Тақырыбы: Саңырауқұлақтар Мақсаты: Білімдік



жүктеу 49.83 Kb.
Дата05.07.2017
өлшемі49.83 Kb.
Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы, Атырау қаласы.

Бірінші санатты тәрбиеші Избасарова Райхан Мангыбаевна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар

Мақсаты:

Білімдік: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту,саңырауқұлақтардың түрлерімен таныстыру,конструктивті ойлау дағдыларын,танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру,өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық:Табиғи материалдардан саңырауқұлақтарды құрастыру дағдыларын және геометриялық (сопақша және жартылай дөңгелек ) пішіндерден ұсақ заттарды құрастыру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жұмыстарын ұқыпты жасай білуге,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: жасыл түсті қағаз,ақ түсті ермексаз,грек жаңғағы, сүлгі, үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс:күз,орман,көк шалған

Билингвалды компонент:саңырауқұлақтар-грибы

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,слайд.

Пән аралық байланыс: сөйлеуді дамыту,әлеуметтік орта, көркем әдебиет.

Алдын-ала жұмыс :Көрмеге саяхат.
Ұйымдастыру кезең:
Амандасу рәсімі.
- Арайлап таң атты,

- Алтын сәуле таратты!

- Жар қырайды қаламыз,

- Жайнай түсті даламыз!

- Қайырлы таң,балалар!

- Қайырлы таң,қонақтар!

-Сәлем,саған Алтын күн!

деп балалар жылы лебіздерін білдіреді.



Балалармен жыл мезгілі күз туралы әңгімелеу.

Тәрбиеші балаларға слайд арқылы сурет көрсетіп, күз ерекшеліктері және ормандағы ағаштардың күзгі өзгерістері туралы әңгімелелейді.



Релаксация

Балалар шеңбер бойымен тұрып,көздерін жұмып,күзгі орманда жүргендерін елестетеді.



Слайд арқылы «Күзгі табиғат» суретін көрсету,жұмбақ жасыру.

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шулайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып. (Күз)
Тәрбиеші:

Ал балалар, сендер табиғатты аялай білесіңдер ме?

Ендеше күз туралы қандай тақпақтар білесіңдер ме?
Тақпақтар оқылады:
Саян: Алма пісіп,алмұрт түсіп

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып,қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.


Али: Күзім-ау, Күзім-ау,

Келгенің қызық –ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық –ау


Айым:Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Балалармен өздері барған көрме туралы әңгімелеу.
Негізгі бөлім.
Тәрбиеші оқу қызметті жұмбақ жасырудан бастайды.
Жұмбақ жасыру.
Тіреумен тіреп ақырын,

Көтеріп тұр шатырын

Бұл не? (Саңырауқұлақ)

Слайд. «Саңырауқұлақтар әлемі»
Тәрбиеші:Балаларды саңырауқұлақ түрлерімен таныстыра отырып,олардың тағамға пайдаланатын және жеуге жарамсыз улы түрлері болатынын айтып әңгімелейді.Саңырауқұлақтардың атауларын айтады: ақ саңырауқұлақ, шыбынжұт,түлкіжем (түлкішек)
Қызықты сәт: Кірпі кіреді.
-Сәламатсыздар ма,балалар !

Мен сендерге орманнан келдім.

Міне күзде келіп жетті,мен қысқа азық қылатын саңырауқұлақтарды теріп жүрмін. Сендер маған саңырауқұлақтарды жинауға көмектесіңдер ме?

Балалар:


-Әрине біз саған көп саңырауқұлақтарды жинап береміз, деп кірпіге

орындық ұсынады.


Педагог:

-Балалар назарын дайын үлгіге аударады,оның қандай пішінге ұқсайтынын сұрайды.

-Мынау саңырауқұлақтың қалпағы грек жаңғағынан,сабағы ақ түсті ермек саздан жасалған.

-Балалар саңырауқұлақтың сабағы қандай пішінге үқсайды?

-Ал қалпағы қандай пішінге ұқсайды?

-Осы саңырауқұлақтарды біз бүгін табиғи материалдардан жасап үйренеміз, деп жасалу жолдарын көрсетеді.

-Балаларды түрлі табиғы материалдармен (жұмыртқа,қауырсыны, жапырақтар,ағаштар,грек жаңғағы),ермексазбен таныстыра отырып сапасына тоқталады.

-Мына ермексазға қараңдаршы,қандай түсті?

(ақ)


-Мынау грек жаңғағының бөлігі,бұның түсі ше?

-қоңыр.


-Біз қазір саңырауқұлақты грек жаңғағы мен ермексаздан құрастырамыз.

-Жаңа біз кірпіге уәде еткендей әдемі саңырауқұлақтарды жасап,оған жинап береміз.


Балалардың жұмысы.
- Алдымен ақ түсті ермексазды алақанымыздың арасына салып,есіп аламыз.

Одан сопақша пішін жасаймыз,кейін грек жаңғағының жарты бөлігін оның жоғарғы жағына кигіземіз,сонда саңырауқұлақ дайын болады.

Енді оны жасыл түсті шөпке орналастырамыз.

- Педагог ермексазбен жұмыс жасауда балаларға көмек көрсетеді, жаңғақ бөлігін жапсыруға бағыт береді.



Сергіту сәті:
Орманға біз барайық,

Қолға себет алайық

Саңырауқұлақты біз теріп

Себеттерге біз салайық.



М.Монтессори бойынша презентация.
Дидактикалық ойын:«Саңырауқұлақтарды құрастырамыз»
Мақсаты:Балалардың қағаздан жасалған саңырауқұлақ бөлшектерін бұрыштарын теңестіріп тегістеу арқылы құрастыру дағдыларын қалыптастыру.


Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.
-Балалар біз бүгін нені құрастырдық?

-Бүгін біз қандай саңырауқұлақ түрлерімен таныстық?

-Ақ саңырауқұлақ,шыбынжұт,түлкіжем.(түлкішек)

-Сендер қандай саңырауқұлақты құрастырдыңдар?

-Ақ саңырауқұлақты.

-Саңырауқұлақтың қандай пайдасы бар?

-Жеуге,емге.



Педагог дайын болған барлық балалар жұмысын қарап көріп, дұрыс емес жерлерін түзетуге балаларға көмектеседі,еңбек нәтижелеріне талдау жасалады.

Қорытынды.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет