Тақырыбы: Сабын көпіршіктері Мақсаты



Дата23.10.2018
өлшемі63.01 Kb.
түріСабақ
Оженова Мадина Саркытбековна

«Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

«Күншуақ»балалар бақшасы» тәрбиешісі.

Тақырыбы: Сабын көпіршіктері

Мақсаты:  Сабақ барысында балалардың сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту. Тәжірибе жасау арқылы сабын көпіршіктері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат сырларын танып білуге баулу. Зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын қалыптастыру.Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым - қатынастарын қалыптастыру.

Түрі: Ашық сабақ.

Әдіс-тәсілі: Практикалық (тәжірибе- ойын, ойын-эксперимент)

Көрнекі құралдар: сабын түрлері, ыдыстағы көпіршік су, бос пластмассалық ыдыстар, сүлгілер, түтіктер, губка,ойыншық үйрек.

Сөздік жұмыс: тәжірибе, зерттеушілер.

Билингвальды компонент: Зертхана-лабаратория, сабын- мыло, көпіршіктер- пузыри, үйрек- утка,


Оқу іс- әрекет

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың әректтері


Ой қозғау

Шаттық шеңбер:

-Балалар таңмен ерте тұрғанда алдымен нені көреміз?

-Дұрыс айтасыңдар!

-Ал қандай балабақшаға келеміз?

-Балалар күн бізге несін береді?

Ендеше күнмен амандасып, бір- бірімізге жақсы тілектер тілейікші.



Қайырлы таң көк Аспан!

Қайырлы таң, шуақты Күн!

Қайырлы таң , қонақтар!

Қайырлы таң, достарым!

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

-Күнді көреміз!

-«Күншуақ» балабақшасына келеміз!

-Жарығын, жылуын, шуағын.

Балалар бір- біріне жақсы тілек сөздер айтады


Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет

-Балалар, қараңдаршы мына үстелге зерттеушілер өздерінің құралдарын ұмытып кетіпті.

-Бізге арнап хат қалдырыпты



Балаларға хатты оқып беру.

(зерттеушілер арнайы тапсырма жұмыспен кеткендіктері жайлы түсіндіру.)

-Балалар зерттеуші деген сөзді қайтіп түсінесіңдер?

-Ал зертхана деген сөз ше?

-Олар не істейді?

Қандай ақылдысыңдар.Әрине зерттеушілер зертханада тәжірибе жасайды.

-Сендер тәжірибе жасауды ұнатасыңдар ма?

Онда сендермен тәжірибе жасамас бұрын қауіпсіздік шараларын еске түсірейік.

Қауіпсіздік ережесі.

-Үлкеннің рұқсатынсыз 3орыныңнан тұрып жүруге;

-құрал- жабдықтарды ұстауға;

-ауыз, мұрын, құлаққа танымайтын затты апаруға болмайды;



Ғажайып сәт:

Топ бөлмесіне бақылдап үйрек келеді.

Балалармен амандасып, өзінің түсініксіз жағдайға қалғанын айтып, көмек сұрайды.
Үйрек:

-Мен суға салқындап алайын деп түсіп едім, кенет суым көпірши бастады. Шошығанымнан судан шығып кеттім.

-Бірақ та ең қызығы мамықтарым аппақ болып, тазаланып қалыпты.

-Неліктен екенін білмедім. Осы жағдайды маған түсіндіріңдерші?


-Балалар үйректің қызық жағдайға қайтіп түскенін зерттеп көрейік пе?

-Ол үшін біз сендермен тәжірибе сабағын өткіземіз..



(Балаларға тәжірибе сабағын өткізу үшін

арнайы киімдер кигізу)

Сөздік жұмыс: тәжірибе, зерттеушілер.
1 тәжірибе.

-Жаңағы үйректің суын алып, неден көпіршік пайда болғанын анықтап көрейік.

-Барлығымыз көпіршікті қолымызға алып зерттеп, оны сипаттайық. (ыдыстағы көпіршік суды зерттеу)

-Мынау не?

-Түсі, қандай?

-Көпіршік ауыр ма, әлде жеңіл ме?

-Мына көпіршіктердің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Мәссаған, мына судың түбіне сабын түсіп кетіпті.Осы сабынның суға түсуінен көпіршіктер пайда болған екен ғой!
Билингвальды компонент:

Зертхана-лабаратория, сабын- мыло, көпіршіктер- пузыри, үйрек- утка,



-Балалар сабының екі түрі болады .

Бірі- қатты сабын, екіншісі- сұйық сабын.

-Мына ыдыстағы судың көпіршіктері қатты сабыннан пайда болған екен. Ал, балабақшада күнделікті қолымызды жуып жүрген сұйық сабын.
Сергіту сәті:

Қызыл, сары , көп шарлар,

Ауадағы көп шарлар.

Ауада қалқиды.

Айдаймыз,күндейміз,

Ойнаймызда, күлеміз.

-Сергіп қалдыңдар ма балалар? Ал енді, өзіміздің зертханамызға барайық. Бізді қызықты жаңалықтар тосып тұр.


2 тәжірибе.

-Балалар сабынды қандай жағдайда қолданғанда көріпшік пайда болады?

(Сұйық сабын мен судың қосындысынан көпіршік жасап көрсету)

-Стаканға көпіршік суды құйып, оны мына түтікше арқылы үрлеп көрелік.

-Нені байқадыңдар?

-Ия балалар, сабынды су көпіршіп көлемі үлкейді.

-Ал көпіршіктің ішінде не бар?

-Жарайсыңдар балалар.


«Ең үлкен көпіршік» ойыны.

Шарты:Ойынға арналған ыдыстағы көпіршіктерді таяқша арқылы үрлеу. Түр- түсін, көлемін салыстыру.

Ең үлкен көпіршікті таңдау.


Үйрек:

-Ал балалар, менің үйге оралатын уақытым келді.

- Менің сұрағыма жауап қайтарып, дәлелдеп бердіңдер.

-Сендерге үлкен рахмет!

-Сау болыңдар!


Балалар хатты мұқият тыңдайды.


-Зерттейді

-Тәжірибе жасайтын орын.

-Тәжірбие жасайды.

-Ұнатамыз.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді.

Балалар қонақпен амандасады.


Балалар үйректің әңгімесін таңырқап тыңдайды.


-Балалар үйрекке көмек көрсететіндерін айтады.

Сөздерді қайталайды.

Көпіршіктер.

- Мөлдір.

-Жеңіл.


- Ауа.

Балалар сабын мен судың қосындысынан көпіршік пайда болғанын анықтағандарына қуанады.


Сөздердің аудармасын

дауыстап айтып қайталайды.


Өлең жолдарын қайталап, сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

-Иә.


- Денемізді жуғаннда.

- Киім жуғанда.

-Ыдыс жуғанда.
- Көпіршіктерді.
Балалар қызығушылықпен ойынға қатысады.

Үйрекпен қоштасады.



Жетекші
жөндеуші


-Сендерге бүгін жасаған тәжірибелерің, жалпы оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Сурет бойынша қорытындылау, бекіту.

-Зерттеуші дегеніміз кімдер екен?

-Нені зерттедік?

-Көпіршіктер неден пайда болады екен?

-Ал, бүгін сендер үлкен сынақтардан өттіңдер.

-Енді сендерді зертеушілер қатарына қосуға болады.

Балаларға арнап «Жас зертеушілер» номинациясымен табыстау.


-Ия, ұнады.
Балалар сұрақтарға жауап қайтарады.
Мен бәрін көрдім, есте сақтадым.

Мен бәрін өзім істедім, мен білдім.


Балалар алған номинацияларына қуанышты сезімде болады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Эксперимент жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесін;

Түсінеді: Тәжірибе көмегімен сабын көпіршіктері қайдан пайда болатынын ;

Игереді : Зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын ; өз бетінше өз ойын жеткізуді, қортынды шығаруды.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет