Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы Пән: Бейорганикалық химия Тақырыбы



жүктеу 0.83 Mb.
бет1/4
Дата27.04.2018
өлшемі0.83 Mb.
  1   2   3   4
«Ақтөбе медициналық колледжі»МКҚК

Бекітемін

Директодың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

____ А.А.Куздыбаева

«__» _____201__ж




Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Пән: Бейорганикалық химия

Тақырыбы : Атом құрылысы мен химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Химиялық байланыстың түрлері.Химиялық реакциялардың

жылдамдығы.

Мамандық: Фармация.

Курс: І

№2 Ғылыми-жараты-

лыстану пәндері бір-

лестігі ЦӘК отырысын-

да қаралды

Хаттама № ___

«__» ____20__ж

ЦӘК төрайымы: Сүйін Ф.М.

Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған:Қалжанов Н.К.
Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Тақырыбы: Атом құрылысы мен химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Химиялық байланыстың түрлері.Химиялық реакциялардың

жылдамдығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- Студенттерге атом құрылысы мен химиялық элементтердің

периодтық жүйесін, химиялық байланыстың түрлері түсіндіре

отырып, білімді қалыптастыру «Химиялық рекация жылдамдығы»

туралы алған білімдерін әрі қарай жетілдіру, химиялық реакция

жылдамдығыына әсер етуші факторлар,әсер етуші массалар

заңы туралы және Вант-Гофф ережесін түсіндіре отырып, білімді

қалыптастыру;

Дамытушылық - химиялық процестердің жүру шарттары туралы дағдыларын

және біліктерін дамыту; Химиялық реакцияның жылдамды-

ғына әсер етуші факторларды түсіндіре білу, қорытындылау.
Тәрбиелік - білім алушыларды іздемпаздыққа, әр құбылысты ғылыми тұрғы

түсіндіре білуге тәрбиелеу. Құрамы мен қаситтері,кристалл то-

ры арасындағы байланысқа көңіл аудару, есте сақтау,көңіл ау-

дару қабілеттерін дамыту;сабақ уақытын бағалауға үйрету, ең-

бекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сарамандық жұмыс,тест,есеп шығару.

Сабақтың уақыты: 270 мин

Сабақты өткізу орны: 214 ауд.

Пәнішілік байланыс:Тұздар гидролизі.

Пәнаралық байланыс: физика, биология және фармакология.

Сабақтың жабдықталуы: дәріс материалы, презентация, слайдтар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі: Патсаев А.Қ, «Бейорганикалық химия»,Шымкент, 2006 жыл

24-87,95-125,181-195 беттер

Қосымша:Патсаев А.Қ. Дауренбеков К.Н. Бейорганикалық химия пәнінен

тәжірибелік – зертханалық сабақтарына қолданба. Шымкент, 2006

Студент білуі тиіс: - әр фактордың реакция жылдамдығына әсерін мысалдар

арқылы түсіндіруді білуі тиіс;

- Химиялық байланыстардың түрін экспериментальды

анықтауды.

- Әртүрлі байланыстардың пайда болу схемасын жазу

Студент істей білуі тиіс: - Химиялық элементтердің атомдарының электрон

деңгейлерінің толтыру ретін сипаттау.

- Атомдардың электрондық формулаларын және

графикалық схемасын жасау;

-реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды

(реакцияға түсетін заттардың табиғаты, концентрация,

температура, реакцияға түсетін заттардың ығысу ауданы);
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы:

І Ұйымдастыру бөлім – 5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 30 мин

ІІІ Кіріспе нұсқау беру – 25 мин

IV Cтуденттердің өзіндік жұмысы - 180 мин

V Қорытындылау - 25 мин

VІ Үйге тапсырма – 5 мин

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқу кабинетінің тазалыңына көңіл бөлу.

2.Студенттердің сыртқы киімдеріне (колпак,халат) көңіл аудару.

3.Сабақта жоқ студенттерді белгілеу, сабаққа даярлығын тексеру.



4.Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Сұраққа жауап беріңдер:

  1. Периодтық жүйе қай жылы ашылды?

  2. Периодтық жүйені кім ашты?

  3. Неше период бар,жіктелуі?

  4. Неше топ бар,жіктелуі?

  5. Период нөміріне қарап нені анықтаймыз?

  6. Реттік нөміріне не сәйкес келеді?

  7. Нейтронды қалай анықтаймыз?

  8. Металдарға қай элементтер жатады?

  9. Бейметалдарға қай элементтер жатады?

  10. Металдық және бейметалдық қасиет қалай өгереді?

11.Химиялық байланыстың түрлері? 

12.Элементтердің электртерістіг дегеніміз не ? ол үғымды кім еңгізді?

13.ХЭПЖ электртерістік қалай өзгереді ? 

14.Кристалдық торлардың қандай түрлерін білесіңдер? 

15.Тотығу дәреже дегеніміз не ? 

16.Тотығу-тотықсыздану реакциялары? 

17.Д.И.Менделеевтің периодтік жүйесінің ашылған жылы, 

18.Заттардың физикалық қасиеттері немен анықталады? 

Тапсырмаларды орындаңдар:

Топтық жұмыс 
1-Топ. К элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы 
1.Химиялық таңбасы, аталуы 
2.Хим.эл. периодтық жүйедегі орны(периоды, тобы, рет саны) салыстырмалы атомдық массасы 
3.Атом құрамы және құрылысы 
4.Қасиеті 
5.Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылысының формуласы 
2-Топ. F элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы 
1.Химиялық таңбасы, аталуы 
2.Хим.эл. периодтық жүйедегі орны(периоды, тобы, рет саны) салыстырмалы атомдық массасы 
3.Атом құрамы және құрылысы 
4.Қасиеті 
5.Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылысының формуласы 
3-Топ. Al элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы 
1.Химиялық таңбасы, аталуы 
2.Хим.эл. периодтық жүйедегі орны(периоды, тобы, рет саны) салыстырмалы атомдық массасы 
3.Атом құрамы және құрылысы 
4.Қасиеті 
5.Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылысының формуласы 


Байқау тапсырмаларды орындаңдар:

Мұғалім: Бүгін біздер құпия агенті боламыз, яғни құпия ұйымның қиын да шырмалаң тізбектің аралық звеносы болып, құнды ақпаратты алып, және оны жіберуіміз керек. 
Олай болса шытырман басталады. Құпия агенті болу үшін сіздер оқыту курсынан өтіп, түрлі сәйкес сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Сіздер құпия агенті бола аласыздар ма екен, қазір тексереміз. 
Кез келген құпия агенті болу үшін, сіздер өз жұмыстарыңызды жақсы орындауда қандай қасиет керек деп ойлайсыңыздар? (Оқушы жауаптары батырлық, ептілік, ақылдылық тапқырлық, шыдамдылық, шапшаңдық және т.б.) Әрине өте дұрыс, енді мен сіздердің тапқырлықтарыңызды тексергім келеді. Бірінші байқауды бастаймыз. 
1-тур: Тапқырлыққа тапсырма. 

2 топ химиялық сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 балл алады. Егер де топ дұрыс жауап бере алмаса, онда қарсы топ жауап беріп, 1 балл табуына болады. .
Студенттер, сіздер бірінші байқаудан жақсы өттіңдер. Менің ойымша құпия агенті тапқыр болып қана қоймай, тез және епті болу керек. Олай болса, екінші байқауды бастайық 

2-тур: Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма. 
2- топқа үлестірме карточка беріледі. Карточкада заттардың формуласы берілген..Берілген заттарды химиялық байланыстың тиісті аланыңа қою керек. 
1-топ 
NH3, NaI, I2, Аg, Cl2, N2,NaCl, H2O, H2S, CH4, KB,r C(алмаз), HCl, NaCl, Li, 
SiO2, CaCl2, NaI, H3P, Br2. 
2-топ 
H2S ,CH4, KBr, Pb, HCl, NaCl, H2O, C (графит), HF, KCl, N2, HJ, AlN, 
CaO, F2, NaCl,һ, H2S, MgBr2, Сs Fe. 
Студенттердің білімін тексеру үшін төмендегідей тапсырма беріледі:

1. О2 мен НF молекулаларының электрондық формуласын салыстырыңдар. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

2. Вr2, Н2S, NН3 малекуласының электрон тығыздығы ығысуы мен ішінара  зарядталуын көрсетіп, электрон дық және құрылымдық формуласын жаз.

3. Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген. Көрсетілген заттардың қайсысы ковалентті полюсті, қайсысы ковалентті полюссіз байланысқан.



Деңгейлік тапсырмалар:

Шарты: Берілген тапсырмалар арқылы 5 топтан тұратын оқушылар 3 деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізеді.

І тур. «Блиц турнир» 
І деңгей сұрақтарының түсі – сары 
ІІ деңгей сұрақтарының түсі – жасыл 
ІІІ деңгей сұрақтарының түсі – көк 

І тур 

Сары түсті І деңгей тапсырмалары 
3-5 минут дайындық. Жауап толық болса, ойыншыларға фишкалар беріледі. Толық жауап болмаса, кез-келген топ толықтырып, жарты фишка алады. 
№1 Үлестірмелі тапсырма 
1. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не? 
2. Реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын сатыны ата 
3. Вант-Гофф Ережесі формуласын жаз 
№2 Үлестірмелі тапсырма 
1. Гетерогенді, гомогенді реакциялардың жылдамдығын сипаттайтын формуланы жаз 
2. Химиялық реакциялардың жылдамдығын зерттеу не үшін қажет? 
3. Гетерогенді реакциялардың жылдамдығы қандай факторларға тәуелді? 
№3 Үлестірмелі тапсырма 
1. Катализ деген қандай құбылыс? 
2. Гомогенді катализ гетерогенді катализден қалай ерекшеленеді? 
3. Химиялық реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері  А+В=С+D 
№4 Үлестірмелі тапсырма 
1. Химиялық реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғатының әсері 
2. Орташа жылдамдық формуласы 
3. Автокатализ деген не? 
5 Үлестірмелі тапсырма 
1. Адсорбция деген не? Адсорбент деген не? 
2. Өршіткі деген не? Химия өнеркәсібінде өршіткі ролі қандай? 
3. Ингибитор (тежегіштер) деген не? 
ІІ тур 
Жасыл түсті ІІ деңгей тапсырмалары 
3-5 минут дайындық. Жауап толық болса, ойыншыларға фишкалар беріледі. Толық жауап болмаса, кез-келген топ толықтырып, жарты фишка алады. 

1 Үлестірмелі тапсырма 
1. Егер температуралық коэффициент γ=2 болса, онда температураны 500С көтергенде реакция жылдамдығы неше есе өседі? 
Жауабы: 32 есе 
2 Үлестірмелі тапсырма 
1. Берілген химиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ=2 температураны 1000С көтергенде химиялық реакция жылдамдығы қанша есе артады? Жауабы: 1024 есе
3 Үлестірмелі тапсырма 
1. Белсенді соқтығысу теориясы температураны көтергенде химиялық реакция жылдамдығының артуын қалай түсіндіресің? 
4 Үлестірмелі тапсырма 
1. Газдардың кинетикалық теориясы сол температурада уақыт пен көлем бірлігінде өтетін газ молекуласының соқтығысу санын есептеуге негізделген формула N=K T 
Абсолюттік температура деген не?  
5 Үлестірмелі тапсырма 
1. Гомогенді катализ аралық қосылыстар теориясымен жақсы түсіндіріледі. Егер А+В=АВ баяу жүреді делік. Реакцияны К өршіткісін қосқанда тұрақсыз аралық қосылыс түзейді. Өршіткі процеске қатысты, бірақ нәтижесінде өзгеріссіз қалады. Неге? 
ІІІ тур 
А 
Б 
В Кім жүйрік? 
Г 
Д 
1 Үлестірмелі тапсырма 
Егер А затының бастапқы концентрациясы 1 моль/л тең болса, 4 секундтан кейін бұл заттың концентрациясын 0,6 моль/л тең болғандағы А+В=АВ химиялық реакциясының жылдамдығын анықтаңдар. 
Жауабы: 0,1моль/сек 
2 Үлестірмелі тапсырма 
Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ=5. Температураны 500С көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы қанша есе артады? 
Жауабы: 3125есе 
№3 Үлестірмелі тапсырма 
Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ=2. Егер 200С кезінде реакция 60 секундта аяқталатын болса, 400С кезінде ол қанша секундта аяқталады? 
Жауабы: 15сек  
4 Үлестірмелі тапсырма 
Гомогенді және гетерогендік реакцияларға бірнеше мысалдар келтіріңдер. Химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.  
5 Үлестірмелі тапсырма 
Неліктен тамақ өнімдерін төмен температурада тоңазытқыш пен мұздатқышта сақтайды? 
Миға шабуыл 
1.Реттік нөмірі №35 болатын элемент периодтық жүйеде: 
а) қай периодта, қатарда; 
ә) қай топта, топшада орналасқан; 
б) сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электроны бар; 
в) ең көп дегенде неше электрон бере алады; 
г) қанша электрон қосып алуға мүмкіндігі бар екенін айтып түсіндіріндер. 
3. Мына: 
а) иттрий №39; б) индий 

Лингвистикалық қатарлар. 
1. Екі жағынан оқыса да мағынасы бар металдың атауы? 
2. Қаңдай элемент артық: Аu, Аg, СІ, Ғе, N? 
3. Қасиеті бойынша қай металл артық: АІ, Ғе, Со, Nі? 
4. Аталуында балалар қызықтайтын ойын-сауық орнының аты барэлемент? 
5. Дәрігер мамандығының аты бар элементті табыңдар. 
6. Қаңдай элементтің тұрақты мекен-жайы жоқ? 
7. Қандай элементтің аталуында балдырдың (тина) аты бар? 
8. Қандай элементтің құрамында өзен аттары кездеседі? 
9. Қандай элементтердің аталуында теңіз арағының аты кездеседі? 
10. Қандай элементтердің аталуыңда музыкалық элементтер атаулары кездеседі? 
11. Қандай элементтің атауыңда косметикалық құралдың аты кездеседі? 
Жауабы: 
1. Мыс- сым; 2. СІ-метал емес; 3. АІ- магниттік қасиеті жоқ; 
4. Цирконий;5. Хлор-лор; 6. Сутек; 7. Платина- тина; 
8. Нильсборий-Нил, индий – Инд, полоний –По, радон- Дон; 9. Бром-ром, хром-ром; 10. Радон – до, рений-ре, алюминий –ми , кобальт – альт; 11. Кремний – крем. 


Құпия кілтін шешіп көр
1. Иісі күшті, сары түсті 
Активтігі керемет 
Ондай ылаң қылған 
Болмаған еш элемент. (Фтор) 
2. Күміс түсті металл өзі 
Ақ бор, әктас, мәрмәр еді 
Жер металы десек те 
Сан құрылыстың өзегі. (Кальций) 
3. Жануарда да адамда да болатын 
Талай снаряд, бомбаларды жаратын. 
Полиграфияда да сенім артып, 
Жапырақта хлорофилді түзетін. (Магний) 
4. Тағады оны төсіне 
Алтыннан басқа алдына 
Салмақты та сабырлы 
Теңеу айтып оған да. (Күміс) 
5. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды, 
Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ. 
Ол болмаса, отын да тұтанбайды, 
Қалады қарауытып көмір боп шоқ. (Оттегі) 
6. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп. 
Көрсететін суықты, жылуды анық 
Қандай зат құрал жасар соны құйып (Сынап) 

Есептерді шығару:

1-есеп. 

2SO2+ О2= 2SO3 Реакциясындағы күкірт (ІV) оксидінің концентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы неше есе артады



2- есеп.

Температураны 30°С көтергенде реакция жылдамдығы 27 есе артты, егер температураны 50°С көтерсек, реакция жылдамдығы неше есе артады.



3-есеп.

Тазалық дәрежесі 75 % болатын 64 гр техникалық темір дисульфидін ауада өртегенде түзілген газ тәріздес өнімнің (қ.ж) көлемі қандай?



4-есеп.

Мына өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?



Fe FeCl2 Fe(OH)2 → FeO FeSO4

5-есеп.

40 гр мыс ( II) сульфаты бар ерт-ге 16 гр темір ұнтағын қосқанда бөлінген мыстың массасы қанша ?



6-есеп.

Алюминий сульфатының 4% -тік 171 гр ерт-не тұнба түзілгенше натрий гидроксидінің ерт-сі құйылды. Сульфат толық әрекеттесті деп есептегенде , түзілген алюминий гидроксидінің массасы қандай болады?



7-есеп.

Мына өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?

Mg→ MgO→ Mg(OH)2 → MgCl2
Жаттығуларды орындаңдар:

1 жаттығу

Келесі реакция бір сатыда жүреді.

2NO + СL2 2NO СL

Осы реакцияның кинетикалық теңдеуі қандай.

2 жаттығу

2 NO2 N2O4 реакциясының кинетикалық теңдеуін анықтаңыз

3 жаттығу

2NO + СL2 2NO СL

реакциясында азот (11) оксидінің концентрациясын 4 есе азайтқанда жылдамдық қалай өзгереді. Жауабы: Жылдамдық 16 есе кемиді.

4 жаттығу

Температураны 40С –ға ұлғайтқанда химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Температуралық коэффицент 3-ке тең. Жауабы: Реакция жылдамдығы 64 есе ұлғаяды.

5 жаттығу

2NO2 N2O4 реакциясының қысымын 4 есе ұлғайтқанда, химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Жауабы: Реакция жылдамдығы 16 есе ұлғаяды. 


№6 жаттығу

Күмістің препараттары медицина мен фармацияда кеңінен қолданылады. Күміс тұз қышқылымен қандай қосылыс түзеді? Жауабы: Әрекеттеспейді

7 жаттығу

Элементтердің электронық формуласы арқылы олардың химиялық қасиеттеріне сипаттама беруге болады. 3d104s2 қандай элементтің электрондық формуласы? Жауабы: Zn

8 жаттығу

Элементтің электрондық формуласы оның химиялық қасиеттеріне сипаттама береді. 3d105s2 қандай элементтің электрондық формуласы? Жауабы: Cd

9 жаттығу

Элементтің электрондық формуласы арқылы оның қасиеттеріне сипаттама беруге болады. 5d106s2 қандай элементтің электрондық формуласы? Жауабы: Hg

10 жаттығу

Мырыш II В топ элементтеріне жатады, оның қосылыстары медицинада маңызды орын алады. Мырыштың тотығу дәрежесі? Жауабы: 0,+2

11 жаттығу


  1. Мына қатардағы қай элементтер артық: Li,Na,Zn,K,Rb,Cs; Be, Mg,Ca,Al,Ba;

  2. Мына элементтерге сипаттама бер Li, Na, Zn, K, Rb, Cs, Be, Mg, Ca, Al, Ba;

  3. Берілген элементтерге атомдық құрылысының сызба нұсқасын бейнелендер


«Сәйкестік тесті»

1. Галогендер                                                       Sі,Р,С

2. І валентті элемент                                            Мg,Ca,Sr

3. Бейметалдар                                                      Na,Li,K



  1. Сілтілік жер металдар                                      N,As,P

  2. Инертті газдар                                                    Br,CL,I

  3. R2О5 қай элементтер                                          Ne,Ar,Kr


Тест жұмыстары:

1. Электртерістік дегеніміз не?
А. атомның электрон беру қабілеті
Ә. қосылыстағы атомның электронды өзіне тарту қабілеті.
Б. атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті.
2. Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді?
А) солдан оңға қарай өседі
Б) алдымен өседі, сосын кемиді
С) артады
3. Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді?
А) артады
Б) алдымен өседі, сосын кемиді
С) кемиді
4. Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз
а) NaF CaF2 Na2SO4
б) N2 Na2S HF
с) K2SO4 O2
5. Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз
а) Na2SO4
б) HF
с) O2
6. Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?
А) электртерістігіайқын айырмашылық бар элемент атомдары
Б) электртерістігі бірдей
С) электртерістігінде айырмашылық аз.
7. Ковалентті полюссіз байланысы бар қосылыстар қатарын көрсетіңіз
а) F2 O2 N2 C8
б) N2 Na2S HF
С) NaF CaF2 Na2SO4
8) Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?
А) иондық
б) коваленттік
с) металдық
9. Оттек молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі?
А) 1
б) 2
с) 3
10Иондық байланыс қалай жасалады?
А) атом электронын электртерістілігі жоғары Атомға беруі
Б) ортақ электрон жұбының түзілуі
С) электрондардың жалпылануы
Жауаптары
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Б А С А С С А Б Б А

                            




Деңгейлік тест жұмыстарын орындаңдар:

: uploads -> doc -> 073a
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
073a -> Қр білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы, АҚтау қаласы «№13 гимназиясы»
073a -> Сыныбы: 3 Ә Уақыты: 02. Тақырыбы: «Жануарлардың көп түрлілігі»


  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет