Тақырыбы: «Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы» Бағыты: Биология Орындаған: «Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»



жүктеу 130.09 Kb.
Дата22.01.2018
өлшемі130.09 Kb.
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №8 жалпы

білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы: «Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы»

Бағыты: Биология
Орындаған: «Теміртау қаласының

№8 жалпы білім беретін орта мектебі»

кмм-нің 4 «Ә»сынып оқушысы

Салиев Батырхан Нұрланұлы



Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі:

Наризова Г.А.




Теміртау-2015

«Теміртау қаласы

№8 жалпы білім беретін орта мектебі» кмм

4 «Ә» сынып оқушысы Салиев Батырхан

«Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы»атты

ғылыми жұмысына



Пікір

Салиев Батырхан 4 «Ә» сыныбында оқиды.Салиев Батырхан- оқу озаты. Ол талапты, дүниетанымы кең,зерек оқушы.Батырхан көп іздене отырып, «Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы» тақырыбын өзінің ғылыми жобасының тақырыбы ретінде таңдап алды.Ол осы жұмыспен шұғылдану барысында адам денсаулығына көп көңіл бөлді. Батырхан осы тақырыпты зерттеу барысында өте көп ізденіп,біршама мағлұматтар жинады, көптеген әдебиеттермен танысты. Ғылыми жобада тақырып мазмұнын аша білді.Ол емдік өсімдіктердің көп түрлерімен танысып, олардың әр қайсысының адам денсаулығына тигізер пайдасын нақтылай алды. Жұмыс талапқа сай орындалды. Салиев Батырхан осы жұмысты зерттей келе, «Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызымен» танысу, оның адам ағзасына тигізер пайдасын оқушыларға жеткізуді өз мақсаты етіп алды.



Пікір жазған жоба жетекшісі:Наризова Г.А.
Мазмұны:

1. Кіріспе.........................................................................................................6

2.Негізгі  дәрілік  өсімдіктерге  характеристика........................................7

5.Адыраспан..................................................................................................10

6. Дәрілік  өсімдіктердің адам

өміріндегі маңызы.................................................11

7. Дәрілік өсімдіктер..............................................................................................13

8.Қорытынды..............................................................................................14

9. Пайдаланылған әдебиет......................................................................................15

Аннотация

Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы» деп аталады. Осы жобада оқушы өсімдіктердің адам өміріне пайдасы жайлы білді. Оқушы бұл жұмысты 2013 оқу жылынан бері зерттеп келеді.

Кіріспе

Өсімдік – тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды.

Шынында да, хадистер айтқандай, өсімдіктер бар болғандықтан «Дүние – жап-жасыл және әдемі».

Мен ғылыми зерттеу жұмысы барысында өсімдіктердің табиғатқа және адам өміріндегі маңызы туралы зерттей отырып, өсімдіктердің адам өмірінде үлкен рөл атқаратынын және пайдасы бар екенін зерттедім.

Дайын дәріні сатып алмай жергілікті жердің өсімдігімен емдеуге болатынын үйрене отырып, өз ауылымның байлығын ұқыпты пайдалануға үйрендім.

Осы дәрілік өсімдіктердің ішінде өз ауылымда және мектебімде өсетін: адыраспан, бақбақ, жалбыз, шырмауық, асқабақ, тұт, түймедақ, жантақ т.б. өсімдіктер.

Жеріміз өсімдіктер түрлеріне өте бай. Өсімдіктердің қасиеті – кейбірінің жапырағында, ал кейбіреулерінің тамыры немесе тұқымындарында болатыны анықталды. Қазақ халқы ежелден-ақ өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін білген.  Жанға шипа, дертке дауа емнің бәрі өсімдіктерден алынады. Тағамдық өсімдіктердің  шипалық сырына анағұрлым терең қарау, олардың химиялық құрамын ғылымның бүгінгі жетістіктері деңгейінде анықтап беру. Жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.

Қазақстанның өзінде ғана әртүрлі дәрілер дайындалатын өсімдіктердің саны жүзден асады



Мақсаты:

Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты дәрілік өсімдіктердің  түрлерін, олардың  биологиялық ерекшеліктерін  зерттеу

Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.

Өсімдіктердің табиғатта – ауаны тазартуы, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, тағамдық, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу.



Міндеттері:    

-  ғылыми  әдебиеттерге  шолу, мәлімет   жинақтау

-      өсімдіктердің өсірілуі, мерзімінің және мөлшерінің  оның өнгіштігіне және көшеттерінің өсірілуі.

-      өсімдіктердің өсуінің ерекшеліктерін анықтау.

-      өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.

Жұмыстың  өзектілігі: Өсімдік – табиғат қазынасы, халықтың байлығы.

Оны қорғап, өсіру біздің қолымызда. Бірақ кейбір қоғамдардың экологияға, өсідіктерге немқұрайлы қарауында.



Зеттеудің  әдістемесі

Мектепте  немесе  аулымда    өсетін  өсімдіктермен  танысып,  мәліметтерді  жинақтап, тәжірибе  жүргізу.



Зерттеудің  теориялығы  және   практикалығы: Зерттейтін  өсімдігім  ауылымда  өсетін адыраспан  жөнінде  мектеп   кітапханасынан, ғаламтордан  мәліметтер   жинақтау

Негізгі  дәрілік  өсімдіктерге  характеристика

Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер: белок, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Әдетте өсімдіктердің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде қолданылады.

1. Жолжелкен – ірі  жапырақты, екі  жылдық  өсімдік. Мамыр, маусым  айында  гүлдеп  қыркүйек, қазан  айларында  піседі. Батпақты, сазды жерде көп өседі. Жолжелкеннің  құрамында   әртүрлі витамин, белок, май, қышқылдар  мен  тұздар  көп  болғандықтан  одан  жасалған  дәріні  көптеген ауруларға  қолданады. Тамырының  қайнатпасын  іштен  қан  өткенде, қан  қақырғанда  ішеді. Оның жапырағын  бозөкпе, созылмалы  бронхит  ауруларына  қолданылады.

2. Жантақ - Қазақстанда  кең  таралған  өсімдік. Шөл  және  шөлейтті  аймақтарда  кездеседі. Бұл әсіресе  құрғақшылыққа  өте  төзімді  өсімдік.  Күлте  күлгін  қызыл  түсті, гүлдері  жұқа  тікеніктерге орналасқан. Гүлдеп  тұрған   шіліктер  бал  өндірудің  бағалы  көзі  болып  табылады. Жантақ – құмда, сортаң  жерде  өсетін  көпжылдық  өсімдік. Бойы 40-50см.

Сабағы  тік  өседі, гүлі  қызыл. Қыркүйек, қазан  айларында  гүлдейді. Созылмалы  гастритке, асқазанға, тік  ішектің   жарасына, геморойға  қарсы  қолданылады.

3. Бақ-бақ - орман  ішінде  өзен, арықтың  жағаларында  өсетін  көпжылдық  өсімдік. Сап-сары болып  сәуір  айында  гүл  ашады. Өт-несеп  жолдарын  тазартуға, қақырық  түсіруге, қуық, бүйрек қатты  түйіліп  ауырған  жерді  басуға  қолданылады.

4. Қызылмия – бұршақ  тұқымдасына  жататын  көпжылдық  өсімдік. Бау-бақша  арасында, өзен мен  арық  жағаларында  көп  кездеседі. Қызылмияны  Әбу-Әли  Ибн  Сина – Орта  Азияның «женьщені» деп  атаған. Қызылмия  шілде, тамыз  айларында  гүлдейді. Мұны  гастрит, қуық, бүйрек ауруларына, өкпенің  қабынуына  қолданылады.

5. Асқабақ – күй  талғамайтын  бау-бақшаның   бәрінде  өсе  беретін  біржылдық  өсімдік. Жапырағы ірі, гүлі  сары. Асқабақтың  ұрығын  ұнтақтап, қара  мейізге  қосып, келіде  жаншып  ішінде  глистасы бар  балаға  4рет   жегізсе   іштегі   құртты  айдап  шығады. Асқабақ  сабағын  суға  қайнатып, ішсе несепті  жүргізеді. Бүйрек  пен  жүректің  ісініп,  ауырғанын  қайтарады. Өсімдік   мамыр – шілдеде гүлдеп, дәні  қыркүйек-қазан  айларында  піседі.

6. Адыраспан - кіндік  тамырлы  көпжылдық  шөп  тектес өсімдік. Адыраспанның  дәрілік  қасиеті ертеден  белгілі. Адыраспаннан  дәрі  жасау  үшін  сабағын  гүлдеген  кезде   орып  алып, дәнін күзде  жинайды. Адыраспанды  нерв  жүйесінің   түрлі  ауруларына   емдеуге, тұмауға қарсы, аяқ, тері, қышыма, қотыр  ауруларына  қарсы  қолданылады.

7. Шырмауық - көпжылдық  шөп  тектес  өсімдік. Сабағы  жерге  жайылып, басқа   өсімдіктерді орап  ұзарып  өсе  береді. Маусым-қыркүйек  айларында  ақ, көгілдір, қызғылт  гүл  ашады.

8. Тұт - субтропиктік  өсімдік. Тұт  ағашының  жіңішке  тамырын  қазып, өзегімен  кептіреді. Оны ұнтақтап  суға  салып  қайнатып, ауызды  шайса  тіс  түбінен  аққан  қанды  тоқтатып, босаған  тісті бекітеді. Сол  сияқты  өт  жолының  қабынуын, бүйрек, көкбауырдың  жұмысын  жақсартады.

9. Жалбыз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Оның түрлері көп. Қазақстанда оның 2 түрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Өзен мен көл жағалауларында өседі, тау баурайларында, шабындықтарды, бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына керекті заттар көп. Қазір ол шөпті көп жерлерде қолдан өсіріп дайындауда.

Осы дәрілік өсімдіктердің ішінде жалбыз өсімдігіне тоқталсам. Анамның айтуынша, кішкентай кезімде денсаулығым сыр бергенде осы жалбыз шөбін қолданып мені емдеген екен. Осы өсімдіктің дәрілік қасиеті туралы қысқаша тоқтала кетсем.

Жалбыз (мята) шөбінің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан білген. Жүздеген ауруға ем деп айтады.

Көктемде қара жалбызды теріп алып, кептіріп, ұнтақтайды. Осының 2 ас қасығын 0,5 кг балға араластырып жейді. Күніне 1 шай қасықпен 3 рет 2 ай ішсе, жүрек ауруына бірден-бір ем. Сондай-ақ, бүйрек, бауыр, өт қабынуы ауруларына пайдаланады.

Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары май қосып қабылдаса, демікпе дертіне, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Жөтелгенді тияды, қарлығып шығатын дауысты ашады.

Терлегіш адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып, демдеп, түнге қарай жарты стаканын ішсе, ал шуашы бар адамдар сол суға 3 рет аяғын жуып жүрсе, сырқатынан жазылады.

Бойға күш-қуат беретін қасиеті бар, қуық-несеп жолдарының қабынуын жазады.Сонымен қатар, жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып, өкпе туберкулезіне де қолдануда.

Жарақатқа, іріңді сыздауыққа, қотырға жалбыз тұнбасын жағып, таңып тастаса, тез жазылады.

Адыраспан

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.

Дәрілік өсімдектермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-Насыр әл Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни, Әл- Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына ықпалы зор болды.
Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі- адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған.
Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алколойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алколойдтері бар.
Емдік қасиеттері. Емдік мақстта адыраспанның шөбін, Яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «Уарау Аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен.
Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі- дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді.
Емдеу тәсілдері. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан емшілік қасиеттері өте көп. Сол емшіліктің бір саласы әр түрлі шипалы шөптермен емдеу болып табылады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауруы бар науқастың бөлмесін залалсыздандырады.
Адыраспанның ем болатын аурулары:
• Ревматизм ауруы
• Ұмытшақ ауруы
• Тіс ауруы
• Бастың созылмалы ауруы
• Тарамыс ауруы
• Буынның қабынуы
• Бел, сал ауруы
• Асқазан ауруы
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.

Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан.  Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды.



Емдік қасиеті

Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін

жинап алады. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін алады. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады.
Өсімдіктің химиялық құрамына көз жүгіртсек: адыраспанның тұқымында 3,5-6 пайыз алкалойд, Тамырында -3,3 пайыз, сабағында -3,5 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, тұқымында 2,38 пайыз алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.Фармакологияда адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Ал адыраспан шөбінен қолдан дайындалған тұнбаларды емшілер бұдан да басқа алуан түрлі науқастарды жазу үшін пайдаланады. Айталық, адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жазған. Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен ірі қара малдарының қотырын емдеген. 
Адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше.

Адыраспан   халық   ұғымында

Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған. Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған.Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Түркияда ерте кезеңдерден-ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, оны  пайдаланған.



Дәрілік  өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы

Ас – адамның арқауы. Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі осы өсімдіктерден алынады. Өсімдік – адам үшін азықтық қайнар көзі.

«Өсімдік жақсы өссе – адамдардың да тіршілігі жақсармақ, өсімдік солып қалса, адамға да қатер төнгені», «Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің шырынында». Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден белгілі. Дәрілердің барлығы дерлік өсімдіктерден алынады. Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина былай деп жазды:

«Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік және пышақ». Бұл қағида осы күнге дейін өз күшінде. Дәрілік өсімдіктерді халық «өмір шөбі» деп атайды, сонымен бірге – «әр аурудың өз шөбі бар» дейді. Осы айтылғандардан-ақ емдік қасиеті бар өсімдіктерді халық өте ерте заманнан–ақ қолдана бастағанын аңғаруға болады.

Өсімдіктен алынған дәрілер жүрек-қантамыр, жүйке жүйелері, бүйрек, бауыр, асқазан, тыныс жолдары ауруларына қолданылады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінің шипалық қасиеті бар. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерге күнделікті тұрмыста кездесіп жүрген: бақбақ, жолжелкен, итмұрын, мыңжапырақ, түймедақ т.б жатады.Адам ағзасына әсер ететін дәрілік өсімдіктерді былайша топтастыруға болады

Қорытынды

Табиғат – адамзаттың материалдық және рухани талабын қанағаттандыратын байлықтың негізгі көзі, табиғи қорлар азайса, байлық та кемиді. Сондықтан бүгінде күн тәртібінде табиғат байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселесі тұр.

Өсімдіктер тіршіліктің тірегі әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай,  қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз  жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалуды қорғау.

Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонымен, өсімдік- медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы.


Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.

Осы  жүргізілген  зерттеу  жұмысының   нәтижелері  мен   қорытынды-сына  сүйене  отырып, алға  қойған  мақсаттарымызға  жетеміз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Г.С.Калинова, А.Н.Мягкова. Методика обучения биологии //М.: «Просвещение», 1989.

2.     Ю.П.Лаптев. Рассказы о полезных растениях //М.: «Просвещение», 1982.

3.     // Қазақстан мектебі, №11-12, 1992.

4.     Биология. // «Атамұра», 2012.

5.     //Биология, География, №11-12, 1999.



6. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том

7.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет