Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары



Дата20.06.2017
өлшемі159.54 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы « » .

№ бұйрығымен

бекітілді

Су айдындарындағы

қауіпсіздік қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының су айдындарын пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) су айдындары – өзендер және оларға теңестірілген арналар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар;

2) құтқару бекеті – құтқарушылармен жасақталған, құтқару жабдығымен жарақталған, су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды орындайтын, заңды және жеке тұлғалар құратын акваторияның нақты учаскесіндегі бекет;

3) су айдынындағы демалу орны – шомылуға жабдықталған орындар (жағажайлар), катерлерді, желкенді қайықтарды, қайықтарды, гидроциклдер мен катамарандарды жалға беру станциялары;

4) шағын көлемді кеме – ұзындығы 20 метрден аспайтын, бортындағы рұқсат етілген адам саны 12 адамнан аспайтын, балық аулау үшін салынған немесе жабдықталғаннан басқа жүк тасуға, жетекке алуға, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осындай жұмыстарды жүргізуге, лоцмандық және мұз жару, сондай-ақ су объектілерін ластану мен бітеліп қалудан қорғау іс-шараларын жүзеге асыратын кеме;

5) құтқаратын «Александров жібі» – суға батып бара жатқан адамға көмек көрсететін құрал, ол диаметрі 40 сантиметрлік ілмегі және екі қалқымасы бар ұзындығы шамамен 30 метрлік қалқыма түрінде болады;

6) оқу орны – жүзу бойынша ұжымдық және жеке сабақтарды өткізу үшін барынша ыңғайланған, жағажай аумағында арнайы жабдықталған орын;

7) қалалық жағажай – жергілікті атқарушы органның қарамағындағы су айдынындағы демалу орны.

8) жеке құтқару құралы – суда немесе мұзда қалған кезде адамға қосымша қалқымалығы үшін жасалған құтқару құралы. Жеке құтқару құралдарына құтқару шеңберлері, күртешелер, кеудешелер, қалтқы белгілер жатады.

3. Су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындарды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су тарту саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға, ішуге және тұрмыстық мұқтаждар үшін су алуға, мал суаруға, шағын көлемді кемелерді және басқа да жүзетін құралдарды жүзу үшін пайдалануға тыйым салынған орындарды айқындайды.

5. Құтқару бекеттерінің құтқарушыларын оқытуды және даярлауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) ұйымдастырады.

6. Демалу орындарын иеленушілер су айдындарындағы демалатын орындарда топырақ алу, мұз тесу, түбін тереңдету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс жүргізіліп жатқан учаскелерді қоршау, ал жұмыс аяқталғаннан кейін су айдынының түбін тегістеу бойынша шаралар қабылдайды.

7. Су айдындарында жүзу құралдарын қолдана отырып балық аулау жеке құтқару құралдары болған кезде жүзеге асырылады.

2. Су айдындарын пайдалану кезінде

қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
8. Қазақстан Республикасының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және жергілікті атқарушы органдар мынадай шараларды қабылдайды:

1) су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;

2) қаладағы жағажайларда медициналық көмек көрсету пункттерін және қоғамдық қауіпсіздік бекеттерін ұйымдастыру;

3) қаладағы жағажайларда суға түсу шекарасын, қоршау белгілерін, осы Қағидалардың талаптарын сақтау туралы ақпарат бар стенділер орнату;

4) шомылу үшін қауіпсіз орындарды айқындау және жабдықтау;

5) жағажай акваториясының түбін қарау және тексеру;

6) Қазақстан Республикасының су айдындарында суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізу.

9. Жазатайым оқиғалардың алдын алу және суда зардап шеккен адамға көмек көрсету мақсатында көпшілік демалатын орындардағы табиғи және жасанды су айдындарында осы су айдыны немесе жағажай бекітілген ұйым осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген талаптарына сәйкес келетін құтқару бекетін құрады.

10. Суға шомылу маусымы басталар алдында су айдынындағы демалыс орны иесінің тапсырысы бойынша аумақтық бөлімшенің сүңгуірлері немесе су астында жұмыстар жүргізуге сүңгуірлік жабдығы мен жарағы бар ұйымдардың сүңгуірлері жағажайды тексереді, тексеріс қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда орындалған жұмыстар актісі жасалады және бекітіледі.

11. Су айдындарының қауіпті және демалу, шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде аумақтық бөлімшелер мен жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға 3-қосымшаның талаптарына сәйкес тыйым салатын және алдын алу белгілерін орнатады.

12. Су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде шомылуға рұқсат етілмейді.

13. Су айдындарындағы демалыс орындарында аумақтық бөлімшелер радиотрансляциялық қондырғылардан және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен демалушылар арасында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша көпшілік-түсіндіру жұмысын жүргізеді.

14. Су айдынында демалу орнында:

1) су мен ауа температурасы, жел бағытының күші және ағын жылдамдығы көрсетілген тақтайша;

2) құқық қорғау органдарының, құтқару қызметтері мен ең жақын орналасқан суда құтқару станциясының телефон нөмірлері мен мекенжайлары;

3) ең үлкен тереңдіктер және қауіпті жерлер көрсетілген аумақтар мен акваториялардың схемалық бейнесі;

4) судағы қауіпсіздікке жауапты адамдар көрсетіле отырып, сабақтар, жаттығулар, жарыстар кестесі бар стенділер орналастырылады.

15. Демалушылардың қоғамдық орындарда жүріп-тұру қағидаларын бұзуына жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жол-патрульдік полициясының кезекшілігі ұйымдастырылады.

16. Су айдынында демалу орындарында болғанда:

1) мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;

2) қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

3) тексерілмеген, жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;

4) жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;

5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

6) су айдындарын ластауға және қоқсытуға;

7) жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

8) жалған дабыл беріп айғайлауға;

9) техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;

10) балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.

3. Су айдындарында демалатын орындарды жабдықтау тәртібі
17. Су айдынындағы демалу орны:

1) осы Қағидалардың 9-қосымшасының талаптарына сәйкес құтқарушылармен жасақталған, құтқару жабдығымен және жарағымен жарақталған құтқару бекетімен;

2) тереңдігі 1,2 метрден аспайтын балалардың шомылуына арналған учаскемен және арқанға бекітілген қалтқылар жолымен белгіленеді;

3) дауыс зорайтқыш құрылғылармен және телефон байланысымен;

4) алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған кезекші медициналық персоналы бар, қажет аспаптармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген үй-жаймен жабдықталады.

18. Су айдынындағы демалу орнын жабдықтау кезінде:

1) шомылуға арналған орындар жағалау бойымен акваториялар шекаралары көрсетіле отырып, белгілермен белгіленеді;

2) су айдындарындағы демалу орындары сарқынды су ағызылатын жерден кемінде 500 метр биік және кемежай құрылыстарынан, кеме пирстерінен, мұнай құю құрылғыларынан 1000 метр төмен орналасуы керек;

3) су айдындарындағы демалу орындарында, сондай-ақ балаларға арналған жағажайларда әр 50 метр сайын және судан 15 метрден аспайтын жерлерде құтқару шеңберлері мен «Александров жібі» құтқару құралдары ілінген қалқандар орнатылады;

4) қалтқы белгілер, стендтер және белгілер суға шомылу маусымы басталғанға дейін орнатылады.

19. Су айдындарындағы демалу орындарында суға секіруге арналған учаскелерді жабдықтауға рұқсат етіледі, олар жағалаулары тереңдетілген акваториялар орындарында және түбінің тереңдігі көрсетіле отырып, жалпы шомылатын жерлерден алыс орындарда орнатылады.

20. Суға секіруге арналған биіктігі 3 метрден бастап және одан да биік мұнара платформасына шығуға нұсқаушылардың (жаттықтырушылардың) рұқсатымен және олардың қатысуымен ғана рұқсат етіледі. Мұнара платформасы және мұнараның сатылы маршы тұтқасымен жасалады, сатылардың биіктігі мен ені құрылыс нормаларында белгіленген өлшемдерден асырылмайды, сатының жабыны тайғанамайтын материалдардан жасалады.



4. Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
21. Балалардың су айдындарындағы демалу орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шомылуға және балаларды жүзуге үйретуге жабдықталған балаларға арналған жағажай құрылады.

22. Балалардың су айдындарының маңында болуына ересектермен бірге болған кезде рұқсат етіледі.

23. Балалардың шомылуына арналған жерлер жағалау бойындағы акватория шегі көрсетілген жасыл рамкада суда тұрған екі баланың бейнесі бар белгілермен белгіленеді.

24. Балалардың шомылуына арналған учаскелер бір-бірінен 3 метрден аспайтын арақашықтықта түбіне қағылып, сақиналармен бекітілген қалтқылар желісімен белгіленеді.

25. Шомылып жүрген балаларға кезекші нұсқаушылар (жаттықтырушылар) және медициналық қызметкерлер үзіліссіз бақылау жүргізеді.

26. Балалар шомылған кезде жағажайдың бүкіл аумағында қайықпен және катерлермен жүзуге, ойындар мен спорттық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.

27. Суға шомылу маусымы кезеңінде аумақтық бөлімшелердің құтқарушылары балаларды жүзуге үйрету үшін қалалық жағажайларда қауіпсіз оқу орындарын жабдықтайды.

28. Су объектілерінде орналасқан балалар мекемелері құтқару бекеттерімен жабдықталады және жарақталады.

29. Балаларды шағын көлемді кемелерде серуендету кезінде:

1) кемені белгіленген нормадан артық жүктеуге;

2) 7 жасқа дейінгі балалардың серуендеуіне;

3) кемеден суға секіруге;

4) жеке құтқару құралдарынсыз серуендеуге;

5) шомылуға бөлінген акваторияға кіруге, сондай-ақ кеме жүретін ахуал белгілеріне жақындауға, оларға кемені арқандап байлауға және кеме жүретін жолда тоқтауға рұқсат етілмейді.



5. Қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік тәртібі
30. Мұз қатқан су айдынынан өту үшін арнаулы мұз өткелдерi (жаяу жүргіншілерге және автокөлік жолы) жабдықталады.

31. Қыстың басында және соңында мұздың үстіндегі өткелдің ашылу және жабылу уақытын, сондай-ақ оның тәулік бойғы жұмыс режимін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

32. Күн сайын аумақтық бөлімшелер өткел орындарында мұздың қалыңдығын өлшеуді жүргізеді.

33. Өткелге бөлінген орындар 25-30 метр қашықтықта орналасқан белгілермен белгіленеді.

34. Өткел автокөлік құралдары үшін мұздың қалыңдығы кемінде 25-30 сантиметр болғанда және жаяу жүргіншілер үшін кемінде 10 сантиметр болғанда жабдықталады.

35. Өткелдерден түсетін жерлерде екі жақтан да арнайы қалқандарда арнайы қысқы құрал-жабдықтар (ілгектер, сатылар, құтқару шеңберлері, бөренелер) қойылады.

36. Өткелдерге кіреберістерде өткелдің атауы, жұмыс уақыты және оны құру мен ұстауға жауаптылардың деректері көрсетілген маңдайшалар орнатылады.

37. Өткелдерде балықты кәсіпшілік аулауға арналған ау салуға және балық аулау үшін шұңқыршалар тесуге жол берілмейді.

38. Мұз үстінде болғанда:

1) жұқа және бекімеген мұз үстіне шығуға;

2) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға;

3) мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;

4) автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шығуға рұқсат етілмейді.

39. Мұз үстіне түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді.

40. Жеке құтқару құралдары болғанда мұз астынан балық аулауға рұқсат етіледі.

41. Мұз астынан балық аулау кезінде:

1) шектелген алаңда екеуден артық шұңқырша оюға;

2) от жағуға рұқсат етілмейді.

Су айдындарындағы

қауіпсіздік қағидаларына

1-қосымша

Құтқару бекетінің құрылымына

қойылатын талаптар


Р/с



Атауы

Бірлік тер саны

Ескертпе

I.

Штаттық құрамы:







1.

Бекет басшысы-құтқарушы

1




2.

Жасақшы-құтқарушы

1- 2




П.

Жабдық:







1.

Ескекті немесе моторлы қайық

2

борттарында

«құтқару» деген жазуы бар



2.

Құтқару шеңберлері

2




3.

Құтқаратын «Александров жібі»

2




4.

Мегафон

2




5.

Дәрі-дәрмектері бар санитариялық сөмке

(дәрі қобдишасы)



1




6.

Ілмекті трал

1




7.

Құтқару тақтайлары 5-6 метр

2

қысқы кезеңге

8.

Құтқару кеудешелері

2




9.

Сырықтар, құтқару ілмектері

2




10.

Қызыл кресі бар ақ ту

2



Ескертпе: бір құтқару бекеті жүзу сызығынан 200 метрден аспайтын қашықтыққа қойылады.

Су айдындарындағы

қауіпсіздік қағидаларына

2-қосымша
Нысан
«Бекітемін»

Жағажайға тексеру жүргізген

мекеменің (ұйымның) басшысы

______________Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

20___ жылғы «____» ______________

Орындалған жұмыстар актісі


Біз төменде қол қойған ____________________ жағажайына тексеру жүргізген мекеменің (ұйымның) өкілі және сүңгуірлік топ бірінші тарап, және екінші тараптың өкілі ______________________ мырза 20___жылғы _______ _____________________________________________

өзенінде (көлде) орналасқан __________________ сүңгуірлік тексеруді және түбін тазалауды жүргіздік.

Балалар мен ересектер шомылуға арналған су учаскесінің барлық жағалау бөлігі қаралауда.

_________________ жағажай аумағының шекарасы белгіленді, 2,5 метрге дейін жүзу аймағы қалқыма қоршаумен белгіленді. Жүзе білмейтіндер үшін таяз бассейн __________________ орнатылды.

Су айдынының топырағы – құмды, лайлы, тасты, малтатасты. Түбінің еңісі – еңкіш, тік, құламалы, кертпелерсіз және шұңқырсыз біртіндеген тереңдікте, ағысы баяу, қалыпты, қатты. Балдыр – болады, болмайды. Жағалау бойынша шомылу орнының көлемі ___ тереңдіктен ___ -ден _____-ге (-ға) дейін.

Шомылу ауданының түбі қаралды және шынылардан және басқа заттардан тазартылды және ересектер мен балалар шомылу үшін ешқандай қауіп төндірмейді.

Демалу базасының (аймағы), балалар лагерінің, _________________ жағажайының мынадай құтқару мүлкі бар:


  1. құтқару қайықтары _____ бірлік;

  2. құтқару шеңберлер _____ дана;

  3. құтқару шеңберлері _____ дана;

  4. «Александров жібі» құтқару құралы ____ дана.

Объектінің суда жұмыс істеу уақытында адамдар өмірін сақтауды ұйымдастыруды_________ бастап күн тәртібінде көзделген сағаттарда сауықтыру лагерьлерінің, демалыс үйлерінің әкімшілігі және ведомстволық құтқару бекеті жүзеге асырады.

Жағажай жұмысының басталуы 20___ жылғы ___________

Аумақта Қағидалар бойынша _____ дана түрлі түсті плакаттар орнатылған, __________ дана есебінде __________________ басқа да ескерту плакаттары бар.

Жағажайдың жұмыс тәртібі және балалар мен ересектердің шомылу жөніндегі нұсқаулықтары __________________________________________

Ұсыныс______________________________________________________

Қорытынды

Осы акт екі данада жасалған және жағажайдың ашылу үшін негізгі құжат болып табылады.

Бірінші данасы бекіту үшін суда құтқару қызметіне берілді. Екінші данасы жағажай иесіне берілді.

Құжаттың сақталу мерзімі бір жыл.

Түбін тазарту және тексеру бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды жағажайды тексеру жүргізген мекеме (ұйым) өкілі

20___ жылғы ___________

Иелігінде жағажай бар ұйым өкілі 20___ жылғы ___________ орындалған жұмыстар актісін алды.

Қолы __________________________________________

Су айдындарындағы

қауіпсіздік қағидаларына

3-қосымша

Тыйым салу және ескерту белгiлерi


Р/с



Белгiдегi жазу 

Белгiнің жалпы түрi

1.

Шомылуға тыйым салынады 

(шекараларын метрмен көрсете отырып) 



Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жақта жүзіп келе жатқан адам бейнелеген. Бейне жоғарыдағы сол жақ бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. 

2.

Мұз үстiмен жүруге болады. 

Тұтастай жасыл түске боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi.

3.

Мұз үстiмен жүруге тыйым салынады

Тұтастай қызыл түске боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi.

4.

Сүңгуге тыйым салынады 

Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жағында сүңгіп бара жатқан адам бейнеленген. Бейне жоғарыдағы сол жақ бұрыштан  бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi.

5.

Жүзу құралдарының қозғалысына тыйым салынады. 

Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жағында  iлме моторлы шағын көлемді кеме бейнеленген. Бейне жоғарыдағы бұрыштан  бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Жағажайдың акваториясын қоршайтын қалтқы белгiлермен бірге қойылады.

6.

Қауіпті! Иірім!

Қара жиектемедегі жасыл үшбұрыш ақ фонда және ортасында екі ирек көлденең сызықпен сызылған леп белгісі. Үстіңгі жағында «Қауіпті!» деген жазу. Төменгі жағында қара жиектемеде «Иірім!» деген жазу. Белгі қалқымалы, су кемерінен 5-10 метр жерде, тереңдіктер күрт алмасатын ауданға қойылады.

Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет