Тақырып: Ағза және тіршілік орталары. Жоспары



жүктеу 99.67 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі99.67 Kb.
Тақырып: Ағза және тіршілік орталары.

Жоспары:                    

1. Тіршіліктің пайда болу теориясы.                    

2. Биосфера эволюциясы.        

3. Жер бетіндегі организмдердің таралуы.                    

4. Ағзалардың негізгі тіршілік  орталары:                      а) су тіршілік ортасы;                      

ә) құрлық -әуе  тіршілік ортасы;                      б) топырақ тіршілік ортасы;                      

в) ағзалық тіршілік ортасы;                        



1. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы екі жақты теориялармен сипатталады: 1) абиогенездік теориясы (өліден тірінің пайда болуы) 2) биогенездік теориясы (тіріден тірінің пайда болуы) А.И.Опарин 1924ж. абиогенездік теория негізінде «Биохимиялық эволюция» немесе «Коацерваттық» теориясын жасаған.   Коацерваттық теориясы бойынша сыртқы қоршаған ортаның жағдайлары әсерінен химиялық эволюция биологиялық эволюцияға ауысуы нәтижесінде қоршаған сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге қабілетті ерекше жүйе пайда болуы одан протобионттар  эволюциясы дамиды. Тіршілік - зат алмасу және көбею сияқты ерекше қасиеттермен сипатталады. Жер жасы-5-6 млрд. жыл, күн жүйесінің жасы 10 млрд. жыл.  Жердегі тіршілік дегеніміз негізінен нуклейн қышқылдары мен ақуыздың өзара әрекеттесу функциясы болып табылады.   Джон Берналдың теориясына сәйкес, тіршіліктің пайда болу тарихы 3 негізгі сатыға бөлінеді:, молекуладан полимерге дейін, полимерден организмге дейін. 1-сатысында атомнан молекулаға дейін: өмір үшін сипатты  метан, аммиак және басқа газдардан аралық молекула  қалыптасқан. Олар, негізінен көміртектік азотты қосылысты, жай күрделілігі бар қосылыстар- аминқышқылдар және органикалық негізді-аденин. Олар Опарин мен Холдейн гипотезаларына сәйкес «первичный бульон» ұғымының құрамды бөлігі болып саналады.  2-сатыдағы процесс-бұл молекулалардың полимеризациялануы, шешуші жағдайға алып келетін динамикалық ұйымдасу процесінде аминқышқылдардан ақуыздың  пайда болуы, оны біз тіршілік деп атаймыз.  3-сатысында организмдердің дамуы және олардың ішкі ұйымдастыруларының қалыптасуы жүреді, ол жәй метаболизмдік ортадан организмдік деңгейге ауысу, яғни қоршаған өлі табиғаттан даралану. Осы сатыда эобионттар пайда болды, осыдан кейін тірі табиғатта күрделі компоненттері дами бастады. Осының нәтижесіне  жоғары ұйымдасқан тірі тіршілік иелеріне тән-«эукариоттық» жасуша дамыды. Дәл осындай жасушаның пайда  болуы нағыз тіршілік бастамасын берді.Тіршілік дамуының көп түрлілігі және күрделілігі осыдан басталады.             2. Биосфера эволюциясы. Палеонтологиялық мәліметтер бойынша:  Протерозой дәуірінде (700млн. жыл бұрын)- бактериялар, балдырлар, қарапайым омыртқасыздар пайда болды.  Палеозой дәуірінде (365 млн. жыл бұрын) – жер беті өсімдіктер , амфибиялар пайда болды;  Мезозой дәуірінде (185 млн. жыл бұрын)- сүтқоректілер, құстар, қарағай өсімдіктері пайда болды;  Кайназой дәуірінде  (70млн. жыл бұрын) – қазіргі заманғы өсімдіктер мен жануарлардың топтары пайда болды. 3. Жер бетіндегі организмдердің таралуы. Планетамызда  2   млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді. Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған . Климаттық жағдайларға байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады- тропикалық жауынды орман , таулы орман , тундра , тайга, сованна немесе шөлдала. Мұндай өсімдік қауымдастықтарында тек осындай жағдайларға бейімделген жануарлар түрі тіршілік етеді. Биогеографиялық облыстар :  Голарктикалық (Солт.Америка Гренландиясыз, Евразия Индиясыз, Исландия, Корея, Жапония, Солт. Африка)  Палеотропикалық (Оңт. Африка, Мадагаскар , Индия  және ИндоКитай)  Австралиялық (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Океания)  Неотропикалық (Оңт. және Орт. Америка)  Антарктикалық   (Антарктика) 4. Ағзалардың негізгі тіршілік  орталары: Тіршілік ортасы дегеніміз – кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруына қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Қазіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық- әуе, топырақ және ағзалардың өзі. Әрбір тіршілік ортасының өзіне және шектеуші факторлары және мекендеушілері болады. Су тіршілік ортасы. Гидросфера – планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су – жер шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94 %  мұхиттар мен теңздер құрайды. Қалған 6 % мәңгі мұздықтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1500000, өсімдіктердің 500000 астам түрлері тіршілік етеді. Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық облыстарға бөлінеді: су қалыңдығы-пелагиаль; судың түбі-бенталь. Су тіршілік ортасы ретінде бірқатар арнайы қасиеттері бар: су тығыздығы, қысымның өзгеруі, оттектің құрамы, күн сәулесінің сіңіруі т.б.       Су ортасының барлық мекендеушілерін  гидробионттар деп атайды. Су факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топтарға бөледі. Судың қалың қабатындағы мекендеушілер - пелагостар деп, оны екі топқа бөледі – нектондар және планктондар.  Планктон  дегеніміз судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер. Планктондардың өзі – зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар , т.б. жатады. Ал, зоопланктондар бактериялар мен балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрттәрізділер жатады. Нектондар  дегеніміз   судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер жатады. Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді. Теңіздердегі фитобентосты бактериялар мен балдырлар құрайды. Судағы барлық өсімдіктерді тіршілік ету сипатына қарай: гидрофиттер және гидатофиттер деп бөледі. Гидрофиттер суға жартылай көміліп өссе, ал гидатофиттер қатарына суға көміліп өсетін өсімдіктер жатады. Өсімдіктердің суға деген қатынасына байланысты келесідей 2 экологиялық топтарға бөлінеді: 1) гидатофиттер-судың ішінде өсетін өсімдіктер тобы; 2) гидрофиттер- өсімдіктердің тамыр мүшесі суда  өсетін өсімдіктер тобы. Құрлық- әуе тіршілік ортасы. Құрлық – әуе тіршілік ортасы – экологиялық жағдайы бойынша ең күрделісі.  Жер беті ортасының жарық тәртібіне өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық  адаптациясы қалыптасқан .  Барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін  энергияның  сырттан  түсуі қажет.  Оның негізгі көзі  күн  сәулесі болып табылады. Егер Жерге дейін жететін  күн  энергиясын  100% деп есептесек, онда шамамен оның 19% атмосфера арқылы сіңіріліреді, 34% кері космостық  кеңістікке  шағылысады және 47% жер бетіне жетеді. Тікілей күн сәулесі - әртүрлі толқынды электромагниттік сәулелерден тұрады: ультракүлгін  сәулелер 1-ден 5% дейін , көзге  көрінетін сәулелер 16-дан 45% дейін,  инфрақызыл сәулелер -49-дан 84% дейін. Ультракүлгін сәулелер ұзынтолқынды (380-290 нм) және қысқатолқынды (290 нм кем) деп екіге бөлінеді. Қысқатолқынды ультракүлгін сәулелері  тірі  ағза үшін өте қауіпті , іс жүзінде  толықтай 20-25 км биіктікте озон экранымен сіңіріліп  кетеді. Ұзынтолқынды УКС көп мөлшерде ағза үшін зиян , ал аз мөлшерде  бактерицидтік әсері бар және құрамында  Д витамині табиғи көзі болғандықтан балалардың  рахит ауруына қарсы пайдаланылады.    Жарық режимі талабына байланысты өсімдіктерді 3 негізгі экологиялық   топтарға бөледі:  Жарық сүйгіш (гелиофиттер) өсімдіктер;  Көлеңке сүйгіш (сциофиттер) өсімдіктер;  Көлеңкеге төзімді (факультативтік гелиофиттер) өсімдіктер.     Температуралық режимге  байланысты жануарларды 2 негізгі топқа жіктейді: 1) пойкилотермдік жануарлар- бұл ағзалардың  тіршілігі мен белсенділігі сырттан келетін жылуға  байланысты, дене t0 –лары- сыртқы t0-ның өзгеруіне   байланысты. Бұларға микроорганизмдер, өсімдіктер, омыртқасыз жануарлар жатады. 2) гомойотермдік жануарлар- өздерінің тұрақты оптимальды дене t0 –рын ұстауға қабілетті . Бұларға жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар жатады. Өте жоғары температуралық факторға бейімделгендер – термофилдер деп, ал өте  төмен температураға бейімделгендер – криофилдер деп аталады. Құрлықтағы ылғалдылық факторына байланысты өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық  топтары келесідей: 1) жоғары ылғалдылыққа бейімделгендер – гигрофиттер немесе гигрофилдер; 2) орташа ылғалдылыққа бейімделгендер – мезофиттер немесе мезофилдер; 3) төмен ылғалдылыққа бейімделгендер –   ксерофиттер немесе ксерофилдер;  Жер бетінің экологиялық факторларының біріне ауа жатады. Ауа – экологиялық фактор ретінде тұрақты газдың құрамы арқылы сипатталады. Ауаның газдық құрамы: оттегі шамамен 21 %, көмірқышқыл газы 0,03 %, азот 78 %, ал қалған инертті газдар жиынтығы 0,97 % құрайды. Ауаның құрамындағы аздаған өзгерістер мен ауытқулар тіршілік үшін қауіпті. Ауа ағыстарының маңызды қызметтерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлардың кең таралуына себебін тигізуі. Ауаның қасиеттері  - ауа химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шартты және метерологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген компонеттердің қатынасы оның родиацияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газды құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радияциясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндежылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура+150С емс, -180С болар еді.       Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен араласу нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді мен күкірт оксидін, Күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануы таратуы, сонымен қатар локаьды ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор  болып табылады. Атмосфераның әр түрлі параметірлерін және қасиеттерін, оның химиялық құрамы, жылу режимін, орын ауыстыруы, родиоактивтілік, электромагниттік фон және т.б әсер етеді. Топырақ тіршілік ортасы. Жер бетінде топырақ түзілу процесі ұзаққа созылған биогеохимиялық айналымның жемісі. Топырақтағы барлық мекендеушілерді эдафобионттар дейді. Топырақ организмдері үшін қолайлы болғандықтан, көптүрлілігі жөнінен де сан алуан болып келеді. Оның негізгі үш экологиялық тобын ажыратады. 1) Геобионттар – топырақтың тұрақты тіршілік иелері. Олардың барлық тіршілігі топырақта өтеді. Негізгі өкілдері: микроорганизімдер, қарапайымдылар, ұсақ жәндіктер, жауын құрттары, т.б. 2) Геофильдер – тіршілігінің біраз бөлігі топырақпен байланысты организімдер. Оларға: шегірткелер, қоңыздар, қандалалар, ұзынаяқтылар, масалар, т.б. жатады. Бәрінің де личинкалары топырақ астында дамып,  ересектері жер бетінде тіршілігін жалғастырады. 3) Геоксендер – топырақ қабаттарын уақытша немесе тұрағы (мекені) үшін ғана пайдаланушылар. Оларға: қоңыз, қандала, сол сияқты ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топтарға бөлінетін жәндіктер жатады.     Ағзалық тіршілік ортасы  Тірі   организмдердің өзі – тіршілік  ортасы. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің  ішінде  көптеген  олардың  өкілдері екінші бір  организмдерді мекен ретінде пайдаланады. Оларды паразиттер  немесе арамтамақтар деп атайды. Барлық паразиттер: эктопаразиттер (иесінің сыртқы  денесінде кездесетін – кенелер, сүліктер, бүргелер, масалар, т.б. ) және эндопаразиттер (иесінің ішкі мүшесінде кездесетін-құрттар, бактериялар, вирустар, қарапайым паразит өкілдері,т.б.) деп  жіктеледі. Ағзалық тіршілік ортасында ағзалар паразиттік және жартылай паразиттік тіршілік етеді. Ағзаның адаптациялық биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм. Жердегі бүкіл өмір, клеткадан бастап биосфераға дейін белгілі ритмге тәуелді. Жер шарындағы табиғат белдемдері мен климаттық және географиялық белдеулердің жіктелуі Күн сәулесінің түсуіне және мұхиттардан алыс немесе жақын орналасуына байланысты. Табиғаттағы осындай жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осыған орай, әрбір өсімдік пен жануарлардың түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері туындайды. Ол – анатомиялық-морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, т.б. түрдің жеке өзіне тән қасиеттерімен сипатталады. әрбір түрдің өзіне тән жыл маусымдарына, айнала қоршаған табиғаттың өзгерістеріне қарай даму, көбею, таралу ырғағы қалыптасады. Жылдың, тәуліктің ырғақты ауысу мерзіміне байланысты әрбір организмнің де тіршілігінде тәуелді түрде қайталанып отыратын даму ырғағы пайда болады. Бұл құбылыс тіршілік үшін күресте ұзақ жылдар бойы қалыптасқан даму эволюциясының жемісі. Мысалы, күзге қарай ағаштардың жапырақтарын түсіруі, жануарлар тіршіліндегі өзгерістер (жүннің қалыңдауы, тері асты май қабаттарының қалыңдауы, ұйқыға кету, т.б.). Осы құбылыстарды биологиялық ырғақтар  дейді.     Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп бөледі.  Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.       Өсімдіктердің фотопериодизм құбылысына қарай 3 тобын ажыратуға болады. Олар: қысқы күнді өсімдіктер (гүлдеуі мен тұқымның жетілуі 8-12 сағаттық жарық мерзіміне тәуелді), ұзақ күнді өсімдіктер (16-20 сағаттық жарыққа тәуелді) және жарық мерзіміне тәуелсіз өсімдіктер. Негізгі әдебиеттер :  Марфенин Н.Н. Устойчивое развитие человечества. Учебник.-М: Изд. МГУ, 2006.-624 с.  Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.  Сағымбаев Ғ.Қ. Экология  негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.-292 бет.  С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное пособие. Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: Қазақ университеті; 2005.-126 с.  Сабырбаева Х.С., Чигаркин А.В. Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті. 2004.-112 бет.  А.Б. Бигалиев. Проблемы окружающей среды с сохранения биологического разнообразия. Алматы: 2005 г.  Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004, № 1-12.  Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау.-Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-90 бет.  Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 566 с.  А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Глобальная экология: Учебное пособие Москва, 2003. 288 с.  А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Экология.-М.: 2001.-304 с.  Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.  Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.  Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.    Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.  Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы.-Алматы: «Ғылым»,2003.-216 бет. Қосымша әдебиеттер:  А.А. Демеген, Е.Т. Жаңбыршин, А.Д. Делиев. Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың оңтайлы жолдары (оқу-әдістемелік құрал). Ақтау, 2005 ж.  Бондаренко Л.Г., Крячина О.В. Книга для чтения по экологии. Петропавловск, 2003.  Б.М. Маркин, Л.Г. Наумова. Популярный экологический словарь. Под. ред. А.М. Гилярова.-м.: Устойчивый мир, 1999. 304 с.  В.А. Черников; И.Г. Грингоф, В.Т. Елщев и др. Агроэкология (Методология, технология, экономика)-М.: Колос, 2004-400 с.  Коробкин В.И., Передельский А.В. Экология. Конспект лекций (зачет и экзамен) Ростов-на-Дону, 2004.  Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь. Экология Алматы, 2000 г.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология және табиғат қорғау Алматы, 2002 ж.  Лосев А.В., Проводкин Г.Г. Социальная экология: Учеб. пособ. Для вузов. Под. ред. В.И. Жукова.-М.: 1998. 312 с.  Мамедов Н.М., Суравечина И.Т. Экология: Уч. пособие для 9-11 классов.-М.: «Школа-Гресс», 1996-464 с.  С.И. Колесников Экология (сдаем экзамен). Ростов-на-Дону, «Феникс»,2003.  Экологиялық энциклопедия А.Ж. Ақбасов, Е.Ү. Жамалбеков, Т. Қалыбеков және т.б. Алматы 2007 ж.-303 бет.  Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру Тұжырымдамасы. Алматы: Қазақ университеті. 2003.-64 бет.  Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.  Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық.-Алматы: 2006.-480 бет.  Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.  Ю.В. Новиков Экология, окружающая среда и человек.-М.: 2000.
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет