Тақырыбы: «Батыр қызы сен халқымның»



Дата10.04.2018
өлшемі67.33 Kb.

Сыныбы:5


Тақырыбы: «Батыр қызы сен халқымның»
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға Әлия Молдағұлованың өмірі, ерлік жолдары, өжеттілігі, қайсарлылығы туралы мағлұмат бере отырып қазақ тарихына шолу жасау.
Тәрбиелік: Оқушыларды Әлияша елін, жерін сүйетін, тәуелсіз еліміздің патриоты болатын ұл - қыздарды болып өсуіне ықпал жасау.
Дамытушылық: Сөйлеу мәнерін қалыптастыру, тіл байлығын дамытып, ой – өрісін кеңейту.
Көрнікіліктер: плакаттар: Әлияның суреті, буклеттер- «Арулар отты жылдарда», «Шығыс шынары», «Әлия - ғасыр аруы», газет қиындылары, ведио-роликтер.
Сабақтың барысы:
Сынып жетекшісі:
Ерлермен қатар тізе қосып, атқа мініп, найза ұстап, ел қорғаған қыздарымыз аз емес қазақ тарихында.

Біздің заманымызға дейінгі ІҮ ғасырда өмір сүрген Томирис «Тұмар қыз» Отан қорғаудың үлгісі. Қорқақтық пен сатқындықты кешірмейтін піріміз - Ұмай ана да тектіліктің тәрбиесінен тамыр тартқан, аты аңызға айналған аналарымыз. Әлия апамыз бен Мәншүк апаларымыз - шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк халық үшін егіз есім, бір ұғым.. Олар ақын айтпақшы «Қыз емес қызыл от» болып жаралған тұлғалар.


Биылғы жыл қазақ тарих сахнасында ерекше жыл. Өйткені әлемді дүр сілкінткен екінші дүние жүзілік Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Ал ерлігімен Кеңес Одағының есінде қалған қазақтың қаһарман қызы Әлия Модағұлова 90 жасқа толады. Әлия - ғасыр аруы атанып жиырма бірінші ғасырдан аттанған тұлғалардың бірі. Ол әлі тәуелсіздік туын көтерген еліміздің ұрпақтарына ерлігімен үлгі ұлы жүрегімен достық дәнекері бола береді
Екі ғасыр өлшеміне өткен Әлияны туған жері ғасырлар бойы ұмытпайды.

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен

Әсем гүлін құшаққа жиып өскен

Аққу құстың бейнебір баласындай

Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен, - деп ақын ағаларымыз жырға қосқандай ерлігін дәріптеп, жолын өміріне шамшырақ етіп келе жатқан жасжеткіншектердің маржандай жырларына кезекті беремін
1 - оқушы:
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
Мәңгілік от ескерткіші алауы.
Көктем келіп гүлдегенде бар аспан,
Кең жазира нұрға тұнар ғаламат.
Әлия, Мәншүк бүлдіршіндер есімі,
Балабақша, мектепті жүр аралап.
Әлия, Мәншүк өлмегені сол болар,
Қос қарлығаш ардақталар қорағалар,
Ұмытпаса қазақ өткен тарихын,
Болашаққа даңғыл Сара жол болар.
Әлия туралы талай жырлар, өлеңдер, дастандар дарқан дала төсінде талай жырланды. Сондай керемет туындыны қазақтың жезтаңдай әнші қызы Роза Рымбаева халыққа ыстық сезімге толтыра отырып жеткізген болатын. Қазір балалар Роза апаларыңыздың бағын ашып дүйім жұртқа әншілігін паш етіп танымал еткен ән «Әлия» әнін тыңдайық.


2 - оқушы:
Әлия Молдағұлова(шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы 1924 жылы 15 маусымда Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Әлияның әкесі Нұрмұхамбет Сарқұлов кезінде бай тұқымынан шыққан ұрпақ ретінде қудалаған адам. Ал анасы Маржан 1932 - 1933 жылдары ашаршалақ кезінде кортоп еккен бақша күзетшісінің оғынан қаза болған. Сегіз жасында жетім қалып, Әубәкі деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ол ағасы Санкт - Петебург(Ленинград) қаласын көшіп келді де Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайын байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Әлия ерекше ұстамды, зерек, жаңалыққа бой ұрғыш болып өседі.

3 - оқушы:


Жүріп өткен жолдары нағыз аңыз
Әлияны бүгін біз сағынамыз
Дастанындай керемет мәңгіліктің,
Иесіне ерліктің табынамыз
Әлия деп ағады бал бұлақта
Әлия деп сайрайды бұлбұл бақта.
Көтеріліп күн көзі Әлия деп,
Әлия деп ай туады біздің жақта
Батырлықтың үлгісін бастады да
Жарқырады Шолпандай аспаныма.
Жалғасытыр деп ұрпаққа ерлігімді
Өзі өтті өмірден қасқағымда

4 - оқушы.


Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста болған екен. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Майдан даласында: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде? деген сұрақтарға -
Мен Молдағұловамын. Қазақстандықпын. Жасым 17 - де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгелрік тапсырманы орындауға дайынмын. Керек болса, Москва қорғағанда өлген біздің 28 бауырлар сияқты өлеміз, Отан үшін жан пида деп жар салған.

Әлия – батыр қыз, ерлігі ешқашан да өшпейді. Олай болса Әлия өмірінен сыр шертетін бейне роликті тамшалайық.

5 - оқушы:
Отан!
Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансызжан өмірінде оңбайды
Өзін - өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де анасыз,
Өмір сүрер
Әйелсізде баласыз,

Ал Отансыз -


Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе?
Отанның сен не екенін?
Екі Отан жоқ
Жалғыз Отан - мекенің.

Осы туған жері, халқы, Отаны үшін қасықтай қаны қалғанша жаумен арпалысып, жанын шүберекке түйіп, бала- шағасын, анасын, жарын, тума- туысын артқа тастап қанша қазақ азаматтары қан майданға аттанды десеңізші!

«Қазақстаннан майданға аттанған жауынгерлер» атты бейне-роликті тамашалайық.
Хор: «Қазағым елім менің»
7 - оқушы:
Әлияның Сапураға 1943 28 июльдегі жазған хаты.
Сәлем!
Қайырлы таң, қымбатты Сапура!
Менің хатымның саған қашан жететінін білмеймін, бірақ сонда да өзімнің жауынгерлік өмірімдегі соңғы жәйтті хабарлауға асығамын. Қазір мен жол үстіндемін, ладыңғы күні атанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге кетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің былайша да түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінемін, неге десең мектепте әлде де болса бір - қатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттандым.. Өміріме өкінішім жоқ.. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар. Жоқ, ол - өзім турал емес сенімен, сәбилермен, жеңгеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным. Жеңешеме мені майданға аттанды, көңіл хошы тамаша, хал - ақауы өте жақсы, тек қобалжымасын деп тілек айтады деп жаз. Ол кісіге Әлия сәбилерге мейірімді қаруды өтінеді деп жазуды өте сұраймын. Жеңешем балаларды адал ниетті, батыл, халық ісіне берілген, әсіресе ата - аналары мен жақындарын сыйлайтын адам болатындай етіп тәрбиелесін.
Өмірде барлық жақсылыққа жет деген өзіңе дара ізгі тілекпен Әлия

8 - оқушы:


Ару қыздар алаулап от кешкендер
Сыздап тұр - ау әлі күнге оқ тиген жер,
Қаласыңда мәңгілік ел есінде
Ару қыздар алаулап от кешкендер
Біріктіріп үміті мен тілегін
Біріктіріп барлық күшін жігерін
Ана үшін, бала үшін, жар үшін
Жасқанбастан тосыпты оққа жүрегін
Сол бір қиын тым сұрапыл шақта олар
Кеудесіне ерлік отын жақты олар.
Отан үшін опат болған арулар
Есімдері мәңгі бақи сақталар
Дүниеде ажал барын білместен
Екі қыршын, екі ақ қайың бірге өскен
Қатар ұшқан екі аққу тұр мұнда
Күн астында қанат жазып күн кешкен
9 - оқушы:
Әлия Молдағұлова 54 - ші атқыштар бригадасын 4 - ші батальонның 3 - ротасының мергені. Ұрыс басталғанға дейін оның есебінде өлтірілген 35 неміс болды. Ноовосокольники ауданының солтүстік жағында болған шайқастарда Молдағұлова асқан тұрақтылық, ержүректілік, батылдық көрсетті. Сапында әлия болған 4 - ші батальон жауды Казачиха деревнияснан қуып Новосокольники – Дно темір жолын кесіп, тастау бұйрық алды. Жауынгерлік қарсыласқан жау торабына лап қойды.
10 - оқушы:

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» орындайтын: Қуртпанов Д


Жауға тойтарыс беруге ұмтылған Әлия жараланып еттбетінен түсті. Әлия жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып қайтадан жүгіре жөнелді де бірінші болып жау траншеясына басып кірді.


4 - ші батальонның Әлия болған он қанаты атакаға шығып қысқа ғана ұрыстан кейін жаудың қорғаныш шебін бұзып өтті.
1944 жылдың 14 қаңтар айында Әлия Молдағұлова Казачиха түбінде ерлікпен қаза тапты.

1944 жылдың 4 маусым айында Совет Одағының Батыры атағын берді.

Майдан даласында ерлікпен қаза тапқан барша батыр жауынгер аға- апаларымыздың ерліктеріне бас иіп құрметпен бір сәт еске алайық!

Болса да күткені таң, аңсары - нұр,


Он тоғыз жаспен бітті барша ғұмыр
Он тоғыз жас тағы сол Әлияны
Күтумен сарғайды бел, шаршады қыр.
Сағынса жер шалғында, аспан - қазды,
Күтті ол бейбіт сәуле шашқан жазды,
Әлия майдандағы ерлігімен
Он тоғыз жас туралы дастан жазды.
Оранды жайсаң күндер, тұнықтаңдыр
Есімін батырлардың, ұлықтаңдар,
Он тоғыз жас толған балғын ұрпақ
Салмағын он тоғыздың ұмытпаңдар

Москвада, Ленинградта, Ақтөбеде, Қобдада, Новосокольники қалаларында Әлия Молдағұлова атындағы мұражайлар, көшелер бар. Бұның батыр қызға деген, жалпы қазақ аруларына көрсетілен үлкен құрмет деп түсінген жөн.


Ғасырлардың қойнауында адасқан,
Ашылғандай қазақ үшін ақ аспан
Егеменді ел болуға бекіндік,
Сәтті жылы дәуір бастап, бақ ашқан.
Бүгінде бар армиясы айбынды
Қазақ жерін қорғайды олар байырғы.
Сарбаздар мен сардарлары Сайма - сай,
Болдырмайды қасірет пен қайғыңды.

Би «Катюша» орындайтын Ертай Аяулым, Ертай Сымбат, Кенжеева Таңнұр, Тлеужанов Нұрсат, Зиноллаев Аслан, Қуртпанов Дәулет
Сынып жетекші:
«Ақсақалдың ақ батасын құптаған,
Марқасқалар айтқан сөзін жұптаған.
Есенейге ел билетіп Ұлпандар,
Қобыланды кеңес алды Құртқадан,
Даласы кең осыншама салты бай,
Өле сүйген сүйе алмаған жартылай.
Қажет – жерде батыр қыздар туатын,
Қайран менің қазақ атты халқым-ай» деп А. Бақтыгереева апамыз жырлағандай бүгінгі қазақ қыздарына үлгі болар аналарымыздың өнегелі жолы жалғаса берсін

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық

Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып

Туған жердің төсінде мәңгілікке

Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып – дей келе өр рухты Әлия жерлесімізді еске алу мақсатында жүргізілген сынып сағатымызды аяқтаймыз

Қарашоқат орта мектебі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Батыр қызы сен халқымның»

5-сынып


c:\users\user\desktop\әлия\images (1).jpg

Өткізген: Ахет Г.Е



2014-2015 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет