Суға шомылу кезіндеі ережелер мен алдын – алу шаралары Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және



Дата20.06.2017
өлшемі32.15 Kb.
Суға шомылу кезіндеі

ережелер мен алдын – алу шаралары
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және

есте сақтаңыздар:


  • Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар.

  • Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар бұл өміріңізге қауіпті.

  • Тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;

  • Жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

  • Шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

  • Жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

  • Жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;

  • Қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;

  • Суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

  • Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз, түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;

  • Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға пайдаланыңыздар. 

  • Иірімге түсіп кетсеңіз, үрейге бой алдырмаңыз, терең дем алып, су астына сүңігіңіз де, ағыспен су бетіне шығыңыз.

  • Қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше салып суға түсуге болмайды.

  • Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз.

Есте сақтаңыздар!
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады. Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Естеріңізде болсын! Егерде Сізге қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.





Суға кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек ережелері:








1.Суға кеткен адамды , сізге кедергі

келтірмейтіндей етіп қолтығынан

қысып немесе шашынан ұстап, судан

алып шығу керек.









2. Сіздің бүгілген аяғыңызға қатерге ұшыраған

адамның денесінен басы төмен тұратындай етіп

көкірек қуысының төменгі бөлігімен жатқызыңыз






3. Саусақты орамалмен немесе матамен орап қатерге ұшыраған адамның ауыз қуысын құм, балдырлардан тазалап, жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін ырғақпен қысып басу қажет.








4. Тыныс алу жоқ болған жағдайда шұғыл түрде,

ырғақпен, минутына 16-18 рет жасанды тыныс

беру тәсіліне көшу керек (ауыздан ауызға,

ауыздан мұрынға).










5. Зардап шегушіні тегіс, қатты жерге басын барынша шалқайтып жатқызу керек (осы жағдайда ауа асқазанға бармай өкпеге өтеді).
















6. Жүрек соғуы тоқтап қалған жағдайда әр дем алған сайын 3-4 рет төс сүйекті баса отырып, жасанды тыныс беру әдісімен жүрекке тікелей емес массаж әдісін кезекегімен жасайды.

Бұны екеулеп жасаған дұрыс.



7. Зардап шегушіні тез арада емдеу мекемесіне

жеткізу шараларын қарастыру қажет.

8. Қажеттілігінше, жеткізу барысында, жасанды

дем және жүрекке жасалатын массажды



жалғастырып отырған дұрыс.






Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет