Тарих кафедрасы



бет2/4
Дата02.11.2017
өлшемі0.7 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4

Әдебиеттер:

1. Бекмаханов Е. XIX ғ. 20-40-жьлдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.

2. Сыздьқова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы, 1991.

3.Қозыбаев М.Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері //Қазақ тарихы 1997, N4.

4.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.

5.Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.

6.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі - Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000. 7. Мухамед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди.А.,1999

Тақырып 3 Деректану пәні 2 сағат

1.Деректанудың қосалқы тарихи пәндермен ара қатынасы.

2.Нақты тарихи зертеулермен арақатынасы.

3.Тарихи деректердің анықтамасы. Деректану реалды дүниені тану құралы. Адамдар қолымен жасалынған мәдениет құндылықтары - фольклорлық туындылар, заттар, жазбалар, құжаттар - деректану ғылымының зерттеу объектісі.


Әдебиеттер:

1. Бекмаханов Е. XIX ғ. 20-40-жьлдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.

2. Сыздьқова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы, 1991.

3.Қозыбаев М.Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері //Қазақ тарихы 1997, N4.

4.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.

5.Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.

6.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі - Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000. 7. Мухамед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди.А.,1999

Тақырып 4 Тарихи дерекітерді сыныптау проблемасы - 2 сағат

1.Тарихи деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары.

2.Тарихи деректерді типтерге және түрлерге бөлудің негізгі принциптері. Жазба деректердің негізгі типтері. Жазба деректерді түрлік сыныптау. Ерекше (қайталанбайтын) және көпшілік (қайталанатын) деректер және олардың деректік маңызы.

3.Тарихи деректер эволюциясы. Әлем тарихы деректерінің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік ерекшеліктері. Деректер дамуының тенденциялары.


Типтiк жiктелудiң тарихи деректерді турлiк жiктелуден айырмашылығы ол деректердiн. мазмуны мен формасының сайкестiк пpинципiне негiзделген. Тип акпаратты салу жане сақтау тәсiлдерiмен ерекшеленген деректердi бipiктiредi. Негiзiнен деректердiң жетi типiн айтуға болады: жазба, заттай, этнографиялык, фольклорлық, лингвистикалық, фотокиноқұжаттар, фоноқұжаттар. Мұндай жiктеу дерекке тән ерекше белгiлерiн (пайда болу, мазмуны, формасы) eскереді, дегенмен бұл шартты жiктеу. Өйткенi, фольклорлық (ауызша) деректер қазіргi кезде, көп жағдайда жазба түрiнде таралған, ал этнографиялық деректер — заттай ескерткiштер немесе кинофотоқұжаттар турiнде берiледi. Сондықтан бұлардың арасьшда айкын аралық жоқ.

Осындай ерекшелiктерiн ескере келе 1981 жылы ИД.Ковальченконың басшылығымен шыққан «Источниковедение истории СССР» оқұлығын әлеуметтiк акпараттарды бекту формасына карап, деректерді мынандай типтерге бөлген: заттай, көркем-сурет және графикалы сурет, жазба жане фоноқұжаттар.

Сонымен қатар деректерді пайда болу тегіне, сырткы ерекшелiктерiне карай үлкен типтiк топтар класына, оньщ iшiнде шағын топтарға бөлуге болады:


  • заттай деректер — археологиялык ескерткiштерден бастап казiргi машиналар мен техникаға дейiн;

  • көркем сүрет деректері — сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлык туындылары;

  • сөздiк деректер — күнделiктi сөйлеу мәнерiнен бастап халыктың ауызша шығармашылық ескерткiштерi толығымен;

  • жазба деректер — этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетiн жазба ескерткiштерiнiң бәрi;

  • дыбысты деректер – сөзсiз немесе сөзбен бiрге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.);

  • салттық деректер — тұрмыста, мiнез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғvрыптар.

ХХ ғасыр ақпарат дәуірі боп саналады. Ғаламдасу мен ұлттық дамудың үйлесімді жарасымын талап етіп отырған жаңа технологиялар ғасыры алдымызға тың жобалармен жұмыс істеу міндетін қойып отыр. Жаңа дәуірдің келуімен тарихи деректердің жаңа түрі пайда болды. Ол – электрондық деректер. Электрондық деректер дәстүрлі деректерден (яғни қағаз жүзіндегі деректерден) шамамен кинофотофоноқұжаттар сияқты ерекшеленеді.

Тарихшылардың Интернетті игеруі соңғы жылдары ғана басталды және өз дамуында бірнеше жүйелі кезеңнен өтті:

- қорлардың сандық өсуі;

- қорларды құру процесіне кәсіби тарихшыларды тарту;

-осы процестерге байланысты туындаған мәселелерге теоретикалық мағына беру.

Бүгінде Интернет жүйесінде орналасқан әр түрлі деректер зерттеу айналымына көптеп тартылуда, алайда электрондық деректерді деректанулық талдау мәселесінің жеткіліксіздігі, деректанулық сипаттауының жоқтығы олардың оқу процесі мен зерттеулерде қолданылуын күрделендіреді. Сонымен бірге Интернет деректерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл осы тәріздес қорлармен жұмыс істеудің жаңа принциптерін әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.

Интернет жүйесінің қорларын талдау электрондық тарихи деректердің екі негізгі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

- электрондық құжаттардың дәстүрлі жазба деректермен ұқсастығы;

- тарихи деректерді жеке электрондық деректер ретінде орналастыруға мамандандырылған web-сайт.

Бірінші топ Интернет жүйесінде орналасқан баспа басылымдарының электрондық түрлерін, сандық деректерді және басқа да жеке құжаттарды біріктіреді.

Екінші топ жеке тарихи деректер ретінде қарастыруға болатын web-сайттан тұрады. Бұл жағдайда электрондық дерек құрылымы күрделенеді, авторлық мәселесі туындап, деректанулық сипаттау ерекше маңызға ие болады.

Жоғарыда айтылған тарихи дерек ретінде Интернет қорларын сипаттаудың алуан түрі ұсынылады.

Жеке электрондық құжатты сипаттау кестесі мыналардан тұрады: құжаттың атауы, авторлар, мерзімі, қысқаша мәлімет, құжат форматы, баспа нұсқасының болуы, құжат орналасқан сайтты көрсету, осы құжат орналасқан басқа сайтты көрсету.

Берілген сипаттаудағы алдыңғы үш позиция (атауы, авторды анықтау және деректің мерзімі) деректанулық талдауда дәстүрлі болып табылады және ерекше түсініктемені қажет етпейді. Қалған сипаттау позициялары электрондық деректердің ерекшелігімен сәйкестендіріледі және Интернет жүйесінің тұтынушыларына зерттеу және ғылыми тәжірибеде қорды тиімді пайдалануға бағытталған.



Қысқаша мәлімет қор сипаты мен мазмұны туралы алдын ала ақпарат береді, сонымен қатар деректанулық сипаттаудың субъективтік позициясы болып табылады. Жеке құжаттың аңдатпа кестесі Интернет жүйесінде тарихнама материалдарын сипаттауда да қолданылады.

Интернет-қорлардың келесі сипаттау позициясы – құжаттың форматын көрсету (zip, word, html). Сипаттаудың маңызды белгісі – материалдың баспа нұсқасының барын көрсету. Бұл жағдай көрсетілген материалдың сенімділігін күшейтеді және қажеттілік туындағанда ұқсас баспа нұсқасын іздеуді жеңілдетеді. Сонымен бірге ғылыми ортада көп жағдайда web-сайтқа қарағанда баспада басылған материалға жасалған сілтемеге көп сенім артады.

Қазіргі кезде web-сайттың үнемі жаңарып отыруына байланысты жүйе жағдайының ерекшелігі онда орналасқан қорлардан үзінді алуды қиындатады. Сондықтан Интернет қорын сипаттауда материалдың баспа нұсқасының бар екенін көрсету аса қажет. Осы мәселелерді шешу үшін сипаттаудың ең соңғы позициясы – сол материалды таба алатын балама адресі ұсынылады.

Тарихи деректерді жеке электрондық деректер ретінде орналастыруға мамандандырылған web-сайттың сипаттау кестесі қордың авторы, мерзімі, материалдың тақырыбы бойынша қордың сипаты, қордың түрі, ақпараттың түрі, қысқаша мәлімет, Интернет жүйесіндегі орны сияқты позицияларды құрайды. Қор сипатын материал тақырыбы бойынша белгілеу монотематикалық және политематикалық сайттарды бөліп көрсетуді ұсынады. Қорлардың түрі (ғылыми, ғылыми-көпшілік, ойын-сауық) берілген қордың сенімділік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені бүгінгі таңда Интернет жүйесіндегі тарихи мәселе бойынша арнаулы сайттардың көбі әуесқойлық болып келеді, ал кәсіби ғылыми сайттармен салыстырғанда олармен жұмыс істеу тыңғылықты деректанулық сынды талап етеді. Сайттағы ақпараттар түрінің (тақырыптық, графикалық, аудио-, бейнеақпараттық) көрсетілуі әр ақпарат түрінің деректанулық талдау әдістерін, зерттеу және білім тәжірибесінде олардың қолдану мүмкіндіктерін белгілейді. Сайттағы қысқаша мәлімет сайтта берілген материалдарды алғашқы тақырыптық жіктеуді, олардың ерекшелігін көрсетуді қамтуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген Интернет қорларын тарихи дерек ретінде сипаттау кестесі түзету мен нақтылауды қажет етеді.

Интернетті ғылыми мақсатта қолдану үшін үш бағыт белгіленеді: электрондық пошта, телеконференция, жүйенің ақпараттық қорын пайдалану /1/.

Электронды пошта – желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электронды пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адамдар қашықтыққа қарамай, бір-біріне электрондық жолдау жібере алады.

Телеконференциялардың электрондық поштадан айырмашылығы –мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына жолдайды. Әр түрлі мәліметтерді талқылау кезінде конференцияға қатысушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа арналады және оның өзіндік адресі болады, мұнда қарастырылатын мәселелер ауқымы әр түрлі бола береді – өте ауқымды тақырыптан тек бір ғана сұраққа дейін қамтылады.

WWW (world wide web – дүниежүзілік өрмек) – Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі. Мәліметтер блоктары (web-парақта) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі www-сервер немесе web-сервер деп аталатын жеке компьютерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен-біріне ауыса береді. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы – HTTP арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML тілі көмегімен құрастырылады. Бірқатар ресейлік тарихшылар В.Н.Владимиров, Н.Н.Силин, Е.В.Злобин, Е.В. Боброва және т.б. деректанулық зерттеу жүргізуде бүкіләлемдік өрмек ұсынатын мәліметтерді қолданудың келешегі барын айтады.

Тарихи зерттеулерде Интернетті қолдану ерекшеліктерін зерттеу ісінде орыс ғалымдары түпкілікті негіз қалады. Е.В.Злобиннің еңбегінде Интернеттің деректанулық мәселелеріне жеке бөлім арналған /2/. Әсіресе, бізге маңыздысы – басқа машина оқитын құжаттардан белгілі бір өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылатын алғаш рет тұжырымдалған «желілі машина оқитын құжат» /3/. Желілі құжаттардың осындай ерекшеліктеріне құжаттарды жеткізуші тұтынушыдан қашықтықта болуын және бірнеше зерттеушілердің бір дерекпен бір мезгілде жұмыс істеу мүмкіндігін жатқызады.

Е.В.Боброва электронды құжат туралы мынадай балама анықтама береді: Электрондық құжат – электронды есептегіш техника құралдары арқылы пайда болған құжат /4/. Боброва Интернет жүйесіне енгізу үшін электронды-есептегіш техника құралдары көмегімен Интернет-құжаттар класын бөліп көрсетеді. Онда Интернет бір-бірімен байланысқан және TCP/IР аpқылы өзара әсер ететін жүйе жиынтығын құрайды.

Жоғарыда келтірілген анықтамалардан байқағанымыз: авторлар желілі құжат анықтамасын бергенде, екі жақтан қарастырады. Е.В.Злобин тұтынушы ретінде желілі құжаттардың ерекшілігіне қарайды, ал Е.В. Боброва автор ретінде Интернет-құжаттың құрылуы мен міндетінің ерекшеліктеріне назар аударады.

Екі автор да ең бастысын, мәселенің деректанулық аспектін назардан тыс қалдырады. Желілі құжат тұтынушы компьютерінде уақытша файл түрінде ғана көрсетілген. Оны сақтау және тарихи дерекке айналдыру – тарихшы ғалымның жұмысы.
Әдебиеттер:

1. Бекмаханов Е. XIX ғ. 20-40-жьлдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.

2. Сыздьқова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы, 1991.

3.Қозыбаев М.Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері //Қазақ тарихы 1997, N4.

4.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.

5.Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.

6.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі - Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000. 7. Мухамед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди.А.,1999

Тақырып 5 Деректанудың қалыптасуы және дамуы - 2 сағат

1.Деректанудын, ғылым ретінде пайда болуьшың және қалыптасуының алғышарттары. Орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л.Шлецер (1735-1809), неміс ғалымы Ф.Шлейермахер (1768-1834), неміс тарихшылары Б.Нибур (1766-1831), Л. фон Ранке (1795-1886), франңуз тарихшысы П.Дону (1761-1840) т.б. - деректану ғылымының негізін қалаушылар.

2.XIX ғ. бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына тигізген өсері. Г.Ф.фон Штейннің "Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын" құруы. "Герман тарихының ескерткіштері" сериясының жарық көруі. Г.Вайц (1813-1886) жөне оның "Германия тарихының деректануы".

3.Батыс Европа елдерінде тарихи зерттеу ісімен айналысатын мамандарға деген кажеттіліктің артуы. Ұлы француз буржуазиялық революциясы және мұрағат істеріндегі өзгерістер. 1821 жылы Парижде хартиялар мектебінің ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы.Э.Бернгеймнің (1850-1942) "Тарих ғылымына кіріспе" атты оқулығындағы методология, методика, түсініктер және сьшыптау мәселелері. Ш.Ланглуа (1863-1920) мен Ш.Сеньо-бостың (1854-1942) "Тарихи зерттеуге кіріспе" атты еңбектер-нің негізгі бөлімдері және олардағы деректанулық ойлар мен тәсілдер.Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымыңың ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктері туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің (1863-1918) деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи деректер туралы біртүгас жүйелі ғылым.

4.Кеңестік тарихнамадағы деректану ғылымының дамуы ның негізгі кезеңдері жәпе деректану пәнін оқытудыц ерекшеліктері. Деректанулық орталықтар.
Әдебиеттер:

1. Бекмаханов Е. XIX ғ. 20-40-жьлдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.

2. Сыздьқова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы, 1991.

3.Қозыбаев М.Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері //Қазақ тарихы 1997, N4.

4.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.

5.Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.

6.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі - Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000. 7. Мухамед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди.А.,1999

Тақырып 5 Тарихи деректерді талдау методикасы2сағат

1.Деректанулық сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы. АЛ.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский “филологиялық сын” және “фактілік сын” туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің деректерді, ғылыми сынның негізгі кезендерін және 14 Ережесін көрсетуі.

2.Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі — методология, методика және техника.

3.Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық, принцип – деректану методикасының негізгі принциптері.

4.Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулык, эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдсрін жасау (методика).

Қазіргі таңда тарихи деректердің саны, көлемі, түрі жағынан әртүрлі. Сондықтан тарихшыға оларды бір-бірінен ажырату үшін не оларды жіктеп, не топтау керек. Осыларды топтау, жіктеуде әркім әр түрлі пікір айтады.


Жіктеу – обьективті зарттеуші өлшемдерге негіхделуі керек. Олар обьективті деректердің өзінен шығуы керек. Онда деректерде шындықтың орын алуы, бейнелену заңдары орын алуы тиіс.
Сондықтан жіктеу тек таза техникалық емес, әдіснамалық мәселе. Ол зерттеу тәсілі қызметтерін атқарады. Жалпы, Кеңес үкіметіне дейін ғалымдар тарихи деректерді зерттегенде олардың әлеуметтік тарихын ескермеді. Көбінесе 2 топқа бөлді.
Мысалы, француз Шарль Сеньобус: «Өткеннің ізі тікелей, өткеннің қосымша ізі» дейді. Лапо-Данилевский: «Мәдениеттің қалдығы» дейді. Сонымен қатар, «фактілерді суреттеу, айту» дейді. Кеңес дәуіріндегі жіктеуді ұсынамыз. Кеңес үкметінің алғашқы жылдарында өткен бұрынғы деректанушылардың пікірін қолдады. 1925-40 жж. Тарихшылар мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихи тақырыптар бойынша жіктеді. 40-50 жж. Академик Тихомиров деректерді 5 топқа бөлді: заттай, лингвистикалық, этнографиялық, ауызша, жазбаша. Тихомиров жазба деректерді 2-ге бөлді. Яғни, құжаттық және баяндаушы деп. Ол деректерді шығу тегіне қарай бөлді. ХХ съезден кейін деректерді типологиялық жіктеу қалыптасады.
Типтік жіктелу – деректердің мазмұны мен формасының сәйкестік принципіне негізделген. Ақпаратты алу, сақтау тәсілдерімен ерекшеленеді.
Типтік жіктелудің 7 түрі бар. Олар: жазба, лингвистикалық, заттай фото-кино құжаттар, этнографиялық - фоно құжаттар, фольклорлық.
Жоғарыда айтқан жіктеу пайда болу мазмұны, формасы ескеріледі. Бұл жіктеу барысында нақты жіктеу жоқ.
Ковальченконың деректану оқулығында мынадай типтерге бөледі: заттай, көркемсурет, графикалық тип, жазба, фото құжат.

Деректерді пайда болу тегі, сыртқы ерекшелігі қарай үлкен немесе шағын топтарға бөледі.



  • заттай деректер археологиялық ескерткіштерінен бастап қазіргі дамыған техника-машиналарға дейін;

  • көркемсурет сурет өнерінің барлық саласы;

  • сөздік деректер күнделікті сөйлеу мәдениетінен бастап, халықтың шығармашылық ескерткіштері;

  • жазба деректер тұрмыста, мінез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;

Жалпы, көптеген тарихи деректер бір типке жатпайды., бұлар аралас типтерді құрайды.


Мысалы, бір деректер бірнеше типтерге жатуы да мүмкін. Жазба деректер өте көп мөлшерде кездесетіндіктен, оларды әр түрге бөледі. Бұндағы негізгі принцип оның формасы мен мазмұнының мақсаты бірлігі осындай жағдайды ескергенде Н.У.Пушкарев жазба деректерді екіге бөледі:

Құжаттық:

  • картографтық

  • статистикалық

  • актілік

  • концелярлық

Баяндаушы:

  • жеке (хаттар, күнделік, заманхат);

  • көркем (очерк, роман, лирика, проза);

  • тарихи (повесть, жылнамалар, әдебиеттер);

  • ғылыми (тарихи, философиялық, әлеуметтік еңбектер).


Деректану методы

1. Деректанулық «сын».
Деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қалпына келтіретін тәсілдерді деректанулық «сын» дейді
Ресей тарихы бойынша тарихи деректер бірінші болып сыннан өткізген В.Н.Татишев . Ол қажетті дүниені қажетсізден айыра білу Мықты тарихшылардың Еңбектерін өзіне сын көзбен қарауды ұсынады.

Л Шлецер 1735-1809 жылдары тарихи сынды үш топқа бөлу арқылы жіктеген:


1.Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау.
2.Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау. В.О. Ключевский ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын (ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу). Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау дейді.
Жазба дерктерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы А.С. Лапо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады. І-кезең-«сыртқы сын» және ІІ-кезең «ішкі сын».
Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы парагровта айтылған белгілі француз ғалымдары Ш.Лангуа мен Ш.Сеньбосқа да тән болды. Олардың Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде шынайылықта айқындау «автордың көңіл күүйін анықтау арқылы жүреді»-дейді.

2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.

Ғылыми еңбектерде, деректану бойынша жүргізілген кәзіргі зерттеулерде деректанулық талдау жүйелі теориялық негіздемеге ие болды. Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы кең, оған методика да енеді. Ол негізгі үш құрамдас бөлімнен тұрады:

-Нақты методология-басқаша айтсақ, метод теориясы, осының негізінде ғылыми таным принціптері жасалады;

-Методика-зерттеудің нақты ережелері мен тәсілдері;

-Техника-зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың жиынтығы.

Үш құрамдас бөлім- методика, методология және техника бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, методология жетекші орын алады.

Методология мен методиканың ғылыми таным тәсілінің ажырамас құрамдас бөлігі екендігінен шыға отырып, тарихи деректану методикасын айқындауға болады. Бұл методика мынадай принціптерге негізделген:

Обьективтік принціп - тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу.

Партиялық принціп - ол деректерді зерттеудің өзекті мәселесі етіп, әлеуметтік талдауды алады: деректің қандай ұлттың, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды, деректе сол әлеуметтік топтардың, ұлттардың не таптардың мүддесінің қаншалықты ашық, толық дәл көрсетілгендігін анықтайды.

Тарихи принціп – ол дерекке тек нақты тарихи тұрғыдан қарау емес, сонымен қатарпайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді зерттеу.

3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».

Деректі сынаудың бұл кезеңі мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындалуын, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсат мен міндеттерін анықтаудан тұрады.



Деректердің сақталу формалары. Кез келген тарихи дерек белгілі бір материялды формада өмір сүреді. Мазмұны жағынан бірдей мәтіннің өзі әр түрлі формада кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақтау формасы: қолжазба ма жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материялдары ма, жоқ публикация ма?

Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемесы. Деректің мазмұнымен танысу барысында мәтінді қалпына келтіру және оның дәл мәнін ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі кейбір сөздердің дұрыс оқылмауы немесе өшіп қалуына байланысты. Кей жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Кәзіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен қалпына келтіру қолға алынуда.
Деректің пайда болған уақытын анықтау. Барлық деректерде бірдей оның жазылған уақыты көрсетіле бермейді., кейде мәтінде көрсетілген уақыттың өзі де дұрыс болмауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы мәліметті сол мәтіннің өзінен, оның мазмұнынан табуға болады: деректе аталған тарихи тұлғалардың атынан, оның лауазымынан. Атақ дәрежесінен.
Деректің пайда болған жерін анықтау. Жоғарыда айтылған мәтінді оқу және уақытын анықтау үшін пайданылған тәсілдердің көбі, оның пайда болған жерін анықтау үшін де қолданылады. Сонымен қатар тарихшы тарихи географиялық гнегізіннде жасалған тарихи карталарды да пайдаланады. Тарихшыға қойылатын талаптың ең бастысы өзі зерттеп жүрген жерін көз алдына елестетуі. Сонымен қатар тарихи әкімшілік-территориялық өзгерістерді де жақсы білгені жөн.

Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын білу оны тарихи зерттеулергеи пайдалану міндетті шарт емес. Деректегі сақталынған ақпараттың сипаты оның авторымен емес, мазмұнымен айқындалады. Тарихшыны жасырын атпен, бірнеше атпен немесе тіптен атсыз жазылған деректерр де қызықтырады. Көптеген жағдайда тарихшылар өз еңбектерінде заң жобаларын, заң актілерін, үкімен қаулы-қарарларын, ағымдағы іс қағаздарын кеңінен пайдаланса да олардың авторын білуге ұмтылмайды. Дегенмен, бұдан дерек авторының аты керегі жоқ деген ұғым тумау керек.

4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.
Деректегі ақпараттың ғылыми маңызын бағалау кезінде оның шындыққа қатынасымен қатар, тарихшымен байланысын да айқында қажет. Бірінші жағдайда дерекпен шындықтың байланысына шынайылық проблемасы, екінші жағдайда «дерек және тарихшыға» өкілеттілік проблемасы пайда болады.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет