Тапсырма Антибиотиктерді тұрақты қолдану – денсаулыққа қауіпті қатер



жүктеу 88.64 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі88.64 Kb.
Тапсырма 1.

Антибиотиктерді тұрақты қолдану денсаулыққа қауіпті қатер (Егемен Қазақстан газеті бетінен )

Дүниежүзінде жылына 11миллион адам жұқпалы аурулар салдарынан көз жұмады ( Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша (ДДҰ)). Олармен күресудін ең тиімді шарасы антибактериалдық құралдарды қолдану болып табылады. Антибиотиктерге тұрақтылық дегеніміз – бактериялардың түрленуі салдарынан, оларға тіпті антибиотиктер әсер етпейтін жағдайға жету, дәрілердің адам ағзасына пайдасы болмау. Өкініштісі сол, бұл халық денсаулығы үшін қауіпті болып келеді.

2014 жылы Дәрі – дәрмек ақпараттық – талдау орталығы (ДАТО) дәрілік заттарды өз бетінше қабылдау, жұртшылық арасында қаншалықты кенінен таралғанын білу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, әрбір төртінші адам (27,5 %) антибиотиктерді дәрігердің тағайындаусыз қабылдайтыны, ал дәрігер тағайындауымен респонденттердің тек 67,9 % ғана қолданатыны анықталды.

Сұрақ, (1-2 ұпай):

1. ДДҰ аббривиатурасын толық жазып бер...............................................................

2. Әрбір жетінші және әрбір сегізінші респонденттер антибиотиктерді қалай қолданып отыр?

..........................................................................................................................................

3. Мәтінді мұқият оқып, антибиотиктердің адам ағзасына пайдасы болмау туралы бірнеше дәлел жаз................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Тапсырма 2.

Тарихқа үңілсек

Антибиотиктер тарихының бастауы 70 – жылдардан басталады, десе де микроағзалардың жұқпалы аурулар дамуындағы рөлі ХІХ ғасырдың екінші жартысында – ақ мәлім болған. «Антибиотик» ұғымын стрептомицинді алғаш ашқаны үшін, 1952 жылы Нобель сыйлығын алған америкалық микробиолог З. Ваксман қолданысқа енгізген.

Қазіргі таңда әлемде науқастарды емдеу де дәрігерлер түрлі антибиотиктерді қолданып келеді. Алайда, медицинаның барлық жаңа жетістіктеріне қарамастан, мыңдаған адам түрлі инфекциялардан көз жұмуда! Мұның негізгі себебі микроағзалардың антибиотиктерге төзімділігінің артуы болып табылады. Яғни, қоздырғаштардың дәрілік препараттарға тұрақтылығы, жұқпалы ауруларды этитоптық емдеу тиімділігінің күрт төмендеуіне әкеліп соқтыруда.

Мәселен, бронхит немесе пневмонияны емдеу үшін гентамицинді қолдану орынсыз және тиімсіз, себебі, ол тыныс жолдары қабынған уақытта, әдетте пайда болатын микробтарға әсер етпейді. Осы жағдайда гентамицинді қолдану орынсыз және тиімсіз, себебі, ол тыныс жолдары қабынған уақытта, әдетте пайда болатын микробтарға әсер етпейді. Осы жағдайда гентамицнді қолдана отырып, неге жол ашамыз? Біріншіден, терапевтік әсер болмайды- уақыт пен денсаулық кетеді, екіншіден, микроағзалар штаммдарының гентамицинге төзімділігін қалыптастыруға әсер етеді, үшіншіден, гентамицин қауіпсіз препаратқа жатпайды- ол бүйрек және есту мүшелерін улайды.

Антибиотиктер тиімділігінің төмендеуіне халықтың өз бетінше емделуі әсер етуде. Суық тию, диарея, цистит, бронхит, ангина және басқа да аураларда халық өз бетінше емдеуге асығады. Өкінішке қарай, сырқаттанғандар қолға алатын алғашқы қөмек дәрісі антибиотик болып саналады.

Сұрақ, (3-4 ұпай):



  1. Қазіргі заман медицинаның нағыз дамыған заманы, бірақ адамдар түрлі инфекциялардан көз жұмуда, соның себептерін ата?...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  2. Гентамицинді тыныс ауруларына қолдану тиімсіздігін дәлел ету үшін ең негізгі себебін жаз: ................................................................................................................................................................................................................................................................

  3. Қалай ойлайсын, неге сырқаттагғандар ауырғанда алғашқы көмек дәрісі ретінде антибиотикті қолға алады?

................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Тапсырма 3.

Адамдар антибиотиктерге тұрақты түрде тәуелді болмауы үшін, келесі кеңестерді орындағаны абзал:

1. Антибиотиктерді дәрігер тағайындаған кезде ғана пайдалану;

2. Антибиотиктерді қабылдаудың белгіленген режимін, тіпті жағдайдың жақсарғанына қарамастан, толық сақтау;

3. Антибиотиктерді басқа адамдарға беруге немесе жазылып берілген дәрілік заттардың қалдығын пайдалануға жол бермеу.


Антибиотиктерді орынды пайдалану ережесін ЕСКЕ ҰСТАҢЫЗ:

  • Антибиотиктерді дәрігер тағайындау тиіс;

  • Антибиотик қауіп төңдірмейтін жағдайларда микробтардың сезімталдығы анықталғаннан кейін ғана қолданылуы тиіс;

  • Антибиотик оңтайлы терапевтік дозада толық курспен қолданылуы тиіс.

Антибиотиктерді осылайша пайдаланудың салдарымен әр дәрігер кездеседі, өкінішке қарай, медицина қызметкерлерінің инфекциямен күресі пациенттің толық аурудан айығуымен аяқтала бермейді.

Сұрақ (5-6 ұпай):



  1. Қай кеңес, сенің ойынша, ең маңызды және неге?.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  2. Сен өзін антибиотик пайдаланып көрдің бе? Көрсең, қандай антибиотикті қандай ауруға пайдаландың?.......................................................................................................................................................................................................................................

  3. Қалай ойлайсын, пациенттер көбінесе ереженің қай нұсқасын жиі ұстанбайды, қалай ойлайсын неліктен?..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Расымен де дәрілік заттардың дұрыс қолданылуына, емдеу сапасы, денсаулықтың сақталуы да тәуелді. Егер науқас стационарда медицина қызметкеріне сауал қоятын болса, үй жағдайында тұрғындар Дәрі – дәрмек ақпараттық - талдау орталығына (ДАТО) хабарласа алады. ДАТО 2009 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011- 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, Елбасы тапсырмасы бойынша, Қазақстан азаматтарының дәрілік сауатын арттыру мақсатында құрылды.

Орталықтың негізгі міндеті – халыққа және медицина кызметкерлеріне дәрілік заттарды дұрыс пайдалану, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі тегін препараттарға құқықтары , препараттардың тиімділігі және болуы мүмкін жанама әсерлері туралы шынайы ақпарат ұсыну.

ДАТО фармацевтикалық фирмалармен жұмыс жасамайтын мемлекеттік ұйым болып табылады. Орталық дәрілік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы барлық негізгі мекемелермен және ұйымдармен тығыз қарым – қатынас жасайды.

2013 жылы Дүниежүзілік банктің сарапшысы, доктор Андрес Зайтер Қазақстандағы ДАТО қызметіне жоғары баға берді. Ол «Дәрі – дәрмек ақпараттық – талдау орталығы және оның жалпы ұлттық тегін Call – қызметі халықты ақпараттандыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті...», - деп атап өтті.

Қазіргі таңда, ДАТО қызметіне халық сенімінің артып келе жатқаның күн сайын Call – қызметіне келіп түскен көптеген қоныраулар дәлел бола алады. Осылайша, 2012 жылы орталыққа 22 мыңнан астам адам хабарласса, 2014 жылы 10 айында бұл көрсеткіш 25 мың адамды құрады.

2011 жылдан бастап Қазақстан бойынша халыққа арналған Call – қызметінің бірыңғай тегін телефон желісіне – 8 800 080 88 87 қонырау шалу арқылы, әр азамат, тіпті елдің шалғайында орналасқан елді мекендер тұрғындары өздері толғандыратын сұрағына жауап ала алады. Сондай – ақ, әр адам ДАТО ресми сайтында – www.druginfo.kz өз сауалын жолдай алады.

Құрметті қазақстандықтар, өз өмірлеріңізді, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыздар, антибиотикті кез келген жағдайда қабылдаған сәттікте әрдайым жауапты болыңыздар!

Сұрақ:

1. Қалай ойласын, ДАТО міндетіне не жатпайды? (7-8 ұпай)



......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу бойынша бірнеше дәлел жаз.

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3. Қалай ойлайсын, неге ДАТО фармацевтикалық фирмалармен жұмыс жасамайды?

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

4. Мәтінді мұқият оқып ДАТО қызметі бойынша диаграмма құрып, оған анализ жасап бер. (9-10 ұпай)

...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
5. ДАТО сайтына сұрақ жолдау үшін қандай іс - әрекеттер жасар едің? Ісіңнің алгоритмін көрсетіп, қояр сұрағынды жаз. (10-12 ұпай)

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

,.
6. Мәтіннің ақырқы абзацының кілтті сөздерін жаз?

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Екінші мәтін. Қант неліктен зиян? ( Республикалық журнал. Денсаулық № 3, 2012.)
Соңғы кездері қанттың зиянды жақтары көбірек айтыла бастады. Қантты қазір «ақ жау», «тәтті у», «бос калория» деп айтатын болды. Оған неліктен мұндай аттар таңылған. Мұның себебін білу үшін қанттың организмге түскеннен кейін қандай жолдардан өтетініне көз жүгіртіп көрейік.

Қантты негізінен қызылша қантынан немесе қамыстан алады. Оларды өңдеу барысында сахароза түзіледі. Ол химиялық құрамы бойынша глюкоза мен фруктозадан тұратын көмірсу –дисахарид. Сахарозада не витаминдер, не минералды тұздар, не өсімдік және жануар текті өнімдердің барлығында болатын биологиялық тұрғыдан белсенді басқа заттар жоқ.


Сұрақ ( 1-2 ұпай): Қалай ойлайсын, неге сахароза дисахаридтерге жатады? Жауабынды формулалармен негізде.

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Соған қарамастан қанттың ешқандай пайдасы жоқ екен деуге болмайды. Ондағы глюкоза ми, бауыр, бұлшықет тіндерін қоректендіру үшін қажет. Басқа да ағзаларды да глюкозамен қамтамасыз ету үшін оның қандағы мөлшері тұрақты түрде 3,4 – 5,5 ммоль/литр болуы тиіс.

Қант ауызға барған кезде сілекей бездерінің әсерінен глюкоза мен фруктозаға айналады. Ауыздың шырышты қабығының жасуша мембралары арқылы, содан кейін жіңішке ішік арқылы глюкоза қанға тез өтеді де оның қандағы концентрациясы артады. Міне, бұл ұйқы безінің гормоны – инсулиннің бөлініп шығуының дабылы.

Сұрақ (3-4 ұпай): Қант ауызға түскеннен бастап инсулин бөлінетін үдерісті көрсететін сызбанұсқа сыз.

.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Инсулин бауыр жасушаларында болатын және глюкоза фосфорының молекулаларына қосылуына мүмкіндік беретін глюкокиназаға ферментінің белсенділігін ынталандырады, өйткені, глюкоза осындай күйінде, яғни фосфорланған түрінде ғана бауырда зат алмасудың соңғы өніміне дейін ыдырап, қуат бөліп шығарады. Организмге 100 грамм қанттың алмасу үдерісінің нәтижесінде 374 килокалория бөлініп шығады.

Сұрақ (5-6 ұпай): Инсулиннің басты рөлі неде деп ойлайсын?

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Глюкозаның барлығы бірдей қуат қажеттілігін өтей алмайды. Инсулиннің әсер етуімен глюкозаның бір бөлігі гликогенге айналып, негізінен бауырға жиналады. Бұл қанда глюкозаның концентрациясын тұрақты етіп отыратын және онымен ағзалар мен тіндерді жабдықтау үшін қажетті глюкоза қоры болып табылады.

Кімде – кім тәтті затты көп жесе, гипергликемияға ұшырайды, яғни қандағы глюкоза мөлшері артады. Ал бұл глюкозаны өңдеу үшін қажетті инсулин секрециясын арттырып жібереді. Нәтижесінде ұйқы безінде инсулин жасап шығаратын бета – жасушаларға көп күш түседі де инсулин аз түзіледі. Соның салдарынан глюкозаға айналу және ыдырау үдерістері бұзылады.Сөйтіп бұл адамды қантты диабетке ауруына шалдықтырады.

Сұрақ (7-8 ұпай): Адамның қантты диабетке шалдығуының басты себебі неде деп ойлайсын? Жауабынды бір сөйлем арқылы жазып бер.

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Тәттіні көп жейтін адамдарға басқа да қауіптер бар. Глюкозаның ыдырау және әрі қарай өзгеріске ұшырау барысында бауырда май қышқылдары мен глицерин түзіледі. Май қышқылдарының бір бөлігі триглицеридтер түрінде, ал екінші бөлігі бос түрінде қанға бөлініп шығады да май тіндерінің қорына, мысалы, теріастылық май клетчаткасына барып жиналады. Қант артық мөлшерде түскен кезде қанда май мөлшері артып гиперлипидемия пайда болады, ал бұл артық мөлшерлер май қорына жиналады да, адам семіре бастайды. Гипергликемия да және гиперлипидемия да бір – бірімен өзара байланысқан қантты диабет.

Қанттың артық мөлшерін пайдалану организмде барлық заттардың, соның ішінде ақуыздардың алмасуың бұзады. Гипергликемияда ұйқы безі гормоны – глюкогонның секрециясы басылады, ал ол тапшы болған жағдайда ақуыздар аминқышқылына дейін жаппай ыдырайды. Ақуыз бен көмірсудың алмасуының инсулярлы аппарат қызметінің бұзылуымен қатар жүруі организмнің қорғаныш күшін әлсіретеді. Қантты диабетке шалдыққан адамдарда иммунитеттің төмен болуы осының дәлелі болады.

Қантты көп пайдалану ауыз қуысындағы бактериялардың тіршілігі үшін пайдалы. Ал ол тіс кіреукелерін бүлдіріп, тісжегінің пайда болуына әкеп соқтырады.

Организмге зиянын тигізбеу үшін қантты қандай мөлшерде пайдалану керек? Тағамтану институты мамандарының айтуынша, барлық тағамдардың құрамындағы қанттарды қоса есептегенде, қантты мөлшері күніне 50-70 грамнан аспауы тиіс. Егде адамдарда бұл мөлшер 30-50 грамға дейін төмендетілуі тиіс. Ал семіздікке бейім адамдар қантты тіпті пайдаланбағаны жөң. Қант онсыз да организмдегі крахмалдан, сахарозадан, майлардан, аминқышқылдарынан түзіледі. Сондықтан тамақ мәзірінде қанттың болмағаны қауіпті емес.

Сұрақ (9-10 ұпай): Қантты көп пайдалану адам қандай ауруларға шалдығатының кестеде көрсет және ауруларды өз сөзімен түсіндір:



Аурулар

Түсінігі































Сұрақ (10-12 ұпай): Сабақтарда алған білімдер арқылы мына тапсырманы орында. Қант организмдегі крахмалдан, сахарозадан, майлардан, аминқышқылдарынан түзіледі. Өйткені ............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................




: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет