Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 5.91 Mb.
бет1/43
Дата22.12.2017
өлшемі5.91 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43



Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының


122-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жобаларды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі


____________________Т. Сүлейменов

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген




Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу

қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер





  1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 7-бабы 1-тармағының 122-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.

  2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

  3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  1. амбулаториялық-емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) нысанындағы амбулаториялық-емханалық көрсетілетін қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;

  2. амбулаториялық-емханалық көмекті көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі - АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі) – амбулаториялық-емханалық көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті мен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінен тұратын (бұдан әрі - КЖНЫК) «Бекітілган халық тіркелімі» порталында (бұдан әрі - БХТ порталы) тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі амбулаториялық-емханалық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;

  3. АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі – түзету коэффициентерін есепке алмағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық-емханалық көрсетілетін қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;

  4. ауыл субъектісі – мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктердің біріне: аудандық маңызы бар қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, кентке кіретін және БХТ порталында тіркелген ауыл халқына ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектісі;

  5. ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, ауыл халқына көрсетілетін ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі көрсетілетін қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;

  6. ауыл халқына ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі - ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті мен КЖНЫК тұратын, БХТ порталында тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегенде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;

  7. әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

  8. әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы – қордың тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi;

  9. базалық мөлшерлеменің құны – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтің бір бірлігінің есеп айырысу құны;

  10. бастапқы медициналық құжаттама – нысандары «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) көрсетілген медициналық көмектің сипатын, көлемі мен сапасын көрсететін пациенттер денсаулығының жай-күйі туралы деректерді жазуға арналған құжаттар;

  11. бірлесіп орындаушы – әлеуетті қызметтер берушілердің бірыңғай тіркеліміне қосылған, жасалған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер беруші міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші азаматтық-құқықтық шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

  12. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  13. денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке меншік медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

  14. денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді сатып алу) – көрсетілетін медициналық қызметтерді жоспарлау, таңдау және оларды сатып алу шартын жасасу мен орындау;

  15. емделіп шыққан жағдай – пациентке емделуге түскен сәттен бастап емделіп шыққанға дейін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайда көрсетілетін медициналық қызметтер кешені;

  16. жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі – бюджет қаражатының есебінен немесе «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – МЖӘ туралы заң), «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Концессиялар туралы заң) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің шеңберінде және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығының 5.7.1-тармағын іске асыру мақсатында бекітілетін денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарына (бұдан әрі – денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспары) сәйкес салынған және алғаш рет пайдалануға берілген объект;

  17. көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарының бірегей коды – алғашқы төрт саны – алғашқы төрт саны - шартты жасасу күні (айы, жылы) және келесі бес саны – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жасалған әрбір қызметтер берушіге нөмірленуіне сәйкес берілетін жазбаның реттік нөмірі болып табылатын тоғыз саннан тұратын көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарының тізіліміндегі жазбаның бірегей нөмірі;

  18. қордың активтері – аударымдар мен жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс, сондай-ақ қорға келетін Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер;

  19. құжаттың электрондық көшірмесі – құжаттың түпнұсқа түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

  20. қызметтер беруші – қор осы Қағидаларға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

  21. МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек – қордың есебінен медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларына ұсынылатын медициналық көмектің көлемі;

  22. медициналық көмек – дәрілік көмекті қамтитын, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ емделмейтін аурулардың ауыр белгілерін жеңілдетуге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені;

  23. медициналық көрсетілетін қызметтер – нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар денсаулық сақтау субъектілерінің іс-әрекеті;

  24. медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларына медициналық көмек көрсетуді көздейтін қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;

  25. медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алуға құқығы бар жеке тұлға;

  26. мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттың тараптары құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін, мемлекеттік- жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптарын айқындайтын жазбаша келісім;

  27. МСАК субъектісі – БХТ порталында тіркелген бекітілген халыққа ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде МСАК пен амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;

  28. онкологиялық науқастарға көрсетілетін медициналық көмек – барлық деңгейде дәрілік қамтамасыз етуді қамтитын, қатерлі ісіктері бар науқастарды диагностикалау мен емдеуге (оның ішінде ісік алды аурулары және қатерсіз ісіктері бар науқастарды) және диспансерлік байқауға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені;

  29. онкологиялық науқастардың орташа тізім саны – есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күнінде ОНЭТ-те тіркелген онкологиялық науқастардың санын қосу және алынған соманы айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлу арқылы айқындалатын орта есеппен есепті кезеңдегі онкологиялық науқастардың саны;

  30. онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі (бұдан әрі - ОНЭТ) – онкологиялық патологиясы бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

  31. өндірістік база – Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген лицензияға қосымшаға сәйкес медициналық қызметтер көрсету орны;

  32. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары (бұдан - сатып алу жоспары) – сатып алынатын медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдері және оларды ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетуге арналған сомалар жөніндегі мәліметтерден тұратын құрамдастырылған құжат;

  33. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу мәселелері жөніндегі апелляциялық комиссия (бұдан әрі - қордың апелляциялық комиссиясы) – ТМККК шеңберінде МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша мәселелерді шешу үшін қор құратын тұрақты жұмыс істейтін орган;

  34. шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласы (бұдан әрі - сызықтық шкала) – медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді денсаулық сақтау субъектілерінің орындауын мониторингтеу нәтижелері; және медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелерін есепке алмай, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерден асып кеткен жағдайда көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу сомасын есептеу тетігі;

  35. электрондық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті субъект – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын, денсаулық сақтау жүйесінің (электрондық денсаулық сақтаудың) ақпараттық инфрақұрылымы мен медициналық статистиканы жетілдіру саласында қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - ақпараттандыру ұйымы);

  36. электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

  37. электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.



2-бөлім. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі


  1. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу мынадай:

1) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін жоспарлау;

2) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсету үшін денсаулық сақтау субъектілерін таңдау;

3) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасу;

4) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау кезеңдерінен тұрады.

5. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде:

1) ТМККК шеңберінде Денсаулық туралы кодекстің 34-бабының 5-тармағына сәйкес денсаулық сақтау субъектілерінде;

2) МӘМС жүйесінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – МӘМС туралы заң) 34-бабының 2-тармағына сәйкес денсаулық сақтау субъектілерінде артықшылық бар.

6. МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуға МӘМС туралы заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес денсаулық сақтау субъектілері жіберілмейді.





: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет