Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. Мақсаты



жүктеу 198.04 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі198.04 Kb.
Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.
Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі, Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера, табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін, биологиялық ресурстар және өнім қауіпсіздігі, табиғатты тиімді пайдалану, азқалдықты және қалдықсыз технология, экожүйе мен қоғамның тұрақты дамуының компоненті ретінде энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану мүмкіндіктері туралы білім беру.
Жоспар:

1.Табиғат ұғымына анықтама

2.Ресурстардың жіктелуі

3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері мен аспектілері

5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

6.Қазақстанның қазба байлықтары
Негізгі түсініктер: табиғат ресурстары, энергетикалық ресурстар, биологиялық ресурстар, генетикалық ресурстар.
1. Табиғатдегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.

Адам шарушылық қарекетінде табиғатпен байпанысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен қатар тұтас күрделі мәселе.Халықтың өмірлік қарекетіне,әсірісе денсаулығы мен өсіп-өнуіне,тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арөылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы-атмосфералық ауа,табиғи сулар,топырақ жамылғысы,геологиялық құрылым,өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесінің бір бқлігіне жатады.Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.

Табиғ ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы (жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.

Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.


2.Ресурстардың жіктелуі.

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық,су,өсімдіктер,жануарлар,топырақ,қазба байлықтар,энергетикалық және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.




Табиғиресурстар



Басқа ресурстармен алмасты-руға болатын (мысалы,метал-

дардың пластмассалармен)



Қалпына келмейтін

Қалпына

келетін


Салыстырмалы

қалпына келетін



Сарқылмайтын

Сарқылатын
Алмастыруға болмайтын (мысалы,атмосфера,су)

Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды.Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет.Екіншіден,қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар.Мысалы,өсімдіктер,жануарлар.



Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін,радиоктивті металдар)рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай,газ,көмір,жанғыш-сланец,жертезек) жатады. Бұл ресурстардың өайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы,тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.

Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Оның алуан түрлі қосылыстардан басқа ұара шіріктің негізіг мөлшерін жинақтайтын 1 см қалыңдықтағы беткі қабатының түзілуіне 100 жылдай,20 см қабат қалыңдығының түзілуіне табиғатқа кемінде 5-7 мың жылға дейін уақыт қажет. Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда көп уақыттың қажеті де жоқ,бірнеше сағат ішінде (нөсер жаңбырмен шайылуы немесе бір жолғы шаңды дауылмен ұшырылуы) ең әрі кеткенде бірнеше жылда (20-30 жылда жедел эрозия нәтижесінде) құнарлығынан айыруға болады. Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданылмаса,ауыл шаруашылығы экстенсивті түрде жүргізілсе,ормандар алқабы қысқартылып отырылса,бұл жағадайлар су және жел эрозия процестерінің күшеюіне әкеп соғады. Бұдан басқа да табиғатты пайдалану жолдарының нәтижесінде қолданылатын жерлер,соның ішінде өте бағалы жыртынды жерлер,жойылып кетуі мүмкін. Сонымен, топырақ қалпына келетін ресурс болғанымен,оны тек қатағ қолдану тәртібін ұстап күту арқылы ғана қалпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Дүние жүзінде өнделетін топырақ мөлшері 0,28 га/адамға,Реаейде әр адамға шеккенде келетін егістік жердің көлемі 0,94 га,АҚШ-та -0,63 га,Қытайда- 0,16 га,Германияда -0,15 га, Ұлыбританияда -0,13 га,Жапонияда -0,04 га, Қазаұстанда -2,25 га..Жылдан-жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда.

Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да,әсіресе ағашты жатқызуға болады.

Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар,соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы,су толқыны,ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.

Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды,ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.

Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады,бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,құрлық атмосфера) немесе түрлері (сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында таралуы әртүрлі.

Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.

Б.Скиннердің мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы,алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса,ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріш келеді,бірақ,оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.

Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады.Себебі,олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады.Сонымен қатар,оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасған болжамдарының біреуіне сүйенсек,жанғыш отандарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға,газ – 40-50 жылға,көмір - 70-80 жылға жетеді.

Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б.Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминейден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид көміртегінің қостотығымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесте кокстың пайдаланылуымен байланысты.

3 Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.

Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.

Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.

Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:

1.Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.

Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.

2.Биосфераны оптимизациялау.

3.Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.

Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.

4.Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.

5.Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.

6.Өндірісті шоғырландыру.

7.Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.

4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.

Қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтау, өнеркәсіп орындары шығаратын қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу, зиянкес заттарды залалсыздандыру-бәрі де, белгілі бір дәрежеде қаржы бөлуді, еңбек күшін жұмсауды қажет етеді.

Қаржыландыру 2 бағытта жүреді:

1.Қоршаған ортаға зиянды заттар мен қалдық қоқыстарды азайтуға бөлінетін қаржы.

2.Зиянды заттарды залалсыздандыруға және оларды жоюға жұмсалатын қаржы.

Қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге бөлінетін қаржы және ластанған жерлерді қалпына келтіруге бөлінетін қаржылар қосындысы-халық шаруашылығына экономикасына жұмсалатын экологиялық шығын деп аталады. Бұл қаржы төмендегідей жұмыс түрлері мен сауықтыру шараларын жүзеге асыруға жұмсалады:

3.зиянды әсерлерден ауыруға шалдыққан науқас адамдарға дәрігерлік көмек көрсету.

4.Ортаның ластану салдарынан тұрмыстық-техникалық шаруашылық жұмыс істеуі;


Еңбек өнімділігін төмендетуден туындайтын проблемалар.


Адам және табиғат бір-бірінен ажырамайды және бір-бірімен тығыз байланысты. Адам үшін, сондай-ақ түгелдей қоғам үшін де табиғат тіршілік ету ортасы және өмір сүруге қажетті ресурстардың жалғыз көзі болып табылады. Табиғат және табиғат ресурстары - адамзат қоғамының өмір сүретін және дамитын базасы, адамдардың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыратын түпдерегі.

Адам – табиғат бөлігі және биологиялық түр ретінде өзінің тіршілік етуінде басқа көптеген түрлер сияқты ұзақ уақыт табиғатқа әсер етті. Бірақ кейінірек табиғатқа адам әрекетінің масштабы мен тереңдігі кеңейгенде табиғатты қорғау түсінігінің мазмұны мен барысы өзгерді. Қазіргі кезде «табиғатты қорғау» деп табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, өндіруге, қорғауға және табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қазіргі және болашақ ұрпақтың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүддесіне сақтауға бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық жүйесін айтады. Басқаша айтқанда, табиғатты қорғау – бұл адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы өзара қатынастарды оптимизациялау бойынша жасалған шаралар жүйесін іске асыру. Табиғатты қорғау мәселесі қазіргі заманның ғылыми-жаратылыстану және әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің маңыздысының бірі болып табылады, оның дұрыс шешімінен адамзаттың өмір сүруінің игілігі тәуелді. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау үшін оны жіктеудің маңызы зор:

Бастапқыда табиғат қорғау шараларының негізгі мотиві материалды игіліктерге деген қамқорлық болса, ал қазіргі уақытта табиғатты қорғаудың мақсаты одан әрі кеңейді және әрқилы болды. Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады:

Экономикалық аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады.

Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттық жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді.

Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады.

Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.

Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.

5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері


Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.

Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы өзарабайланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақталған, бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам туралы диалектикалық-материализм дамығанда ғана пайда болды.

Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді.

Табиғатты тиімді пайдалану және қорғау тәжірибесінде табиғи процестерді және оларды адамзат қоғамы мүддесіне пайдалануды басқаратын заңдылықтарды ескеру қажет. Осындай негіз табиғатты қорғаудың методологиялық принципі болып табылады. табиғат қорғаудың жаратылыстану-тарихи негіздері болған, бірақ жаратылыстанумен табиғаттағы нақты өзарабайланыстар, табиғи кешендер іс-жүзінде ұзақ уақыт ашылмаған. Тек ХІХ ғасырдың соңында К.Маркс пен Ф.Энгельстің идеялары негізінде жаратылыстану ғылымының үлкен жетістіктері мен өндірістік күштердің дамуы арқасында табиғаттың жеке құраушылары арасындағы байланыстарды зерттеу, географиялық орта туралы жаңа кешенді ғылымды жасау біріншіреттік міндет болып қойылды. Бұл ғылымның теориялық негізін салған ірі орыс жаратылыстану зерттеушісі В.В.Докучаев болды. Әсіресе табиғат қорғау теориясына үлкен үлес қосқан атақты орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский. жаратылыстанудың тарихи тәжірибесіне және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, ол ХХ ғасырдың басында Жер биосферасының жалпы шынайы синтетикалық концепциясын қалыптастырды.

Табиғатты қорғау ісі үшін маңызы бар, қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан бірнеше ережелер шығады:

1. барлық табиғат құбылыстарының көптеген мәндері бар;

2. рационалдық ереже;

3.жанамалық қорғау, біреуін басқасы арқылы қорғау ережесі, кешенді міндет.

Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.

Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған , өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.


6.Қазақстанның қазба байлықтары

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден- үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын- алтыншы,темір кені- жетінші, қалайы мен никель-сегізінші, көмір мен табиғи газ –тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейіндерінде Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу; Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік Балқаш) және Орал-Каспий (Жайық-Жем) жатады.

Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат – 15-ші, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен газ кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат – шамамен 700млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырғанмұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.

Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.

Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл провинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.

Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай теміркен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов, Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Алатау темірмарганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылған. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер-80 млн.тоннаны құрайды.

Ұлытаудағы Қарсақпай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кені бар.

Шағын теміркен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды), Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік Қазақстан) және т.б. жерлерде табылған.



Марганец кендері Атасу темірмарганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.

Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындарыбар. Кеннің ұзындығы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60%-ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кен орны жоқ. Хромий кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.

Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.



Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22%. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.

Титан кендері Қостанайда, Көкшетада, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.

Қазақстан түсті бағалы және сирек металдардың көптүрлілігіме, байлығымен сипатталады.



Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешег бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты, Аманкелді, Обоған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының иаңындағы кен орындарын атауға болады.

Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.



Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді. Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері Кемпірсайдан басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өңдеу барысында кобальт та алынады.

Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Кенді Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада,Жетісу, Жоңғар Алатауында , Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпанында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісаққанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттық байлығы болып табылады.

Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.



Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде,Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентте, Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді.

Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.

Сарыарқада Атасу типіндегі полиметалл кедері Қарағанды және Жезқазған облыстарыында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиметалл кендерінен біреуі ғана-Ақжол іске қосылған.

Қаратауда Ащысайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары барланып, іске қосылған.

Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.

Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстіктк- Ақсу, Майқайық, Жусалы, Жаңғабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста- Қалбы алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.

Көкшетау жақынжылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады.өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10-15-тен 100-120 тоннаға дейін арттыруға болады.



Сирек металлдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған.

Вольфрам мен молибденнің өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, Шалқия, Сарсн, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ) және Қаратаудың ванадийлі кен орындарында әр түрлі мөлшерде молибден қоры бар.

Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.

Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.

Висмут қорғасынды, мырышт және мыс кендерінде кездеседі сурьманың бірден бір кен орны (Торғай) Ақмола облысында орналасқан.

Сынап Шара ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.

Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.

Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды-мырышты, мысты-мырышты кен орындарында орналасқан. Кадмийді мырышты концентраттардан өндіреді.

Галий Амангелді мен Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі.

Индий Мырғалымсай, Текелі, МАйқайыңның полиметалл кендерінен алынады.

Рений Жезқазғанның мас кендерінен табылған.

Талий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряновск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.

Селен мен теллур Кенді Алтай, Майқайынның, Шыңғыс тауының полиметалл кендерінен,Саяқ, Қоңырат, Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезқазған және т.б. мысты кендерінен алынады.

Сирек металлдардың қасиеттері мен алыну технологияларын меңгеруде үлкен еңбек сіңірген ғалым, ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е.А.Букетов.

Қазақстанның үлесіне уранның дүниежүзілік қорының 25,7% тиеді (3,5 млн. тоннаның 900 мың тоннасы). Уран кен орындары Созақ ауданында, Маңғышлақта, Қордайда; Атбасар ауданында және Көкшетаудың бірқатар ауданында орналасқан.

Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларға да бай.. Калий тұздары маңызды химиялық шикізаттық ресурстардың бірі болып табылады. Калий тұздарының қоры республикамыздың батыс бөлігінде, Жайық-Жем аймағында орналасқан.

Полиметаллдық кендерменәдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам, Шығанақ және т.б. кен орындарынан табылған. Жыл сайын плиметаллдық кендерден1,1-1,2 млн. тонна флотациялық бариттік концентрат өндіріледі.

Фосфориттерге Қаратау баурайы (барланған 40 кен орны бар) және Ақтөбе тобы (8 кен орны бар) бай. Қаратаудың фосфаттық кенінің сапасы жоғары,Р2О5 үлесі 23-26, кейде 30%, ал ақтөбелік фосфаттарда 6,1-14,1%-ға дейін ғана.

Күкірт темір және полиметалл кендерінде кездеседі. Шығыс Қазақстанда жыл сайын полиметаллдық кендерден 700 мың тоннаға дейін күкірт қышқылы өндіріледі. Ақтөбенің маңынан күкірт кен орны табылған.

Флюориттің айтарлықтай бай қоры Оңтүстік және Шығыс Тасқайнарда табылған.

Натрий сульфатының қорын өндірістік деңгейде игеру Балқаш, Қарашаған; Қашқантеңіз Үлкен Ажболат көлдерінде жүргізулуде.

Ас тұзы 20 көл мен 2 кен орнында өндіріледі. Қазақстанда жылына 1 млн. тоннаға жуық тұз өндіріледі. Ол Қазақстанның, Орта Азия республикаларының және Батыс Сібірдің сұранысын толық қамтамасыз етеді. Індердің тастұзы, Жамантұз және Тайқоңардың тұздары сода өнеркәсібінде қолданылады.

Синтетикалық каучук, кальций карбидін өндіру әктастың есебінен жүзеге асырылады.

Жетңқара асбест кен орны Қазақстандағы ірі кен орындарына жатады. Асбест талшығының қоры Хантау және Ешкіөлмес кен орындарында бірнеше миллион тоннадан асады.

Каолин кен орындары Ақмолада, Қаражігіт, Қордай, Алексеевка, Елтай және т.б. жерлерде. Олардың негізінде Алексеев каолин комбинаты жұмыс істейді.

Ыстыққа төзімді саз Амангелді, Арқалық, Май, Бірлік кен орындарында өндіріледі.

Доломит Алексеев, Қарабауыр, Сарықұм кен орындарынан шығарылады.

Кварциттер Ерейментау, Тектұрмас, Мұғалжар, Жаңа Осакаровск кен орындарында өндіріледі.

Цемент шикізатының 37 ірі кен орны бар. Олардың ішінде Қазығұрт, Састөбе және т.б. атауға болады. Бұл кен орындарының негізінде Қазақстанның ірі цемент зауыттары жұмыс істейді.

Керамикалық шикізат Ақмола Қашпағай, Көкшетау фарпфор зауыттарының, Ақмола керамика комбинатының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Көктөбе және Төрген кен орындарын атауға болады.

Шыны өндірісне жарамды құм Мұғалжар, Қалқаман,Қалқан және Қаратөбе кен орындарында өндіріледі.

Қазақстанда гипс қоры 11 кен орнында шоғырланған.

Қазақстанда мрамор мен гранит кездесетін мыңнан астам кен орындары бар. Алматы,Екібастұз, Теміртауғ Ақмола және т.б. комбинаттарындағы мрамор өндірісі 20 мың куб метр және гранит 32 мың куб метр құрайды.

Өскемен зауытында минералдық мақта өндірісінде порфирит, туф,базальт қолданылады.

Құрылыста пайдаланылатын құмның қоры 88 кен орындарында шоғырланған. Силикаттық кірпіш өндіруге 32 кен орнының құмы, кәдімгі кірпіш өндіруге 121 кен орнының құмы қолданылады.

Қазақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдқ-шикізат ресурстары жеткілікті.
Бақылау сұрақтары:

1.Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз.

2.Табиғи орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не?

3.Жер табиғи қорларының жіктелуі қандай? Мысал келтіріңіз.

4.«Ластаушы зат» анықтамасын түсіндіріңіз.

5.Ластаушы заттардың жіктелуі қандай?



6.Ауаның ғаламдық, аймақтық, жергілікті ластануына мысал келтіріңіз.

7.Қандай қалдықтар бірінші реттік, қандай заттар екінші реттік қалдыққа жатқызылады ?
: ebook -> umm
umm -> «Мал патологиясы» пәнінің 5В120200 -«Ветеринариялық санитария», 5В120100 -«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқытушыға арналған ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы әдістемелік нусқаулар 1-тарау. Жалпы ережелер
umm -> Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий
umm -> Ауыр металдар
umm -> Бауыржанова А. З., Асенова Б. К., Тері және былғары өнімдерін өңдеу технологиясы Оқу құралы мазмұНЫ
umm -> Былғары және мех өҢдеу технологиясы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет