Тақырыбы: «Жүйелі –рөлдік ойындар» Кіріспе



Дата26.10.2018
өлшемі29.43 Kb.
Тақырыбы: «Жүйелі –рөлдік ойындар»

Кіріспе

Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір өзегі.


Атақты педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бірден бір құралы. Ойын ерекше қасиеттерімен ерекшеленеді. Ойын кезінде бала жолдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасқа түсіп, көңіл-күйлері өзгеріп үлкен қуанышқа бөленеді.

Ойынның түрлері:

1.Дамытушылық ойын

2.Логикалық ойын

3.Шығармашылық ойын

4.Рөлдік ойын

5.Сюжеттік ойын

6.Ұлттық ойын

7. Жаттығулар мен спорттық ойындар



Рөлдік ойындар

Мақсаты: Рөлдік ойын арқылы балаға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлесу қабілетін үйрету, жан-жақты білімін көрсетуге дағдыландыру, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Рөлдік ойын — біріккен топтық ойын, мұндай ойынға қатысушылар әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындайды (әлеуметтік рөл): анасының, әкесінің, тәрбиешінің, дәрігердің, оқушының т.с.с. Балалар өздері құрып, белсене кірісіп ойнайтын ойынды – рөлдік ойын деп атаймыз. Әсіресе мазмұнды рөлдік ойындардың мәні өте зор. Ойынның ерекшелігі баланы жүйелі  ойнауға қалыптастырады.  Ең бастысы ойынды нәтижелі  ұйымдастыру. Мысалы: ойын кезінде баланың икемділігін бақылай білу, ойынның  мазмұны түсіне білу, баланың сеніміне кіре білу, байланыста болу, ойынды таңдай  біліп, оның тақырыбын, мазмұнды көркемдігін аша білу.

Педагог ойын тақырыбының орындалуын бақылап, қадағалайды. Тақырыпқа яғни ойын тақырыбына қызығушылығын, ойыншықтарды дұрыс қабылдап, ойынға кірісуін қарау. «Бүгін мен дәрігер болам, ал сендер ауырған адам боласыңдар» немесе «Мен сатушы, ал сендер сатып алушысыңдар» т.б. Педагог осылай ойынға рөлді бөле отырып екі аса маңызды міндетті орындайды:

-         Ойынның мазмұнына бағыттап, балаларды ұжымға ұйымдастырады.

-         Достық  қарым-қатынасқа тәрбиелейді.

баланың достығы, сенімділігі, еркіндігі дамиды. Мысалы: бала батырдың, рөлін ойнағанда  өзінің  тәртібін, әдептілігін, батылдығын, адамдарға  қамқорлық  жасауға дайындығын көрсетіп, дәлелдегісі келеді.  Осындай мақсат, міндетте бағытталған дағдылар баланың жеке басындағы моральды тұрақтылығы қалыптасады.


Рөлдік ойынның түрлері:

«Дүкен», «Аурухана», «Кітапхана», «Ателье», «Жүргізуші», «Шаштараз», «Мектеп», «Отбасы», «Құрылысшы», «Шекарашы», «Ғарышкер»т.б.



«Дүкен ойыны»

Балалардың рөлге бөлініп ойнауларын дамыту. Ойынды түсіндіру. Балалардың біреуі дүкенші болады, ал қалғаны сатып алушы болады.



«Жүргізуші ойыны»

Балаларды ойын шартымен түсіндіру. Жол полицияның жұмысымен таныстыру.



«Ателье. Сән қой» ойыны

Бұл ойын арқылы балаларды әдемілікке, тазалыққа баулу. Бір бала жүргізуші, бірнеше бала сән үлгісін көрсетеді. Қалған балалар оған қошемет көрсетеді.



«Кітапхана» ойыны

Балалар бұл ойынды ойнау арқылы білімді болуды, ақылды болуды үйренеді. Бір бала кітапханашы, қалған балалар оқуға кітап алатын оқырман.



Қорытынды

1. Өзара сыйластыққа үйретеді

2. Ақыл-ойды кеңейтеді

3.Тілін дамытады

4.Тәртіптілікке баулиды

5.Сөздік қорын байытады

6.Достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

7.Ізденмпаздық, тапқырлық қабілетін оятады



8.Келешек қайраткер азаматты тәрбиелейді


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет