Тақырыбы: «Ер жеттім екен деп »



жүктеу 49.79 Kb.
Дата30.06.2017
өлшемі49.79 Kb.
Тақырыбы: «Ер жеттім екен деп...»
Мақсаты: Ұлдармен әңгімелесе отырып, өтпелі кезеңдегі ер балаларда кездесетін өзгерістер мен олардың болу процестері жайлы түсіндіріп, сақтанып жүруге тәрбиелеу. Ер балаларды болатын жасөспірімдердегі болатын аурулар жайлы және ерте жыныстық қатынасқа түсудің қауіптілігін ұғындыру.

Қатысушылар:
- 10 - 11 сынып ұлдары

Барысы:
- Мұғалімнің түсіндіруі
- Сауалнама
- Қорытынды

ЕР ЖЕТТІМ ЕКЕН ДЕП…

«Он үште отау иесі» десек те, өтпелі кезеңде әр пәледен сақтанған жөн. «Ер жеттім екен деп, естен айрылмаған абзал» екенін тағы да ескерте отырып,

ПОЛЛЮЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

13-15 жас аралығы ер балаларда өтпелі кезең саналады. Ер баланың жыныстық жетілуі 12-13 жаста күрт жеделдейді. Жыныстық жетілу негізінен әр баланың организміне байланысты әртүрлі болады. Кейбір балаларда 16-17 жаста аяқталып бітеді. Енді бірінде 20-21 жасқа дейін созылуы мүмкін. 12-14 жасқа келгенде организмге ерлердің жыныс гормоны – тестестоерон бөліне бастайды. Бұл кезде баланың бойы мен дене бітімі, жыныс мүшесі жылдам өседі. Әрі бұл кезде ер баланың бойындағы ұрық та жетіле бастайды. 14-15 жастағы ер балалардың ағзасында шамадан тыс көп піскен сперма жиналады да, ол өздігінен мезгіл-мезгіл сыртқа шығып отырады. 14-15 жаста ұлдардың ұйықтап жатып шәуетін жіберіп қоятыны осыдан. Кейде кино көріп отырғанда елітіп, шәуетін сыртқа жіберіп қоятындар бар. Бұл – 13-14-тегі ұлдардың бәрінің басынан өтетін жағдай. Кейбір ұяң балалар осы кезде қысылады. Бөлінген шәуеттен қорқып, бұл ауру ма дегендей нешетүрлі ойларға кетіп, әбіржіп, қобалжып жүреді. Шәуеттің сыртқа шығуы медицинада «поллюция» деп аталады. Бұл – табиғи құбылыс. Сондықтан ол үшін қобалжудың еш қажеті жоқ.

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕР БАЛАЛАРДАҒЫ АУРУЛАР

13-15 жас аралығындағы ер балаларда көбіне варикацеле ауруы кездеседі. Варикацеле – жыныс мүшесі жұмыртқасындағы тамырдың анотомиялық кеңеюі. Сондай-ақ бұл жастағы жеткіншектерде жұмыртқаға, жыныс үрпісіне суық тиюден болатын аурулар кездеседі. Сондықтан ер балалар бойын барынша жылы ұстап, аяғынан суық өткізіп алмағаны абзал. Синтетикалық тар іш киім, тар шарбарлар, джинсы – мұның бәрі қан айналымының қызметін бұзады. Әрі ер бала ауыр соққы, тепкі алмауға тырысқаны жөн. Өйткені жыныстық жетілу кезінде алған жыныстық жарақат өмір бойы өкіндіруі мүмкін.

ҚАТЫНАСҚА ЕРТЕ БАРУ ҚАУІПТІ

Ер адамның әйел затына қарағанда жыныстық қажеттілігі әлдеқайда басым. Сондықтан да болар, қазір ер балалардың кейбірі 14-15 жаста-ақ алғашқы жыныстық қатынасқа барып үлгереді. Төсек әліппесін үйрену үшін көпшілігі жеңіл жүрісті қыздарға барады. Ерте жыныстық қатынасқа бару ең біріншіден еркекті белсіздікке соқтырады. Ал екіншіден, жыныстық жұқпалы аурулар жұқтыруы мүмкін. Қазіргі кезде ер азаматтардың арасында хламидиоз,  трихомониаз,  гонорея сынды жыныстық аурулар кең етек алды. Сондай-ақ ЖҚТБ-де (СПИД) жыныстық жолмен берілетіндіктен, ерте жыныстық қатынасқа бару қауіпті. Ер азаматтың жыныстық ауруларының туындайтын жолдары өте көп. Және ол көбінесе жас кезде алған жыныстық зақымның әсерінен болады. Ер бала 17-18 жаста ғана толық жыныстық жетілген болып саналады. Сондықтан 17-18-ге келіп, организм толық қалыптасқанда ғана жыныстық қатынасқа барған жөн. Онда да қорғанған, сақтанған дұрыс.

БЕЛСІЗДІК НЕДЕН БОЛАДЫ?

Ердің қайраты – белінде. Бұл – өмір шындығы. Белсіздікке шалдығудың төрт түрлі себебі бар. Оның алғашқысы суық тиюден келеді, яғни простатит сынды аурулар. Бұрындары бұл кеселге 40-50 жас шамасындағы ер-азаматтар шалдығып жатса, қазір тепсе темір үзетін жас жігіттер де простатиттің зардабын тартуда. Ал екінші себеп – ағзадағы қанның ұйып қалуы. Бұл негізінен күннің жартысына жуығын бір орында отырумен өткізетін ер-азаматтарда көп кездеседі. Қазіргі кеңсе қызметкерлері күніне 8-9 сағат орындықта отырады. Адам бір орында көп отырса, кіші жамбастағы қан айналымы дұрыс жүрмейді. Сондықтан үнемі қозғалыста болу керек. Жетіліп келе жатқан жасөскінге атқа мінудің пайдасы зор. Атқа міну бір жағынан массаж да.

Белсіздіктің тағы бір себебі – инфекциялық жолмен тарайтын аурулар. Жыныстық қатынасқа түскенде сақтанбаса, түрлі инфекция еркек беліндегі ұрықты ірітіп, ұрықтың белсенділігін төмендетеді.

Белсіздікке әкелетін төртінші себеп – экология. «Мұнай мен уран, қорғасын, сынап, аммиак, көміртегі, фосфор өндірілетін орындарда ұзақ уақыт жүру зиян.


СҮНДЕТТЕЛСЕҢ СЕГІЗ ТҮРЛІ ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛАСЫҢ

Белгілі себептермен бала кезде сүндеттелмей қалғандар болады. Ондай балалар есейе келе жанындағы достарынан қысылады, сүндеттелмегенін жасырады. Біздің орталыққа 20-30 жастағы жігіттер де келіп, сүндеттеліп, жас кезде орындалмаған парызын орындап жатады. Сондықтан ер жігітке қаншаға келсе де сүндеттелудің еш әбестігі жоқ.

Сүндеттеу ең алдымен тазалық алып келеді. Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық: стафилоккок (іріңді микроб), гонорея (жыныстық жіңішке ауруы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату керек. Оған қоса, сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады. Сондай-ақ жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары болатынын медицина әлдеқашан дәлелдеді.
САУАЛНАМА


  1. Жыныстық жақындастық болды ма?
    а. Иә

б. Жоқ

  1. Жыныстық жақындастық туралы білімнің негізгі көздері.
    а. Кітаптар, газет-журналдар
    ә. Достар
    б. Кино, телекөрсетілімдер
    в. Мұғалімдер
    г. Туыстар
    д. Мед. қызметкерлер
    е. Құрбы-қыздар
    ж. Өз тәжірибем
    з. Білмеймін

  2. Қалай ойлайсың, жыныстық қатынасқа түсудің басты себебі не?
    а. Өзара махаббат
    ә. Үйлену мақсатында
    б. Есейгендіктің дәлелі
    в. Рахатқа (ләззат алуға) ұмтылу
    г. Сәнді, беделді
    д. Әуестік
    е. Басқа
    ж. Білмеймін

  3. Егер де сен қызыңның (жүретін) сенен аяғы ауыр екендігін білсең, не істер едің?
    а. Білмеймін
    ә. Үйленемін
    б. Түсік жасау
    в. Ештеңе істемейтін едім

  4. Мектеп жасында баланы босанған дұрыс па әлде түсік жасату керек пе?
    а. Түсік
    ә. Босану
    б. Білмеймін

  5. Жыныстық жолмен берілетін қандай ауру түрлерін білесің?
    а. ЖИТС
    ә. Сифилис, гепатит
    б. Ешқандай
    в. Білмеймін

  6. Ерте жыныстық қатынасқа түсу несімен қауіпті?
    а. Жүктілік
    ә. Түрлі аурулар
    б. Қауіпті емес
    в. Білмеймін

  7. Балалы болғың келе ме?
    а. Иә
    ә. Жоқ

  8. Қалай ойлайсың, сенің жасыңдағы достарың қазіргі дамыған заманда өзін және баласын асырай алады ма?
    а. Иә
    ә. Жоқ
    б. Мүмкін
    в. Білмеймін

  9. Жыныстық өмір туралы танымдық сабақтар мен сауалнамалар жасөспірімдерге керек деп ойлайсың ба?
    а. Иә
    ә. Жоқ
    б. Білмеймін

ҚОРЫТЫНДЫ: Ер азаматтар денсаулығының төрт ережесі

1. Ер азаматтар денсаулығын сақтау үшін алдын ала контрацепция әдістерін қолданған жөн. Кез келген жыныстық қатынас қауіпсіз болуы керек. Зәр шығару мүшесінен бөлінулер пайда болғанда, зәр шығару қызметі бұзылғанда, дереу дәрігерге қаралған жөн.

2. Сондай-ақ, темекі мен ішімдікті үнемі пайдаланатындар да – «әлсіз» еркектердің санатына кіреді. Шылым шегу, арақ ішу, тамақ сапасының төмендігі, кездейсоқ жыныстық қатынас – мұның бәрі еркектің ұрық қабілетін бұзады. Сондықтан мұндай зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстаған абзал.

3. Артық салмақты болдырмаған жөн. Артық салмақ денені май басуына әкеледі. Одан адам әлсіздікке бой алдырады. Шектен тыс семіздік зат алмасу жүйесін бұзады.



4. Денені шынықтырып, күнделікті жаттығу залына барып тұрған жөн. Спортпен айналысу, ерлердің интеллектуалды қабілетінің артуына, денсаулығының дұрысталуына септігін тигізеді.
: uploads -> doc -> 064a
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет