Техникалық байқау орталығының аумақтары мен үй-жайларына сәйкестігі туралы ақпарат



Дата24.02.2017
өлшемі90.3 Kb.


Техникалық байқау орталықтарының

тiзiлiмiн жүргiзу қағидасына

3-қосымша

Техникалық байқау орталығының аумақтары мен үй-жайларына

сәйкестігі туралы ақпарат


  1. Техникалық байқау орталығының аумақтарына талаптар




р/с




Техникалық байқау орталығының аумағына

қойылатын талаптары

Техникалық байқау орталығы аумақтарының сәйкестігін растау

(қысқаша сипаттама)

1

Техникалық байқау орталығы аумағының өлшемдері мынадай міндетті элементтерді таратуды қарастрады:

- өндірістік үй-жайлар;

- міндетті техникалық байқауды күтетін және өткен автомотокөлік құралдарының алаңдары;

- үй-жайлар мен алаңдарға кірме жолдар мен өтпелер;

- диагностикалық жабдықты орналастыруға – техникалық байқаудың ұтқыр желілеріне арналған алаңдар.





2

Көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру үшін техникалық байқау орталығының аумағы:

- техникалық байқау орталығының кірме жолдары мен аумақтары (алаңдары, өлшеуіш телімдері) қараңғы уақытта жасанды жарықтандыру;

- кірме жолдардың, алаңдардың, өлшеуіш телімдердің тегіс және қатты жабыны (дұрысы, асфальтбетон немесе цементбетон);

- периметрі бойынша орындалған қоршаулар.






3

Техникалық байқау орталығының аумағына немесе ол орналасқан ұйымға кірер алдында техникалық байқау орталығының жұмыс режимі мен міндетті техникалық байқаудан өту үшін қөлік құралдарының қозғалыс сызбасы көрсетілген ақпараттық стенд ілінуге, ал кірме жолдар мен алаңдарда – жол қозғалысы ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес жол белгілері мен ақпараттық тақтайшалар таратылады.

Техникалық байқау орталығының ғимаратында ұзындығы 4 м кем емес, ені 0,7 м кем емес, мемлекеттік тілде «Техникалық байқау» және орыс тілінде «Технический осмотр» деген жазуы бар маңдайша жазу бекітілген.






4

Техникалық байқау орталығы мен техникалық байқаудың ұтқыр орталықтарының өндірістік үй-жайларына баратын кірме жолдар бойынша көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру мынадай талаптарды есептеумен орындалады:

- көлік құралдарының бір жақты қозғалысын ұйымдастыру;

- көлік құралдарының қауіпсіз әдіс мүмкіндігі;

- жол таңбасына сәйкес келетін техникалық байқау орталығының аумағы бойынша көлік құралдарының қозғалысының рұқсат етілген бағыттарының белгіленуі.








2. Техникалық байқау орталығының үй-жайларына талаптар

;№

Техникалық байқау орталығының аумағына

қойылатын талаптары

Техникалық байқау орталығы аумақтарының сәйкестігін растау

(қысқаша сипаттама)

1

Техникалық байқау орталығының құрамына:

- өндірістік үй-жайы;

- клиенттерді қабылдау және қызмет көрсету үй-жайы;

- жол қозғалысына қатысуға көлік құралдарына рұқсат беруді рәсімдейтін үй-жайлар;

- санитарлық-гигиеналық үй-жайлар кіреді.





2

Техникалық байқау орталығының өндірістік үй-жайлары:

- тексеруге жататын көлік құралдарының габариттік өлшемдерін;

- техникалық байқау орталығының өндірістік бағдарламасы;

- техникалық диагностиканың қолданылатын құралдарын;

- көлік құралдарының міндетті техникалық байқауын өткізетін технологиялық процесін және оның нәтижелерін рәсімдеуді;

- өртке қарсы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын есепке алумен таңдалады.






3

Техникалық байқау орталығының өндірістік үй-жайларының өлшемдерін тексерілетін көлік құралдарының техникалық байқау сызықтарының технологиялық орын санына және габариттік өлшемдерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының Б қосымшасы бойынша анықтау ұсынылады.




4

Өндірістік үй-жайлардың биіктігі еденнен шығатын құрылыс материалдарының ең төменгі нүктесіне дейін байқау жырасын қолданған кезде жеңіл автомобильдер мен микроавтобустар үшін 4,0 м кем емес және жүк автомобильдерді мен автобустар үшін – 5,5 м кем емес қабылданады.

Техникалық байқау орталығында қоршаған орта әсері дұрус емес нәтижелерге әкелмеген және кез келген өлшеудің қажетті сапасына теріс әсерін тигізбеген жағдайлар қамтамасыз етіледі.






5

Техникалық байқау орталығының өндірістік үй-жайлары толығымен жабық дыбысты оқшаулағыш және газ өткізбейтін арақабырғамен басқа өндірістік үй-жайлардан оқшаулануға тиіс.




6

Техникалық байқау орталығының өндірістік үй-жайына кіру маңдайшы жазумен белгіленеді және қараңғы уақытта жарық береді. Өндірістік үй-жайларға кіру (шығу) өндірістік үй-жайлардан басқарылатын жарық (мысалы, бағдаршам) сигналдандыру құралдарымен жабдықталады.

Керітін қақпаларда 3.13 «Биікті шектеу» және 3.14 «Енін шектеу» жол белгілері орналасады.






7

Техникалық байқау орталығының орны клиенттерге қолжетімді жерлерде ақпараттық стендтермен немесе техникалық байқау орталығының керек-жарақтары (бағыныштылық), тарату орны, жұмыс режимі мен тәртібі, байланыс телефоны, Call-орталығының телефон нөмірлері және сенім телефоны, ескертулер мен ұсыныстар туралы кітаптың тұратын жері, оны жүргізуге (сақтауға) жауапты адамның тегі, аты-жөні, көлік құралдарының міндетті техникалық байқауын өткізу тәртібі, тексерілетін параметрлер тізімі мен нормативтері, міндетті техникалық байқаудан өту мерзімділігі және олардың жол қозғалысына қатысуына рұқсаттама беру (заңнамаға сәйкес қажетті құжаттар тізімі, төлеу өлшемі, процедураны аяқтау мерзімі, басқа ақпарат) туралы ақпараттармен жабдықталады.




8

Өндірістік үй-жайлар жарық беру мен рөзеткаларды қоректендіру үшін электр желілерімен, сондай-ақ күштік кабельдермен (диагностикалық жабдықты қоректендіру үшін) және электр қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормативтік актілердің талаптарына сәйкес таратқыш электр қалқандармен жабдықталады.




9

Техникалық байқау орталығының өндірістік үй-жайларында екеуден кем емес эвакуация лайтын есіктер қарастырулыға тиіс. Эвакуациялық шығу есіктерін ашу үй-жайлардан шығу жағына қарай жүргізіледі.




10

Өртке қарсы талаптармен белгіленген үй-жайлардың сәйкестігі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органының қорытындысымен расталады.




11

Тапсырыс берушілерді қабылдайтын және қызмет көрсететін үй-жайлар мен жол қозғалысына көлік құралдарының қатысуына рұқсаттама беретін рұқсаттарды рәсімдейитін үй-жайлар техникалық байқау орталығының өндірістік үй-жайларында немесе тікелей оған жақын болуға тиіс.

Аталған үй-жайларға кіретін жерлер тиісті тақтайшалармен белгіленеді. Тапсырыс берушінің және қызмет көрсетуші қызметкерлердің техникалық байқау орталығының өндірістік үй-жайында болу қауіпсіздігі олардың тұрған жері мен орнын ауыстыруын қоршау құрылғысымен қамтамасыз етіледі.






12

Тапсырыс берушілерді қабылдайтын және қызмет көрсететін үй-жайлар мен жол қозғалысына көлік құралдарының қатысуына рұқсаттама беретін рұқсаттарды рәсімдейтін үй-жайлар ГОСТ 12.4.021 бойыншат жалпы айналымдағы ағынды-сорғыш желдеткішпен, [6] – [9] сәйкес жарықпен және өрт сөндіру және жылыту құралдармен жабдықталады.




13

Техникалық байқау орталығы қызметкерлерінің жұмыс орны тапсырыс берушілердің тұратын жерінен биіктігі 1,2 м кем емес қоршаумен бөлінеді.

Құжаттарды қабылдау/беру үшін және тапсырыс берушілермен есеп айырысу үшін терезесә бар мөлдір тегіс аражабын орнатуға жол беріледі.






14

Техникалық байқау орталығының өндірістік үй-жайларының санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкестігі Қазақстан Республикасының уәкілетті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының тиісті қорытындысымен расталады.




15

Техникалық байқау орталығында өндірістің қоршаған ортаны қорғау нормаларына сәйкестігі қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның қорытындысымен расталады.




16

Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта көлік құралдарын тексеру орындалатын жерлерде (пайдаланылған газдардың уыттылығын және түтінділігін, шуыл деңгейін, тежелу тиімділігі көрсеткіштерін және басқалар тексеру), көлік құралдарының шығаратын құбыларынан (құбырынан) пайдаланылған газдарды жергілікиті алып тастау жүйесімен жабдықталады.




17

Техникалық байқау орталығының өндірістік орнына көлік құралдарының кіруі (шығуы) үшін, дұрысы, техникалық байқаудың әр бағыты үшін кіретін (шығатын) қақпамен жарақталады, техникалық байқау орталығының өндірістік орнында оның өлшемдері:

- жан-жақты бағыттар үшін – ені 3,0 м, биіктігі – 4,3 м;

- М1, N1 санаттарындағы көлік құралдарын тексеру бойынша бағыттар үшін – ені 2,5 м, биіктігі – 2,5 м кем емес болуға тиіс.





18

Техникалық байқау бағыттарында көлік құралдарының міндетті техникалық байқауын өткізу, дұрысы, анықтаушы бунақты қолданып өткізілуге тиіс. Бұл ретте:

- өндірістік үй-жайларда байқау жырасының саны техникалық байқау бағытының санына сәйкес келуге тиіс;

- байқау жарысының ұзындығы осы ағындағы желіде және одан қосалқы есіктің болуын тексеруді жоспарлайтын көлік құралдарының ең жоғары ұзындығын есепке алумен анықталады;

- байқау жарысының ені 0,9 м кем емес құрауға тіс, ең жоғары ені осы бағытта техникалық байқауды тексеруді жоспарлайтын, оған ең кіші жол табаны бар көлік құралдарының кіру мүмкіндігін есепке алумен анықталады;

- байқау жарысы ағынды – сорғыш желдеткішпен жабдықталуға тиіс;

- байқау жарысы автокөлік құралдарының доңғалағы байқау жарасына түсуін болдырмау үшін ребордпен, ал шығатын жерде – тілгішпен жабдықталуға тиіс;

- ұзындығы тұратын жердің ұзындығынан асатын байқау жарасының үсті ені 0,8 м кем емес өтпелі көпіршемен жабдықталуға тиіс.

Түзу ағын типіндегі байқау жарасына кіру (шығу) тереңдігі 2 м тоннель арқылы жүзеге асырылады. Бірмезгілде және өтпелі көпір болып табылатын алаңы бар қосымша жылжымалы сатын қолдануға рұқсат етіледі. Бақау жарысына бір ғана кіретін жер болғанда оның қабырғасында кіріске қарама-қарсы қосалқы шығатын есік үшін басқыш (баспалдақ) жасалады. Өндірістік үй-жайларда екі және оданда көп параллель байқау жарысына кіру (шығу) автокөлік құралдарының қозғалу және орағыту жолдарына орналаспауға тиіс. Байқау жарысындағы кірістер (шығыстар) биіктігі 0,9 м кем емес тіренішпен қоршалады.







____________________________


Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
contents -> «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы»
contents -> Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы
contents -> Хабарландыру
contents -> Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
contents -> «аитв инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет