«Темір жол станциялары мен түйіндері»



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/2
Дата12.04.2018
өлшемі0.52 Mb.
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.20/03-2015



ПОӘҚ

«Темір жол станциялары мен түйіндері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



Басылым №___

«Темір жол станциялары мен түйіндері»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығына арналған




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015

мазмұны



1. Дәрістер

2. Білім алушының өздік жұмысы




  1. Дәрістер

1 дәріс. Темір жол стансалары мен түйіндерінің рөлі мен мағынасы

Стансалар және түйіндер темір жол көлігінің басты элементі болып табылады,олар темір жолды жүк жөнелтушілермен, жүк қабылдаушылармен байланыстырады; жолаушыларға кең кешенді қызмет көрсетуді жүзеге асырады; әр түрлі көлік түрлерін байланыстырады.

Стансалар және түйіндердің жалпы желілік мағынасы олардың техникалық жабдықтарының қуаттылығымен, және ең бастысы жолдың дамуымен анықталады. Стансалық жолдардың ұзындығы барлық темір жол желісінің эксплуатациялық ұзындығының жартысын құрайды.

Стансалар және түйіндер жаңа құрылыс немесе қайта жаңартылуы кезінде өзінің эксплуатациялық міндеттерін атқаруы тиіс. Тіпті жеке құрылғылар мен құрылымдарды өзара орналастырғандағы кішігірім қателіктер,оның іргелі қағидаларын бұзады: тығыздығын, технологиясын (операциялардың кезектігін), параллельоперацияларды орындаумүмкіндігі, және басқа да,теріс әсері күннен күнге, жылдан жылға жинақталады. Сондықтан, стансалық жолдың әрбір керексіз метрі, оны жолдыңтиімсізсегменттерініңнәтижесіндеқайталанатынқозғалыстар жасайтын локомотив үшін, қосымша эксплуатациялық шығындардытуғызады.

Қазіргі уақытта, станциялар ментораптардыдамыту мәселесітехникалықғанаемес, сонымен қатарәлеуметтік - экономикалықмәселе. Сондықтан ең бірінші, стансаның жұмысын ұйымдастырумен стансадағытехникалықжабдықтардыесептеу әдістерін жақсарту әдістерін енгізу, өндірістімеханикаландыру және автоматтандыру.

«Темір жол стансалары және түйіндері»пәнінің мақсаты темір жолжелісі бойыншастансаларды орналастыру, оларды жобалау, технология және негізгіқұрылғылар менжүйелердіесептеуәдістері, сондай-ақ дамыту жәнежетілдірумәселелерінзерттеу болып табылады.

ХIX ғасырда стансалар кішігірім қозғалыстарға және сол уақыттағы техниканың деңгейіне қарай есептелген. Олардың сызбалары кемелсіз болатын. Қос жолда орналасқан аралық стансаларда тұйықты қабылдап-жөнелту жолдары болды, онда жолаушылар пойызы басып озатын жүк пойыздарын шегіндірді. Мұндай схемаларын пайдалану қарсы бағытты бұрмаларды орналастырудың қорқуымен түсіндіріледі.

Телімдік стансаларда паровозды деполарды жолаушылар ғимараттарының қарама-қарсы жағына орналастыратын, кей жағдайларда стансалық жолдарға жақын орналастыратын.

Кейін, ХIX ғасырдың 80-ші жылдарында депоны жолаушылар ғимараттары орналасқан жаққа карай сала бастады. Бұндай жағдайда станса парктері дамыды, бірақ паровоздардың поездарды әкеліп және әкететін басты жолдарыны қиылысатын, бұл стансаның жұмысын қиындатты. .

Ең бірінші ірі жолаушылар стансаларын үлкен қалаларда тұйықты қылып салды.Олармен темір жол жолдары аяқталатын.

Құрылыстың алғашқы жылдарында темір жолдың қабылдап-жөнелтетін жолдарының ұзындығы әр түрлі жолдарда 220-дан 320м-ге дейін баратын. Локомивтердің қуаттылығының және поездардың салмақтарының өсуімен қабылдап-жөнелтетін жолдардың ұзындығын ХХ ғасырдың басында бірнеше рет өсірді, ол 480 - 640 м-ді құрады.

ХIX ғасырдың соңындағы жеке темір жол жолдарының қарқынды құрылысы және темір жол компанияларының бәсекелестігі көптеген жағдайда бір түйінде әр түрлі темір жолдың бірнеше стансаларының орналасуын туғызды. Жиі түйіндер темір жол жолдары қиылысатын жерде, өздерінің маңында орналасқан тартқыш шаруашылығы бар стансалары болды.

1900-1914 жылдар аралығында, тасымалдардың артуымен, жаңа жолдардың бірігуімен, сұрыптау стансаларының ғимраттарының салынуымен байланысты, түйіндерді дамыту жұмыстары басталды.

Осы бағыттағы темір жол желілерінің маңызды бағыты , әсіресе түйіндері жеткіліксіз өткізгіштік қасиетке ие болды. Темір жолдың техникалық жабдықтарының деңгейі төмен болды. Поезд қозғалыстары кезіндегі негізгі байланыс құралдарына телеграф пен таяқжүйесі жатты. Бұрмаларды басқару қолмен жүзеге асты.

Стансаларды қайта жаңарту Ұлы Отан соғысы кезіндегі(1941-1945 жж.) темір жол көлігінің ең күрделітасымалдаудыжүзегеасыруға мүмкіндік берді. Соғыстан кейін,жаңа технологияларнегізіндетемір жол көлігін қалпына келтіружәне дамыту, электр жәнедизелькүшін жаппайенгізу жүргізілді. Сонымен қатарстанциялар ментүйіндерініңжобаларындамытуғакешендікөзқарас қолданылды. Жобаларда тек қана жолдық дамыту және стансаның эксплуатациясы ғана емес, сонымен қатар қозғалысты ұйымдастыру сияқты мәселелер қарастырылды.Онда маңызды мәселе болып жолаушылар және жүк стансаларының құрылғыларын, локомотив және вагон шаруашылығын дамыту болып табылды. Осының нәтижесінде, станса және түйіндер туралы ғылым кешенді дамыды, сонымен қатар эксплуатационды жұмысты басқару, жүктік және коммерциялық жұмысты басқару, жол және жол шаруашылығы, темір жолды жобалау, темір жол көлігінің жылжымалы құрамы және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Стансаны жобалау және эксплуатациялау тәжірибесі, сонымен қатар ғылыми жұмыстар нәтижелері стансалар мен түйіндерді жобалаудың Техникалық нұсқауларына тіркелді. Бұндай нұсқаулар алғаш рет 1926 жылы құрастырылды, одан темір жол ғылымдарының және техниканың дамуымен бірнеші рет қайта өңделді.

Стансалар мен түйіндерді жобалау- бұл көлік ағынына қызмет көрсетудің шарасын таңдаудан басталып, техникалық құжаттарды даярлаумен аяқталатын жобаны даярлау процесі.

Стансалар мен түйіндер жобасы- көлік ағынына қызмет көрсетудің ең тиімді технико-экономикалық көрсеткіштерімен, поездар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау шараларымен, жұмысшыларға жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қарастыра отырып белгіленген обьектінің құрылысына қажет техникалық құжаттаманың кешені.

Жаңа стансалар мен түйіндерді немесе бар стансалар мен түйіндерді қайта құрастыру жобасы 1 стадияда (жұмыс жобасы-белгіленген бөлігі және жұмыс құжаттамасы) немесе 2 стадияда (жоба және жұмыс құжаттамасы) жүргізілуі мүмкін.

Жобада келесі сұрақтар кездеседі: трассаның тиімді орналасуы; объектінің жұмыс технологиясы; құрылыстың бағасы; технико-экономикалық көрсеткіштері.

Құрылысына 4 жылдай уақыт кететін ірі объектілерді жабдықтаған кезде, құрылыстың реті есептеледі.

Жоба жалпы түсіндірме хаттан тұрады, онда құрылыстық және техникалық жобалық шешімдері және олардың технико-экономикалық негіздері, сызбалары, сонымен қатар сметалық құжаттамалардан тұрады: объектілік және локальді сметалық есептеулер, жобаның негізгі көрсеткіштерінен, құрылысты ұйымдастырудың жобасынан тұрады.

Жобаның тағы бір маңызды бөлігі болып арнайы бөлімдері жатады: қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаға әсерді бағалау, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғанысты барлаудың инженерлік-техникалық шаралары.

Жұмыс құжаттамасы белгіленген жоба бойынша жасалады. Жұмыс құжаттамасында жобалар көрсетіледі, онда стансалық жабдықтардың орналасуымен, өзара байланысы, ғимараттармен құрылыстардың өлшемдері беріледі.

Жаңа стансаларды және бар стансаларды қайта құрастыру жобалары кешенді түрде даярланады және оған жолдың дамуы, жолаушылар және жүк құрылғылары, локомотив және вагон шаруашылығы, құрылғылары, автоматикасы, телемеханикасы және байланысы және т.б. кіреді.

Жұмыс жобасында 2 стадиялы жобалаудағы сияқты сұрақтар шешіледі. Бірақ бұл жағдайда, типтік жобаларда жоқ сызбалар мен мағлұматтар келтіріледі. Жұмыс жобасының белгіленген бөлігінің құжаттар құрамы Ж(жоба) стадиясына сәйкес келеді.

Стансалар мен түйіндердің жобалары жаңа жолдардың салынуымен немесе бар Стансалар мен түйіндердің өткізгіштік қасиеттерін арттырумен даярланады. Жобалау кезеңмен жүзеге асады. Негізгі кезеңдеріне- сұрақтарды дайындау, оларды шешу, шешімнің жүзеге асуы, нәтижені бағалау жатады.

Сұрақтарды дайындау үшін жобаланатын объекті жайлы мағлұматтар жиналады. Жобаны құрастыру үшін келесі мағлұматтар қажет: стансаға тартылатын аудан жайлы технико-экономикалық мінездеме; ауданның инженерлік-геологиялық мінездемесі; түйіннің картасы,бойлық және еңдік пішіні;стансаның жобасы; жолаушылар және жүк қозғалыстарының өлшемі, технология мен техниканың мінездемесі және т.б.

Сұрақтарды шешу, берілген мақсатқа жету үшін жобаны дайынаудың әр түрлі нұсқаларын қарастырады.

Жобалық шешімді шығарған кезде келесі факторлар есепке алынады: қолда бар қаржылық, материалдық және адам ресурстары, табиғи және техникалық факторлар(құрылыстың инженерлік-геологиялық жағдайы, жабдықтардың, материалдардың техникалық мінездемелері және қасиеттері және т.б.)

Стансалар мен түйіндердің жобалары объектілердің маңызды технологиялары мен беріктігін, барлық құрылғылардың өткізгіштік және қайта өңдеу қасиеттерін, алдағы уақытта даму мүмкіндігін, қозғалыс қауіпсіздігін және еңбектің жақсы жағдайын, қоршаған ортаны қорғау, ұсынылған шешімдердің жоғарғы экономикалық эффективтілігін қамтамасыз ету керек.



2 дәріс. Трасса, жоспар және жолдың бойлық пішіні жайлы негізгі мағлұматтар

Темір жол трассасы деп жер төсемінің жиегінің деңгейінде орналасқан жол осънің бойлық пішінінің жазықтықтағы жағдайын айтамыз. Трассаның көлденең жазықтықтағы проекциясын жоспар деп, ал тік жазықтықтағы трассаның разверткасын-жолдың бойлық пішіні деп атаймыз.Трассаның жер жолағын, темір жол линияларын орналастыру үшін, темір жолдың басқа құралдарын орналастыру үшін, сонымен қатар темір жолдық ауылдар мен ағаш көшеттері орналасу үшін арналған жерлерді бұрма жолы деп атаймыз. Жобалау кезіндегі трассаны төсеу процесін жолды трассалау деп атайды.

Темір жол линияларын жобалау тура және қисық учаскелерді біріктіру арқылы жобаланады, көлденең учаскелердегі пішін- алаңша деп, ал еңкею еңіс деп аталады. Жолдың бойлық пішіні еңкіштердің құлама элементтерімен және ұзындығымен сипатталады.

ТПЕ-ға сәйкес жолдың жоспары мен бойлық пішіні белгіленген жылдамдықтарға сәйкес, поездардың қауіпсіздігін және жүрістің жайлылығын қамтамасыз етуі керек.

Екі аралас элементтерлің қиылысу нүктесін пішіннің өзгеруі деп, ал өзгерістердің арақашықтығын- элементтің ұзындығы деп атайды.

Көлденең жазықтыққа элементтің еңкіштігін еңкею (i) деп сиапаттайды. Бойлық пішіннің элементтерінің еңкіштігін мыңдық-пен өлшейді (‰).Еңкіштіктің физикалық мағынасы - әрбір 1000м сайын белгілену мағынасы і еңісінің шамасына қарай артады(өрде) немесе төмендейді(еңісте).

Мысалы, 10‰ еңіс дегеніміз, 1000 м-ден кейін белгілену 10м-ге көбейеді(төмендейді).

1,1 сур. Сызба келтірілген, сызба бойынша: элементтің ұзындығы l(м), элементтің бастапқы нүктесінің белгіленуі Н1, элементтің соңғы нүктесінің белгіленуі Н2, биіктігі h, м.

Берілген H1 и Н2 мағыналары бойынша i еңісін есептеудің мысалы.

Берілгені: Н2=100м, Н1 = 100м, элементтің ұзындығы l=1200м.

Элементтің еңісі келесі формуламен анықталады:

Поездың өрге қарай қозғалу еңкішін- оң, ал төмен қарай қозғалу еңкішін- теріс деп атаймыз. Еңкіші нөлге тең элементтер, алаңша деп аталады.



Басқарушы еңкіш(ip) деп қозғалыстың минималды есептелуіне және бірлі жарым тартқышы кезіндегі поездың массасының нормалары бекітілген үлкенірек созылмалы өрді айтамыз. Бұл еңкіштің құламасы линияның санатына, жергілікті жердің рельефіне, берілген учаскедегі локомотив типіне және технико-экономикалық шығындарға тәуелді.

Жүк қарбаластылығы жоғары темір жол линияларында басқарушы еңкіштің ең үлкен құламасы 9‰-бен шектеледі, I санатты линияларда-12‰,II санатты линияларда - 15‰,III санатты линияларда - 20‰ және т.б. Осыған сәйкес, линияның санаты неғұрлым төмен болса, соншама басқарушы еңкіш құлама болады.

Еңкіштің құламасына поездың массасы тәуелді, сондықтан темір жолды жобалаған кезде еңкіштердің құламаларының мөлшерін төмен қылуға тырысады. Бойлық пішінді элементтердің ұзындығы, ережеге сәйкес, болашаққа жоспарланған поездардың ұзындығының жартысынан аз болмауы керек. Поездың астында бір уақытта пішін өзгерткіш 2–ден көп болмау керек.

Поезды бір уақыта дөңестік және ойықтық учаскелерде орналастырған кезде, олардың араларына жекелеген алаңшаларды жобалайды(1сурет)1 сурет- поездың бірнеше өзгеру пішінлдерінде орналасуы

Суреттің масштабына және мағлұматтардың санына сәйкес нақты және қысқартылған бойлық пішіндер болып бөлінеді. Нақты бойлық пішін, әдетте жобалау үшін қолданады(жер жұмыстарының көлемін анықтау үшін, екінші жолдарды жобалау үшін, стансаны дамыту үшін және т.б.). Ол пішіннен(үстіңгі жақ) және тордан(төменгі жақ) тұрады.

Қысқартылған бойлық пішін жобаның элементтерін,пішінді және барлық жолдық құрылыстарды қарастыруға ыңғайлы болу үшін, нақты бойлық пішінге негізделіп құрастырылады. Ол локомотив машинисттеріне поезды жүргізген кезде кездесетін өрлер мен еңістерді біліп отыру үшін арналған.



3 дәріс. Экономикалық және техникалық іздеп табулар

Жобалаудың басты мақсаты болып жаңа темір жолдың жоспарын рационалды жасау, яғни тасымалдың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Жаңа жолдардың жобалары өнеркәсіптің, елді мекендердің, басқа көлік түрлерінің, қоршаған ортаны қорғаумен кешенді түрде орындалуы керек. Темір жолды және оның жеке құрылғыларын, әдетте стадияда жобалайды: біріншісінде жоба дайындалады, екіншісінде - жұмыс құжаттамасы.

Техникалық жағынан қиын емес объектілерге жобалау 1 стадияда жүзеге асады – жұмыс жобасыдайындалады. Жоба негізінде таңдалған нұсқа бойынша жұмыс құжаттамасы дайындалады. Оның құрамына құрылыс және монтаждау жұмыстары жүргізілетін жұмыс сызбалары, сонымен қатар сметалар, жұмыс көлемінің ведомості және керек материалдар кіреді.

Темір жолдың жобасы- экономикалық және техникалық бөлімдерден тұратын кешенді құжат. Экономикалық бөлімде алдағы жылға есептелген (әдетте,2,5,10-шы) тасымалдың мінездемесі мен өлшемі, поездардың салмағы, біркелкі емес қозғалыстың коэффициенті анықталады. Техникалық бөлімде трассаның бағыты мен оның негізгі параметрлерінңң барлық жобалық-сметалық материалдары, жер төсемінің , жасанды құрылыстардың жобасы, айырма бекеттерінің орналасуы мен стансалардың, локомотив және вагон шаруашылығының, сумен қамту және канализация ,сигнализация және байланыс,энергиямен қамту және ғимараттардың жоспары анықталады.

Әрбір құрылысқа бөлек дайындалатын жоба, қолдану жағдайына қарай типтік (жаппай қолдану үшін), қайталанып қолданылатын, жеке және эксперименталды (тәжірибелік) болады. Темір жол жобасына қойылатын талаптарды орындауға сәйкес, салынатын құрылысты алдын ала зерттеу немесе күшейту(реконструкция), сонымен бірге келер эксплуатациялық жобаның ерекшеліктерін түсіну болып табылады. Сондықтан жобаны дайындау кезінде экономикалық және техникалық болып бөлінетін жобаланатын жолды инженерлік іздеу, яғни жобаның барлық нұсқаларын қарап, соның ішінде ең тиімдісін табу.



2. Нұсқаларды таңдаудың технико-экономикалық негіздері

Темір жолды жобалау кезіндегі ең тиімді шешімді анықтаудың басты тәсілі, бірнеше бәсекелес нұсқаларды таңдап, технико-экономикалық салыстыру арқылы ең жақсысын табу болып табылады. Барлық салыстырылатын нұсқалар бірдей мағлұматтар бойынша дайындалуы қажет – қозғалыстың бірдей мөлшерінде, бірыңғай техникалық жағдайлар мен мөлшерлі көрсеткіштер, бірыңғай эксплуатационды талаптар. Ең бірінші нұсқаларды салыстырған кезде бағалық көрсеткіштерге мән беріледі, оларға капиталды шығындар мен эксплуатационды шығындар жатады. Ең тиімді нұсқа болып келтірілген шығындарды минимумға жеткізетін нұсқа болып табылады.



4 дәріс. Жер төсемі. Жер төсемінің арналуы

Жер төсемі – жолдың беткі құрылымының негізі, сонымен қатар, жер төсемі мен темір жолды бұзылудан қорғайтын топырақты құрылыстардың кешені.

Стансаларда жол төсемін жобалауды жергілікті жердің топографиялық,басты жолдың бойлық пішінін және инженерлік-геологиялық мәліметтерін жобалаумен қатар жүргізеді. Қайта орналастырылатын стансалар үшін жер төсемінің бойлық пішінін шешеді және балластты зерттейді, ал қиын жағдайлардағы жаңа стансалар үшін – жергілікті жердің ендік пішінін шешеді. Жаңа стансаларды жобалаған кезед жер жұмыстарының неғұрлым аз көлемі мен жер массасының неғұрлым тиімді бөлінуін алу үшін, жергілікті жердің қазбасын рационалды түрде пайдалану керек.

Жер төсемі поездардың әсерінен әр түрлі өзгерістерге ұшырайды және табиғат факторларының әсерінен бұзылады. Жер төсемінің жағдайы мен бүтіндігінен, жол жұмысының сенімділігі тәуелді болады.

Оның келесі қасиеттері болуы керек:


  1. Жоғары беріктік

  2. Сенімділік және ұзаққа шыдамдылық

  3. Поездан түсетін жүктемеге ешқандай бұзылусыз шыдау (жүктеме алып тасталғаннан кейін жоғалатын серпінді пішінін өзгертуге ғана рұқсат етіледі)

  4. Судың, желдің және басқа да табиғат факторларының әсерінен бұзылудан қорғайтын сенімділік.

Жер төсемін, әдетте әр түрлі физико-техникалық қасиеттерге ие топырақтан құрайды. Ең жақсы болып ірі қиыршықты тас (шағыл тасты, ұсақ тасты және т.б) жатады, ол жоғары көтергіштік қасиетке ие және суды жақсы өткізеді, судың,мұздаудың әсерінен қасиетін өзгертпейді.

2. Жер төсемінің конструкциялық элементтері

Жолдың жоғарғы құрылысының негізі болып табылатын, дұрыс түрде жобаланған жер үсті, жер төсемінің негізгі ауданы болып табылады.

Негізгі ауданда балластты призманың 2 жағынан ені 0,5-тен 1,0м-ге дейінгі жолдың жиегін қалдырады, олар жер төсемінің орнықтылығын жоғарылату үшін, балласттың түсуін бөгеу үшін, жолдық және сигналдық белгілерді орналастыру үшін керек.

Жер төсемінің тік учаскелерде бір жолдық жолдарда ені 7м, қос жолды жолдарда 11,1м қабылданады. Қисық учаскелерде жер төсемі белгіленген нормаларға сәйкес ені кеңейтіледі.

Негізгі ауданның жер үстінің орналасуына қарай жер төсемі формасы келесідей көрсетіледі:

Үйінді- негізгі аудан жер деңгейінен жоғары орналасқан және екі үйінді еңісінен тұрады.



оснплоща.jpg (25502 bytes)

Ойық- негізгі аулан жер деңгейінен төмен орналасқан және екі ойық еңісінен тұрады.

профзппа.jpg (27953 bytes)

Жартылай үйінді- негізгі аудан жер деңгейінен жоғары орналасқан, бірақ еңіс біреу.



профзппб.jpg (33076 bytes)

Жартылай ойық-негізгі аудан жер төсемінен төмен орналасқан, бирақ ойықтың еңісі біреу.



профзппв.jpg (27788 bytes)

Нөльдік орын – үйіндіден ойыққа ауысатын орын.



профзппд.jpg (24872 bytes)

Нөльдік орыннан басқа жерде, жер төсемін жердің үстіңгі қабатымен бір деңгейде орналастырады, себебі бұндай жерлер қардың басып қалуына және сумен шайып кетуге ұшырайды.

Бір жолды жолдарда негізгі аудан-трапеция формасына, ал қос жолды жолдарда үшбұрышты формаға ие.

Жер төсемі берік және шыдамды болуы үшін, оның үстіңгі қабатынан және балластты призмадан уақтылы суды бұрып отыру керек.

Стансаның субұрғыш құралдар жүйесі ішіне жер төсемінің үстіңгі қабатының тігінен жобасы, субұрғыш ор, жол жиегіндегі ор, қайықтар және т.б. керек жағдайда топырақты сулардың мөлшерін азайту үшін және жер төсемінің беріктігін сақтау үшін жабық құрғатқыш орнатады. Жер төсемін қорғау үшін сонымен қатар, көп жылдық шөптердің ұрықтарын себу, ағашты-шілітерді отырғызу, тастардан төсеніш, тіреу қабырғаларын орнату және т.б.

3. Жер төсемінің пішінінің өзгерісі

Жер төсемінің ішінде немесе оның пішінін өзгертетін процестерді жер төсемінің аурулары, ал олар пайда болатын учаскелер ауыратын жерлер деп аталады.

Жер төсемінің төмен түсуі - жер төсемінің топырақ төгу технологиясы бұзылған жағдайда, дұрыс тығыздалмауының немесе үйінді негіздерінің әлсіздігінің нәтижесінде болады.

Балластты астау- негізгі ауданның пішінінің өзгеруі нәтижесінде шпалдардың астыларының төмен түсуі. Астаулардың өсуі балластты арканы тудырады. Төселген топырақтың әр келкілігінен балластты ұялар пайда болады.

Ісіну- қатып қалған судың көлемінің өсуі нәтижесінде пайда болған пішіннің өзгеруі.

Үйіндінің жайылуы- қатып қалған, сулы топырақтан немесе оның сумен және мұзбен араласуы нәтижесінде жерн төсемінің төгілуі.

Үйіндінің төмендеуі- негіздегі карсттық процестердің нәтижесі.

Опырылу, түсу- жолды бөгейтін тастардың опырылып түсуі.

Жер төсемінің бұзылуын болдырмау үшін уақтылы бекіту шараларын қолданып, бұзылуға әкеп соғатын себептерді жою керек.


  1. Дәріс. Жолдың беткі құрылымы

Беткі құрылым- жылжымалы құрамның доңғалақтарынан түскен ауырлық күшін және оларды жолдың төменгі жағына беру үшін, сонымен қатар рельс бойымен доңғалақтардың қозғалысын бағыттау үшін арналған темір жол жолының бөлігі.

Ол құралады:реш.jpg (45465 bytes)



  • балласттан

  • рельстік тіреуіштерден(шпал)

  • рельстер, бекітпелер

  • бағыттаушы бұрма тілі

Түйіспелі бекітпелермен бекітілген, ал шпалдармен аралық бекітпелермен бекітілген рельстер рельстік-шпалды торды құрайды. Шпалдар балластты қабатқа тереңдетілген, жер төсемінің негізгі ауданына тіреледі.

рельса.jpg (92095 bytes)



  1. рельс бастиегі

  2. рельс мойынтиегі

  3. рельс табаны

Рельстер жылжымалы құрамның доңғалақтарының бағыты, жылжымалы құрамнан рельс тіреуіштеріне әсерді беру үшін арналған. Рельстерде сырғанаудың бірдей үстіңгі қабаты болуы керек және олар мықты, ұзақ шыдамды, қатты болуы және жабысқақ болмауы керек.

Рельстер сипатталады массасымен, ұзындығы 1м-ге жататын, көлденең пішінді сечениеның пішінімен және рельстік болаттың сапасымен. Желі жолдарында Р75, Р65, Р50рельстерін қолданады, бұл сандар- 1м рельсті киллограмда анықтайды. Басты жолдарда негізінен Р65, жүк қарбаласты жолдарда-Р75, басқаларында – Р50 орналастырады.



Түйіспелерді жіктеу

Түйіспе- рельстердің бір-бірімен түйіспелер мен рельстердің саңылауларына бекітілген болттар арқылы байланысуы. Рельстік түйіспе рельстік жіптердің үздіксіздігін және жылжымалы құрамның әсерінен иілгіштік сәтін қабылдауды қамтамасыз ету керек.

Автоматты бүлендеуішпен жабдықталған жолдарда, рельстік тізбектердің электрлік оқшаулағышын , ал электр тартымдық жолдарда – кері тартқыш тогының жақсы өтуін қамтамасыз етеді. Ток өтетін түйіспелерде электр тогының өтуіне кедергі аз болуы үшін рельстік жалғау қолданады. (2,1 сурет)

Аралық түйіспелерде электр желісіне қосатын қабықты сым орналастырады. Тартқыш күштің өтуіне рельстік тізбектің қарсылығын азайту үшін, рельстік жалғауларды қалайы арқаннан жасайды, оның ұшын жұмсақ болататн жасалған көмкермелерге тығыздайды және рельс бастиегінің бүйірлік шектерінің төменгі жақтарына балқатады. Оқшаулағыш түйіспелердің арасындағы учаскелерге токөткізгіштік түіспелерді орналастырады.

relsovie_soediniteli

Рельстік бекітпелер:

а) сигналдық ток үшін б) тартқыш ток үшін: 1-электрдоғалық тәсілмен; 2- термитті тәсілмен балқыту

Оқшаулағыш түйіспелерде, бір рельстен екінші рельске токтың өтуін болдырмау үшін, металлдық көлемді жапсырмаларды және электрді оқшаулайтын берікті қатты қағаз немесе полиэтиленды төсемдермен және төлкелерді орналастырады. Оқшаулағыш төсемдерді рельстердің аяқталатын жерлерінің саңылауларына орналастырады.

Түйіспесіз жол

Түйіспесіз жолды жылдамдығы жоғары поездардың баяу өтуі үшін және түйіспелердің санын азайту үшін қолданады, түйіспесіз жолдардың өрмесінің ұзындығы 250-950 метрді құрайды. Балқыту процесы түгел автоматтандырылған, ал балқытылған түйіспенің беріктігі, толық рельстің беріктігімен бірдей.     

Түйіспесіз жолды жолдың тегіс бетінде және қисық бетінде радиусы 500 м жерде орналастырады. Түйіспесіз жолды орналастырған кезде ісінулерді, жолдардың отыруын және басқа да жер төсемін шипаландырады, балластты қабаттың қалыңдығын жолдың жоғары құрылысымен сәйкестендіреді. Балластты қиыршық таспен немесе асбесттің қалдықтарымен төсейді. Шпалдарды шамамен тік жерде 1840 шт/км және қисық жерде радиусы 2000 м.

6 дәріс. Жолдар паркі

Ірі стансаларда, біртекті операцияларды орындауға арналған жолдарды біріктіреді, оларды парктер деп атайды.Жол парктері стансаның маңызды жабдықтарының бірі болып табылады.

Жол парктері атқарылатын міндеттерінеқарай жасақталады, сондықтан парктер деп аталады.

Тағайындалуына қарай парктар бөлінеді:



  • қабылдау

  • жіберу

  • сұрыптау

  • жылжымалы құрамның тұруы

  • техникалық (вагондар мен локомотивтердің жабдықталуы үшін

Парктердің формалары алқымдарға жалғасушы жолдардың(басты,жалғастырушы,созылымды) және бағыттаушы жолдардың санымен байланысты.

Трапеция тәріздес формалы паркте жолдар әр түрлі ұзындыққа ие, оське басты жолдың жақындауына сәйкес үлкейетін, осыған сәйкес кейбір жолдардың пайдалы ұзындықтары артқан. Сондықтан трапеция тәріздес парктерді жолдар аз болғанда қолданады (3-4).



парки.png (13957 bytes)

Трапецоид –парк басты жолдың бір аяқталған жерінде бағыттаушы жолды, екіншісінде- айқастырма бұрышында бағыттаушы жол орналасқан. Шеткі жолдардан басқа жолдардың пайдалы ұзындықтары басты жолға шығу үшін ыңғайлы болып жасалған.



парки.png (13957 bytes)

Балықша-парк басты жолдың екі жағында орналасқан екі трапециялы немесе екі трапецоид парктерінің бірігіп орналасуы.



парки.png (13957 bytes)

Парк-параллелограмм- екі трапецоидтан құралған парк



d:\soft\business\программное обеспечение профессиональной подготовки по рабочим профессиям\06519_1422\тесты по птэ\mine web\images\parki_putei.gif

Жолдар саны көп болған кезде, парктердің алқымдары қысқа болатындай бағыттаушы жолдардың бірігуін алады,яғни жақсы көргіштікті және бір жолдан екінші жолға кірген кезде қысқа рейс алу үшін, кіру бағыттағышынан ең алыс орналасқан столбқа дейінгі ең кіші арақашықтықты алады. Үлкен маневрлік жұмыстар орындалатын, парктерде, көп бағыттағыштары бар бағыттаушы жолдарды қоймауға тырысады. Кіру бағыттағышынан, қайбір жолға болсын олардың саны 4-5 болуы керек.

Әдетте, ірі стансалардың қабылдап-жөнелтілетін және басқа да парктері алқымға жалғасатын 2 немесе одан да көп технологиялық байланыстары бар. Бұндай парктер парктін алқымында бір уақытта тәуелсіз қозғалыстарды қамтамасыз ету үшін бөліктерге бөлінеді.

               Парктің бағыттаушы алқымдары деп парктер мен жолдарды байланыстыратын, сонымен қатар локомотивтерді басты, жүрістік, созылымды жолдармен байланыстыру үшін арналған бағыттаушы бұрмалар орналасқан жерді айтамыз. Стансаның алқымдарына подъездік және жалғамалы жолдар жанасады.

Алқымның конструкциясы қамтамасыз ету керек:


  • керекті технологиялық операциялардың параллельді орындалуын

  • минималды ұзындығы болуы, құрылысына аз шығын кетуі үшін компактілі болуы

  • поездардың қозғалысын қауіпсіз ету үшін, маневрлік жұмыстарды поездық жұмыстардан оқшаулау

  • алқымды жобалаған кезде,олардың стансаның болашақта даму перспективаларын қарастырған кезде қайта жаңарту немесе дамыту жұмыстарын азайту үшін

Алқымдардың конструкциясы стансаның өткізгіштік қасиетіне әсер етеді. Сондықтан, алқымдарды жобалаған кезде, басты және созылымды жолдарды қосқанда, қанша шығу жолдары бар,соншама операциялар орындауға мүмкіндік беретіндей қылып жасайды. Соның ішінде, басты жолдарда бағыттаушы бұрмалардың саны минималды болуы керек.

Учаскелік, жолаушылық, сұрыптау және жүк стансаларының алқымдарының конструкциясы жалғасушы жолдардың санына, жүрістік және созылмалы жолдардың мөлшерінетәуелді.

Бірақ барлық жағдайларда алқымдар парктар мен жолдарды байланыстырып, компактілі және ұзындықтары қысқа болуы тиіс. Қабылдап -жөнелту парктерінде алқымдардың ұзындығын азайту үшін, ірі стансаларда қарапайым аудармалар мен жай шығулардың орнына, керек жағдайда аударма жол тоғыстары мен шығу жол тоғыстарын қолданады.

7 дәріс. Бағыттаушы жол

1. Бағыттаушы жол

Бағыттаушы жол бағыттаушы бұрмалардың ретімен параллельді жолдардың жанасатын жерінде пайда болады. Олар поезды басты жолдан станса паркінің жолына қабылдауға, парктің жолынан басты жолға поезды жіберуге, сонымен қатар вагондарды созылмалы жолдар арқылы бір жолдан екінші жолға қоюға мүмкіндік береді.

Бағыттаушы жолдардың конструкциясы ірі стансаларды жобалаған кезде үлкен мағынаға ие; Ол жұмыс жағдайын реттейді және де кейбір дәрежеде қозғалыстың қауіпсіздігіне әсер етеді. Бағыттаушы жолдардың ұзындығына алаңшаның керек ұзындығы және құрылыс шығындары тәуелді.

Түрлері:


  • Қарапайым

  • Қысқартылған

  • Айқастырманың екілік бұрышында

  • Керілмелі

  • Күрделі

  • Бумалы бағыттаушы жолдар

Бағыттаушы жолдардың барлық түрлерін есептеген кезде, белгілі шама болып табылады:

  • параллель жолдардың осьтарының арақашықтығы е

  • ілеспелі қисықтардың радиусы К

  • бағыттаушы бұрмалар жайлы мәлімет

  • рельс типі

  • айқастырма маркасы

  • арақашықтық a,b,Ln

Қарапайым бағыттаушы жолдардың екі түрін ажыратады:

  • айқастырма бұрышында

простстрел.улицы.png (21002 bytes)1-сурет

  • басты жолда орналасуында

простстрел.улицы.png (21002 bytes) 2- сурет

Қысқартылған бағыттаушы бұрмалар бірінші ауысымнан кейінқосымша қисықтың төсеуінің әсерінен мықты еңкеюге ие.


стрелочная улица_03


2. Шекті баған. Шығу сигналдарын орналастыру

Шекті бағандар шекараны көрсетеді, бұл шекарада берілген жылжымалы құрамның орналасып, басқа жолдардағы қозғалысқа кедергі келтірмеу үшін арналған.

Станса жолдарына арналған шекті бағандар бағыттама бұрмалардың центрынан айырылатын осьтардың ара қашықтығы 4,1 м болатын, жолдар арасында орналастырылады.
Шығатын және маршруттық бағдаршамдар орнату үшін:


    • Темірбетонды немесе металлды мачталарда баспалдақтармен(ірі стансаларда) осьтардың ара қашықтығы 5,2м-ден аз болмауы керек.

    • Баспалдақтарсыз металлды мачталарда осьтардың ара қашықтығы 5,04м-ден аз болмауы керек

    • Стансалық жолдарда жолдардың ені аз болған жағдайда мачталық бағдаршамдардың орнына аласа бағдаршамдар қоюға рұқсат етіледі: қосарланған шығатын және маневрлік осьтарының ара қашықтығы 4,5м, ал бірлі жарымдікі-4,2м


3. Кіру бағдаршамы және оларды орналастыру ережелері

Кіру бағдаршамдары стансаға кіруге рұқсат береді не бермейді.

Оларды поезд қозғалатын жақтың оң жағынан және бірінші бағыттағыштың алдына орналастырады және олар стансаны аралық жағынан қоршау үшін қызмет етеді. Әрбір стансада 2 кіру бағдаршамдарын орнатады: біреуі жұп бағытта және “Ч”әрпімен белгіленеді,екіншісі тақ бағытта және “Н” әрпімен белгіленеді.

Бағдаршамдарды орналастыру ережелері

Бағдаршамды 1-ші бағыттамалық бұрмалардан біршама қарсы бағытта орналастырады.



1

Бағдаршам қарсы бағытта шекті столбтан бастап орналастырылады.



2
Шығу сигналдарын орналастыру жағдайлары

Шығу сигналдары стансадан поездға шығуға рұқсат береді не бермейді. Бағдаршам әрбір қабылдап-жөнелтілетін жолдың оң жағында бірінші шығу бағыттамасының алдында орналастырылады. Бағыты әріппен белгіленеді "Ч" немесе "Н" және жол санының номерімен.



  • Бірінші нұсқа- шекті столб, берілген жолдың ұзындығын шектейді, шығу сигналымен бір жол аралығында орналасады.

светофоры 1вар

Lсв айқастырма маркасы мен жол аралығына байланысты кестеден алынады.

  • Екінші нұсқа- сигнал, әр түрлі жол аралықтарында орналасқан берілген жолдағы шекті столбтарды , створлармен бірге оқшаулағыш түйіспені орналастырады,яғни шекті столбтан ары 3,5м ара қашықтықта

светофоры_2вар

  • Үшінші нұсқа- шығу сигналы, оның артында қарсы бағыттаушы бұрма орналасқан, створда рельс рамасының түйіспесінде орналасуы мүмкін, яғни аударма центрынан ара қашықтықта.

светофоры_3вар

парки.png (4620 bytes)4сурет

Станса шекарасы туралы түсінік

Кіру сигналдары дара жолды линияларда стансаның шекарасын анықтайды.

Қос жолды линияларда станса шекарасын әрбір басты жолға бөлек орналастырады.

Поезд келетін жағынан поезд шекарасы болып кіру сигналы, ал поезд кететін жағынан - «Станса шекарасы» сигналды белгісі, ол аралықтың контактілі желісін стансаның контактілі желісінен бөліп тұратын ауа аралығының алдында орналастырады.       



Толық және пайдалы ұзындықтар түсінігі

Жолдың өтпелі толық ұзындығы деп оның осімен үшкілдер арасының оған әкелетін бағыттамалық бұрмалардың ара қашықтығын айтамыз, ал тұйықтық- бағыттаманың үшкілінен тірекке дейінгі ара қашықтық.

Жол құрылысының беткі жағында материалдардың қажеттілігін анықтау үшін қажет.



Жолдың пайдалы ұзындығы толық ұзындықтың бөлігі, оның шегінде жылжымалы құрам орнатылады, басқа станса жолдарындағы қозғалыстарға кедергі келтірмейді. Пайдалы ұзындық шекті столбтармен, шығу және маневрлік сигналдарымен,бағыттмалық бұрмалармен және тіректермен шектелуі мүмкін.

полная_и_полез.длина.png (4299 bytes)

       
Стансаның толық және пайдалы ұзындығы "Жол ведомості" деп аталатын кестеде беріледі. Темір жол желісінде жүк поездарын қабылдап-жөнелту үшін стандартты пайдалы ұзындықтар бекітілген 850, 1050 және 1250 м.


Үлкен қашықтықтарда поездарды өткізу үшін және олардың салмағы мен ұзындығын өзгертпеу үшін, арнайы есептеулерге сәйкес, жетекші еңістің құламасын есепке ала отырып поездардың неғұрлым тиімді массасы мен ұзындығын анықтап, локомотив сериясын,жолды ұзарту керек болған жағдайда жұмыс бағасын анықтауға стандартты пайдалы ұзындықты таңдайды. Учаскелердің екі есе тартымы шегінде 2-ші локомотивті қосқанда қабылдап-жөнелтілетін жолдардың пайдалы ұзындығы 30м-ге өседі. I және II санаттыжаңа линияларда жолдың пайдалы ұзындығы 1050м-ден аз болмауы тиіс.

8 дәріс. Оздырма бекеттері


Оздырма бекеті деп жолдық дамытылымы бар қос жолда орналасқан дара пунктті айтамыз. Ол:

  • шұғыл поездардың, өзінен шұғылдығы аз поездарды басып озуы үшін

  • қозғалысты бір жолдан екінші жолға ауыстыру үшін

  • жолаушылық, кей жағдайда жүк операцияларын орындау үшін арналған.

Бір поездардың екінші поездарды басып озуына арналған қабылдап-жөнелтілетін жолдары басып озу жолы деп аталады.

Оздырма бекеттерінің сызбалары

Оздырма бекеттерінде, екі басты жолдан басқа, орналастырылады:


  • басып озу жолдары

  • диспертчерлік шығу

  • қызметтік ғимарат

  • байланыс және СЦБ құрылғылары

  • кіріс және шығыс сигналдары

  • контактілік желі

  • жолаушылық платформа

  • тиеп-түсіру тұйығы

Дара жолды жолдарды қос жолды жолдарға қайта орналастырған кезде, әдетте ,кейбір разъездерді жабады да, олардың бір бөлігін жолаушылар аялдайтын бекеттерге, ал кейбіреулерін оздырма бекеттері мен аралық стансалар қылады.

Стансалар мен түйіндерді жобалау нұсқасы оздырма бекеттерінің 4 сызбасын қолдануға ұсынады: көлденең типті(І сызба)



обгонные_пункты01.jpg (10650 bytes)
І сызба, барлық қос жолды учаскелерде негізгі болып саналады

Артықшылықтары- қысқа алаңшаларда оздырма бекеттерін орналастыра алу мүмкіндігі

Кемшілігі- егер 3-ші жолда басып озатын жүк поезды орнласса, жолаушылардың 4-ші жолда орналасқан поездға өтуіне ыңғайсыз болуы

Жартылай бойлық тип(ІІ сызба)

обгонные_пункты02.jpg (11844 bytes)

Жартылай бойлық тип(ІІ сызба) жүк поездарының екпінін жеңілдету үшін немесе тиеп-түсіру алаңшаларын басты жолдың 2 жағына орналастыру керек болса қолданады. Бұл сызбада басқа сызбаларға қарағанда, жолаушылардың отырғызылып-түсірілуіне ыңғайлы жағдайлар жасалады.



Бойлық пішінді (ІІІ сызба)

Бойлық пішінді (ІІІ сызба) , тиеп-түсірілетін алаңшаларды басты жолдың 2 жағына да орналастыру керек болған жағдайда, немесе вагондарды(поездарды) бір бағыттан екінші бағытқа беру керек болған кезде қолданады.



обгонные_пункты03.jpg (11720 bytes)


9 дәріс. Аралық стансалар

  1. Аралық стансалар классификациясы және жұмыс істеу технологиясы

Аралық стансалар классификацияланады:

  • Қабылдап-жөнелту жолдарнының орналасу сызбасына қарай;

  • Жолаушылар және жүк құрылғыларының өзара орналасуына қарай;

  • Басты және қабылдап-жөнелту жолдарының санына қарай;

  • Жүк құрылғыларының дамуы мен кірме жолдардың жалғасуына қарай;

Аралық стансаларда келесі операциялар орындалады:

  • Жүк және жолаушылар поездарын тоқтатусыз өткізу;

  • Тоқтатылымы бар поездарды қабылдап-жөнелту;

  • Жолаушыларды отырғызып-түсіру;

  • Жүктерді тиеу, түсіру және сақтау, сонымен қатар жүк құжаттарын рәсімдеу;

  • Қол жүкті қабылдау, тапсыру және сақтау;

  • Құрама поездардан вагондарды ағыту және оларға вагондар қосу;

  • Жөнелтілім маршруттарын жасақтау;

  • Кірме жолдарға қызмет көрсету-вагондарды түсіру және жинау;

  • Үйілмелі жүктерді түсірудің мөлшері көп болған жағдайда вагондарды өлшеу.

Техникалық операциялар

  • Жолаушылар және жүк транзитті поездарын қабылдау, жөнелту және өткізу

  • Құрама поездармен маневрлік жұмыстар;

  • Кірме жолдарға немесе жүк фронттарына вагондарды түсіру және жинау;

  • Кейбір аралық стансаларда сатылы және жөнелтілім маршруттарын жасақтау сияқты, кейбір жағдайда итергіштерді поездарға түсіру және жинау оперциялары жүреді.

Жолаушылық операциялары:

  • Жолаушыларды отырғызып-түсіру;

  • Билеттерді сату;

  • Жолаушылық жылдамдықпен жүретін, жүктер мен қол жүктерін тиеу, түсіру, қабылдау, беру және сақтау.

Жүк және коммерциялық операциялар:

  • Жүктерді қабылдау, тиеу, түсіру, беру және сақтау;

  • Тасымалдау құжаттарын даярлау;

  • Тасымал қызметтері үшін ақы төлеу;

  • Вагондарды өлшеу.

Әрбір стансада поездардың қозғалысы нақты және қауіпсіз болу үшін және басқа да операциялар орындалуы үшін Стансаның техникалық-тарату актілері (ТТА) болады,ол техникалық құрылғыларды қолдану пайдалану ретін және орындалатын операциялардың мазмұнын белгілейді. Темір жолмен байланысты қызметкерлердің жұмысы Ресей Федерациясы темір жолдарындағы маневрлік жұмыстар өндірісі мен техникалық пайдалану ережелері, Ресей Федерациясы темір жолдарында поездар қозғалысы мен маневрлік жұмысы бойынша нұсқау мен реттеледі.

       2. Аралық стансалардағы техникалық құрылғылар

Аралық стансаларды техниалық, жолаушылық, жүк және коммерциялық жұмыстарды орындау үшін сәйкес құрылғылар қойылады.

Техникалық операцияларды орындау үшін болады:



  • Басты

  • Қабылдап-жөнелтетін

  • Созылмалы жолдар, керек жағдайда жалғасушы кірме жолдары

  • Сақтандырғыш және пайдаланушы тұйықтар

  • Станса кезекшісіне арналған бөлме

  • Бағыттаушы қосындар

  • Кіру және шығу сигнадары

  • Поезд диспетчері мен көрші стансаларымен байланысы үшін байланыс құралдары.

Жолаушылық операцияларын орындау үшін стансаларда қаралады:



  • жолаушылар ғимараты

  • жолаушылар платформасы

  • жаяу жүргінші көпірі немесе тоннельдері сияқты өту жолдары

  • сумен қамту құрылғылары

Жүк операцияларын орындау үшін қолданылады:

  • жалпы қолданыс үшін жабық қоймалар

  • ашық және жабық платформалар

  • контейнерлік және үйілмелі алаңшалар

  • тиеп-түсіру жолдары және жүк механизмдері мен құрығылары



Бұлардың барлығы, әдетте автожолдармен байланысы бар жүк алаңдарында орналасады. Қоймалардың мен платформалардың ұзындықтары, күніне келетін вагондардың мөлшеріне тәуелді. Жүк айналымы аз аралық стансаларда бір құрамдастырылған секия құрады, оның ішіне жабық слад пен жабық платформа жалпы ұзындығы 40м, сонымен қатар үйілмелі жүктерге арналған 30м ұзындығы бар алаңшалар.

Контейнерлік алаңшалардың мөлшері таңдалған механизмнің жұмыс істеу көлемі мен түріне байланысты. Контейнерлік алаңшаларда контейнерлерді және ауыр салмақты жүктерді тиеу-түсіру үшін негізгі механиздер автопогрузчиктар мен крандартемір жолда төрттағанды, екі консольды, көпірлі және жебелі болып табылады.

Келтірілген құрылғылардан басқа, аралық стансаларда қарастырылады:


  • Жарық беру

  • Қызметтік-техникалық ғимараттар

  • Сауда орындары

  • Вокзал маңы алаңшасы

Жолаушы ғимараты жағынан станса және басқа да қызметкерлерге арналған жеке үйлер немесе ауылдар тұрғызылады.

10 дәріс. Сұрыптау стансалары

  1. Сұрыптау стансаларының арналуы

Сұрыптау стансалары арналуы бойынша поезд құрамының вагондарын сұрыптау үшін және поездарды сұрыптаудың жалпы желілік және жол жоспары негізінде жаңа поездарды құрастыру үшін арналған.

Оларда орындалады:



  • Транзиттік жүк поездарымен операциялар

  • Локомотивтерді жөндеу және жабдықтау

  • Вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

  • Транзитті ұсақ жөнелтілімдер мен контейнерлерді сұрыптау

Сұрыптау стансалары темір жол желісіндегі вагон ағынын ұйымдастыру бойынша негізгі тірек бекеті болып табылады. Сұрыптау стансасының жақсы жұмыс істеу нәтижесінен тасымалдау жоспарының орындалуы мен маңызды көрсеткіштерінің орындалуы тәуелді.
Сұрыптау стансаларында сәйкес жолдық дамытылымы, құрылғылары және техникалық жабдықтары бар. Сұрыптау стансаларының поездарды қабылдау, жөнелту, вагондарды сұрыптау жолдық дамытылымы парктарға бірігеді. Станса парктерінде технологиялық үрдіспен қарастырылған поездармен,құраммен, вагондар және локомотивтармен техникалық және коммерциялық операциялар орындалады.

Парктер болады:



  • транзиттік

  • қабылдау

  • жөнелту

  • қабылдап-жөнелту

  • сұрыптау

Басты, жүрістік,біріктірілетін жолдар орналастырылады.

Стансада жолдар мен құрылғылардың орналастырылады:



  • жолаушылық аялдама пункттері

  • жолаушылық және жүк пункттері

  • локомотив және вагон шаруашылығының құрылғылары

  • электрмен, сумен,байланыспен жабдықтау құрылғылары

  • жол құрылғылары

  • сұрыптау платформалары

  • контейнерлерді және т.б. сұрыптау алаңшалары

Стансалар жабдықталады:

  • Бағыттауыштармен сигналдардың электрлік орталықтануы;

  • Бағыттауыштарды механикалық тазарту құрылғыларымен

  • Телевизиондық және басқа да жаңа техникалық құрылғыларды орнатумен

  • Кейбір стансалардың сұрыптау дөңешіктері ағыту құрылғыларының жылдамдықтарын автоматты реттеу құрылғыларымен

  • Стансалар бағдарламалық-берілген құрылғылармен жабдықталған.

  1. Сұрыптау стансаларының классификациясы

Темір жолдардың жалпы желілік жұмысына байланысты сұрыптау стансалары бөлінеді:

  • Негізгі- бұл стансалар вагон ағыны көп маңызды магистраль жолдары мен жергілікті жұмысы көп түйіндерде орналасады, сонымен қатар вагондарды сұрыптау қажеттігі бар жүктерді тиеу немесе түсіру орныдарында орналастырылады.Бұл стансалардың негізгі мақсаты алыс қашықтықтағы өтпелі поездарды құрастыру болып табылады.

  • Аудандық-бұл стансалар түйіндерде пайда болатын немесе жоғалатын және стансалар учаскелері мен олармен өтпелі басқа сұрыптау стансаларында вагондарды қайта өңдейді, сонымен қатар берілген учаскелердегі учаскелік, құрама және әкетілімді пойыздарды және кейбір жағдайда-өтпелі пойыздарды құрастырады.Аудандық стансаларға сонымен қатар порттық сұрыптау стансалары, қызмет көрсететін порт және ірі өнеркәсіптік аудандарға қызмет көрсететін өнеркәсіптік сұрыптау стансалары жатады.

  • Қосымша

Сұрыптау құрылғыларының түріне қарай стансалар бөлінеді:

  • Төбешіктік. Құрамды тарату және құрастыру үшін ірі, орташа және кіші қуатты төбешітермен құрылғыланады, екінші- тартым жолдардыңеңістеріндегі бағыттаушы алқамдармен немесе алаңшалардағы тартым жолдармен және бағыттаушы алқымдармен.

  • Төбешіксіз. Төбешіксіз стансалар өзімен учаскелік стансалардан төбешіктік сұрыптау стансаларына өтетін форманы көрсетеді және аз сұрыптау жолдарымен және кайта өңдеу жұмыстарының аздығымен ерекшеленеді.

Қабылдау, сұрыптау және жөнелту парктерінің тобы сұрыптау жүйесін құрады. Сұрыптау жинақталымдарының санына байланысты сұрыптау стансалары болады:

  • бір жақты, онда бір жүйеде барлық жанасатын бағыттардың вагон ағыны қайта өңделеді

  • екі жақты, онда парктердің бір жүйесі – тақ бағытта, ал екінші жүйесі жұп бағытта жұмыс істейді. Екі жақты стансаларда төбешіктер екі жүйе де бола алады.

Сұрыптау стансалары жүктерді массалық тиеп-түсіру аудандарында орналасады (ірі өнеркәсіптік орталықтарға жақын жерлерде, ірі теңіз және өзен маңында), сонымен қатар поездардың үлкен саны құрастырылатын темір жол түйіндерінде орналасады.

Қуатты, жақсы техникалық жабдықталған стансаларда сұрыптау жұмыстарының концентрациясы, сұрыптау стансаларын және оның құрылғыларын дамытуда шығындарды төмендетуге, механизация және автоматизация кешендерінің құрылғыларын неғұрлым тиімді пайдалануға, қозғалыс барысында вагондарды өңдек санын азайтуға, вагондардың тұрып қалуын және эксплуатационды шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.



Сұрыптау стансаларының типтік сызбасы

Темір жолда стансалар мен түйіндерді жобалау нұсқасында сұрыптау стансаларының типтік сызбаларын пайдалану қарастырылған.



  • Негізгі парктердің реттік орналасуымен

  • Парктердің құрамадастырылып орналасуымен

Бір жақтық сұрыптау стансаларының сызбасы парктар мен локомотив шаруашылығының бірігіп орналасуымен сипатталады. Барлық сызбаларда сұрыптау бағыты тиімді бағыт болатындай етіп таңдалады, яғни көп жағынан қайта өңделетін вагон ағынының бағытымен.

Негізгі болып 2 сызба ұсынылады:



  • екі бағытқа да біріктірілген қабылдау, сұрыптау және жөнелту парктерінің ретімен орналасуымен(а-қуаттылығы орташа төбешік, б-қуаттылығы жоғары төбешік)

  • стансалық алаңшаның ұзындығы шектеулі болса, парктардың орналасуының құрамдастырылған сызбасы қолданылады.

Қуаттылығы орташа сұрыптау төбешігімен бір жақты сұрыптау стансасының I сызбасы

sort 01Т1,Т2- транзиттік поездарды қабылдау және жөнелту паркі

01,02- өзіндік құрастыру поездарының жөнелту паркі

П1,П2- тарқатылуға баратын поездарды қабылдау паркі

С-сұрыптау паркі

ЭУ-жабдықтау құрылғысы

ЛХ және ВХ-локомотив және вагон шаруашылығы



Қуаттылығы жоғары сұрыптау төбешігімен бір жақты сұрыптау стансасының IІ сызбасы

sort 02

Екі бағытта да біріктірілген парктердің құрамдастырылған сызбасы

cорт 02_01

Құрамдастырылған сызбалар ретімен орналастырылған сызбалардан келесі кемшіліктері бар:



  • ауыр салмақты құрамдардың вагондарын алдыға орналастыру қиындығы

  • құрастырылған құрамды қайта құрастыру кезінде орташа созылымды жолдағы жұмытардың бірінің бөлінуі

  • О1 паркінің шығатын алқымы көптеген жұмыстармен ауырланады(құрамды қайта орналастыру,локомотивтерді беру, поездарды жөнелту) және өткізгіш қабілетін төмендетуі мүмкін;02 паркінен жұп поездарды қабылдау маршруты жұп поездарды жөнелту маршурттарымен араласады.

Екі жақты сұрыптау стансаларының парктарды ретімен орналастыру жүйесіндегі негізгі сызбасы.

Бұл сызбаның негізгі артықшылықтары:



  • Вагон ағындарын қайта құрастыру операцияларының реттілігі

  • Екі жүйенің жұмысының тәуелсіздігі

  • Өткізгіштік және қайта өңдеу қабілеттілігінің жоғарылылығы

Қуаттылығы орташа сұрыптау төбешігімен бір жақты сұрыптау стансасының I сызбасы

sort 01

Қуаттылығы жоғары сұрыптау төбешігімен бір жақты сұрыптау стансасының IІ сызбасы

sort 02

Екі бағытта да біріктірілген парктердің құрамдастырылған сызбасы

cорт 02_01

11 дәріс.Жолаушылар стансасы

  1. Жолаушылар стансасының арналуы

Жолаушылар стансасы ірі қалалардың ,өнеркәсіптік орталықтардың және елдің курорттық аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған. Оларда жолаушылар поездары мен вагондарында орындалатын барлық операциялар, транзитті жолаушылар поездарын өткізу, техникалық қызмет көрсету және құрамды рейсқа дайындау сияқты операциялар орындалады.

Жолаушылар стансаларында жолаушыларға қызмет көрсету, билет сату,қол жүгін қабылдау және беру операциялары орындалады. Жолаушылар стансасы жолаушылар стансасының қозғалысграфигімен, станса ішілік жолаушылық және техникалық жолаушылар стансаларының процестерімен біріктірілген бірыңғай технологиямен жұмыс жасайды.

Жолаушылар стансасы жөнелтеді:


    • Алыс қашықтықтағы жолаушылар поездын

    • Жергілікті поездарды

    • Қала маңындағы поездарды

Техникалық жолаушылар стансасы(паркі) жылжымалы құрамның жөнделуін және жабдықталуын қамтамасыз етед.

Жолаушылар стансаларында жолаушылар мен жолаушыларға арналған жылжымалы құрамға қызмет көрсетуге арналған келесі құрылғылар қарастырылады:



    • Жолаушылар ғимараты(вокзалдар) және вокзал маңы алаңы

    • Жолаушылар платформасы

  • Келген поездардан жолаушыларды отырғызып-түсіру, өткізу және оларды вокзал ғимараты мен вокзал маңы алаңына өткізу үшін арналған. Платформалар биік(рельс бастиегінен 1100 мм деңгейде) және төмен(рельс бастиегінен 200 мм деңгейде). Жолаушылар платформасының ұзындығы бұл жолға қабылданатын поезд ұзындығымен есептеледі.

  • тоннельдер және жаяу жүргінші көпірі

  • жолаушыларды қауіпсіз поездарға өтуі және поездардан келуі үшін және вокзал маңы алаңы мен,вокзалдың және жолаушылар платформасының жақсы байланысын орнату үшін арналған. Стансаларға жолаушыларды жөнелту үшін,жаяу жүргінші тоннельдерын салады.

  • Поездарды қабылдау және жөнелту жолдары

      • Жолаушылар поездарын өкізу және аялдауы үшін арналған.Алыс қашықтықтағы және қала маңындағы поездарға, сонымен қатар белгілі қозғалысқа арналған арнайы поездарға(алыс қашықтықтағы, жергілікті және қала маңындағы) қызмет етеді. Өтпелі және тұйықты болады.

  • Маневрлік жұмыстар үшін жолдар

  • Вагондар аялдауына арналған жолдар

  • Туристтік поездар үшін арналған жолдар.

  • Құрамға қызмет көрсету, жөндеу және жабдықтауға арналған техникалық стансалар мен парктар

  • Локомотив және вагон шаруашылығы

  • Қол жүгі мен почталық-қол жүгі құрылғылары

      • почталық-қол жүгі тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған.

  • Автоматика, телемеханика және жарық беру құрылғылары



  1. Жолаушылар стансаларының классификациясы

Жұмыс істеу сипатына қарай жолаушы стансалары болады:

  • Жолаушылық- жолаушыларға қызмет көрсету үшін арналған

  • Жолаушылық-техникалық- жолаушылар құрамдарын дайындау операциялар орындау үшін арналған

  • Біріктірілген- жолаушылық және техникалық жұмыстарды орындайды

  • Аймақтық- қала маңындағы қозғалысқа қызмет көрсету үшін арналған

Жолаушылар стансасының сызбасына қарай бөлінеді:

-өтпелі

- тұйықты

- құрамдастырылған

Жолаушыларға қызмет көрсету санатына байланысты жолаушылар стансасы бөлінеді:


  • Транзиттік – транзитті поездарды өткізеді, жолаушыларды отырғызып-түсіру, вагондарға техниалық қызмет көрсету, локомотив және локомотив бригадаларын ауыстыру жүргізіледі

  • Соңғылық(жолаушы айналымы пайда болатын және бітетін)- поездар жүру жолын бастайды не аяқтайды.

  • Аралас- барлық санатты поездарға қызмет көрсетеді.

3. Жолаушылар стансаларының сызбасы

3.1 Жолаушылар стансаларының тұйықты сызбасы

Тұйық типті жолаушылар стансаларының сызбасы алыс қашықтықтағы және қала маңындағы қозғалыстарды қала маңындағы поездардан жолаушыларға вонзал ғимаратын асып, отырғызуды қамтамасыз етеді. Қала көліктерімен тығыз байланыста болу үшін, ыңғайлы орналасқан бұл стансалар келіп-кететін жолаушыларға жақсы жағдай жасайды.

Тұйықты стансалардың кемшіліктері:


  • өтпелі поездардың бағытын ауыстыру қажеттігі және қосымша маневрлік операцияларды орындау

  • барлық поездармен түрлі операциялар орындайын, стансаның жалғыз алқымының жұмысының көп болуы

  • қарсы маршруттардың көп болуы

  • поездар қозғалысы қауіпсіздігінің нұсқауы бойынша поездар стансаға жақындағанда жылдамдықтарын төмендету.

пасс_тупик_1_(17

1-сурет


3.2 Өтпелі жолаушылар стансаларының сызбасы

Өтпелі типтегі жолаушылар стансалары жолаушылар қозғалысының барлық түріне қызмет етеді, өтпелі қабылдап-жөнелту жолдарымен жобаланады, поездар қозғалысы бағытын ауыстырмауын қамтамасыз етеді. Бұндай стансалар қамтамасыз етеді:



  • жоғары маневрлік

  • жоғары өткізгіштік қабілет

  • қала маңындағы тербелісті қозғалыстарын ұйымдастыру мүмкіндігі

Өтпелі стансалардың кемшілігі

  • жолаушылар ғимаратының жолаушылар платформасымен жаман байланысы(көпірлер мен тоннельдер салу қажеттілігі)

  • қол жүгін тасымалдап жеткізу керектігі

пасс_сквоз_1_(17

3.3 Құрамдастырылған жолаушылар стансаларының сызбасы

Бұндай стансаларда өтпелі стансаларға қарағанда алқымдарға жүктеме артады, қала маңы поездары үшін арналған тұйық жолдардың қарсы маршруттарының саны артады.

Құрамдастырылған жолаушылар стансаларында қала маңындағы және жолаушылар қозғалысына қызмет көрсету бөлінеді, бірақ жолаушылар ағыны мен вокзал маңы көлігінің ағынын біріктіру қиындайды.

пасс_комби__(17

12 дәріс. Телімдік стансалар

Телімдік стансалар темір жолды қауіпсіз және үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету үшін арналған.

Телімдік стансаларға, негізгі қызметі болатын келесі стансаларды жатқызуға болады:


  • Транзиттік поездарға қызмет көрсету

  • Локомотив және локомотив бригадаларын ауыстыру

  • Телімдік және құрама поездардың құрамын жинақтау және тарату

  • Жылжымалы құрамға техниалық қызмет көрсету операцияларын орындау

  • Жолаушылық, жүк және коммерциялық операцияларды орындау

  • Телімдік стансалар өнеркәсіптік мекемелердің, қоймалардың кірме жолдарына қызмет көрсетеді.

Кейбір телімдік стансаларда жолаушылар вагонын сумен және топливомен қамтамасыз етеді, изотермиялық вагондарды жабдықтайды және басқа да операциялар орындайды.
Телімдік стансалар жанасатын жолдарда пайда болатын не жоғалатын вагон ағындарын қайта өңдейді. Жергілікті тұрғындарды және қаланың өнеркәсібіне қызмет көрсету үшін жолаушылар платформасы, вокзал, сонымен қатар жүк ауласы мен кірме жолдар болады.

Телімдік стансаларға телімдік поездармен арналуы бойынша 2 топты вагондар тиеліп түсірілуге келеді:



  • Осы стансаға

  • Телімдегі аралық стансаларға

Екінші топты вагондардан құрама және басқа көптопты поездар құралады. Телімдік және сұрыптау стансаларына дейін, құрама поездардан келген және стансаларда түсірілген вагондардан телімдік пойыздарды, ал кейбір жағдайда өтпелі пойыздарды құрайды.

Телімдік және құрама пойыздарды жинақтау үшін вагондар сұрыптау паркі жолдарында жинақталады. Құрамды жинақтау не таратуды 1 немесе 2 локомотивтер орындау мүмкін. Дайын құрамды жөнелтуді қабылдау-жөнелту паркі жолында орналастырады немесе сұрыптау паркі жолынан жөнелтеді.


Түйінсіз телімдік стансалардың жергілікті вагон ағынын қайта өңдеудегі рөлі берілген телімдегі жергілікті поездарды құрастыру жоспарына тәуелді. Сұрыптау және түйіндік телімдік жолдарда жергілікті жүк поездарын құрастыру концентрациясы кезінде жергілікті вагон ағынына айналымға кіреді құрама-өтпелі, құрама-телімдік және телімдік-топтық пойыздар.

Түйінсіз телімдік стансалардың жергілікті поездарды қайта құрастыру орнына құрама-өтпелі, құрама-телімдік және телімдік-топтық пойыздардың вагондар тобының алмасуы жүреді. Ағытылатын вагондар тобын созылымды жолдар арқылы сұрыптау паркі жолына қояды, ал жалғанатын топты сұрыптау паркынан поезд құрамына қояды.

Транзиттік поездарға да вагондарды жалғауға болады.

Құрама-өтпелі, құрама-телімдік және телімдік-топтық пойыздардыңмөлшері көп болған жағдайда, олармен бөлек жұмыс жасау үшін бөлек қабылдап-жөнелту паркінің 2...3 жолдарына секциясы бөлінуі мүмкін, “жүк пойыздарына арналған парк”деп аталады. Бар стансаларда бұл секция қабылдап-жөнелту және сұрыптау паркі есебінен ерекшеленуі мүмкін. Басқа жағдайда, телімдік станса ірі өнеркәсіптік ауданға қызмет көрсетсе, онда өтпелі поездар мен құрастыру жоспарына сәйкес жөнелтілім маршруттары құрастырылуы мүмкін.

Аралық стансаларға қарағанда, телімдік стансаларда жолаушылармен және қол жүгі мен операциялар үлкен көлемде орындалады.



  • Телімдік стансада аялдауы мүмкін, транзитті жолаушылар поездын басты немесе қабылдап-жөнелту жолаушылар жолында қабылдайды.

  • Транзитті поездар аялдау кезінде, жолаушыларды отырғызып-түсіруден басқа орындалады:

  • Пошта немесе қол жүгін тиеп-түсіру

  • Құрамды техникалық қарау

  • Ағытусыз вагонды жөндеу

  • Жазда құрамды сумен, ал қыста топливмен жабдықтау

  • Қазіргі кезде локомотив пен локомотив бригадаларын ауыстыру бөлек телімдік стансаларда жүргізіледі.

Берілген телімдік стансаларда аялдамайтын жоғары жылдамдықты поездар басты жолдармен өтеді.

13 дәріс. Телімдік стансалар классификациясы

Телімдік стансалар бөлінеді:

Тарту қызметінің рөліне және локомотивтерді қайта өңдеу тәсіліне қарай телімдік стансалар бөлінеді:


  • негізгімен(локомотивтерді,локомотив бригадаларын ауыстыру, ТО-3,локомотивтерді жабдықтау)

  • айналым депосымен(локомотивтерді ауыстыру, техникалық қызмет көрсету, ТО-2, локомотивтерді жабдықтау)

  • локомотивтердің айналым пунктімен

  • локомотив бригадаларын ауыстыру пунктімен(локомотивтерді ауыстыру, ТО-1, локомотивтерді жабдықтау)

Жалғасушы жолдар санына байланысты:

  • Желілік

  • Түйіндік

Негізгі парктердің өзара орналасуына қарай:

  • Көлденең түрді

  • Бойлық түрді

  • Жартылай бойлық түрді

  • Парктердің ретімен орналасу стансалары

По количеству главных путей, объему и характеру эксплуатационной работы.

Дара жолды линияда телімдік станса сызбасы

Телімдік стансаларды жаңа дара жолды линияларда көлденең түрді сызбамен орналастырады. Суретте, дара жолды линияда телімдік станса сызбасыкөрсетілген,онда болады



  • 2 парк

  • Екі бағытта да, жүк поездарын қабылдап-жөнелту үшін ортақ қабылдап-жөнелту паркі

Телімдік және құрастырылған поездарды құрастыру және тарқату үшін маневрлік жұмыстарға арналаған екі созылымды жолдары бар сұрыптау стансалары

участ 1п поп

Сызбада парктар арасында кезеқті локомотив поездарына арналған жүрісті жол көрсетілген. Бұл жолды қозғалыс кезінде тәулігіне 18 жұпты немесе одан көп поздар өтсе салады;одан аз болса басты немесе бос қабылдап-жөнелту жолын пайдаланады.

Парктар ретімен локомотив шаруашылығы орналастырылады, ағытылатын локомотивтер үшін жабдықтау құрылғылары парк алқымынан кейін орналастырылады.

Жүк ауданы сұрыптау паркы маңында және жолаушылар ғимараты жағынан орналасуы мүмкін. Бірінші жағдайда сұрыптау паркынан ұйымдастырылған поездар мен жүріс жолдарының қозғалыс маршрутын қиылыстырмай вагондарды беру немесе бұл паркқа пойыздарды жинау қамтамасыз етіледі.

Жүк алаңына болашақта дамыту жағдайын ескере отырып қажетті алаң бөліну керек.Жергілікті жағдайға байланысты жүк алаңын сұрыптау паркінің алқымына қарай орналастыру керек болса, онда болашақта станса жолдарының ұзартылу мүмкіндігін және соған сәйкес жүк ауданының алаңын және пергонға қарай жалғасатын оның жолдарын алыстату мүкіндігін қарастыру керек.

Қос жолды линияларда телімдік стансалар сызбасы

Қос жолды линияларда көлденең типті телімдік стансалар сызбасы стансалар,негізгі алаңда орналасқан, ал паркқа жақындағанда әрбір бағытта құрамның ұзындығымен бір жол орналастырылады.

addlesson15

Жүк поездарына арналған қабылдап-жөнелту парктері қозғалыс бағытына мамандандырылған. Алқым құрылысы бір уақытта екі бағыттан да поездарды қабылдап жөнелтуге мүмкіндік береді. Орталық алқым, бір уақытта локомотивтерді депоға жіберуге және оларды деподан құрамға беретіндей қылып жасалған. Егер стансада, транзиттік поездардың локомотивтері ауыспаса, бір жүріс жолы болса жеткілікті. Стансада барлық жүк поездарының локомотивтерін ауыстырса, бірінші жүріс жолының жанында екінші жүріс жолын салу керек болады.    

Қаладан автокөліктердің жүк ауданына келуі үшін жол өтпелері немесе орталық алқымда тоннель құрылуы мүмкін, ал аз ғана жүк айналымында-станса соңдарында өтпе жолдар құрылады.

Көлденең типті станса алқымдарын құрастырғанда, барлық парктерден екі басты және созылымды жолдарға шыға алатындай қылып жасайды. Созылымды жолдарда маневрлік жұмыстар қабылдап-жөнелту поездарының маршруттарынан оқшаулау қылады.Станса алқымдарында берілген бағыттан поездарды қабылдау немесе берілген бағытқа поездарды жіберу үшін параллельды шығулармен жабдықтайды.

Көлденең типті телімдік стансалар басқа типтерге қарағанда, құрылғылардың біркелкі орналасуымен және олар қысқа алаңдарда орналаса алуларымен ерекшеленеді. Парктердің бір орында шоғырлануы, кейбір ғимараттар мен құрылғыларды біріктіруге, қызметкерлердің аз штаты болуына мүмкіндік береді. Қос жолды линияларда көлденең типті сызбаны орналастырудың негізгі кемшілігі болып, екі алқымда да поездардың жүріп өту маршруттарының қиылысуы болып табылады: орталық алқымда В-ға жөнелтілген жолаушылар поездарының маршруты Б-дан паркке барлық жүк поездарының маршруттары қиылысады, А жағынан алқымда А-дан қабылданған жолаушылар поездары А-ға жіберілген барлық жүк поездарының маршруттарымен қиылысады.

Бойлық пішінді телімдік станса сызбасында

addlesson15

Транзитті жұп жүк поездары үшін арналған қабылдап-жөнелту паркі олардың бағыты алдынан бойлық қозғалыста жылжытылған. Тақ қабылдап-жөнелту жолдарымен және сұрыптау паркімен байланысы бар.


Әдетте, сұрыптау паркін екі бағыттан да поездарды қайта өңдеу үшін ортақ қылып орналастырады; ең көп қайта өңдеуге түсетін поездар келетін парк маңында орналасады. Егер сұрыптау паркі тақ парктер маңында орналасса, онда қайта өңдеуге түскен жұп поездарын, арнайы бөлінген тақ қабылдап-жөнелту паркінде қабылдайды. Егер бұл поездар жұп паркіне қабылданса, олардың құрамын маневрлік локомотивпен сұрыптау паркіне орналастырады.
 Жүк ауданын сұрыптау паркынан вагондарды алу ыңғайлы етіп орналастырады.

Бойлық пішінді сызбаның негізгі артықшылығы болып, Б-дан транзитті жүк поездарын алу маршруты және бұл поездардың А-ға жөнелту маршруттары А-дан Б-ға жөнелтілген жолаушылар поезды маршрутымен қиылыспайды. Оған қоса, жұп транзитті поездарының жүрісінің аздығы қамтамасыз етіледі және стансаның екі жағынан да кірме жолдар жанасады, сонымен қатар ПО-1 паркі маңында тиеп-түсіру алаңы орналасады.

Бойлық пішінді сызбаның кемшілігі болып, құрамнан депоға және керісінше өтетін басты жолдардан жұп транзиттік поездардың локомотивтерімен қиылысуы,жолаушылар поезды көп болған жағдайда тақ поездарды беру және жинау операциялары өтетін басты жолдарының бағыттауыштарының жүктемесі ауырлап кетуі мүмкін.

Жүктеменің ауырлығын төмендету және тосу уақытын азайту үшін, айналып өту жолы құрылғыларынан басқа, басты жолдар бірігетін жерде 2 параллельды жүріс қолданылады.



Жартылай бойлық типті телімдік стансаның сызбасы

участ 2п полупрод
Бұл сызба бойлық пішіндіден қабылдап-жөнелту парктарының жұп транзитті поездардың жолаушылар ғимратына жалғасуымен ерекшеленеді. Бұл ПО-1 паркінен ПО-2 және сұрыптау паркіне тура шығуға мүмкіндік бермейді. Бұндай жылжыту стансаны неғұрлым қысқа алаңда орналастыруға мүмкіндік береді. ПО-1 паркін сұрыптаумен және ПО-2 паркімен байланыс А жағынан жолаушылар және созылымды жолдар арқылы жүзеге асады.

Жартылай бойлық типті телімдік стансаның сызбасыалқымға жақын оналасқан, жабдықтаушы құрылғылар дан тұратын қарапайым сызбаға ие. Жартылай бойлық типті телімдік стансаның сызбасықос жолды линияларда қолданылады.

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет