Табиғи ресурстарды пайдаланудың экономикалық принциптері



жүктеу 79.34 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі79.34 Kb.
Табиғи ресурстарды пайдаланудың экономикалық принциптері
М.А. Умирзакова, э.ғ.к., аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы


Табиғи ортаны зиянды қалдықтармен ластау, табиғи ресурстарды тауысу және табиғатта экологиялық байланыстардың бұзылу қаупі қоғам мен табиғи ортаның өзара әрекеттілігінің табиғатты қорғау деп аталатын нысанын тудырды. Бұл нысан - адамның қоршаған ортадағы бұзу-бүлдіру әрекеттілігіне қарсы жауап қату болып табылады. Пайдаланудан айырмасы, бұл қоғамдық және мемлекеттік әрекеттіліктің табиғи ресурстарды сақтау мен қайта өндіруге бағытталған саналы нысаны.

Табиғатты қорғау идеясы XIX ғасырда-ақ пайда болып, табиғат мұраларын, оның ескіден қалған жұрнақтары мен көрнекті объектілерін адамзаттың бүлдіруінен, залал келтіруінен қорғау ретінде қарастырылды.

Табиғатты орынды пайдалану — бұл шаруашылықты жүргізудің оның энергетикалық және шикізаттық сарқылмастығына адамға биологиялық түр және саналы әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қажетті мекендеу орталарының параметрлерін сақтаумен үйлесімділікте қол жеткізілетін жүйесі.

Қоршаған ортаның өзгеруі зиянды заттарды шығарумен және төгумен ғана емес, физикалық факторлардың режимдерінің, әсіресе, өндіріс жағдайларында және ландша-фттардың бағытты қайта түзілуінде өзгерулерімен байланысты (қалаларды, өнеркәсіптік кешендерді, ашық кеніштерді, су қоймаларын салу, ормандарды кесу т.б.). Осының нәтижесінен көлемді аумақтарда климаттық өзгерістер, топырақ эрозиясы, "жасанды" жер сілкіністері, «қолдан жасалған» шөлдер пайда болады. Қоршаған ортаның сапасының жергілікті өзгерістері ғаламдыққа айналып, дағдарысты экологиялық жағдай күйін тудыруы мүмкін.

Еліміз егемендік алып, күллі әлем өркендеп келе жатқан жолға түсу барысында экономика салаларының барлығында жаппай реформа басталды. Сол реформалардың ішіндегі ең бір маңыздысы әрі күрделісі жер қатынастары саласындағы реформа еді. Елдің негізгі байлығы – оның жер ресурстары, оның экономикалық және әлеуметтік игілігінің негізі.

Жер ресурстары дегеніміз - адамзат тіршілігінің дамуына тірек болар негізгі факторлардың бірі. Ол өткен ғасырға дейін таусылмайтын ұшан-теңіз байлық көзі ретінде қарастырылып келді. Алайда, соңғы жүз жылдың ішінде адамзат қауымында жүріп жатқан жаңалықтар жерге деген бұрынғы көзқарастарға өзгерістер енгізді. Жер ресурстарының шектеулі екендігі мәлім болды. Оның үстіне жердің өндірістік фактор ретіндегі маңызы артты. Құнарлы деген жерлердің біразы ауыл шаруашылығы айналымынан шығып, басқа салалардың игілігіне берілді. Жер бетін жайлаған адам санының жедел өсуіне байланысты қалалар мен қала шаруашылықтары күрт дамып, егістіктер мен мал жайылымдықтарын тарылта түсті. Өндірістік мақсаттағы әрекеттердің дұрыс жоспарланбауы, басқа да себептер салдарынан жердің тозғындауы белең алды. Экологиялық проблемалар жылдан жылға асқына түсті. Жоғарыдағыдай және басқа да себептерге байланысты бүкіл әлем бойынша адамдардың жермен қамтылу көрсеткіші уақыт өткен сайын төмендеп келеді.

Қазақстанның құрлықтағы Мемлекеттік шекарасының ұзындығы 13349,85 километр (бұдан әрі – км), оның ішінде: Ресей Федерациясымен – 7548,1 км, Өзбекстан Республикасымен – 2351,4 км, Қытай Халық Республикасымен – 1782,8 км, Қырғыз Республикасымен – 1241,6 км, Түрікменстан Республикасымен – 426 км құрайды [10].Жер санаттары бойынша республиканың жер қоры мынадай түрге бөлінед.
Қазақстан Республикасының жерлерінің бөлінуі


1

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

93 387,6

2.

Елді мекендердің жерлері, соның ішінде

қалалар және кенттер ауылдық

елді мекендер

23217,0 1789,7

21427,3


3.

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер

2663,8


4.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер

5651,6


5.

Орман қорының жері

23048,4

6.

Су қорының жері

4096,1

7.

Босалқы жер

109109,3

8.

Барлық жер, соның ішінде

басқа мемлекеттердің аумағында пайдаланылатыны



261173,8

0,9



9.

Басқа мемлекеттер пайдаланатын жерлер

11317,3

10.

Республиканың аумағы

272490,2

Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде өзіне тән өзгешеліктері немесе бірқатар ерекшеліктері бар. Оның ен маңызды ерекшелігі: жердің басқа өндіріс құрал-жабдығы сияқты адам еңбегінің жемісі болып табылмайтынын да. Ол адамнан сан миллиондаған жыл бұрын пайда болған және табиғаттың тартуы немесе табиғаттың жемісі болып табылады.

Жердің екінші ерекшелігі - оның территориялық жағынан шектеулілігінде. Жекелеген елдер шегінде жер қорлары олардың шекараларымен айқындалады. Жердің үшінші ерекшелігі - оның өзгермейтіндігінде. Тарихи даму барысында адамның білек күші жануарлардың күш-қуатымен соңғысы механикалық және электр қозғалғыштарымен ауыстырылды, оның орнына атом козғалғышы келді. Ал жер өзгермейтін өндіріс құрал-жабдығы болып қала береді. Төртінші ерекшелігі - топырақ кұнарлылығының әртүрлілігінде. Құнарлылық - топырактың аумақ бірлігінен өнімнің белгілібір мөлшерін бере алатын айрықша қасиет. Бесінші ерекшелік -жер, топырак дұрыс пайдаланылғанда азбайтыны былай тұрсын, қайта өзінің касиетін жақсартады.

Еліміздің жерінің сапалық және сандық есебін жүргізу бөлігіндегі нақты проблемалармен қатар, Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу санының артып отырғандығын атап өткен жөн.

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі. Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты.

Су ресурстары және оның ұтымды пайдаланылуы - халықтың игілігі мен табиғи әлеуетті қолдау және еліміздің өңірлеріндегі ұлттық кірісінің маңызды бір бөлігін айқындайды. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде орналасқан Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың аридтік құрғақ аймағына жатады.

Қазақстан Республикасында күтілетін су тапшылығы жағдайында мәселенің шешімі су ресурстарын, оның ішінде трансшекаралық өзен су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде үнемді пайдалануда жатыр. Су ресурстарын интеграциялық басқару концепциясы және аталған идеология шегінде қалыптасқан басқару принциптері бүкіл әлемде маңыздылығымен танылды. Әлемдегі көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да СРИБ қағидалары мен тәжірибесін пайдалану арқылы су ресурстарын тиімді басқару туралы міндеттеме қабылдады. Бұл жұмыс барысында бізге Норвегия Үкіметі және БҰҰ-ң Қазақстан өкілеттілігі демеушілік көрсетеді.

Қазақстандағы су ресурстарын мемлекеттік басқарудың өкілетті органы – ҚР Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің Су ресурстары жөніндегі Комитеті және бассейіндік су шаруашылығы басқармалары, жергілікті мәслихаттар және атқарушы (әкімшіліктер) органдар атқарады.

Елдің экономикалық дамуы - территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамсыздандырылғанына байланысты. Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды, оның 56,5 км3 республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44,0 км3 су көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18,9; Өзбекстаннан - 14,6; Қырғызстаннан - 3,0; Ресейден -7,5 км3.

Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердi арасында соңғы орынды алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1 км2 жерге 37 мың м3 және бiр кiсiге 6,0 мың м3-ке тең.

Республиканың әр түрлi аймақтарында климаттық ерекшелiктерiне қарай, су қорының 90% көктемдегi мерзiмде өтеді. Сонымен қатар, жер беті сулары аумақ бойынша бір келкі орналаспаған, жылдар бойында және жылдың ішінде өзгеріп отырады, осыған байланысты әр түрлi облыстарда және экономика салаларында сумен қамту әртүрлі. Сумен жақсы қамтамасыз етілген Шығыс - Қазақстан облысы 1 км2 жерге - 290 мың м3. Сонымен бiрге судағы дефицит Атырау, Қызылорда облысында болса, Манғыстау облысында iс жүзiнде тұщы су жоқтың қасы.

Өзеннiң су қорларын экономика салалардың мұқтаждықтары үшiн толық қолдану мүмкiн емес, өйткенi Сырдария, Орал, Тобыл, Іле, Ертiс, Есiл, Торғай, Шу өзендерi бойынша экологиялық, балық шаруашылығы және санитарлық талаптарды қанағаттандыру үшiн жылына берілетін судың жиынтық көлемi, 29,0 км3 құрайды; Ертiс бойынша қажетті су мөлшері көлiк-энергетиялық шығындар мен бiрге Ресейдiң үлесін қосқанда 13,1 км3 құрайды; өзендердiң су қоймасы және алаптарындағы булану және фильтрлеуге кететін шығындары 13,5 км3 бағаланады. Сондықтан, жылдардағы сулылыққа қарай республика бойынша қолданыстағы су қорлары, 25 км3 - тан 43 км3 –қа дейінгі аралыққа ауытқиды.

Еліміздің барлық аумақтарында су қорларының жетіспеушілігінен және интенсивтi өнеркәсiптiң өсуінен су шарушылығының ластануы орын алады. Қалпына келтiруге табиғи ортаның қабiлеттiлiгiнің жетіспеушілігі және жасанды жүктеменiң аралығындағы алшақтық, еліміздегі барлық негiзгi өзен алаптарының экологиялық жағдайын төмендетуге әкеп соғуда.

Қазақстанның экономика салаларының қазiргi деңгейiндегi су тұтыну 35,3-тен 19,5 км3 -ке дейін ауытқиды. Судың пайдалынатын көлемдерiнiң ауытқуы жылдың сулылығына, сонымен қатар экономика салаларындағы ұйымдастыру - құрылымдық өзгерістерге байланысты.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды республикалық және жергілікті бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың қаражаты есебінен, халықаралық заемдар, гранттар және өзге де көздерден мамандандырылған қорлар құру мүмкіндігімен қаржыландыру;

- қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың конкурсын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра отырып ұйымдастыру;

- табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шараларды қаржыландыруға және ықтимал экологиялық залалға өтемақы төлеуге жауапты болатындығын немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға тиіс екендігін білдіретін «ластаушы төлейді» қағидатын іске асыру келешекте экологиялық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті бір мезгілде күшейте отырып, қоршаған ортаға берілетін эмиссия үшін ақы төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға шығатын эмиссия үшін және Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеудің ынталандырушы сипатын арттыру;

- қоршаған ортаға келетін залалды экологиялық сақтандыру, сондай-ақ таратылу сатысында өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру;

- экономикалық көрсеткіштерге табиғи нысандардың орта құру функциясын ескере отырып олардың толық құнын, сондай-ақ табиғатты қорғау (экологиялық) жұмыстарының (қызметтерінің) құнын қосу;

- қоршаған орта эмиссияларына квоталармен сауда жасау жүйесін енгізу;

- табиғатты қорғаудың нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп тауарларын қайта пайдалану және қайталама өңдеуді ынталандыратын тетіктерін енгізу;



- халықаралық конвенциялар және келісімдерде көзделген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қаржы-экономикалық тетіктерді қолдану жолымен пайдаланылатын болады.
: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет