Тақырыбы: Жемістер Білім беру саласы: Коммуникация. Сөйлеуді дамыту Мақсаты



Дата24.01.2018
өлшемі49.39 Kb.
Тақырыбы:Жемістер

Білім беру саласы:Коммуникация .Сөйлеуді дамыту



Мақсаты:Балаларға жемістер туралы түсінік беру, түстер мен пішіндерін ажыратуға. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат беру. Үш орталыққа бөлу арқылы берілген тапсырманы мұқият орындай білуге үйрете отырып, «Денсаулық- зор байлық», «Дені саудың- жаны сау» деген қағиданы балалар бойына сіңіруге үйрету.

Керекті құралдар: слайдтар, мақал-мәтелдер, көкөністер мен жемістердің суреті, қылқалам, жемістердің таспасы, гуашь бояуы, сүлгі, жеміс- жидектер, тақтайша, салатқа ыдыс.

Ұйымдастырылғаноқуіс- әрекетініңәдісі:сұрақ- жауап, әңгімелеу, көрсету, түсінік беру, интерактивті тақта.

Билингвалдық компонент: Жемістер –фрукты,алма- яблоко,алмұрт -груша,банан -банан,өрік- персик ,дәрумендер -витамины.
Шаттық шеңбер.

Үлкенге сіз,

Кішіге сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар қонақтармен амандасып шеңбер бойына жиналып, «Шаттық шеңберге» тұрып, сөздерін қайталап, қимыл-қозғалыстарын жасайды.

Шаттық шеңберін құру:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық,

Жерден нәр алайық,

Алақанғасалайық,

Күнненшуақалайық.

Алақанға салайық.

Күншуағын апайларға сыйлайық

(Алақандарын үрлейді)
Іздену-үйымдастырушы.

Оқуіс-әрекетін сұрақ қоюдан бастаймын

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Күзде неше ай бар?

-Күзде үш ай бар

-Атандаршы

-Қыркүйек, қазан, қараша

-Күздің соңғы айын атайықшы

-Қараша айы

-Күзде нелер піседі?

-Күзде жеміс-жидектер, көкөністер піседі.

-Бүгін сендермен «Жемістер» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өтеміз. Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

«Енбасты байлық-денсаулық»

-Деніміз сау, ауырмасақ қана бақытты өмір сүреміз. Ал, ауырмау үшін дәрумендерге бай тағамдарды көп жеуіміз керек.

-Көп дәрумендер кездесетін тағамдардың денсаулыққа пайдасы көп. Біз жемістерді көп жесек, ауырмай, үлкен болып өсеміз.

Балалар интерактивті слайдты мүқият қарайды.
Билингвалдық компонент: Жемістер –фрукты,алма- яблоко,алмұрт -груша,банан -банан,өрік- персик ,дәрумендер -витамины.
(Слайд бойынша көрсетіп,түсіндіру)

Балабақша медбикесі- Жадыра апай айтып түсіндіріп берсін.

А дәрумені- ағзаның өсуіне, көздің жақсы, сүйек, тіс, шашты нығайтады.

В1, В2, В 12 дәрумені-дене жарақатының тез жазылуына септігін тигізеді. Қан құрамына, қан аздыққа әсеретеді.

С дәрумені – зат алмасу үрдісіне иммунитет ікөруге көмектеседі.

Д дәрумені – сүйек, бұлшық еттін дұрыс дамуына әсер етеді.

Е дәрумен – жүрек қызметтін жақсартады.

Сонымен қатар «С» дәруменіне бай жемістер мен көкөністер (көкбүрыш,орамжапырақ, қызанақ, шалқан.с.с) және «Д» дәрумені кездесетін тағамдар (балық, ірімшік,сүт,айран, уылдырық, май) тіс ауруына ұшырамауына,қатты және сау болып өсуіне көмектеседі.

Балалар жеміс-жидектер туралы тақпақ айтады.

Балалар жемістер туралы тақпақтар мәнерлеп, жатқа айтады.



Алмұрт – Айдар: Мен алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың,



Жүзім-Айсана:Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып үзілдім



Өрік –Жұлдыз: Мен өрікпін,өрікпін,

Табиғатқакөрікпін.



Алма-Ансаған: Мен алмамын, алмамын,

Таңдай қалар бар дәмім.



Дидактикалық ойын. «Жемістер терейік» ойыны

Сергіту сәтін жеміске байланысты айтып, қимыл- қозғалыстар жасай білу.



Сергітусәті: Алма, алма дейсің,

Алма берсемжейсін.

Айтады екен деме.

Алманы жума йжеме.

Кім тапқыр ойыны

Балалар жасырынған жемісті тауып айтады.

2 . «Жемісті тауып ал» ойыны.

Балалар аталған жемісті тауып қоршайды.

3 .Жұмбақ жасыру.

Сырты тәтті

Іші қатты,

Ортасы сүйек қатты.

(өрік)

Доптар жатыр желісі бар,



Қабат-қабат терісі бар.

(орамжапырақ)

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күз жеткенде.

(алма)

Бақшада жер қазып,



Жиып алдым жезқазық.

(сәбіз)


Рефлексивті- коррекциялаушы.

Дидактикалықойын: «Дәміне қарай ажырат».

Ойынды ережесін бұзбай ойнау.



Мақсаты:Кесулі үстел үстіндегі түрлі жемістердің бөліктерінен көз жұмулы бала дәмтатып, қандай жемі секенін айтып сипаттайды.

Қорытындылау.

Кел ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күнжақсы,

Сәл- саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Жемістердің дәміне қарай атап, оның адам денсаулығына пайдасы туралы

Түсінеді:Жемістер туралы тақпақтарын мәнерлеп айтуды

Қолданады:орталықтарға берілген тапсырмаларды мұқият орындайды.

«Жұпар» балабақшасы



Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырыбы:Жемістер

Дайындаған: Немзорова С.А

Амангелді ауданы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет