Тақырыбы: «Ерте жаста отбасы құрудың оң және теріс жақтары». Мақсаты



Дата05.04.2018
өлшемі59.93 Kb.
Тақырыбы: «Ерте жаста отбасы құрудың оң және теріс жақтары».


Мақсаты:
Оқушыларға ерте жаста Отбасын құрудың оң және теріс жақтары айту.


Міндеттері:Оқушыларға Отбасын құруға уақыты келгенде, жасы толғанда, Отбасын құруға жоспарлауға үйренгенде, заман ағымынан, уақыт талабынан қалмауды үйренуді. Үй болудың оң жақтарын көрсетіп, өзін - өзі тәрбиелеуге, өз басын құрметтеуге, жауапкершілікті болуға үйрету.

Көрнекілігі: презентация, ватман, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, нақыл сөздер.

Өткізген: мектеп психологы: П.Ж.Курганбаева

Қатысқан сыныптар: 10 "А", 10 "Ә". 11 сынып оқушылары.


Психолог:Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар «Зорлық – зомбылық және қатыгездіксіз балалық шақ»- ақпараттық кампаниясының ұсынуымен ұйымдастырылған «Жастай отбасы құру: оң және теріс жақтары» атты ток-шоуға қош келдініздер.


«Үйлену оңай, үй болу қиын». Бұл мақалды бүгінгі күні жиі қолдануға тура келеді. Мұның себебін өзіміз көріп те, біліп те жүрміз. Отбасын құрып, өмірге ұрпақ әкелу – өмір заңдылығы. Ерте ме, кеш пе, әр адам бұл өмірден өз теңін табады. Дегенмен, қай уақытта, қай жаста жанұя құрған дұрыс? Байқап жүргеніміздей, қазіргі уақытта жастардың ерте үйленіп, жастай тұрмысқа шығып жатқан жайы бар. Бұған көп жағдайда қызды өз еркінен тыс алып қашу немесе олардың аяғының ауырлап қалуы себеп болып отыр.

Қазіргі уақытта аталмыш себептердің соңғысы жиі орын алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек, әлемде жыл сайын 16 миллион кәмелетке жетпеген қыз екіқабат болып қалады. 15 пен 18 жастағы 3 миллион бойжеткен жасанды түсік жасатады. Олардың қатарында қаракөз қазақ қыздары да бар. Статистика еліміздегі некенің үштен бірі сәтсіз болатынын көрсетіп отыр.

Психолог: Отбасы- ерлі – зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың және басқа туыстардың ара қатынасын реттейтін нормалардың тәртіп үлгілерінің жиынтығы мен сипатталатын әлеуметтік институт. Отбасы – қоғамның тірегі, оның алғашқы ұясы. Адам өмірінің мәні, алдымен оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасынсыз адам бақытты болуы мүмкін емес.

Психолог Бүгінгі ток-шоуымызға келіп отырған қонақтарымызбен таныс болайық:

Қазақ – бағзы заманнан бері ұрпақ қамын тереңнен ойлап, олардың болашағына тиісті тәлімін беруден жалықпаған халық. Қазақ дәстүрінде екі жастың түтін түтетіп, шаңырақ көтеруін ата-аналары, туған-туыстары реттеп отырған және тату-тәтті ғұмыр кешуіне ықпал жасауы ұдайы ескерілген.

Жалпы ұлттық ұстында тұрақты неке кеңінен қолданылды. Тұрақты некеде алдын ала талап етілетін қағидалар бар. Мысалы, қалыңдық таңдарда міндетті түрде қыздың келісімі алынуы шарт. Келісім беруші қыз кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс болуы тиіс.
Сонымен қатар қазақи ежелгі дәстүрдің бірі – жастай некелес-тіру екені әлімсақтан белгілі. Бұл дәстүр бойынша қыздарды 13 – 14 жасында ұзатқан және оған «он үште отау иесі» деген мақалдың мазмұны да айғақ болады.

 Бүгінгі тақырыбымыз бойынша «Жастай отбасы құру: оң және теріс жақтары» өз көз қарастарыңызды құрметті қонақтар ортаға салып отырайық. Сіз қалай ойлайсыз? Қонақтарға сөз беріледі.



Психолог:Оқушылар сіздердің көзқарастарыңыз бойынша жастай Отбасын құруға себеп болатын жағдайлар не?

  1. Ғашық болу

  2. Жүкті болу

  3. Ата-аналардан қараусыз қалғандар

  4. Шын сүю

Ерте жаста Отбасы құрудың теріс жақтары

  1. Көзге шөп салу

  2. Білім қуып, карьера жолын қуу

  3. «Оқығанша үйленейін» 

  4. Невроз, психоэмоционалды қысым, дипрессия және стресс, жауапкершіліктің болмауы,

  5. Отбасынық өмірге дайын болмау.

  6. Көңілі қалуы

  7. Баланың болмауы

  8. Ажырасу

Психолог:Бірақ, қазіргі таңда жастарымыздың ерте үйленуінің теріс факторлары өте көп. Жастардың ерте некелесудің қиындықтары болатынын ескергені абзал. Себебі, барлық отбасында дерлік әлеуметтік жағдай, ата-ананың қолдауы бола бермейтіні анық. Жалпы, ерте шаңырақ көтерген жастар ата-аналарына көп ауыртпалық түсіреді. Отбасындағы барлық ауыртпалық бала көтергеннен бастап жас келіннің иығына түседі. Мына дамыған, жаһандану заманында ерте үйленген отбасының білім алуы да қиынға соғады. Ерте некелесу дегеніміз – білім алудан қол үзу дегенді білдіреді. Жас күйеуі де балалықтан толық арылмағандықтан әкелік парызын атқаруға дайын емес. Олардың отбасын ары қарай жалғастыруға әлеуметтік жағдай көтермейді, отбасындағы кикілжің, ұрыс-керіс, береке-бірліктің жоқтығы осы сәттерде басталып, аяғы отбасының екі жаққа кетуіне әкеліп соғады. Отбасында кикілжің тудыратын себеп өте көп, соның ішінде ең көп тарағаны отбасы мүшесінің бірі екіншісін қайта тәрбиелегісі келетіндігі. Бұған айтарым «Адамды өзгерту мүмкін емес, тек оған деген қарым-қатынасыңды өзгерт» деп кеңес берер едім. Мұндай отбасылардың ғұмыры ұзаққа бара бермейді. Ал ажырасқан жағдайда білім алмаған, оның үстіне баласы бар әйелдің өмірден өз орнын табуы қиынға соқпақ.

Психолог:Бұрынғы уақыттарда неке қию мұсылмандар үшін мешітте, христиандар үшін шіркеуде өткізілген кездер болады. Зайырлы мемлекет болғандықтан, біздің елімізде эксперименттік некенің де, діни мекемелердің араласуымен органдардын – Азаматтық хал актілерін кіркеу бюросы куәландырған некеңін ғана заңды күші бар. ҚР неке және отбасы туралы заңы бойынша неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген. Алайда дәлелді себептер болған жағдайда неке жасына екі жыл толмайтын азаматтардың некесі тіркелуі мүмкін. неке жасын төмендету туралы мәселені нақты себептерді көрсете отырып, некеге тұруға тілек білдірушілердің өздері немесе олардың ата-аналары, кейде қамқоршылары көтере алады.

Психолог: ҚР «Неке және отбасы туралы Заңы» бойынша ерлер мен әйелдер үшін неке жасы - 18

Оқушыларға сұрақ:Көптеген қыздарымыздың ойлауынша, олар болашақта ертегідегідей ханзада мен ханшайым сиықты өмір сүретінін көзге елестетеді.Бұл шынында да осылай ертегідегідей бола ма?

Статистикалық мәліметтерге қарағанда жастай қосылған отбасылардың 70пайызы ажырасып кетеді екен.

Ажырасудың негізгі себептері:

Ажырасуға бірден-бір себепкер әйелдердің бала тууға қабілетсіздігі, яғни, «бедеулік» республикада жылдан жылға өсуде. Осының салдары шаңырақ шырқының тез бұзылуына итермелейді.
Байқамай жүкті болып қалған жас қыздар кейде аборт жасатуға мәжбүр болады, ал алғашқы жасал-ған аборттар көбінесе бедеулікке әкеп соғатынын ұмытпаған жөн. Медицинаның өркениетті жетістіктерін көздерімен көре тұра, жас келіншектер мен әйелдердің заңсыз абортқа баруларының себебін түсіну қиын. Бәрі оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу. Дегенмен, осылай өздеріне-өздері жауапсыз қараудың салдарынан отбасында жанжал туындап, некенің бұзылуына тірелетін кездер де кездеседі.
Отбасы шырқы бұзылуының тағы бір себеп-салдары – әлеуметтік тұрмыстың нашарлауы, ішімдік ішу мен нашақорлыққа әуестену және ерлі-зайыптылардың арасында түсінпеушіліктің туындауы. Ажырасу көбінесе отбасындағы ұзаққа созылған қақтығыстардан, отбасылық қатынастардың ушығуынан болып жатады.


Қорытынды: Үйленіп, үй болу үшін ешкімге ауыртпалық түсірмей, өз аяқтарына тұрған кезде үй болған дұрыс. Сондықтан жастар құр нәпсіге еліктеп, сезімге беріліп үйлене салмай немесе еріксіз алып қашпай, бәрін ой елегінен өткізіп алған жөн. Оның үстіне отбасын құратын жандар отбасылық жауапкершіліктің де қандай екенін, ер мен әйелге жүктелген міндеттерді де ұғып алмайынша үйленуге асықпағаны дұрыс. Бұл жерде ең алдымен ата-ана тәрбиесінің рөлі зор. Балаларының тәрбиесіне тікелей ата-ана жауап беруі керек. Үйленген екі жастың ата-аналары екі жақтан да тәрбие берген кезде ғана неке сақталады.

"Астрахан №1 орта мектебі" ММ

Тақырыбы:

«Ерте жаста отбасы құрудың оң және теріс жақтары».

( ток - шоу)



Өткізген: мектеп психологы

П.Ж.Курганбаева
2016 - 2017 оқу жылы
Каталог: 887344EE9999D2F9 -> 551d6cbb9fe3ac2fef9b36dfd8b11b50
887344EE9999D2F9 -> 2. Математика > Ана тілі
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінде сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алуға байланысты жүргізілген жұмыстар туралы Ақпарат
887344EE9999D2F9 -> Ақмола облысы
887344EE9999D2F9 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі
551d6cbb9fe3ac2fef9b36dfd8b11b50 -> Көптеген қыздарымыздың ойлауынша, олар болашақта ертегідегідей ханзада мен ханшайым сиықты өмір сүретінін көзге елестетеді. Бұл шынында да осылай ертегідегідей бола ма?


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет