Тақырыбы: Адамға қауып факторларының әсер ету ұзақтығын бақылау



Дата22.12.2017
өлшемі100.71 Kb.
Тақырыбы: Адамға қауып факторларының әсер ету ұзақтығын бақылау.

Жоспар:




  1. Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.. Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп түр. Себебі адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқа-сында, техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.
    .Сонымен адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады:


- қорғау обьектісі ретінде;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету қүралы ретінде;
- қауіп-қатердің көзі ретінде.
Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі қүрған обьектілерінің жүмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулы-ғына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.

Өмір сүру ортасына адам іс-әрекетінің кері әсер етуінің негізгі факторларын қарастырайықАтмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі.


Атмосфералық ауа - бұл ғаламшардың (планета) өмірі, жердің азоттан, оттегінен, көмірқышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі Ол 2-3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады: ми қабаты жүмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауыруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Мысалы, түрлі түсті металлургия кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек-тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады Әлемге қауіп төндіретін ауқымды мәселелер жеткілікті. Ақбас ғалымдар анықтаған жаһандық проблемалар жер жүзін мекендеген барша халық үшін маңызды. Осы саланы зерттеп-зерделеп жүрген оқымыстылар түйіні қатты мәселеге бей-жай қарауға болмайтынын айтып, дабыл қағумен келеді. Табиғи факторлармен қатар, экономикаға, әлеуметтік, демографиялық жағдайларға қатысты жайттар уақыт өткен сайын күрделене түсуде. Дүниенің бір бұрышындағы экономикалық ауытқу жер шарын түгел шарпитын деңгейге жетті. Өйт­­кені дәл қазір әлемдік эконо­ми­ка біртұтас кеңістікті қамтып отыр. Барша адамзат үшін ортақ ауқымды мәселелердің шиеленісе түсуі ендігі жерде бөлініп қарекет ету­дің қауіпті боларын сездіріп отыр. Мұны өзгелерден ертерек ұққан саясаткерлер мен эконо­ми­ка саласының мамандары проб­ле­ма түйінін тарқатар түрлі амал­дар ұсынуда. Сарапшылардың пікірінше, әлемдік экономиканың жаһандану үрдісін тоқтату енді мүм­кін емес.. Сондықтан басқа түскен іске көніп, ортақ адами құн­дылықтарды басшылыққа ала отырып, өркениетті халықтардың ұйымын құру қажет. Ол ұйым еш­қандай елді бөліп-жармай, біртұтас әлем бойынша, қоғам, мемлекет және жеке тұлғалардың мүд­десін ескере отырып, дамудың тиімді жолдарын көрсетуге тиіс.Әлемдік шаруашылықтағы экономикалық проблемалар қазіргі заманғы өркениеттің арқасында күрделене түсуде. Сол себепті оның алдын алу үшін адам­зат баласы ең алдымен жер бетіндегі соғыстарды тоқтатуы тиіс. Ал ол өз кезегінде қаружарақ саудасын тежейді. Ірі мемлекеттер арасындағы химиялық, бактериологиялық, әсіресе, термоядролық қарулану жарысының екпінін азайтады. Дүниежүзіндегі қаружарақ 58 миллиардтан астам адамды жер жастандыруға қауқарлы екен. Ал жер бетінде бұдан 11,5 есе аз адам өмір сүруде.Қазіргі шақта әлем интеграция жолымен жүріп келеді. Яғни бұрынырақта саудасаттық, экономикалық байланыстар жекелеген мемлекеттер арасында ғана болса, бұл күнде ол бүкіләлемдік алып экономикалық кешенге айналды. АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттің өзі халықаралық экономикалық көшбасшы ретіндегі беделінен айырыла бастады. Есесіне Азия мен Латын Америкасында бірін­ші, екінші деңгейлі «жаңа индустрия­лы елдер» бас көтерді. Экономика­ны жаңаша дамытудың тиімді жол­дарын жүзеге асырып жат­қан Қытай жайындағы әңгіме тіп­тен бөлек. Сонымен қатар Шығыс Еуропа мен ТМД аумағында да экономикасын бір ізге түсіріп, да­муды бастан кешіріп отырған елдер бар. Бұл ретте, әрине, Ота­нымыз Қазақстанды мысалға кел­тіруге болады. 
Адамдар өміріне өндірістің хи­миялық сипат ала түсуі де қауіп төндіреді. Адам ағзасы ластан­ған ауамен, экологиялық тұрғыда та­за емес азық-түлікпен, дәрі-дәр­мектен жапа шегуде. Әр жыл сайын 1000 мен 2000-ның ара­сындағы жаңа химиялық зат тұ­тынушысын тауып тұрады екен. Соңғы деректерге сүйенсек, бүгін­гі таңда 80 мыңнан астам химия­лық зат қолданыста жүр.
Осы айтылған проблемалар­дың алдын алмасақ, енді бір жүз жылдан кейін адамзат бала­сының өсімі күрт азаяды екен. Со­ның кесірінен, өнеркәсіптік өн­діріс көлемі де тежеледі. Эко­но­ми­кадағы тоқырау ұлтаралық, мем­лекетаралық жанжалдардың ұл­ғаюына әкеп соғады. Сондай-ақ әлем бойынша қылмыс кең қанат жайып, ұлтшыл және саяси лаңкестік көбейеді, ішімдік пен есірткіге әуестенушілер қатары да ұлғаяды.Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап, экология сала­сының мамандары біздің планетамыздың жағдайы мәз еместігін айтып, дабыл ұрды. Алдымен да­мыған елдер, артынша дамушы елдер экологияға нұқсан келтіре бастады. «Жасыл революция» кезеңі қамтыған 30 жылдың ішінде астық өндіру көлемі 2,5 есеге ұл­ғайған. Бірақ бұл оның өнімділігінен хабар беретін дерек емес. Керісінше, 1984 жылдан бергі уақытта астық өнімділігі артқаны байқалмайды. Тек егістік көлемі ұлғайған. Сол себепті топырағы тозып, өнім беруге жарамсыз боп қалған жерлер көбейіп жатыр. Табиғат бір сантиметр қара топырақты шамамен 300 жылда түзеді екен.Ал адамзат баласы бұл бай­лықты үш жылға бір сантиметрден келетіндей жылдамдықпен пай­даланатын көрінеді. Міне, жыл сайын қаншама егістік жер өнім беруге жарамай қалып жататынын осы мысалданақ байқауға болады.
Жасыл желектің азаюы да адамзаттың өз қолымен жүзеге асуда. Ауылдық жерлердегі халықтың ағашты отын ретінде пайдаланатыны мәлім. Әлем бойынша, шамамен 1,3 миллиард адам ағаш отынмен үй жылытады екен. Бұған қоса өзге де факторлар орманды өлкелер қатарын сирету үстінде. Мәселен, Африка мен Азияда орманды жермен жексен етіп, оның орнын егіс алқабына айналдырып жатқан елдер жеткілікті. Жасыл желектің азаюы экологиялық тепетеңдіктің бұзылуына әкелетінін айтып, зар қаққан табиғат жанашырларының әзірге дәрменсіздеу болып отырғаны шындық. 
Сол сияқты, ірі зауытфабрикалардың мұржасынан шығатын түтін мен қаптаған автокөліктердің зиянды газы да экологияға соққы болып тиюде. Оның қаупі тіптен күшті.

Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.


Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті .
Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.
Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы. 
Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.
Зерттеу мақсаты : адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау . Осы зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынамын:
1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;
2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;
3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;
4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.
5) Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.
Адамның қоршаған ортаға әсері ғылыми - техникалық алға басудың салдары. Ғасыр басынан дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіптер 16 есе өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1,5-3 есеге дейін өседі, бұл бұған дейінгі адамзат тарихындағы пайдаланылған шикізат шамасынан асады.
Шу мәселесі қазігі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.
Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс. 
Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады:
1) қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.
2) Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.
3) Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады.
4) Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады. 
Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік - технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында,музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.
Қаладағы шу " симфониясы " көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.
Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.
Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.
Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.
Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.
Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы , тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.
Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.
Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер

1.Крупко И.А. Учебник травматологии и ортопедии. Л., 1963 г.


2.Медицинская служба ГО. Под ред. Ф.Г. Кроткова. М.: Медицина, 1975г.
3.Ошеров С.А., Заостровский И.Т. Учебное пособие по медицинской службе ГО. М.: Медицина, 1973 г.
Судаков А.К. Защита населения от радиоактивных осадков. Изд. 2-е. М.: Атомиздат, 1973 г.
4.Шинкаренко В.Р. и другие. Медицинская служба ГО. Киев, 1964 г.
5. ШувыринД.И. Защита населения — главная задача ГО. М.: Изд-во Штаба ГО СССР, 1970 г.
5.Это должен знать каждый. М.: Советская.

Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет