, Семей, Сеченов көшесі 4, тел/факс: 8(7222)53-17-65, 53-16-64.

Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрату авторын көрсетпей, сұрату түскен күніне тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберілетін түсініктеме береді.

14) Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін 2017 жылғы «10» наурыз күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілігіне қарай өзінің жеке бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді.

Енгізілген өзгертулер міндетті күшке иеленеді және бұл туралы тендерлік құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерде осы өзгертулерді әлеуетті өнім жеткізушілер есепке алынулары үшін тендер ұйымдастырушымен тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік бес күнге ұзартылады.

15) Сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттама ережелерін түсіндіру үшін тендерлік құжаттама көшірмесі ұсынылған әлеуетті өнім берушілермен, не олардың өкілетті тұлғаларымен: Семей қ., Сеченов көшесі, 4 мекенжайы бойынша 2017 жылғы «10» наурызда сағат 14.00-де кездесу өткізеді.

16) Аталған кездесуді өткізу кезіндекездесу барысында ұсынылған тендер шарттарын түсіндіру бойынша сұрақтар және жауаптар енген хаттама жасалады, ол кездесу қорытындысы бойынша дереу тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

17) Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2017 жылғы 17 наурызда сағат 14.00-де ҚР, ШҚО, Семей қ., Сеченов көшесі, 4, Бухгалтерия мекенжайы бойынша ашылады.

18) Тауар Қазақстан Республикасында өндірілген жағдайда әлеуетті өнім жеткізушілердің отдандық тауар өндірушілеріне Ереже (30.10.2009 ж. № 1729 ҚР Үкіметінің қаулысы) 5,6-тарауында көзделген нормаларға сәйкес басымдылық беріледі.

Сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар кестесі: «PSC-2 аппаратына арналған шығын материалдары», «Қан компоненттерін әсерсіздендіру үшін шығын жүйесі: донорлық тромбоциттердің пулындағы патогендерді және лейкоциттерді әсерсіздендіру үшін магистраль», «Қан компоненттерін әсерсіздендіру үшін шығын жүйесі: донор плазмасында патогендерді және лейкоциттерді әсерсіздендіру үшін магистраль», «Қан компоненттерін әсерсіздендіру үшін шығын жүйесіне компоненттерді тазалау және сақтау үшін контейнер», «Жинағында Cobas-201 аппаратына арналған бақылау ерітінділері және шығын материалдарымен реагенттік таспалар»; «100 тест ARCHITECT i1000SR аппаратына арналған С гепатиті вирусына антидене реагенті»; «ARCHITECT i1000SR иммунохемилюминесценттік анализаторға 100 тест реагенті, мерез»; «100 тест ARCHITECT i1000SR аппаратына арналған В гепатиті вирусына үстіртін антиген», «100 тест ARCHITECT i1000SR аппаратына арналған реагент, АИТВ Комбо» ұсынылады.




2. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары

5. Тауарлардың әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігінің болуы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

2) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (бұл талап өндірушілерге қолданылмайды);

3) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;

4) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатпауы;

5) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде болмауы;

6) рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсатының болуы.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптар

6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған сатып алынатын және босатылатын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

1) Кодекстің ережесіне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тіркеудің болуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, орфандық препараттарды, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда, Кодекс ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қорытындысының (рұқсат беру құжатының) болуы, бұл ретте тіркеу тіркеуді растайтын қолданыстағы құжаттың көшірмесімен немесе сараптама ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынған үзінді көшірмемен не Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті органның рұқсатының нотариат куәландырған көшірмесімен расталады.

Тіркеу қажеттілігінің болмауы дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды қоспағанда, сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады.

Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу және (немесе) өндіру кезінде тіркелгенін растайтын құжаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін мәлімделген санының, жарамдылық мерзімінің және осы Қағидаларда көзделген оларды сақтау тәртібінің болуын растайтын құжаттарды ұсыну қажет;

2) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;

3) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулықтары Кодекстің талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;

4) тапсырыс берушіге өнім берушінің жеткізу күніне дәрілік заттардың, профилактикалық препараттардың (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде елу пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он екі айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

5) бірыңғай дистрибьюторге өнім берушінің жеткізу күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он төрт айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың жеткізу күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде отыз пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде сегіз айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

7) тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың жеткізу күніне вакцинаның жарамдылық мерзімі:

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде қырық пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды.

8) бірыңғай дистрибьютор тауарларының ауыспалы қалдықтары тапсырыс берушіге олардың жарамдылық мерзімі өткенге дейін мақсатты пайдалану үшін тараптардың келісімімен жеткізіледі;

9) медициналық иммундық-биологиялық препараттардың Қазақстан Республикасында және (немесе) Адам үшін дәрілік препараттарды тіркеуге қойылатын техникалық талаптарды үйлестіру жөніндегі халықаралық конференцияға мүше елдерде (ІСН өңірлеріндегі елдерде) тіркеуден кейінгі кезеңде клиникалық қолдану тәжірибесі туралы дәйекті деректері бар;

10) биосимилярлардың сараптама ұйымы растаған бірегей биологиялық дәрілік препараттың салыстырмалы зерттеулерінде олардың сапасы, қауіпсіздігі, тиімділігі және иммундық-гендік ұқсастығын және (немесе) сәйкестігін растайтын деректері болуға тиіс;

11) орфандық дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тіркелген бағаларының болуы.

7. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші тауарларға осы Қағидаларда көзделмеген талаптарды белгілемейді.



4. Тендерді ұйымдастырушымен тендерлік құжатама ережесін оның көшірмесін алған әлеуетті өнім жеткізушіге түсіндіру

8. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша жүгіне алады, оған тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрату авторын көрсетпей, сұрату түскен күніне тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберілетін түсініктеме береді. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін сатып алуды ұйымдастырушының келесі реквизиттер бойынша жолдау қажет: Семей қаласының қан орталығы» КМҚК, Қазақстан, 071404, ШҚО, Семей, Сеченов көшесі 4, тел/факс: 8(7222)53-17-65, 53-16-64.

9. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілігіне қарай өзінің жеке бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер берген немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік бес күнге ұзартылады.

10. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілігіне қарай белгілі бір жерде және белгілі бір уақытта тендерлік құжаттамада айқындалған тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтерді қамтитын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

5. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және қайтарып алу

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.

12. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

13. Тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен бастап есептелетін кемінде күнтізбелік қырық бес күнді құрайды. Қолданылуы мерзімі ең қысқа тендерлік өтінім қабылданбауы тиіс.

14. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге рұқсат беру органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқығын растайтын рұқсатты да, әлеуетті өнім беруші мен ол тартып отырған бірлесіп орындаушы арасында жасалған шартты да ұсынады.

15. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі мыналарды қамтиды:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға өтінім. Электрондық жеткізгіште денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімдемесі ұсынылады;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейін жұмыс істеп тұрған акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);

4) заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

5) рұқсаттардың (хабарламалардың) не мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

7) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе шетел банкінің клиенті болып табылса, онда әлеуетті өнім берушінің шетелде орналасқан филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес үш айдан астам созылатын міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы әлеуетті өнім беруші қызмет алатын банктің қол қойылған анықтамасының түпнұсқасы;

8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер;

9) егер әлеуетті өнім беруші басым құқыққа үміткер болса, тиісті өндірістік практика талаптарына (GMP) немесе халықаралық стандартқа (дәрілік заттарды сатып алу үшін) және (немесе) тиісті дистрибьюторлық практика (дәрілік заттарды сатып алу үшін) (GDP) және тиісті дистрибьюторлық практика (GPP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін);

10) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмесе, онда оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті және салықтық есепте тұрмайтыны туралы хаттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады;

11) әлеуметті өнім беруші мәлімдеген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің, қосалқы көрсетілетін қызметтердің бағасын қоса алғандағы соңғы бағасы қалыптасатын, әлеуетті өнім берушінің нақты шығындарын қамтитын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім беруші мәлімдеген бағалар кестесі;

12) қосалқы көрсетілетін қызметтер;

13) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

14) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу актісінің көшірмесін (актілер өтінімдері бар конверттер ашылған күнге дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуге тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика сертификатын (GDP) ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды;

15) тендерлік құжаттамада көзделген басқа да құжаттар.

16. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мыналарды қамтиды:

1) мәлімделген тауардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелік (медициналық техниканы мәлімдеген кезде *doc форматында электрондық жеткізгіште де);

2) осы Қағидалардың талаптарына және тендерлік құжаттамаға ұсынылатын тауарлардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайтын құжаттар.

17. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан бір пайыз мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.

18. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) мынадай:

1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.

19. Кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмайды.

20. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге бес жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда қайтарылады:

1) тендерлік өтінімнің мерзімі өткен (тендер жеңімпазының тендерлік өтінімін қоспағанда);

2) тендерлік өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны қайтарып алғанда;

3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбағанда;

4) басқа әлеуетті өнім беруші тендердің жеңімпазы деп танылғанда;

5) тендердің жеңімпазын айқындаусыз сатып алу рәсімдері тоқтатылғанда;

6) сатып алу шарты күшіне енгенде және сатып алу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді тендер жеңімпазы енгізгенде.

21. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер ол:

1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;

2) тендердің жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарт жасаудан жалтарса;

3) жеңімпаз болып танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе қайтарылмайды.

22. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша түрде қайтарады.

23. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

24. Тендерлік өтінім тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті қол қойылып куәландырылады. Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алудың кепілдікті қамтамасыз ету түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке салынып жабылады. Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, оның соңғы беті заңды тұлғаның уәкілетті адамының немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның қолымен куәландырылуға тиіс.

25. Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады және оған әлеуетті өнім беруші қолы қояды. Грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

26. Әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетілетін тендерлік өтінім конвертке салынады. Конверт тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының тендерлік құжаттамасында көрсетілген мекенжайы бойынша жіберілуге тиіс және мынадай жазулар болуы тиіс: "Медициналық тауарларды сатып алу жөніндегі тендер" және "17.03.2017 жылғы 14 сағат 00 минутқа дейін ашпаңыз".


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет