Тақырыбы: Апорт алмасы неліктен азайып барады?



жүктеу 175.64 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі175.64 Kb.
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Апорт алмасы неліктен

азайып барады?

Ерғалиева Марфуға Мелсқызы

Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі


Алматы, 2014

Мазмұны

I. Кіріспе бөлім...........................................................................3


II. Негізгі бөлім

2.1. Алматы мен алма – егіз ұғым..........................................4

2. 2. Апорт алмасының ерекшеліктері....................................5

2.3. Апорт алмасының азаю себептері....................................6

III. Қорытынды..............................................................................9

Қолданған дереккөздердің тізімі.................................................10

Қосымша........................................................................................11



Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі:
Апорт – ұлттық мақтанышымыз. Бүгінгі күнде апорттардың сапасы ғана емес, сондай-ақ тіпті қалада алма бақтары азайыпбарады.Оны азу үрдісінен арашалап алу – ұрпақ парызы. Алайда мамандардың айтуынша өткен бақшалы-қаламыздың орнын қайта қалпына келтіруге болатының айтады және де болашақта Алматы алмалы жер болатына сенімдіміз.

Түп негізін қалпына келтіру үшін Алматы маңының табиғаты да, жер қыртысы да сәйкес келеді. Тек оны жаңғырту үшін ғылыми ізденіс, озық технология, адами мүдде, жаны ашығандық, тіптен патриоттық сезім керек десе де болады. Жақсы тұқымын әкеліп, жерге отырызып, тыңайтып, көп суарумен өсе береді деген солақай пікірден арылуға жетелеу, жасандылықтан арылып, алманың сиқырын ашатын терең ғылым мен нағыз бағбан бірлесе атқарған іс нәтиже бермек.    Алманы жемейтін, жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар, тіпті, жоқ деуге де болады. Қаламызда жыл сайын көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Бірақ, оған қала тұрғындары бірауыздан жұмылып кірісіп жатқан жоқ. Бірақ, бұл бізге ортақ қала. Сондықтан, баршамыз оның әрбір ағашына қамқорлық танытуымыз қажет. Дегенмен, бұл бастамаға халық көптеп атсалысады деп білеміз. Өйткені, алманың өзіндік сиқыры бар.

Алматының алмасын туған өлкесіне қайтарып, даңқын асыруға жаппай атсалысу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз болуы тиіс.                                     



  • Мақсаты: Қазақстанныңмақтанышы «Апорт» алмасытуралыжан-жақты ізденіп, мәліметтер жинақтап, салыстыру, талдау жасауарқылы табиғат сырларының құпиясын ашуға ұмтылу. Апорт алмасының азаю себептерін зерделеу.


Міндеттері: 

- Апорт алмасы туралы кітаптардан, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
- Алманың түрлері, пайдасы және ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;

- Табиғатқа бейімділік қасиетін саралау;

- Ғылыми тәжірибелік қателіктерді айқындау;

- Жұмыстың нәтижесін жинақтау, баспасөзге жариялау;


Нысаны: Апорт алмасының азаю себептері


Болжам: Егер біз апорт алмасы жайлы көп оқып білсек, онда біз алманың әр үйдің бағында өсіп тұруына ықпал жасаймыз. Бұл шыдамдылықты, еңбекқорлықты, ғылымилықты қажет ететін көп жылдық жеміс. Осы жұмыстағы ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, қажет жағдайда асқан ұқыптылықпен, озық технологиямен байланысты жүргізілген жұмыстың нәтижесін сегіз-он жыл мөлшерінде бұдан 30 жыл бұрынғы апорттың дәмді де құнарлы, әдемі сортын дүниеге әкелуге болады.


Нәтижесі:

Іздену арқылы алманың сорты «Апорттың» жоғалып кетуіне жол бермеу, керісінше көбейту, болашақ ұрпақ, яғни біздер оларды қамқорлыққа алу керектігін білу.

 
 2.1. Алматы мен алма – егіз ұғым


Қаланың атының өзі айтып тұрғанындай, Алматы – ежелден алманың отаны. Бұл жер бұрын Алмалық атанып, мұнда алманың неше алуан түрі отырғызылып, өсірілген. Тарихтан белгілі жайт, ежелгі «Жібек жолымен» жүрген көпестерге жергілікті тұрғындар аманат айтып, олар әлемнің қай жерінде қандай алма сорты болса, соны алмалылық бағбандарға әкеліп беріп отырған. Осылайша, орыстар келіп қоныстанғанға дейін де ежелгі Алмалық (қазіргі Алматы) алма атаулының отаны атанған. Сондықтан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктеммаусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы — алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Атазаң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.

Алматы теңіз деңгейінен 650-12-00 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар қоршаған.

Алматы — Еуразия континентінің орталығы. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында. Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Тау баурайында дәнді, бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер жидектер мен жеміс бақшаларына ұласады. Қала территориясының 8 мың га астамын бақшалар, парктер, саябақтар мен бульварлар алады. Қала 170 шаршы км.астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің торабында орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып саналады. Алматы бүгінде, 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді. Алматы — елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды. Басты қала құндылықтарының бірі — Көктебе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктебенің басына шығу арқылы қаланың алақандай көрінісін тамашалауға болады. Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан.

Ал Алматының апортына келсек, сол жақсы дәстүр жалғасын тауып, 1865 жылы Воронеж губерниясының Егор Редько есімді тұрғыны ежелгі Алмалық қаласына (қазіргі Алматы) қоныс аударғанда өзімен бірге бірсыпыра алма көшеттерін ала келеді. Сөйтіп «Егордың Алатаудың баурайына өз қолымен еккен бірнеше тал алмасы уақыт өте келе, дәлірек айтқанда, 15 жылдан соң алып апорт бағына айналды» деген пікірді қаланың қарт тұрғындары жастарға жыр ғып айтады. Сөйтіп, мұның өзі дәл осы аймақтың апорт алмасын өсіруге ежелден өте қолайлы болғандығын нақты айқындай түседі. Мұнда алғашқы жылдардың өзінде салмағы 400 грамм, дәмі тіл үйіретін алманың түрі пайда болады. Ал қарапайым шаруа Егор апорттың көшеттерін сұрап келген тұрғындарға оны өсірудің технологиясын да ерінбей үйретеді. Осылайша, Алматы апортының бағы жанады. Мысалы, 1908 жылы алғаш рет Германияда өткен бау-бақша өнімдерінің көрмесінде көне қала Алмалықта өсірілген апорт алмасы өте жоғары бағаланды. Осы көрмеге қатысқан көрнекті биолог-ғалым А. Гагарин: «Маннгейм (Германия) қаласындағы көрмеде Алмалықтың апорты өзінің қайталанбас дәмімен, көлемімен бау-бақша ғалымдары мен комиссия мүшелерін таң қалдырды», – деп жазды өзінің естелігінде.

Бір ғажабы, сонау бір жылдары дәл осы Алматыда салмағы 1 келі 800 грамм апорт өсіріліп, мұның мәнісін шетелдік ғалымдардың өздері бірнеше ай бойы зерттеген. Тіпті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2008 жылы «Алматы апорты» деген жазуы мен суреті бар құны 500 теңгелік күміс ақшаны айналысқа шығарды. Ал осыдан тура үш жыл бұрын алма атаулының ғажайып сорты Алматының апортын қайта жаңғырту мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен ғаламдық бағдарлама қолға алынған. Дәлірек, айтқанда, сол жылы «Қазақстанның таулы аймағындағы алуан түрлі бау-бақшаны, оның ішінде, апортты сақтап қалу» жөніндегі халықаралық бағдарламаға сәйкес шетелдерден 6,5 миллион АҚШ доллары көлемінде донорлық көмек бөлінген.

Алматының бағы қандай


Алмасының дәмі балдай.
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай...

Иә, Алматыдан алыс кеткен адамды қаланың қайталанбас ақ жауыны, дәмі тіл үйірер алмасы сағындыратыны ақиқат. Алматы мен алма... Егіз ұғым. Шаһардың атауының да алмаға байланысты қойылғандығын барлығымыз білеміз. Алайда, не себепті қаланың атауына осы бір жемістің арқау болғандығын біреу білсе, біреу біле бермейді.

Алматы қырғыз тілінен аударғанда «алмалы мекен» дегенді білдіреді. Бұл атау қалаға кеше ғана тағыла салған жоқ. Сонау XV ғасырларда мұнда дулаттардың «Алматы» атты қыстауы болған. Бертін келе 1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы аз уақытқа  Алматинск қаласы деп те өзгертілген болатын. Өйткені бағзы замандардан бері бұл өлкеде жабайы алмалардың көп түрі болған деседі.

Көп адамдар Оңтүстік астананың Алма-Ата атты атауын апорт алмасымен байланыстырады.Атау тікелей жабайы алмаларға байланысты берілген. Атақты академик Н.И. Вавилов 1928 жылы Кіші Алматы өзенінің аңғарындағы алма бағын көріп, жабайы алманың түрлерінің мұндай көптігін басқа ешбір жерден көрмегендігін және бұл өлкенің алма мәдениетінің отанына айналатындығын айтып кеткен екен.Вавилов қалт айтқан жоқ! Расымен де солай болды. Жетісу жотарларында кең жайқалған жабайы алмалардың, алмұрттардың, шиелердің, өріктердің қалың тоғайларының көптігі мұнда жеміс шаруашылығының өркендеуінеқолайлы жағдай туғызды. Бұл өлкеде өсірілетін қысқы алма сорттары жер-жерге тасымалданса, алтын пармен, кандиль синап, сары бельфлер, қызыл кальвиль сынды алма сорттары Ресей базарларында жоғары сұранысқа ие болды.

Дегенмен, біздің шаруашылықтың мақтанышы - апорт еді. Аз уақыттың ішінде апорт Жетісудың нышанына айналды. Атау таққанға шебер қазақ халқы апорт алмаға «алма патшасы», «алма әкесі» деген атақ берген.

Қазіргі кезде Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында апорттың Александр және қан-қызыл атты сорттары кездеседі. Халық Александр апортын «Алматы апорты» деп атап кеткен.


2.2. Апорт алмасының ерекшелігі

Апорт — алманың ірі, әріқұндытүрі. Алматы апорты. 19 ғ - дың аяғында Воронеж губ - нан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сортымен будандастыру арқылы шығарылған.Салқындау, бірақұзақемесқысыбар, алжазыжылынемесеыстықболатыноңтүстіктіктіңортабелдеуінде (СолтүстікКавказ, ІлеАлатауы) кеңтараған. Апорттыңқабығытығыз, сарынемесежасыл-сары, қызыл-қоңырмөріменболады; ішкіжағы (еті) сусымалылығымен, нәзікдәміменерекшеленеді.Жемісінің салмағы 350 г, шырынды, түсі қанық қызыл, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті. Негізінен алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Апорт — кешпісетінтүргежатады, қыркүйекайларындағанапісіпжетіледі. Кешпіскендіктенқыстажақсысақталады. Еңтанымалапортбақтары Алматы сыртындаорналасқан.

Алматының алмасы қай кезде болсын, жүздеген сорттардың ішінен өзіне тән исі мен ерекше көлемі арқылы ерекшеленіп тұратын болған. Қаланың тарихына қанық көнекөз қарттардың сөзіне сүйенсек, бұрындары ару қаланың кез келген көшесінде алма ағаштары өсіп тұрған. Бізге бүгінде бұл ертегі сияқты көрінеді. Тіпті бар ғой, әсіресе, алма ағашы гүлдейтін және пісетін кездері көшелерден алманың исі аңқып тұрады екен. Әсіресе, кешкісін қаладағы азғантай ғана көлік қозғалысы тоқтаған шақта үйдің терезесін ашса, сырттан келген қоңыр салқын жел алманың әсерлі исін алып келетін көрінеді. Таңғы уақытта терезе ашық тұрса, ұйқыдан да оятатын сол алмалардың исі болыпты. Сол қарттар бұрындары алманы сатып алып жеу дегенді мүлде білмегендерін айтады. Алма қажет болса, есік алдына шықсаңыз болды, аулалар мен көшелерде алма ағаштары самсап, иіліп тұрады екен. Бойын бір жазуға шамасы келмегендей, алма ағаштары үнемі майысып тұратын көрінеді. Ал, айнала төңіректе үзіліп түскен алмалар шашылып жататын болған. Бала болсын, қарт болсын, жегісі келсе, қолын созса, жетіп жатыр. Апа-әжелеріміз теріп алып, қысқа арнап алманың қайнатпасын дайындайды екен. Жерге түсіп ұрылған, шіріген, әбден пісіп,  жарылған жерлерін кесіп алып тастап, әйтеуір бір пайдасына жаратқан. Алыстан туыстары келсе де, қайтарында сөмкесіне «Ауылға Алматының алмасынан ала бар» деп, сый ретінде салып беретін болған. Ал, бүгінде сол алма ағаштары мен исі мұрын жаратын, дәмі тіл үйіретін алмалар қайда кетті? Алматының көшесін кезіп жүретін алманың исі қайда? 

Бүгінгі қаланың жаңа тұрғындары және біздер үшін бұл тек ертегі ғана. Көшелерден қазіргі кезде шашылып жатқан алманы айтпағанда, алма ағаштарын да көре алмайсыз. Сондықтан, алма ағашының қандай болатынын да көпшілік біле бермеуі мүмкін. Алма болсын, өрік болсын, оның бәрі біздер үшін жеміс ағашы болып саналады. Өйткені, алма ағашын тануды айтпағанда, өсіп тұрған жасыл-желекті бір-бірінен ажырата алмайтындай күйге жеттік. Тек қаланың емес, ауыл тұрғындарының өзі оны жақсы білмейтін болып барады. Себебі, жеміс ағаштары онда да сиреп бара жатқаны рас. 

Апорттың бір ерекшелігі, ол басқа алмалардай кез келген жерде өспейді. Тек қана топырағы шұрайлы тау беткейінде, теңіз деңгейінен 900 – 1200 метр биіктікте жақсы өседі. Бір ғана дерек, 1970 жылы Алматы аймағында он миллионға жуық алма ағаштары болса, мұның төрт миллионнан астамы апорт алмасының үлесіне тиіпті.

Алманың құрамында  алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол. Мәселен, 1 алманың құрамының 83-88 пайызын су , 7,5-16 пайызын қант, 0,2-0,5 пайызын қышқыл, 9,5-18,5 пайызын құрғақ қалдық,  0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар құрайды. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады.

Алматының апорты мақтаныш үшін, әрине, өте керемет жеміс. Басқа жақта дәл бұлай өспейді. Бірақ, шындығын айтқанда, оны күтіп-баптаудың қиындықтары өте көп. Оның толыққанды жеміс беруі үшін белгілі бір шарттары мен тәртіптері бар. Ол, біріншіден, биік таудың басында, белгілі бір өзіне тән биіктікте өскенде ғана нағыз апорт бола алады. Оның топырақты тез арада құнарсыздандырып тастайтын қасиеті тағы бар. Апортты өсіру үшін осының бәрін ойластырып отырмаса, түрі ұқсағанмен, өзі нағыз апорт болып шыға қоймайды. Шет елдердің ғалымдары, көбіне, жабайы алмаға қатты қызығады. Өйткені, бұлар – өзін-өзі жаңартып, жасартып, жетілдіріп отыратын алмалар. Ыстыққа шыдамды, суыққа төзімді, оның үстіне алманың жаңа сорттарын алуға өте қолайлы. Мысалы, Америка мен Канаданың арасындағы Невада штатының табиғаты аса қолайлы аймақ емес, суық жер. 43-45 градусқа дейін суық болатын аймақ өзі. Сол жерге біздің алмамызды апарып егіп еді, біздің алмамыз өте мықты болып шықты. Жалпы, жаңа сорттар алу үшін будандастыру мақсатында да біздің жабайы алмамыздың тұқымына қызығып жүрген ел көп 

2.3. Апорт алмасының азаю себептері

Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешелендіріліп алма ағаш орнын басқа нысандар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол» деген кітабында апорт бір кезде Алматының сәні болған деп сипаттайды. Халықпен кездесулерінде Президент апортты қазақстандықтардың ұлттық мақтанышы, ол экспорттық тауар болуға тиіс деп айтқан болатын. Бірақ, соңғы жылдары апорттың азу үдерістері байқалуда. Жемісі уақталып, түрі солғын тартып, дәмі мен иісінен түгелдей дерлік айырылған. Оның себебі неде? Біз осы атағы бүкіл әлемге мәлім болған, ұлттық мақтанышымызға айналған, Алматының символы, Жетісудың төл жемісі апортымызды жоғалтып алған жоқпыз ба? Оны қайтадан жаңғыртуға бола ма? Осындай сауалдар қай-қайсымызды болсын мазалайтыны анық.

Апорттың азып-тозып кетуінің себебі көп. Апорт алмасының азып, қазіргідей күйге түсуінің басты бір себебі – оны жүйесіз көбейтуде жатыр. Өйткені, ұластыруға арналған қалемшелер кез келген ағаштардан алынды. Оның алмасы сапалы, дәмі мен иісі сортқа тән, өнімі көп, жан-жақты тексерілген арнайы аналық ағаштардан алу керек еді. Бұл – жеміс ағаштарын көбейтудің негізгі бір заңы. Бірақ осы жағдайды кезінде ешкім ескеріп жатпады. Ештен кеш жақсы дегендей, енді кешіктірмей, апорт бақтарына мониторинг жасап, аналық ағаштарды белгілеу қажет. Апортқа телітуші ретінде тек қана жергілікті жабайы алма келеді. Бірақ оның ішінде арнайы түрлерін ажырата білу керек. Жабайы алманың тұқымын даярлау да өз дәрежесінде жүргізілмеді, оның сапасы қадағаланбады. Сондықтан одан өсірілген телітушілер де ойдағыдай болмады, сапасы әртүрлі болды. Ол ол ма, соңғы жылдары телітуші ретінде қытайдың және сібірдің уақ алма ағаштарын қолданды. Олар апортқа сәйкес келмейді, тіпті бір-бірін бөтенсиді. Осыған байланысты Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында жабайы алманың бірнеше түрі телітуші ретінде зерттеліп жатыр.

Апорт алмасының нашарлауының тағы бір себебі – оның вирус ауруына шалдыққаны. Біздің зерттеулерімізге қарағанда, апорт бірнеше вирус түрімен зақымдалған. Вирус инфекциясы іштегі құрт сияқты апорт ағашын іштен сорып, өнімін азайтады, алманың сапасын төмендетеді. Сортты сауықтыру үшін вирустан таза көшеттер өсіру керек. Оның технологиясы бүгінгі күнде көп елдерде зерттелген, енді соны іске қосуға болады.

Апорт бақтарының азаюына, оның атағына нұқсан келуіне біздің кейбір ғалымдарымыздың да қосқан «үлесі» аз емес. Олар өз сортттарын шығарумен әуестеніп, одан қалды шетелдік сорттарды насихаттаумен болды. Әрине, жаңа сорт шығару керек, шет елдің жақсы сорттарын өндіріске енгізу қажет. Бірақ өзіміздің басты, тәжді сортымызды назардан тыс қалдырғаны өкінішті-ақ. Ол ғалымдар мен бағбандардың апортқа таққан «кінәсі»: жемісті екі-үш жыл кеш береді, суды көп қажет етеді, өзіне тән сорттық агротехниканы қалайды, интенсивті сорт емес. Тіпті, апорт алмасының үлкендігі де кінә болып тағылды: бір адам алманы жеп тауыса алмайды, қалғанын далаға тастаймыз ба, деушілер де табылды. Бірақ бұлар апорттың олар насихаттаған сорттарына қарағанда 10-15 жыл артық өмір сүретінін ескермеді, сапасын былай қойғанда, өнім жағынан көп сорттардан асып түсетініне көздерін жеткізбеді. Оның экспорттық тауар болатынын түсінбеді, апорт ұлттық мақтанышымыз деген сезімді аяққа басты. «Көп суару керек, арнайы күтім қажет» деуші керенаулар «керек етсең жақсы зат, еңбек сіңір – бабын тап» деген қағиданы қаперге алмады.Сөйтіп, апортты бүгінгі мүшкіл жағдайына жеткізіп тынды.

Апорттың азып-тозып кетуінің барлық себебі антропогендік факторларға байланысты, яғни біз өзіміз кінәліміз, сондықтан да оны жаңғырту адамның қолында. Уақыт күтпейді. Апорттың азу процесі жыл санап күшеюде. Біз оны бүгін сақтап қалмасақ, ертең кеш болады. Өйткені, аналық ағаштар жыл сайын азайып барады

Нью-Йоркте Американың кәсіби бағбандарына қазақстандық алмалардың тарихы туралы арнайы дәріс берілді", деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Мекеменің деректеріне сүйенсек, бұл шараны Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы, «Қазақстан-америка альянсы» коммерциялық емес ұйымы, Нью-Йорк қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. «Дәріске қатысқан бағбандар Қазақстан алмаларының ауруға төзімді екенін, шағын ғана аумақта алманың алуан түрін өсіруге болатынын, табиғи дәмі мен көлемінің ерекше болатынынан хабардар болды», - дейді мамандар. Бас консул Раушан Есболатованың айтуынша, мұндай дәрістер америкалықтарға Қазақстан тарихымен және мәдениетімен жақыннан танысуға мүмкіндік береді. «Бүгінгі күні Нью-Йоркте 50 түп Қазақстан алмасы отырғызылғанын көп адам біле бермейді. Сондықтан, бұл дәрістер қазақстандықтар мен өзге де шетелдік туристерге қазақ алмасының кереметін тануға мүмкіндік береді», - дейді Есболатова.

Былай қарасаң, апорт проблемасы жоғары деңгейде көтеріліп жүр. Бірақ мәселе жақсы басталады да, соңынан бірте-бірте қалып қойып жатады. Сондықтан да, апортты жаңғырту проблемасын шешуді ынталы, мүдделі, жаны ашитын ғалымдарға тапсыру қажет. Осы мәселемен бұрын шұғылданған, оны жақсы білетін, ұлттық патриоттық сезімі бар адамдар қолға алуы тиіс. Бұлай етпесе, одан ештеңе шықпайды.



Қорытынды
Алматы десе, атына қарап-ақ, көңілге де, еске де алма оралатыны жасырын емес. Алма ағаштары қаладан жырақтаса да, әліоның атауынан алыстаған жоқ. Соның өзі көңілге демеу. Бұл дегеніміз, Алматы көшелерін алма ағаштарымен, алма бақтармен қауыштыруға әлі де кеш емес екенін білдіреді. Қаланың аты осылай сақталатын болса, ол үнемі алмасын өзіне шақырып тұратын болады.  

Ару қаламыз, дегенмен, жасыл-желектен кенде емес. Қалалық әкімдік тарапынан қаланың осы атауын сақтап қалу үшін үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді. Жыл сайын, есіктен көктем жылт етіп қараса болды, ағаш отырғызу жұмыстары басталады. Жаз жақындағанда, гүл егу жұмыстары белең алады. Алмасын өзінен алыстатып алса да, қала әсем гүлдерімен, жайқалған жасыл-желегімен қоштасқысы келмейді.

Алматының арулығында шек жоқ қой. Оған талас болуы да мүмкін емес. Алматыны жырына, әніне қоспаған өнер иесі кемде-кем шығар. Алматыны өрнектемеген суретшінің де шығармашылығында бір дүниенің кем болып тұрары анық. Алматы туралы түсірілген фильмдер де сан алуан. Өйткені, бұрын да, бүгін де ару қаланы барлығы жақсы көрді, мақтан тұтты. Ол келешекте де солай болуы тиіс.Сазгер Мансұр Сағатов ағамыздың ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың сөзіне жазылған «Алматым менің» әніндегі  «Алматының бағы қандай, Алмасының дәмі балдай» деген өлең жолдары Алматының әйгілі алмасын еріксіз ескетүсіреді. Дегенмен, бүгінде сол алмалар ұмытылып бара жатқандай. Бірақ, дәмі бал татыған, исі мұрын жаратын алмаларға деген сағыныш көңілде мәңгі қалады.

Бүгінде Алматы көпшілігіміздің жан-жүрегімізде, тіпті өзімізбен егіздей болып кетті. Біз осында өзімізді бақытты сезінеміз.  Ару қаланың ажарына қарап, оның алмасын сағынатынын сезінуге болады. Табиғаттың мінезінен шошынды ма, әлде бір нәрседен жасқанды ма, әйтеуір алма туған өлкесінен алшақтап кетті. Тілсіз болса да, қала бізге соны айтқысы келетіндей.  

Алматы өзінің атына сай болуы тиіс. Сондықтан, қалада, ең алдымен, алма бақтарға орын бөлу, сосын көңіл бөлу қажет. Мақсат – Алматыға алмасын, алмасына бұрынғы абыройын қайтару. Біле білсек, алма Алматының құт-берекесі іспеттес.

Алматының алмасын туған өлкесіне қайтарып, даңқын асыруға жаппай атсалысу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз болуы тиіс.

Дегенмен әзірге Алматының көнекөз бағбандары ғана әйгілі апортты жан-тәндерімен сақтап қалуға кірісуде. Кеңес Одағы уақытында біз 1340 гектар алқапқа апорт өсіріп, сол алқапты күтіп-баптадық. Апортты еліміздің қажетіне, тіпті арнайы тапсырыспен Мәскеуге, бірқатар шетелдерге жөнелтіп те тұрдық. Ал қазір ше? Қазір алма бағы қырқылып бітуге айналды. Біздің сан жылдар бойғы өлшеусіз еңбегіміз, маңдай теріміз жергілікті шенеуніктердің ойланбай жасаған қадамының «құрбанына» айналды. Құрбандыққа айналды дейтінім сол, алма бағының орнына жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай биік-биік дуалдар мен шатыры аспанмен тілдескен коттедждер пайда болды. Егер бүгін біз кейінгі ұрпаққа апорт алмасын өсірудің тәсілдері мен ережелерін үйретпесек, күні ертең бәріне де кеш болады. Сондықтанда ел басшылары апорттың болашағына бей-жай қарамай, осы мәселені оңды шешуге қол ұшын бергені жөн.

Біле білсек, Алматының апорты арқылы тәуелсіз еліміз – Қазақстанды әлем елдеріне барынша жарқырата көрсетуімізге болады. Басқаны былай қойғанда, апортты тәуелсіз Қазақ елінің брендіне айналдыратын кез жетті. Бәрі де біздің өз қолымызда!



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Райымбеков Қ.Ж. Байғабылова Қ.Т. «Сен білесің бе?»

энциклопедиясы« Аруна» баспасы, 2011ж.

2.«Сұрақ және жауап» энциклопедиясы. «Алматыкітап», 2009ж.

3. Аймағамбетова Қ. А. Дүниетану анықтамалығы (1-4 сынып).

«Арман-ТВ» баспасы. 2009ж.

4. «Ана тілі» газеті. №48, 4-10 желтоқсан 2014 ж.

5. «Алматы ақшамы» газеті, 20-наурыз 2014 ж. 26-сәуір 2012 ж.









©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет