Тақырыбы: «Ессіз құмарлық-денсаулықтың жауы.» сыныптан тыс жұмыс



жүктеу 151.45 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі151.45 Kb.
d:\crown\desctop\все фотки\100_1184.jpg

Тақырыбы: « Ессіз құмарлық-денсаулықтың жауы.» сыныптан тыс жұмыс
Мақсаты:

1.Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығының, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру;

Адамзатқа нашақорлық, алкоголизм, шылым шегу сияқты жаман дерттердің тигізетін зардаптарын ұғындыру;

2.Оқушыларымыздың гигиеналық мәдениетін қалыптастыру, сұлу да сымбатты, дені сау және рухани жан дүниесінің таза болуына ықпал ету;

3. Салауатты өмір салтына бағыттай отырып, адамгершілігі жоғары ұлтжанды азамат тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Суретті плакаттар, нақыл сөздер, адамның ішкі мүшелерінің макеті, бейне сюжет.
Тех.құралдар: Видео, экран, диапроектор.

Түрі: Театрландырылған сабақ

Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, көрініс.

Өту барысы:

Жоспар :

І. «Жастық шақ- адам өмірінің көктемі.»



/ кіріспе сөзі/

ІІ. Жирен жаман әдеттен!

- Шылым шегу есею ме?

-Маскүнемдік - өзін-өзі қорлау

- Есірткіге ес кетірмейік..

( шығу тарихы, көрініс)

ІІІ. «Уланған мүшелердің жан айғайы»

ІV. « Өзіңді билеу-ең жоғарғы билік, құштарлықтың құлына

айналу- ең қорқынышты құлдық.» (Психолог кеңесі)

V. «Мен жастарға сенемін!» Қорытынды сөз

І. Кіріспе сөз:



«Жастық адамға бір-ақ рет беріледі»,- деп жазды Белинский.

Адамның жасөспірім шағында ақыл-ойы қауырт өсетін, қажырлы іс-әрекетке , қимыл-қозғалысқа құштар романтикалық кез. Осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, оның сана сезімі өседі, жан қуаттары шыңдала қатая түседі.

«Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш шөптер гүл-жапырақтар бірақ-рет жасарады.Осы секілді , адамның да басына жастық екі келмейді. Жастық –біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді, сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық- түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер- білім, жақсы мінездерді бойына жинауға тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тіршілік ете алмайды.»-дейді қазақтың біртуар ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы Жастық шағында адам не нәрсеге жақсыға да жаманға да тез еліткіш болады. Барлық нәрсеге әуестеніп, қызыққыш келеді. . Сондықтан да сендер ең бірінші салауатты өмір салтын сақтап, білімдеріңді шыңдай түсулерің керек. Солай жүріп жаман әдеттерге бойларының қалай үйретіп алғанын білмей қалады. Осыған орай мен бүгінгі сабағымды осы жаман әдеттерден жиренуге арнадым.Енді осы зиянды заттар зардабы туралы өздеріңнің білгендеріңді ортаға салайық.
ІІ. Кезең «Жирен жаман әдеттен»
-Шылым шегу есею ме? / 1-бөлім/
1- оқушы :

ХV.ғасырдың аяғына дейін бұл өсімдікті Америка құрлығының байырғы тұрғындарынан басқа ешкімде білмеді.Ертеде темекі түтінінің адамды өзіне тартып алатын сиқырлы және емдік қасиеті бар деп таныған. Темекі деген сөз «Тобаго» деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда Колумб экспедициясы мен қазіргі Орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша «tobacco» деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1559 жылы Португалиядағы Француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичеге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады.Осыдан көп ұзамай-ақ бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Никоның құрметіне өсімдік латынша «Nicotiana» деген атты иеленді. Ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид «никотин» деп аталады.

2- оқушы:



ХVІ ғасырдың 2-ші жартысында темекі дәрілік өсімдік ретінде кейінірек тарала бастады. Темекіні иіскеді, түтікше арқылы шекті, шайнады. Әртүрлі заттармен араластырып суықтан ауырғанды бас және тіс ауырғанды тері және жұқпалы ауруларды емдеу үшін қолданды.1580 жылы ағылшын ақсүйегі темекіні көп шегетін теңізші әрі ақын Вальтер Рейли мырза Ирландияда темекі плантациясын құрды. Кейінірек бірнешеулерін ашты. Олардың бірін ол «Виржиния» деп атап, оны соңынан өзінің кең тарған темекі сортына берді.

3- оқушы:



ХVІІ ғ.басында қазіргі Америкада негізінен ағылшын отарларында басқа да темекі плантациялары да өсті. 1611 жылы осындай плантацияны виржинияда ағылшын Джон Рольф жасады. Темекі ұрығын ол Тринидад пен Венесуэладан әкелді. Ал технологиясын Вальтер Рейлиден алып жетілдірді. 8 жылдан кейін Виржиниядан Англияға темекіні экспортқа шығару басталды. Ал Джон Рольф өзі мәңгілікке жаңа дүниеге қоныстанды және өзіне темекі өсіруге кеңес берген үндістер көсемінің қызына үйленді.

4- оқушы:



Ақсүйектер арасында темекінің басқа да табынушылары болды.

Пруссия королі Фредрих І (18ғ басы) Германия сарайында темекі шегудің мерекесін өткізді. Ал оның баласы Фридрих Вильям -І темекі алқасын құрды.Темекіге қарсылар да болды. Англия королі Джеймс- І

17-ші ғасырдың басында-ақ темекі шегуге қарсылығы жөнінде бірнеше рет айтқан болатын.Бұл әдеттің денсаулыққа зияндығын темекінің адамдарды өлімтікке ұқсататынын осылайша мемлекеттік әскери қорғанысын әлсірететінін ескертті.

ә) Көрініс


Шылым шегудің «пайдасы»
/Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады./
Бала : -Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін.

Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?

Қарт: - Шылым шегудің үш түрлі «пайдасы» бар балам. Біріншіден, шылым шеккен адам ешқашанда қартаймайды.

Бала: -Қалайша?

Қарт: - себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді, балам. Екіншіден олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

Бала: -Қалайша?

Қарт: -себебі, балам, шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды да , күндіз түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көк жөтелін естіп үйге жақындай да алмайды.Үшіншіден шылым шегетін адамды ешқашан да ит қаппайды.

Бала: -Қалайша?

Қарт: -Себебі,олар ерте мүгедек болып қалады да таяққа сүйеніп жүреді, ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма ,айналайын.



Ақсақал қулана жымиып қойды. Ал бала ойланып қалды.

Барлығы хормен: Шылымшы қарт, жас адам-өзіне-өзі қас адам.


5 оқушы : Шылым шегушілерге хат!

Сәлеметсіздер ме? Мен сіздерге өзімнің құрбыларым салған суретті жолдап отырмын. Осы суреттерге жақсылап назар аударыңыздар. Сіздер темекіні шеге отырып өзіңізге ғана зиян келтірмейсіз, өзіңізді қоршаған адамның бәріне зиян келтіресіз. «Темекі тартқан бір кісі, уланған бүкіл үй іші» деген нақыл сөздің шындығын дәлелдейсіз. Темекіні көп тартып өз ағзаңызды өзіңіз құртып, тірі қаңқаға айналасыз.

Сондықтан ұзартқың келсе ғұмырды,

таста арақ пен шылымды ,-

деген аталар сөзімен хатымды аяқтаймын.

- Маскүнемдік - өзін-өзі қорлау / 2-бөлім/
1-ші оқушы :

а) Спирттік ішімдіктер ерте заманнан бері мәлім. Бастапқы кезде олар жүзім өсіретін елдерде көп пайдаланған. Шамамен 8 мың жыл бұрын керамикалық ыдыстар пайда болған кезде ертедегі Греция мен Египетте пальма ағаштарынан, нан мен балдың шырынының күші10-20 градустан аспайтын ішімдіктер дайындалған. Спирт ішімдіктерінің күшті түрлерінің шығуы алкоголизмнің бүкіл Еуропаға таралуына ықпал етті. Арақ Ресейге 16 ғ. әкелінді. Сөйтіп анағұрлым көбірек тұтынатын азық-түліктің біріне айналды. Ресейде алкоголизм жаппай ауруға айналды. Таза спиртті VI-VII ғ. Арабтар өндіре бастады да оны алкоголь деп атады. Арақты ең бірінші Рагез деген араб жасап шығарды.



ә) Көрініс «Қара пима»
І бөлім

Жүргізуші:Сахнада бөлме көрінісі әдемі жиылған төсек бөлменің дәл ортасында дөңгелек үстел, дастархан жаюлы. Шәй қайнатып, баласын, күйеуін тосып жүрген әйел самаурынға шоқ салып әндете сөйлеп жүр.



Түскі уақытта болып қалды, тамақтарын әзірлейтін-деп, орнынан тұра бере сол қолымен жүрегін ұстап отыра кетеді.

Шешесі: -Ойбай, жүрегім, осы кейінгі кезде анда-санда жүрегім шәншіп жүр.Бірдеңені сезе ме, әлде ауыра ма, соны түсінбедім.

Жүргізуші: Осы кезде үйге қуана бала кіреді.

Бала: Шеше, мен бүгін шығармадан 5 алдым! –деп, қуанып шешесін құшақтайды.

Шешесі: Құлыным сол, әкесінен аумай қалғаным сол, не жаздыңдар?

Бала: Мен әкемнің жұмыс істейтін жерін, бізді асырап отырған әкем ғой, әкем туралы көп жаздым, бірақ сіз ренжімесін деп, сіз туралы да жаздым. Сізге арнап өлең шығардым:



Менің анам саябақ

Мектептен күнде келгенде,

Шәй қояды даярлап,

Менің анам әдемі-ақ.

Шешесі: Ой ,айналайын талабыңа нұр жаусын, әрине, бәрі әкеңнің арқасы .

Жүргізуші: Осы кезде үйге қабағы салыңқы әкесі кіреді.

Шешесі:Не болды отағасы, ауырғаннан саусың ба? Иығың түсіп кетіпті ғой.

Әкесі: Иә, бұдан да ауырғаным жақсы, бүгін мен істеп жүрген мекеме жабылып, мен жұмыстан қысқартылып жұмыссыз қалдым

ІІ бөлім


Жүргізуші: Шашылған үй, төсек тартып жатқан ана, көршілердің көңіл сұрап келуі.

Көршілер: Алимаш , амансың ба, ауырып қалды деген соң көңіліңді сұрап келдік, дәрігерге қаралсаңшы.

1 көрші: Әй, бірақ дәрігерге бара қалсаң, қабылдауына ақша сұрайды.Бұл заман не болып кетті, нарық заман келіп, бәрімізді қарық қылды. Қой кеттік, біраз отырдық,- деп орнынан тұрады.

Алимаш:Келгендеріңе көп рахмет! Сендерге бір өтінішім бар, мына ауру мені алмай қоймас. Менің қара балама көз қырларыңды сала жүріңдер. Әкесі болса жұмыстан қысқарғалы ішіп жүр, өзінің достары да көбейіп кетті.

2 көрші: Қой ,жаман айтпа әл-ақ тұрып кетерсің.

Жүргізуші: Үйге қолында шөлмегі бар,жолдастарын ертіп күйеуі келеді.

Әкесі: Әй, тұр өліп жатырсың ба? Менің достарым келді. Қойшы соны , келіңдер өзіміз ішеміз.

Жүргізуші: Ұлы мектептен келеді. Қабағы салыңқы.

Әкесі: О, менің жалғызым келді.Көрдіңдер ме, менің қара баламды, мені асырайды.Кел балам, ағаларыңмен таныс.

Жүргізуші:Бала шешесінің қасына барып ,көрпесін жөндеді. маңдайынан сипап.

Шешесі: Қазір, балам әкең кетсін сосын шәйіңді ішесің.Неше алдың?

Баласы басын шайқады.



  • Балам отын әкелмесең, отында бітті.

Баласы: Жарайды, шеше сен тек жазылшы, орныңнан тұршы, мен сен үшін бәрін істеймін.

/Ана туралы ән/

ІІІ бөлім


Көршілері: Қой балам, қайғырма, бәрі алланың қолында ,жылама сен енді үлкен болдың. Шешең байғұс өлер шағында о дүниеге кететінін білді ме екен, сені бізге көп тапсырды.

2 көрші: Тұр балам, бүгін күн жұма, шешеңнің аруағы разы болсын. Шелпекпен шәй ішіп жүрек жалғап ал.

1 көрші: Әкең болса, әне шешеңнің киімін сатып арақ ішіп жүр.
IV бөлім

Бала: « шеше мен келдім, сені қатты сағындым, бүгін түсіме кірдің, басымнан сипап, менің «екі алғанымды айттың»


Айналайын жан анам,

Сені қалай қия алам.

Сен кеткелі өмірден,

Қайғыдамын күнде анам.-деп жылайды.

Жүргізуші: Үйде сабағын оқып отырады. Осы кезде қолында шөлмегі бар әкесі келеді де, жан-жағына қарап жоғын іздегендей әр жерді бір тіміскілейді. Көзі бір бұрышта тұрған балсының пимасына түседі.Баласына білдірмей пимасын қойнына тығып алып шықпақшы болғанда ,баласы көріп қалады.

Баласы: Әке пимамды берші, сатпашы. Мектепке қалай барам?-деп әкесінің қолындағы пимаға жармасады.

Жүргізуші:Осы кезде әкесі баласының кеудесінен итеріп жібереді.

Әкесі: Кетшей ары ,күшік!

Баласын шапалақпен ұрып жібереді. Бала жерге құлап ұзақ уақыт жылайды.

Көршілері:Ойбай байғұс, жатқанына біраз болды-ау деймін, аяқтары үсіп қапты. Тезірек дәрігерге апарайық.


V бөлім
Жүргізуші:Аурухана. Дәрігерлердің дауысы: Наркоз. Ара әкеліңдер, кеспесе болмайды.

Жүргізуші:Үстел басында дәрігер қағаз жазып отыр.

Дәрігер: Бала қалай? Өзіне келді ме? Өзінің туыстары , ата-анасы бар ма?

Жүргізуші: Осы кезде алыстан әкесінің даусы естілінеді.

Әкесі: Балам ,құлыным ,қайдасың? Мен келдім, балам .

Жүргізуші: Ақ төсекте жатқан баласының қасына келеді.

Әкесі:Қарашы базардан су жаңа пима әкелдім, енді қандай қатты қыс болса да, аяғың тоңбайды.

Баласы: «Бекерге әуреге түскенсің, әке. Енді маған пиманың керегі жоқ» -деп теріс қарайды.

Әке:Жоқ балам, олай деме, біз әл-ақ пиманы киіп шаңғы тебеміз, деп балсының көрпесін жұлып алады.

Баласының аяғынын тізеден кесілгенін көріп.

Әкесі: Жоқ, жоқ .Бұлай болу мүмкін емес.! Деп балсының кеудесін құшақтап жылайды. Балам бәріне мен кінәлімін. Кешір балам , бәріне мен кінәлімін.

Жүргізуші:

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын ,

құтқаратын күш жоқ онда әлсіз тірі өліксің.

Жат әдетпен темекіге,есіркіге жоламаңдар сол үшін!
Мұғалім сөзі:

-Неге ана дүниеден өтті?

-Неге бала жетім қалды?

-Неге шаңырақ шайқалды?

- Неге? Неге? Неге?


Мұғалім сөзі:

-Кімде- кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл боламын десе, арақ ішпесін!

- Кімде- кім сұлу қызға сүйікті жар боламын десе, арақ ішпесін!

- Кімде- кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе, арақ ішпесін!

- Кімде- кім өз ұжымына қадірлі боламын десе, арақ ішпесін!

-Өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе, салауатты өмір салтын сақтасын!
- Есірткіге ес кетірмейік. / 3-бөлім/
1-ші оқушы:

а) - Нашақорлық грек сөзі аудармасы «ессіздік». Дүние жүзінде оны «ақ өлім» немесе «тозаққа апаратын тура жол» деп те атайды.Қазіргі нашаның көп тарағаны героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Қазақстанда есірткінің ең көп таралған түрлері : героин, какоин, марехуана.

ә) Көрініс



Өзімнен өзім сыр таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын.

Шіріген картоп сияқты,

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімнен өзім тістенем ,

Шарабым да тұр ішпеген.

Ұыйқтайын десем қорқамын,

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

-Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. .Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. Бір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. Әке шешем бар дегенімді жасады.Анда-санда әкем мен тентек болған кезде айғалап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?!» - деп ара түсетін. Ия, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше 2-3 мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой? Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей екеуіміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның меннен айырмашылығы наша деген пәлінің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егер де білген болса тіріде жолаймын ба?!
/ сахна сыртынан оқылады./

Тамырын умен суарып,

Денсаулық деген егістің,

Шірітіп апсың біразын,

Ғаламат қымбат жемістің .

Инемен таза денеңді ,

Тесуге неге келістің?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштің?

Төсекке асыл азамат,

Ауру меңдеп құлайсың.

Дәрігерлерді мазалап,

Не үшін енді жылайсың?
-Содан арада 2-3 жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарымды да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол бір инені көрсем аузымнан суым шығап, есім кетеді.Бұ кезде әкем машина апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруханаға түстім. Дәрігерлр менің СПИД-пен ауратынымды анықтапты. 4-5 жыл білмей жүріппін.
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,

Құрбанымын СПИД деген кеселдің.


ІІІ кезең. «Уланған мүшелердің жан айғайы»

/ адамның ішкі әрбір мүшелері/

Ми:

Мен 5 бөліктен тұрамын: Үлкен ми, аралық ми,ортаңғы ми, мишық, сопқша ми. Ішімдіктің әсерінен менде тежелу процесі болады, әсіресе қабырғасы қатпаған жас өспірімг өте зиян. Соның әсерінен ештеңені сезбеймін. Алғырлық қасиетін жоюға көру, есту реакцияларын жойылған типті түсті де ажырата алмаймын. Кейде буындырып, булықтырып, талдырып жығады. Соның нәтижесінде талмалы ауру пайда болады.

Жүрек:Никотинде (темекіде) у болғандықтан ең алдымен менің жиырылуымды жиілетіп, қан тамырларымды тарылтады. Ішімдіктің маған келтірер зияны темекіден де күшті.Арақтың уы қаныма тез сіңіп, ағзаға тез таралады.Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады.Сондықтан адам ентігеді.Менің қабығымды майландырып, жұмысыма кедергі жасайды.

Асқазан: Спирттік ішімдік, тамақ сияқты жақсы келіп бойға таралып сіңбейді. Ол маған келгенде шырышты қабығымды күйдіріп , бірден қан тамыр жүйесіне өтіп кетеді.Ол менің тамақ сіңіретін безімнің сөлін шығарып, үздіксіз тітіркендіріп, қоздырып тұрады. Соның нәтижесінде гастрит ауруы пайда болады.Темекі түтінінің құрамындағы никотинде солай әсер етеді. Қарында , шектерде жаралар пайда болады.

Бауыр: Ұзақ уақыт спирттік ішімдіктерді адам қабылдаса бізбауырлар үлкен өзгеріске ұшыраймыз. Ақырында емі жоқ цирроз (шемен) ауруына шалдығамыз. Егер адам вирустық гипатит сары аурумен аурып жүргенде ішетін болса, біз 2-3 күннің ішінде езіліп кетеміз.

Өкпе:Темекі түтіні менің жолымның кілегейлі қабығымды қабындырады.Темекі түтінінде болатын күйе(сажа) мен қара май (деготь) ұсақ бронхиолалар мен менің көпіршек терімді бітеп тастайды. Ағзаны оттекпен қамтамасыз ете алмай газ алмасу бұзылады.Темекіні көп шеккенде мен қатерлі ісікке көбірек шалдығамын.

Сезім мүшелері мен олардың маңызы



Сезім мүшелеріне көру,есту, иіс сезу,дәм сезу,сипап сезу,тепе –теңдікті сезу жатады .Сезім мүшелерінің құрылысы өте күрделі.Бұл мүшелердің әркайсысы қоршаған ортаның белгілі құбылысына жауап беретіндей болып құрылған.

Көз:Мен жарықты,құлақ дыбысты естуге бейімделгенмен.Мен адамның аса маңызды сезімтал шамшырағы, сондықтан адамзат көз арқылы табиғатта болып жатқан алуан түрлі құбылыстарды көріністерді жанды немесе жансыз денелердің бояуларын көре білген.Менің жұмысым темекі тартудан, арақ ішуден бұзылады.Темекінің ішіндегі улы заттар қанның құрамына өтіп , рецептор жасушаларының құрылысына әсер етеді.Сезімталдық қызметімді нашарлатады.Алкоголь ұрт тамырлары арқылы қанға өтіп, ішіндегі оттекті таситын эритоциттерді бұзады да, оттектің мөлшерін азайтады. Сөйтіп көздің рецептор жасаушаларында зат алмасуы болмайды.

ІV кезең. « Өзіңді билеу-ең жоғарғы билік, құштарлықтың құлына

айналу- ең қорқынышты құлдық.» (Психолог кеңесі)


/ өлең жолдары/
V кезең . «Мен жастарға сенемін!» /Қорытынды сөз/
Мұғалім сөзі:

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңның № 37 бабында:
«Баланы алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының

зиянды әсерінен қорғау»




  1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері , мемлекеттік органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған білім беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмір салтын және алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды екенін насихаттауға міндетті.

  2. Балаға алкогольді ішімдіктерді , темекіні сатуға тиым салады.

  3. Алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарын өндіруде немесе сатуда бала еңбегін пайдалануға тыйым салынады.

  4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерінде , сондай-ақ балаларға арналған іс-шараларды жүргізу кезінде шылым шегуге , темекі бұйымдарын сатуға тиым салынады.

  5. Балалар мекемелерінде , білім беру ұйымдарында және оларға іргелес 100 метр радиустегі аумақта алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады.



Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында денсаулыққа баса назар аударып, жастарға үлкен үміт артатынын баса айтты. «Бүгінгі күн-талантты,жігерлі, өзіне сенетін ерік жігері бар адамдардың уақыты.»

Олай болса мен сендерді осындай жаман әдеттерден бойларыңды аулақ ұстап, салауаттылық өмір сүруге шақырамын.

Келешекте әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылатын елдің іргесін болашақта нығайтатын да қазіргі жас ұрпақ сендерсіңдер!

Мен өзімнің сабағымды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен жастарға сенемін!» атты өлеңмен аяқтағым келіп тұр.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.
Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат ары бар,

Мен жастарға сенемін.
Жас қырандар балапан,

Жайып қанат ұмтылған,

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін!




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет