Тарих кафедрасы



жүктеу 0.7 Mb.
бет1/4
Дата02.11.2017
өлшемі0.7 Mb.
түріСеминар
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

«Деректану» пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
050114 тарих мамандығына арналған

Семей, 2013

Құрастырушы: Тарих магистрі, Керейбаева А.С.
Кафедра отырысында бекітілді.

«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _____


Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к._________________ Мұхамеджанова Н.А.
Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында талқыланды.
«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к. _________ Тохметова Г.М.

Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.


«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________
Гуманитарлық-заң факультетінің деканы т.ғ.к., _________ Мамырбеков А.М.

Мазмұны



  1. Пән бойынша глоссарий ……………………………………………… 4-5




  1. Пән бойынша жұмыс бағдарламасы………………………………….. 5-6




  1. Дәріс сабақтарының тезистері …………………………………………6-33




  1. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау……………………….......... 33-36




  1. ОСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау……………………………………36-37




  1. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау……………………………………. 38-39




  1. Бақылау тапсырмалары ...............................……………………………39-



  1. ГЛОССАРИЙ

Дерек – дерек көзі. 1. Хабар – ошар, мәлімет, мағлұмат. 2. Бұлақ, нақты дерек көзі – жылнама, шежіре, дастан.

Тарихи деректер – тарихи дерек көздері. Адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатынның бәрі,адамзаттың іс-әрекетінің барысында жасағанның бәрі.

Деректану - тарихи деректер туралы ғылым.

Деректанулық талдау - деректегі мағлұматтың шынайылық дәрежесін, ғылыми танымдық маңызын анықтау мақсатында жүргізілген өзара байланысты істер.

Деректанулық эвристика – деректерді іздеу, табу.

Деректанулық сын - деректегі мағлұматтың шынайылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Деректі аналитикалық сынау - нақты фактілерді анықтау мақсатында нақты деректі сынау.

Деректерді синтетикалық сынау - фактілер жиынтығын анықтау мақсатында деректер кешенін сынау.

Деректерді пайда болу негіздерін сынау - деректердің сыртқы ерекшеліктерін: авторын, уақытын, жерін, түпнұсқалығын, өмір сүру формасын, тарихи жағдайын, алғы шарттарын, деректі жасаудағы әлеуметтік мақсаты мен міндеттерін т.б. анықтау тәсілі.

Деректің мазмұнын сынау – деректегі мағлұматтың шынайылық, толықтық деңгейін, ғылыми құндылығын анықтау тәсілі.

Деректерді сыныптау - деректерді ортақ қасиеттері бар, бірақ бір – бірінен ерекше белгілерімен айырылатын категорияларға бөлу.

Деректерді түрлік сыныптау - жазба деректерді пайда болуы, мазмұны, міндеттерінің бірлігі негізінде, ішкі құрылымдарының ұқсастығына сай тарихи қалыптасқан түрлерге бөлу.

Деректерді типтік сыныптау - деректерді мазмұны мен формасының сәйкестік принципі негізінде сыныптау.

Жылнамалар – уақиғаны болған жылы бойынша баяндайтын орта ғасырлық жазба деректер.

Қайталанатын деректер – формасы мен мазмұны жағынан аса көп мөлшерде қайталанып отыратын деректер: статистикалық, халық санын алу, қоғамдық пікірлерді білу, іс қағаздары.

Заманхат - біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яки өз ішінде болған істерден дерек беруі-заманхат деп аталады.

Қолданбалы деректану - әр түрлі тарихи кезеңдерге тән нақты деректерді тану.

Қайталанбайтын деректер - жеке-субьективті туындылар.

Деректің шынайылық деңгейі - оқиғаның не құбылыстың деректе бейнеленуінің шындыққа қаншалықты сәйкестігі.

Деректің толықтық деңгейі - реальды құбылыстың мәнді белгілері мен негізгі мазмұнының деректе бейнелеу деңгейі.

Деректің сақталу формасы - деректің қандай формада жетуі: қолжазба, баспа, ауызша, тасқа жазу т.б.

Шежіре - шежіре-өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі.

Құжат - материал негізінде дәлме дәл жазып алынған, бір ізге түсіруге мүмкіндік беретін ақиқат.




  1. ПӘН БОЙЫНША ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пререквизиттер:

«Деректану» пәнін оқытуға мүмкіндік берген бұрынғы пәндер: Мектеп бағдарламасы курсындағы Қазақстан тарихы, жалпы тарих, қоғамтану,әдебиет, ежелгі Қазақстан тарихы, ежелгі дүние тарихы,орта ғасырлар тарихы, түркі халықтарының тарихы, этнология, тарихи өлкетану, мұрағаттану, қосалқы тарихи пәндер және арнайы тарихи пәндер.


Постреквизиттер:

«Деректану» пәнімен пәнаралық байланыс: мәдениеттану, әлем тарихы, қосалқы тарихи пәндер, археология, этнология, Қазақстанның қазіргі заман тарихы тарихы, Еуропа және Американың жаңа заман тарихы, Қазақстан тарихының тарихнамасы, Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы, шығыс елдері: мәселелері және болашақ дамуы, тарихнама және арнайы тарихи пәндер.


Курсқа қысқаша сипаттама:

Қазақ халқының тарихы да басқа халықтардың тарихы сияқты кешенді тарихи деректердің анализі негізінде қаланады.Ұлттық тарихты тану тарихи деректер және терең анализге ден қою, одан әрі сыни анализдің қазіргі әдістері қолдану жолдары арқылы толыққанды жүзеге асады.Онымен тарихи ғылымдардың бірі-деректану шұғылданады. Деректану студенттерді тарихи тұрғыдан дайындау жүйесінде негізгі орындардың бірін алады.Бұл пәнді оқыту жас мамандарды-негізгі кәсіби дағдылардың қалыптасуын, олардың түрлі тарихи деректермен жұмыс істей білуін қамтамасыз етеді.


Курстың мақсаты: Деректану курсы тарих ғылымының дерктанулық-тарихнамалық негіздерін, деректану ғылымының қалыптасу және даму тарихы, методологиясы, әр елдің деректемелерімнен кең түрде таныстыра отырып, тарихи деректерді сыни талдау, тұжырымдау арқылы оны ғылыми айналысқа енгізу мәселелері тізбегін қарастырады. Және де айтылғандарды белсенділікпен шешуде маңыздырақ көмегі болары түсінікті.Деректердің болмысын уақыттың әлеуметтік жағдайыан туындайтын, осы жағдайларда көрініс табатын және деректанудың гносологиялық болмыс мақсаттарын тарихи таным құралы ретінде оқу болып табылады.

Курстың негізгі міндеттері:

  • деректердің сыни анализі және таңдауын пайда болу бойынша жасай білу;

  • тарихи зерттеудің деректік-ақпараттық негізін жасау;

  • тарихи зерттеудің терминологиялық аппаратын игеру;

  • деректерді анализдеудегі әдістер жүйесінің білімі және оларды іс-тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері;

  • аймақтық тарих бойынша деректердің шеңберімен танысу;


Курсты оқып-үйренгеннен кейін студенттер төмендегідей білікті меңгеруі қажет:

  • Әлемдік тарихи тенденциялар негізінде адамзаттың тарихи дамуының негізгі кезеңдері туралы ғылыми негізінің болуы;

  • Деректанулық ұғымдар мен терминдер жүйесін игеру;

  • Теориялық деректану тарих ғылымдарының құрамдас бөлігі екендігін, тарихи зерттеулерде алатын орны ерекше екендігін білуі керек

  • Тарихи деректерді таңдауды және тарихи деректерді сыныптау мәселесін игеру;

  • Қоғам дамуының, адамзат тарихының кезеңдерін терең білу және оларды дәуірімен, формациямен теңестіре, салыстыра білу, тарихи фактілерді талдау, тарихи оқиғалар мен құбылыстардың табиғи мәнін ашып көрсету, оларға баға беру

  • Тарих ғылымының жалпы даму барысында түйінделген тарихи мұраларға деген сыни қатынасты қалыптастыра білу;

  • Тарихи ұғымдарды қалыптастыру, қоғам заңдылықтарын ашу негізінде баяндау

  • Тарихи деректер мен тарихнамалық әдебиеттермен жұмыс жүргізуді және оны сараптауды меңгеруі

  • Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастарын білу;




  1. Дәріс сабақтарының тезистері.

Қысқаша дәрістер жинағы.
Тақырып 1 Деректанулық ұғымдар мен терминдер - 1 сағат

1.“Ұғым" мен "терминнің" анықтамасы.

2.Ғылыми ұғымдар мен терминдер жасау тарихынан.

3. Деректанулық терминдер: "дерек", "деректану", "сыныптау", "тарихи дерек", "тарихи факт" т.б.


Деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуының теориясы мен практикасы туралы ғылым.

Дерек:

  1. хабар-ошар. Әдетте, бұрыннан көпшілікке белгілі, таныс нәрсе туралы мағлұматқа, жаңалыққа, т.б. қатысты қолданылады;

  2. ғылымдағы ізденіс нәтижесі, табылған мәлімет, оқиғалар дәйегі, ғылым дәлел;

  3. логика мен ғылым методологиясындағы эмпиряилық білімдердің түйіні, айрықша ой қорыту бітімі;


Деректану тарихшылардың теориялық, методологиялық және арнаулы даярлығын қамтамасыз ететін іргелі ғылымға жатады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының аса маңызды ерекшелігімен байланысты. Тарихтың нысаны – қоғамның өткені тарихшыға тек тарихидеректер арқылы ғана танылады. Ал тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу нысаны болып табылады. Деректану әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи процестерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі. Деректану арнаулы ғылым ретінде тарихи зерттеулер тәжірибесі барысында тарихи құжаттардың түпнұсқасын анықтау тәртібін жасау негізінде пайда болды. Деректерді талдаудан өткізу ежелгі дәуір тарихшылары заманынан (Лукиан, Тацит), Қайта өрлеу кезеңінен (Л.Валла, У.фон Гуттен, т.б.) белгілі. XVII ғасырда дипломатияның дамуына байланысты құжаттарды ғылым тұрғыдан зерттеу әдістемесі, ал XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың 1-жартысында неміс ғалымдары А.Л.Шлецер, Б.Г.Нибур, Л.Ранкенің еңбектерінде құжаттарды сын елегінен өткізу әдісі қалыптаса бастады. Алғаш жазба деректер тек нақты-тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылым айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның деректерде қарама-қайшы бейнеленетіні байқала бастады. Сондықтан ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды.
Деректанудың өзіндік зерттеу нысаны, арнайы әдістемесі бар пән ретінде XIX ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. Деректану ғылымы теориялық және қолданбалы болып 2 түрге бөлінеді. Теориялық деректану тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын, олардың нақты тарихи процесті бейнелеуін, ондағы мағлұматтардың мазмұнын зерттейді, деректерді жүйелеу принциптерін анықтайды. Теориялық деректану жазба деректер негізінде зерттеледі. Қолданбалы деректану тарихтың жеке салаларына, тарауларына, кезеңдеріне байланысты қалыптасты. Деректанулық тәжірибе архивтер, мұражайлар мен кітапханалардың деректерді жинақтау, сақтау, баяндау, жариялау қызметін, тарихшының зерттеу жұмысы кезінде деректермен жұмыс істеуін қамтиды.
Деректану деректерді объективті өмір шындығын бейнелейтін, күрделі қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады. Дерек объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі негізінде пайда болады, сондықтан олар жан-жақты талдауды қажет етеді. Деректі талдау екі кезеңнен тұрады: деректің түпнұсқамен дәлдігін анықтау және алынған мәліметтердің анық-қанығынакөз жеткізу. Деректердің әр алуан түрлеріне талдау жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, құжаттық деректерді талдау мен баяндаушы деректерді талдауға әр түрлі тәсілдер қолданылады. Деректердің түпнұсқамен дәлдігін анықтау мәтінді айқындауды, деректі түсіндіруді және оның пайда болуын зерттеуді қажет етеді. Мәтінді айқындау жұмыстарына мәтінді дұрыс оқу және түсіну, кейіннен енгізілген толықтырулар мен қосымшаларды анықтау, олардың түпнұсқаға қатынасын ашу, егер түпнұсқа болмаса, онда мәтіннің тарихын және бастапқы авторлық нұсқасын қалпына келтіру, т.б. жатады.
Деректі түсіндіру баяндалатын нақты оқиға, фактілерді анықтау, мәтіндегі тура немесе астарлы сөздерге, метафораларға түсіндірме жасаудан тұрады. Деректердің пайда болуын зерттеу үшін оның авторын, уақытын, деректің шыққан жерін, пайда болуының тарихи жағдайын анықтау қажет. Деректердің пайда болған жерін, уақытын палеография, метрология, т.б. қосымша белгілер арқылы шамамен анықтауға болады. Ал дерек авторын қосымша белгілер (мазмұны, тілі, стилі, қолтаңбасына қарап) арқылы анықтау көп жағдайда құжат арқылы дәлелденгенге дейін болжам ретінде танылады. Тарихшы зерттеу жұмысының осы бірінші бөлімі арқылы дерек көзінің дәлдігіне көз жеткізе алады. Әрі қарай талдау жүргізу әдісі деректе берілген мағлұматтарға байланысты болады. Баяндаушы деректердің (жылнамалар, мемуарлар, публицистика, т.б.) дәлдігін анықтау мағлұматтардың пайда болу жағдайын, нақты мәліметтерді тексеруді, автордың саяси көзқарасын ашуды қажет етеді. Бұл деректанулық талдау жасаудың екінші бөлімі. Егер дерек баяндалып отырған оқиғаға қатысушы куәгердің мәліметі болса, онда оның сол оқиғаға қандай жағдайда қатысқаны, тарихи шындықты суреттей алатын мүмкіндіктері анықталуы шарт. Оқиғаға автордың өзі тікелей қатыспаған жағдайда оның мәлімет алған дерек көздері анықталып, мағлұматтардың толықтығы мен дәлдігі тексеріледі. Автордың жеке саяси көзқарасы берілген мәліметтердіңобъективтілігіне әсер етеді. Деректегі нақты мәліметтерді логикалық талдау және салыстыру арқылы тексеруге болады. Әр алуан деректерде берілген мәліметтердің бір-бірімен сәйкес келуі олардың нақтылығын дәлелдейді. Отандық деректану ғылымының қалыптасуы мен дамуына Ш.Ш.Уәлиханов, Ә.Н.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Е.Бекмаханов, Ә.Х.Марғұлан, т.б. зор үлес қосты. Қазіргі деректанудың теориялық-әдістемелік проблемаларына, деректерді зерттеуде Математикалық тәсілдер мен компьютерлер пайдалануға ерекше көңіл бөлінген.басканы мен билмеймин[1]

Деректану – тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің  пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу.

Теориялық деректанудың жалпы тарих ғылымындағы алатын орны ерекше. Оның қосымша тарихи пәндермен және басқа да тарихи зерттеулермен ара қатынасы бар.

1). Қосалқы тарихи пәндер. Тарихи деректерді зерттеумен көптеген қосалқы пәндердің айналысатыны белгілі.

Қосалқы тарихи пәндердін, арасында, түп дерек тануға ерекше орын беріледі, мұның міндеті тарихи түп деректерді тауып анықтау, оларды ғылыми жүйеге келтіру, сын көзімен талдау, зерттеу мен пайдалану әдістерін тұжырымдау, әрі, ақырында адамзаттың, өткен шағының тарихын баяндау үшін түп дерек бере алатындардың бәрін, нақтылы да жан-жақты алып анықтап шығу  болып табылады.

Кейбір қосалқы тарихи пәндер өз алдына неғұрлым тар мақсаттарды қояды. Бұлардың бірі тарихи түп деректердін, жеке түрлерін зерттеумен шұғылданады. Мәселен, эпиграфика тас плиталардың, металдың, сүйектің, ағаштың, саз балшық бұйымдардың, үстіндегі жазуларды, папирология— папирустардағы жазу-сызуды, ал нумизматика басқа міндеттермен қатар — монеталардағы мәтіндерді зерттейді. Жекелеген қосалқы тарихи пәндер өзінің назарын жазба түп деректердін, сыртқы белгілерін зерттеуге аударады. Палеография, мәселен, жазу-сызу материалдары мен оның құралын, жазу мен өрнектеу ерекшеліктерін, сфрагистика — баспасөздерді, оның қосымша құжаттарын, ал геральдика — гербтерді, ел таңбаларды, орта ғасырларда кеңінен таралған ерекше айырым белгілерін зерттейді.

Қосалқы тарихи пәндердің ерекше бір тобы жазба тарихи түп деректердің жеке түрлерінің ғылыми сын тәсілдерін тұжырымдайды. Оған, мәселен, актілерді зерттейтін дипломатика және әдеби шығармалардың мәтіні тарихына өзінін, назарын аударатын текстология жатады.

Тарихи түп деректерді зерттеу ушін деректерді тұжырымдауды өз алдына міндет етіп қоятын бірқатар тарихи пәндерді атаған жөн. Бұлардың қатарына, ең алдымен, белгілі бір тарихи  оқиғалардың,  уақытын  анықтаумен  шұғылданатын  тарихи хронология, өлшемдер және ақша есебі жүйесін зерттейтін метрология жатқызылады. Түп деректердің ғылыми сыны үшін тарихи өткен шақтың географиясын қалпына келтіретін тарихи география және онымен тығыз байланысты жеке географиялық атаулардың этимологиялық құрылымын, маңызын әрі қайсыбір тілге жататындығын зерттейтін тарихи топонимика көп деректер береді. Тарихи түп деректерді зерттеу үшін рулардың, әулеттер мен жеке адамдардың шығу тегі мен тарихын зерттейтін генеалогия сияқты қосалқы тарихи пән де маңызды мәліметтер береді.

Қосалқы тарихи пәндердің қай-қайсысы болсын өзінің зерттеу объектісі жағынан да, тәсілі мен шеңбері жағынан да деректанудан әлдеқайда тар.

Деректану деректердің кейбір түрлерін, типтерін немесе топтарын (теңгелер, актілер, жылнамалар, заманхаттар т.б.) ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректердегі салынған ақпараттарды қоғам дамуының заңды өнімі ретінде зертттейді. Сондықтан оның шеңбері барлық жағынан қосалқы тарихи пәндерден кеңірек.

2) Haқты тарихи зерттеулермен ара қатынастары.

Екiншi жaғынан, деректануды накты тарихи зерттеулермен, жалпы тарихи ғылымымен шатастыруға да болмайды: а) тарихи зерттеу өз мiндетiне тарихи деректер комплексi негiзiнде тарихи процестер заңдылығын тануды алады; ә) деректану ез мiндетiне деректi қоғамдык өмiрдiң жемiсi ретiнде, басқаша айтқанда тарихи процестiң бiр бөлiгi ретiнде тануды алады. Деректану шеңберi тарихи зерттеу шеңберiнен тар.


Әдебиеттер:

1. Бекмаханов Е. XIX ғ. 20-40-жьлдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.

2. Сыздьқова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы, 1991.

3.Қозыбаев М.Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері //Қазақ тарихы 1997, N4.

4.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.

5.Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.

6.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі - Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000. 7. Мухамед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди.А.,1999
Тақырып 2 Деректану теориясы - 2 сағат

1.Тарихи деректер бейнелеу теориясы түрғысыпан.

2. Деректердегі объективілік пен субъективтілік туралы.

3.Тарихи шындық пен деректің, дерек пен тарихшының диалектикалық байланыс механизмі

4.Тарихи танымныц ретро-спективті сипаты.

5.Тарихи дерек ұғымы ақпарат теориясы туралы білім тұрғысынан.

6.Деректану және тарихи зерттеу.
Деректі түсіндіру баяндалатын нақты оқиға, фактілерді анықтау, мәтіндегі тура немесе астарлы сөздерге, метафораларға түсіндірме жасаудан тұрады. Деректердің пайда болуын зерттеу үшін оның авторын, уақытын, деректің шыққан жерін, пайда болуының тарихи жағдайын анықтау қажет. Деректердің пайда болған жерін, уақытын палеография, метрология, т.б. қосымша белгілер арқылы шамамен анықтауға болады. Ал дерек авторын қосымша белгілер (мазмұны, тілі, стилі, қолтаңбасына қарап) арқылы анықтау көп жағдайда құжат арқылы дәлелденгенге дейін болжам ретінде танылады. Тарихшы зерттеу жұмысының осы бірінші бөлімі арқылы дерек көзінің дәлдігіне көз жеткізе алады. Әрі қарай талдау жүргізу әдісі деректе берілген мағлұматтарға байланысты болады. Баяндаушы деректердің (жылнамалар, мемуарлар, публицистика, т.б.) дәлдігін анықтау мағлұматтардың пайда болу жағдайын, нақты мәліметтерді тексеруді, автордың саяси көзқарасын ашуды қажет етеді. Бұл деректанулық талдау жасаудың екінші бөлімі. Егер дерек баяндалып отырған оқиғаға қатысушы куәгердің мәліметі болса, онда оның сол оқиғаға қандай жағдайда қатысқаны, тарихи шындықты суреттей алатын мүмкіндіктері анықталуы шарт. Оқиғаға автордың өзі тікелей қатыспаған жағдайда оның мәлімет алған дерек көздері анықталып, мағлұматтардың толықтығы мен дәлдігі тексеріледі. Автордың жеке саяси көзқарасы берілген мәліметтердің объективтілігіне әсер етеді. Деректегі нақты мәліметтерді логикалық талдау және салыстыру арқылы тексеруге болады. Әр алуан деректерде берілген мәліметтердің бір-бірімен сәйкес келуі олардың нақтылығын дәлелдейді. Отандық деректану ғылымының қалыптасуы мен дамуына Ш.Ш.Уәлиханов, Ә.Н.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Е.Бекмаханов, Ә.Х.Марғұлан, т.б. зор үлес қосты. Қазіргі деректанудың теориялық-әдістемелік проблемаларына, деректерді зерттеуде Математикалық тәсілдер мен компьютерлер пайдалануға ерекше көңіл бөлінген.басканы мен билмеймин

Қазіргі таңда технократиялық ойлау жүйесі қалыптасып, үлкен қарқын алуда. Осы тұста мемлекеттің және қоғамның саналы өкілдері өткен тарихи кезеңдердегі деректерді болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында сақтап қалдыру жауапкершілігіне ерекше мән беріп, біршама іс-шаралар жасауда.

Қоғамдық қатынастардың дамуы ақпараттық ресурстарға деген сұраныстарды арттырып отыр. Ақпараттық ресурстардың қоғам өміріндегі шынайы мәні, зор ақпараты бар құжаттардың үлкен жиынтығын сақтайтын мұрағат мекемелері екені рас.

Мұрағат дегеніміз – тарихи деректік құжаттар сақталатын алтын қазына. Онда ата-бабамыздың әулеттік шежіресі сақталып, өткен өмірдің айнасына айналуда. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, дипломатиялық қарым –қатынастар, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары жөнінде құнды құжаттар сақталады. Сондықтан да мекемелер мен кәсіпорындарында, оқу орындарында іс қағаздарын жазғанда бекітілген номенклатура негізінде ұқыпты, нақтылы, дәлелді, мазмұнды жазып, болған іс-шараны ешқандай қоспасыз көрсете жазу шарт. Әр жыл соңында мекемелердегі іс қағаздар бекітілген сараптау комиссиясының шешімімен құжаттарды сараптау, жүйелеу негізінде сол мекеменің ведомствалық мұрағатына өткізіледі.

Ал жарамсыз деп есептелінген құжаттар сараптау комиссиясының шешімі бойынша тізбе негізінде жойылады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен мемлекеттің мәртебесінің өсіп өзгеруімен, саяси, экономикалық жағдайдың тұрақтанып, жақсаруымен мұрағат ісінде де біршама өзгерістер жасалынды. Бұрынғы одақтық республикалардың мұрағат мекемелерімен қалыпты байланыстың орын алған қиындықтарына қарамастан, құжаттармен қамтамасыз ету саласында «Ұйымдастырушылық -өкілдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын уақытша талаптар» жасалынды және олар іс жүзіне асырылуда.

Мұрағат ісінде міндеттерді атқарудың құқықтық негізі жасалынды. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22-желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы және «Мұрағат» жөніндегі түсінік бекітілді. Онда мемлекеттік мұрағаттар, олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері айқындалды. Мемлекеттік мұрағаттардың түрлері анықталды. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын жіктеу белгілеріне сәйкес мемлекеттік мұрағаттар жүйесі құрылды. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары, қалалық, аудандық, ведомствалық арнайы мемлекеттік жеке мұрағаттар тиісті ережелерге, талаптарға сәйкес өз жұмыстарын атқаруда. Әр мұрағат қызметкердің этикалық кодексінің негізгі принциптері бекітілді. Ол бойынша әр қызметкердің міндеті:

Мұрағаттық құжаттардың тұтастығын қорғау және олардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету;

Құжаттардың құндылығын сараптап, іріктеу бір жүйеге келтіру;

Мұрағаттық құжаттардың түпнұсқалылығын қорғап, сақтай отырып, оларды мемлекеттік, коммерциялық, жеке құпияларды, конфиденциалды ақпаратты сақтай отырып пайдалану;

Қызмет көрсету барысында заң шеңберіндегі іс-шараларды іс жүзіне асыру;

Әр мұрағат қызметкері басқа мамандық өкілдерімен ынтымақтаса отырып, әлемдік құжаттық мұраладың сақталуын қамтамасыз ете отырып оны тиімді пайдалану деп көрсетілген.

Мұрағат құжаттары тарихи дерек ретінде Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына тигізер әсері мол. Өйткені өткен тарихи кезеңдерді зерттеп білу үшін мұрағат құжаттарына сүйенеміз. Мұрағат құжаттарын тиімді пайдалану арқылы Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерін ашуға мүмкіндік туады. Тарихи зерттеулер мұрағат құжаттары негізінде жинақталып жазылатындықтан бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып отыр. Мұрағат құжаттарын мәдени- ағарту және насихаттық мақсатта пайдаланудың барысында: көрмелер ұйымдастырып, теле және радио хабарлар даярлап, лекция мен экскурция өткізіп және мерзімді басылымдарда мақалалар жариялап, түрлі құжаттық көрме ұйымдастыру болып табылады. Көрме құжаттарды насихаттау үшін жасалады. Көрмеде арнайы таңдалып алынған құнды, әрі қызық (хаттар, естеліктер, фотосуреттер, брошюралар, плакаттар т.б.) құжаттар қойылады. Көрменің тақырыбы елдің қоғамдық – саяси өміріне белгілі мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлерге, республика тарихына арналуы мүмкін. Мұрағат құжаттарының көрмелері уақытша және тұрақты болып келеді1.

Тұрақты көрмелер ұзақ уақыт бойы жұмыс жасайды. Мұндағы экспонаттар жартылай немесе толық ауыстырылып отырады. Ал уақытша көрмелер белгілі бір мерзімге дейін жұмыс жасайды. Қай жерде және қалай орналасуына қарай көрмелер стационарлық және көшпелі болып келеді.

Көрменің мақсаты тақырып мазмұнын жоғары ғылыми деңгейде ашып, құжаттық экспонатты жан-жақты көрсету болып табылады. Бұл мақсатта жұмыс екі кезеңге бөлінеді, яғни көрменің экспозицияларын ғылыми даярлау және көрмені безендіру2. Көрменің экспозициялық құжаттарын ғылыми даярлауда әдетте тақырыпқа байланысты әдебиеттерді зерттеуден және библиография жасаудан тұрады. Көрмеге қойылатын құжаттар тексіне фото және ксерокөшірме жасалады. Сонымен қатар безендіру материалдары да (сурет, гравюра, акварель) тек түпнұсқа түрінде көрсетілді.

Мұндай көрмелердің тақырыбы заман талабына сай болуы шарт. Жылжымалы көрмелердің ерекшелігі оларды бірнеше түрде жасап, әртүрлі қалаларға жіберуге болады. Көрменің ашылғаны жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және мерзімді баспасөз беттеріне мәлімет беру көп жағдайда көрменің табысты өтуіне себепші болады. Фотоальбом жасау әдістемесі көрме әдістемесіне жақын. Тек фотоқұжаттармен жұмыс жасау ерекшелігін ескерген жөн.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты 1985 жылы Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне «Мұрағат халық игілігі» атты үлкен көрме ұйымдастырды3. Бұл көрменің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының даму тарихын және оның қоғамдық қызметін көрсетуге арналды.

Мерзімді баспасөз беттерінде мақала жариялау, теле және радио хабарлар ұйымдастыру құжаттарды мәдени – ағарту және үгіт насихаттық жұмыста пайдаланудың кең тараған түрі. Мерзімді басылымдар  беттерінде жарияланған мақалалардың тақырыбы әртүрлі.

Көбінесе олар белгілі бір мұрағаттың құжаттар құрамы мен мазмұнына арналады. Сонымен қатар белгілі бір тақырып бойынша құжаттардың мазмұнына және мұрағат ісі жөніндегі негізгі сұрақтарға арналады4. Мұрағат материалдары негізінде ғылыми – көпшілік кітапшалар шығару, мұрағат қойнауында жатқан ең қызықты құжаттарды көпшілікке танымал етудің тиімді түрі.

Мұрағат құжаттарын танымал етуде радио хабарларының атқаратын орны зор. Мұрағат құжаттарын насихаттауда бірнеше радио хабарлардың түрі қолданылады. Олар: тақырыптық әңгімелер, баяндамалар, лекциялар және мұрағатта табылған және жаңадан келіп түскен құжаттар жайлы хабарлар ұйымдастырылады5. Әңгімелік, лекциялық және баяндамалық радио хабарларының ұзақтығы 30 минут болуы шарт. Ал соңғы хабарда берілетін радиолық ақпараттар көлемі бір беттен аспауы қажет. Радиолық ақпараттың оқылу ұзақтығы 3 минуттан аспауын ескерген жөн. Әдетте радиорепортаждарда құжаттар жайлы және оның ғылымды, халық шаруашылығын, мәдениетті дамытудағы ролі жөнінде айтылады6.

Мұрағат құжаттары негізінде даярланған телехабардың көрерменге әсері зор. Телехабарларда белгілі оқиғаға байланысты құнды құжаттардың түпнұсқасын және оқиға куәгерлерімен даярланған телехабарлардың көрерменге әсері зор. Телехабарларда белгілі оқиғаға байланысты құнды құжаттардың түпнұсқасын және оқиға куәгерлерімен қатысқан адамдарды көрсетуге болады. Сонымен қатар фото-кино құжаттарды пайдалануға, хабарға музыка мен ән қосу тиімді. Мұрағат құжаттары негізінде әзірленген телехабарлар өзінің көлемі жағынан әртүрлі болып келеді. Бір түрі тележурналдық болып келсе, екіншісі мұрағат құжаттары негізінде жасалған арнайы телефильм. Телехабар үшін мазмұны қызықты құжаттар таңдалынып алынады. Телехабар текісін көрермендер тиісті дәрежеде қабылдауы үшін автор сөзімен қатар құжаттардан үзінді келтіріп, оқиғаға қатысқан адамдарға сөз беріп, көркемдік шығармадан үзінді келтірген жөн.

Мұрағат құжаттарын мәдени- ағарту мақсатта пайдаланудың тағы бір түрі- кездесулер ұйымдастыру, экскурсия мен лекция оқу болып табылады. Бұл кездесулерде мұрағат қорының құрамы мен мазмұны жөнінде және мұрағат қорын ғылым, мәдениет саласында пайдаланудың маңызын көрсетеді.

Құжаттарды танымал етуде, мұрағаттың мәдени – ағарту саласындағы жұмыстың бір түрі – экскурсия. Экскурсияның мақсаты мен тақырыбы әр түрлі болып келеді. Мысалы, мұрағаттардың қызметкерлеріне мұрағатты құжаттармен толықтыру, сұрыптау жұмысы, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру, каталогтарды құру т.б. мақсатта экскурсия өткізілсе, студенттерге, мұғалімдерге т.б. мамандық иелеріне мұрағат құжаттарымен таныстыратын экскурсия өткізіледі.

Көпшілікті мұрағат құжаттарымен таныстырудың тағы бір тиімді жолы – лекциялар мен баяндамалар оқу. Баяндамаларда мұрағат құжаттарының маңызы жөнінде немесе мәдени және шаруашылық өмірінде пайдаланудың маңызы айтылады. Баяндамалар барысында құжаттар көрсетіліп, қысқаша мазмұны айтылуы тыңдаушы студенттердің есінде жақсы сақталады. Сондай-ақ лекция барысында «Қазақ даласында болған» атты құжаттық фильмнің көрсетілуі тыңдаушыларға үлкен әсерін тигізеді.

Мұрағат құжаттарын пайдаланудың дәстүрлі түрі оқырман залдары арқылы зерттеушілерге құжаттар және ақпаратпен қамтамасыз ету. Зерттеушілердің құжаттарды толық және жан-жақты жақсы пайдалануы үшін оқырман залдарында ғылыми анықтамалық ақпараттар бар. Олар: путеводительдер (жол нұсқағыштар), шолулар, каталогтар т.б.

Оқырман залының меңгерушісі зерттеушілерге берілетін құжаттарды қарап шығады. Пайдалану парақтарындағы жазбаларды тексереді, зерттеушінің тақырыптарын есепке алу картотекасын жүргізеді7.

Зерттеушілерге барлық іс қағаздарының, баспасөз материалдарын және микрофильмдер беру арнайы жазба талаптар бойынша іске асырылады. Зерттеушілердің 52 пайызы жоғарғы оқу орындарынан келеді8. Олдардың көбі мұғалімдер мен диплом жұмысын жазушы студенттер.

Құпия қорлармен жұмыс жасау Қазақстан Министрлер Кеңесі жанынан құрылған бас архив басқармасының «Құпия құжаттармен жұмыс жасау тәртібі» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Әйтсе де құпия қорлар мен құжаттар әлі күнге дейін құпия түрінде қалуда. Сондықтан оқырмандар залында зерттеушілердің санын көбейту үшін және құпия қорлар мен құжаттардың сырын ашу бүгінгі тарих ғылымының ашылмаған құпияларын зерттеуге мүмкіндігін тигізер еді.

Мұрағат құжаттарын ғылыми мақсатта пайдалануда құжаттық жинақтар шығарудың ролі зор. Құжаттық басылымдар тақырыптық, қораралық, жеке адамдардың құжаттары болып келеді. Қораралық басылымдар ғылыми типке ғана жатады. Олар тек бір қордың немесе бір коллекцияның құжаттарын өзіне қосады, ал тақырыптық басылымдарға белгілі тақырыппен әртүрлі қордан алынған деректер жатады. Жеке адамдардың басылымдарына осы адамның өзінің творчествалық өмірі барысында жинаған құжаттары енгізіледі. Құжаттық жинақтардың түрі: ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқулық болып үшке бөлінеді9.

Орталық мемлекеттік мұрағат қызметкерлері құжаттық жинақтар шығаруда ғылыми институттар, мекемелер және жоғары оқу орындарымен біріге отырып шығарады. Жинақты дайындау барысында құрастырушы мүшелері мен редактор тағайындалады.

Басылымның жоспар бағдарламасында құжаттық жинақты шығару қажеттілігі, оның саяси және ғылыми өзектілігі, мақсаты көрсетіледі.

Құжаттық басылымдардың кең тараған түрі-тақырыптық. Ол белгілі бір тақырып бойынша жасалады. Жинақты даярлау барысында керекті құжаттарды іріктеп алу тарихи принциптер негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды іріктеп таңдау үшін әдістемелік ереже және ғылыми анықтамалық аппарат құрастыру өте тиімді. Жинақтың деректік негізін мұрағат құжаттары, мерзімді басылымдар, мемлекеттік қорлар құрайды. Фотосуреттер, кинокадрлар, плакаттар, құжат жинағының тақырыбына тығыз байланысты болуы шарт. Ал белгілі бір оқиғаға байланысты құжаттар әртүрлі болып келеді. Олар: хаттама, қаулы, мерзімді басылым, тарихи естеліктерден тұрады.

Ал құжаттық – публикациялық жинақта құжаттармен қатар очерктер, поэзиялық шығармалар, естеліктер, көркемдік материалдар болады.

Жинақта іріктелініп алынған тарихи деректер өзінің тақырыптық, салалық, хронологиялық, авторлық, географиялық белгілері арқылы жүйеленеді. Құжаттарды жүйелеу басылымдардың мақсаты мен сол құжаттардың сипаттарымен айқындалады. Хронологиялық жүйелеу оқиғаны, құбылысты бағалауға мүмкіндік берсе, географиялық жүйелеу құжаттардың аймақтық, губерниялық екендігін білу үшін пайдаланылады.

Ғылыми – көпшілік жинаққа археографиялық мінездеме беру, яғни оқырманға тарихи деректің бір түрі құжат жөнінде мәлімет беру.

Жалпы құжаттық жинақ тарих ғылымын және мұрағат ғылымын насихаттайтын құрал болып табылады. Сол себептен де құжаттық жинақтарға археографиялық өңдеу жасалады.

Ғылыми – анықтамалық аппараттың міндеті- жарияланған құжаттың ғылыми, саяси түсінуіне көмектесу және басылыммен жұмысты жеңілдету.

Ол тақырыпқа, жинақтың түріне байланысты әртүрлі болып келеді. Газеттік құжаттарға, жинақтарға алғы сөз ретінде, көрсеткіштер, тізбелер ретінде енеді.

Тақырыптың өзекті мәселесі мұрағат құжаттарын пайдалану барысында істелетін жұмыстар мен пайдалану мақсаттары көрсетіледі. Жалпы мұрағат құжаттары 5-мақсатта: халық шаруашылығында, ғылымда, мәдени-ағарту және насихаттау, идеологиялық және оқу мақсатында пайдаланады. Айталық, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты ғылыми зерттеу институттары және жоғарғы оқу орындарымен біріге отырып 100-ден астам құжаттық жинақ шығарды.

Қорыта айтқанда, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыруда мынадай түрлері бар: мұрағат материалдары жайлы ғылыми дерек беру; құжаттарды жариялау; көрмелер ұйымдастыру; мақалалар жариялау және құжаттық фильмдер жасау; кездесулер және мұрағаттарда экскурсия ұйымдастыру; лекция мен баяндамалар даярлау; мұрағаттық анықтама беру т.б.


: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет