Тақырып: Адвокаттың азаматық сот өндірісіне қатысуы. Басқа да юрисдикциялық өндірістерге адвокаттың қатысуы



Дата07.02.2018
өлшемі445 b.


Тақырып: Адвокаттың азаматық сот өндірісіне қатысуы. Басқа да юрисдикциялық өндірістерге адвокаттың қатысуы










AІЖK азаматтарға сотта өз ісін жүргізудің ең ынғайлы әдісін тандауға, атап айтқанда:

  • - істі жеке жүргізуге;

  • - істі өкілмен бірге жүргізуге;

  • - істі процеске катыспай өкілі арқылы жүргізуге мүмкіндік береді.













Әкімшілік сот өндірісі аясында адвокат әкімшілік іс жүргізуге Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 548-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып отырған тұлғаның не жәбірленушінің өкілі ретінде қатыса алады. Қорғаушы әкімшілік іс жүргізуге тұлға ұсталған кезден не әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған кезден бастап қатысады.



Қорғаушы – әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам



Қорғаушылар ретiнде адвокаттар қатысады. Қорғаушылар ретінде адвокаттармен бірге әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi жiберiледi. Егер заңнамада айқындалатын тәртiппен өзара негiзде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасаған халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушылар ретiнде қатысуға жiберiледi



Адвокат, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорғаушы ретінде қатысудан бас тартуға құқылы емес.



Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы

  • әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам бұл жөнiнде өтiнiшхат жасаса;

  • әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам дене немесе психикалық кемiстiктерiне орай өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;

  • әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмесе;

  • әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам кәмелетке толмаған адам болып табылса.



Қорғаушының өкiлеттiктерi

  •  Қорғаушы: iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер ұсынуға; өтiнiшхаттарды және қарсылықтарды мәлiмдеуге; судьяның, iстi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстi қарау процесiнде жауап алынатын адамдарға сұрақтар қоюға; іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға; өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

  • Қорғаушы: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға және оған тиесілі құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының ұстанымына қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; қорғалушының берген шағымдары мен өтiнiшхаттарын қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқылы емес.



Жәбiрленушiнiң өкiлi

  • Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iстi жүргiзу кезiнде жәбірленушінің заңды мүдделерін білдіруге заң бойынша құқығы бар адамдар жәбiрленушiнiң өкiлдері бола алады.      

  • Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен ӘҚБт Кодексте көзделген шекте процестік құқықтары бiрдей болады.      

  • Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған тұлғаның мүдделерiне қарамастан қандай да бiр әрекеттер жасауға құқығы жоқ.      

  • Жәбiрленушiнiң iске жеке қатысуы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды.



Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Тапсырмалар а тірек – қимыл жүйесі деп неліктен атайды?
uploaded files -> Химиялық реакция типтері
uploaded files -> Войсковой фильтрующий противогаз с противогазовой коробкой 1 — шлем-маска
uploaded files -> Сабақтың мақсаты: Өзендер туралы көзқарасын қалыптастыру глобуста және картада өзендерді тауып, сипаттай білуге үйрету
uploaded files -> Ұбт-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс тәсілдер
uploaded files -> Веналық қан кету қою түсті қан ағатын вена зақымданғанда болады. Ірі веналар зақымданған кезде капеллярлық қан кетудегі сияқты жарақат маңын йод ерітіндісімен өңдеп, қысатын таңғыш салу керек


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет