Табиғи паркі ерекше қОРҒалатын аумақ



Дата03.07.2017
өлшемі54.38 Kb.
«КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» МЕМЛЕКЕТТІК ұлттық табиғи ПАРКІ -

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН аумақ
Калиева Анар, PhD

5В011300- Биология мамандығының 3 курс студенті Дамир Айжан


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан.
Қазақстан флорасының көптеген түрлері және өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері де таулы аудандарында шоғырланған [1].

Қазақстанның Қызыл кітабына ендірілген жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктердің 370 түрінің 268 түрі, яғни 72,4% таулы жерлерде тіркелген. Әрбір таулы өлке өзіндік бай флорасымен, эндемдік және сирек кездесетін түрлерімен ерекшеленеді [2,3].

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтауда ерекше қорғалатын аумақтар негізгі рол атқарады. Атап айтқанда мемлекеттік қорықтар және мемлекеттік парктер. Тянь-Шанның Қазақстандағы территориясында үш мемлекеттік парк орналасқан. Олар Іле-Алатау мемлекеттік паркі, Көлсай көлдері мемлекеттік паркі, Сайрам - Өгем ұлттық табиғи паркі [4].

«Көлсай көлдері» ұлттық паркі шалғайда орналасқан әсем табиғатымызды, ормандарымызды болашақ ұрпаққа сақтап қалу мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы №88 қаулысымен құрылған.

Көлсай көлдері өзі аттас шатқалдың түрлі биіктік деңгейінде орналасқан. Парк аумағында теңіз деңгейінен 1800 - 3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар, керемет өзендері мен көлдері, қырлы ландшафтары кездеседі.

«Көлсай көлдері» МҰТП өсімдіктер әлемі бойынша, биологиялық көп түрлілігімен ерекшелінеді, мұнда 704 түрден астам өсімдіктер кездеседі. Эндемиктер тобына 29 түрі өсімдік кіреді. Оның ішінде ҚР «Қызыл кітабына» енген 20 шақты түрі кездеседі, олар Қаршыл шүйгін шөп, Ярмоленко қызыл қайыңы, Альберт құртқа шашы, Пістем жуасы, Заравшан аршасы, Қатпарлы шұбар шөп, Алматы кекіресі, Витрок рауғашы, Алатау бәйшешегі, Шолпаншаш сүмбілі, Адонис, Тянь-Шань адонисі, Кауфман ирекжапырағы, т.б. Сонымен қатар жеміс беретін жабайы өсімдіктерге бай, олар: шетен, бөріқарақат, құлпынай, қара барбарис, долана, шырғанақ, итмұрын, қой бүлдірген, құлпынай, таңғурай және дәрілік өсімдіктер: шәйқурай, жұпаргүл, киікоты, уғарғасын, чабрец, жалбыз, мыңжапырақ, семізот, андыз, қара-андыз, тамыры тәтті мия, алтынтамыр, қылша, тамырдәрі, усасыр (папоротник), мақсыр маралтамыры т.б.

Күрделі гүлдердің 32 түрі (7%), бозшөптер 25 түрі(9,2%), шытыргүлдер 17 түрі (6,1), шатыргүлдер 15 түрі (5,5%), бұршақтылар 13түрі (4,8), ерінтүстестер 13 түрі (4,8) кездеседі [5].

Көлсай көлдері» МҰТП өңірінде әр өсімдіктің өсу физиологиясы әртүрлі болғандықтан, мамыр айынан қар жауғанға дейін тау беткейі кілем төсеп қойғандай, құлпырып тұрады. Шың басында өсетін аты әлемге әйгілі Еңлік гүл (Эдельвейс Федченко) Тянь-Шань және Жоңғар Алатауларында теңіз деңгейінен 1800-2000 метр биіктікте өседі, көпжылдық өсімдік, күрделігүлділер тұқымдасына жатады. Кептірілген еңлікгүл көп жыл сақталады және өңін жоғалтпайды. Алғаш көрген адамға таңғалыс пен қызығушылық тудыратыны рас. Константин Паустовскийдің өзі таңғалып отырып: «Бұл өсімдікті гүл деп айту қиын, мойнына ақ үлпек оранып, мұздың суығынан қорғанған кішкентай жұлдыз дерсің» деген екен.



«Көлсай көлдері» МҰТП кездесетін өсімдіктер тізімі:


  1. Sorbus tianshania – Тяньшанская рябина – Тянь-Шань шетені

  2. Galium verum – Желтый подморенник – Қызылбояу

  3. Crepis sibirica – Скерды сибирской – Сібір кәдісі

  4. Karagana leucophlaea –Карагана белокорая –Ақ қабықты Қараған

  5. Fragaria vesca – Земляника – Қойбүлдірген

  6. Picea schrenkiana – Тяньшанская елочка – Тянь-Шань шыршасы

  7. Berberis shaerocarpa – Цветущие кусты барбариса- Бөріқарақат

  8. Ribes meiera – Смородина – Қарақат

  9. Alfredia nivea – Альфредия снежная – Қаршыл емтікен

  10. Polypodium vulgare – Папортник многоножка – Кәдімгі қырықаяқ

  11. Adenophora liliifolia – Голубой бубенчик – Лалажапырақты қоңырауша

  12. Lonicera karelini - Жимолость карелина – Карелин ұшқаты

  13. Doronicum oblongifolium – «Желтая ромашка» дороникум – «Сары түймедақ» темекішөбі

  14. Dyanthus turkestanicus – Гвоздика – Қалампыр

  15. Acanitum nemorum – Борец лесной – Орман бәрпі

  16. Edelweiss- Эдельвейс – Еңлікгүл

  17. Sorbus tianschanica – Плоды рябины тяньшанской – Тянь-Шань шетені

  18. Rubus saхatile – Ягода костянника – Бүлдірген

  19. Viola biflora – Фиалка – шегіргүл

  20. Erigeron pseudozerawschanicus – Мелколепестник – Жалғанзеравшан майдажелегі

  21. Paraquilegia fntmonoides - Парааквилегия – Парааквилегия таулы өлке сәні

  22. Primula algida – Первоцвет холодный – Суық примула

  23. Schmalhausenia nidulans – Шмальгаузиния – Тянь - Шань альпі шалғынының ерекше өсімдігі шмальгаузиния

  24. Potentilla bifurca - Лапчатка вильчатая – Қазтабан

  25. Rhadiola linearifolia – Радиола линейчатая – Тасжапырақ семізот

  26. Saхiphraga sibirica – Камнеломка сибирская – Сібір тасжарғаны

  27. Rhadiola coccinea – Радиола кровакрасная – Қызыл радиола

  28. Gomostoma falcata – Горечавка серповидная – Орақ тәрізді көкгүл

  29. Termopsis alpina – Горох альпийский – Альпі бұршағы

  30. Codonopsis clematidea – Колокольчик ломоносовидный – Қоңырау бас гүл

  31. Polemonium caucasicum – Синюха – Көкшегүл

  32. Genciana algida – Горчевая высокогорная – Тау көкгүлі

  33. Solidago dahurica – Золотарник даурский – Даур сарыраушаны

Ұлттық парк аумағында бүгінгі күнге анықталған дәрілік өсімдіктердің 47 түрі кездеседі. Олар: кәдімгі шайқурай, қара андыз, қара бөрі қарақат, Түркістан шүйгіні, ақ езу борпысы (уқорғасын), қалақай, кәдімгі өгейшөп; дәрілік жеміс-жидектерден: шырғанақ, таңқурай, бүл-дірген, қарақат, итмұрын, қой қарақат, рауғаш өседі. Аталған өсімдіктер халықтық медицинада кеңінен қолданылады.

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде кездесетін өсімдіктерді анықтау мақсатында көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан, жеке типті туыстық дерлік эндемик түрдің бірі Кауфман ирекжапырағы (jkonnikowia kaufmfnnifna). Үштік дәуірдің шөлдік өсімдіктерінің қалдығы болып есептеледі, популяциялары әдетте оқшау, саны аз. Бұл гүлдерді «Көлсай көлдері» МҰТП өңірінде Талды сайынан 30-орамнан 2009-жыл 20-тамызда қорық және ботаника институты қызметкерлері тапқан. Ендігі уақытта парк аумағының басқа да жерлерінде өсу ортасын анықталуда. Ғылыми іздестіру жұмыстары жалғастырылуда.

Бүгінгі таңда «Көлсай көлдері» МҰТП дүниежүзінің біршама дамыған мемлекеттеріне танымал, болашағы зор туристік кешендердің біріне айналып келеді. «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі мемлекеттік табиғи қорық қорын, биологиялық саналуандықты, ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар бірегей табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтау міндетін алға қоя отырып, аумақтың табиғи ландшафтарын сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді қорғау, болашақ ұрпаққа табыстау, аманат ету мақсатында маңызы өте зор.


Аңдатпа

Мақалада «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи аумақтың ландшафтарын, сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан өсімдіктерін қорғау, болашақ ұрпаққа табыстаудағы маңызы қарастырылған.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Иващенко А.А. Флористические новинки Казахстанского Тянь-Шаня// Изучение растительного мира Казахстана и его охрана. Алматы,2001. - С.46-50.

  2. Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Алматы «Қазақстан». 1982 ж.

  3. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақымов Қ.Д., Исамбаев Ә.И., Сауранбаев Б.Н. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Алматы, «Ғылым», 1998, 3-б.

  4. Иващенко А.А., Олонцева А.Х., Нелина Н.В. О некоторых редких и новых для Казахстана растениях Западного Тянь-Шаня// Материалы Международной научно - практической конференции «Актуальные проблемы экологии и природопользования в Казахстане и сопредельных территориях» 25 - 26 мая 2006 года. Павлодар, 2006. Т. 1.- С. 218 - 220.

  5. Жданко А.Б. Көлсай. ЖШС «Эффект». 2013, -192 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет