Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы Жалпы ережелер Осы Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»



жүктеу 82.04 Kb.
Дата22.03.2018
өлшемі82.04 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылы « »наурыздағы

№ _____

бұйрығымен бекітілген



Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 32-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін белгілейді.

  2. Тарихи шығындар - мемлекет келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған, олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар.

  3. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.

  4. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты қоса алғанда, тарихи шығындар барлық пайдалы қазбалардың түрлері үшін айқындалады.



2. Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат
құнын айқындау тәртібі



  1. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жарияланғанға дейін жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесі (бұдан әрі - жер қойнауы учаскесі) шегінде орындалған барлық геологиялық зерттеулерге түгендеу жүргізеді. Түгендеудің деректері жер қойнауы учаскесінің геологиялық зерделену дәрежесі мен геологиялық барлау жұмыстарының нақты шығындарын көрсетуге тиіс. Түгендеудің деректері бойынша геологиялық зерделену картограммасы мен түгендеу ведомосі жасалады, осылардың негізінде тарихи шығындардың есебі жүзеге асырылады.

Геологиялық зерделену картограммасында: келісімшарттық аумақтың пішіні және бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары; келісімшарттық аумақта бұрын орындалған барлық геологиялық зерттеулердің пішіні көрсетілуге тиіс.

Келісімшарттық аумақта орындалған барлық геологиялық-барлау жұмыстары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының түгендеу ведомосына (бұдан әрі - түгендеу ведомосы) енгізіледі.

Түгендеу ведомосынан объекті(лер)де жүргізілген нақты жұмыстар алынып тасталады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар нақты шығындары тарихи шығындардың есебінен толық алынып тасталатын келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындар есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтамаға (бұдан әрі - алып тастау туралы анықтама) енгізіледі.

Түгендеу ведомосындағы қалған объекті(лер) бойынша жұмыстар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының шығындарының бір бөлігін есептеу туралы анықтамаға (бұдан әрі - есептеу туралы анықтама) енгізіледі.

Есептеу туралы анықтама тарихи шығындардың есебі үшін бастапқы құжат болып табылады.

Келісімшарттық аумаққа жатқызылған тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша жинақталады (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде). Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындар есебін (бұдан әрі - тарихи шығындар есебі) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.



  1. Тарихи шығындар әрбір объект бойынша жеке қаралады.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің шекарасы уәкілетті орган беретін тау-кендік немесе геологиялық бөлулермен анықталады.

Мүдделі тұлғаның сұраусалуы негізінде және геологиялық немесе тау-кендік бөлуге сәйкес уәкілетті органның тапсырмасы бойынша әрбір объект бойынша тарихи шығындар есебін уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелері өтініп келіп түскен сәтінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді.



  1. Барлау немесе бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар: жер қойнауы учаскесінің алаңына немесе оған сай келетін табиғи көлеміне барабар өңірлік геологиялық-геофизикалық, іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын, ғылыми, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерттеумен байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

  2. Барлауды немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі, сондай-ақ барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын айқындаған және бағалаған және тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей, өндіруге арналған келісімшартты жасауға айрықша құқығы бар жер қойнауын пайдаланушы бойынша тарихи шығындар геологиялық бөлу шегінде есептеледі және геологиялық бөлудің алаңына барабар көлемдегі, өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздестіру-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

Конкурс жеңімпазына немесе тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алған тұлғаға тарихи шығындар тау-кендік бөлу шегінде есептеледі және өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздестіру-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

Егер өндіру жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға кен орындары қорларының бір бөлігі берілген болса, онда тарихи шығындар кен орындарының жалпы қорларынан осы қорлардың осы бөлігіне барабар есептеледі.



  1. Тарихи шығындарды есептеуден осы Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көрсетілген жұмыстардан, пайдалы қазбалардың мәлімделген түріне жатпайтын жұмыстар, оларды геологиялық зерттеулерге арналған шығындардан басқа немесе мемлекеттің қаражатынсыз жүргізілген, ұңғыма және тау-кен өндірудің тарихи шығындарын есептеу күніне жойылған өткізу жөніндегі жұмыстар алынып тасталады.

  2. Тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде) жұмыс түрлері бойынша жинақталады. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық барлау жұмыстарының тиісінше мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған құнының салаішілік индекстерінің өзгеруі өткен жылдардың шығындарын 1996 жылғы бағаға қайта есептеуге негіз болады.

1961 жылға дейінгі шығындарды 1961 - 1990 жылдардағы бағаға қайта есептеу үшін шығындар он есе азайтылады. Шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961 - 1990 жылдардағы рубль шығындары 0,002 коэффициентіне көбейтіледі.

1961 жылға дейін жүргізілген геологиялық барлау және басқа да жұмыстардың шығынын 1996 жылғы бағаға (теңге) қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:


Тш96 = Өжш х И 91 х 0,002 х И96, мұнда:

10
Тш96 - 1996 жылғы бағамен тарихи шығындар;

Өжш - өткен жылдардың шығындары;

И 91 - 1991 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1990 жылғы бағаға өзгеру индексі;

0,002 - теңгеге аудару коэффициенті;

И 96 - 1996 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1991 жылғы бағаға өзгеру индексі.


1961 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Тш 96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96


1991 жылдан бастап шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Тш 96 = Өжш х 0,002 х И96


1992 жылдан бастап шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Тш 96 = Өжш х 0,002: И(92-95) х И96,

мұнда: И(92-95) - жылдар бойынша геологиялық барлау жұмыстары құнының өзгеру индекстері (0,002 коэффициенті ұлттық валюта енгізілгеннен кейін қолданылмайды).

1996 жылғы бағамен тарихи шығындар 1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша Америка Құрама Штаттарының ұлттық валютасына аударылады. 1996 жылдан кейін мемлекет шеккен тарихи шығындар атқарылған жұмыстар бойынша шығындарды есептен шығарған күні бағам бойынша Америка Құрама Штаттарының ұлттық валютасына аударылады. Тарихи шығындардың есебін дайындау кезінде Америка Құрама Штаттарының ұлттық валютасында алынған шығынның құны ағымдағы бағам бойынша теңгеге аударылады.



  1. Өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшiн тарихи шығындар сомасынан пайыздық ставкалар қолданылады. Пайыздық ставкалар пайдалы қазбалардың түрiне байланысты сараланады:

Көмiрсутек шикiзаты:

барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 3 %.

Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):

барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 2,5 %.

Жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда):

барлау және өндiру – 2,5 %, өндiру – 4 %.

Барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құны мынадай формула бойынша айқындалады:
геол. ақпар.= Каек х Sкелісімш. аум. х Кт, мұнда:
геол. ақпар. – геологиялық ақпараттың құны;

Каек – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша айлық есептік көрсеткіш коэффициенті;

Sкелісімш. аум. – келісімшарт аумағының жалпы алаңы;

Кт – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша түзету коэффициенті;

Айлық есептік көрсеткіш коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:

көмірсутек шикізаты – 310 АЕК;

қатты пайдалы қазбалар – 150 АЕК;

кең таралған пайдалы қазбалар – 100 АЕК;

жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 50 АЕК.

Түзету коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:

көмірсутек шикізаты – 0,01;

қатты пайдалы қазбалар – 0,015;

кең таралған пайдалы қазбалар – 0,015;

жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 0,015.

Барлауға құқықты алу кезінде айқындалған геологиялық ақпарат құны өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде айқындалатын геологиялық ақпарат құнына кірмейді.

Жер қойнауын пайдаланудан бос объекті бойынша геологиялық ақпарат сатып алынған жағдайда, геологиялық ақпараттың бір бірлігінің құны бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.



  1. Құпиялылық туралы келісімдерде геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.

: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет