Студенттердің ботаника пәні бойынша құзыреттіліктерінің мәні



жүктеу 92.07 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі92.07 Kb.
Студенттердің ботаника пәні бойынша құзыреттіліктерінің мәні

Назарова Г.А. –Қорқыт ата атындағы ҚМУ, п.ғ.к., аға оқытушы

Алашбаева А. - магистрант
Пәндік құзыреттілік ең алдымен оқытылатын пән үшін нақты біліммен, білікпен және практикалық қолданысқа бағыталған дағдымен байланысты. А.В.Хуторскойдің тұжырымы бойынша пәндік құзыреттіліктің «нақты оқу пәні шеңберінде қалыптасуға мүмкіндігі және нақты сипаты бар» [1]. Осыған байлынысты, студенттерде пәндік құзыреттіліктердің тиімді қалыптасуы дегеніміз оқытылатын пән аясы бойынша білімінің болуы, сондай ақ сол білімді практикада өз бетінше дұрыс қолдана алу дағдысын игеруі. Яғни, пәндік құзыреттілік деп білім алушылардың оқып отырған пән шеңберінде қалыптасқан білімдерін іске асыруы, сондай ақ сол білімдерін оқу (педагогикалық, өндірістік) практикаларында қолдана алулары

Ботаника бойынша студенттердің пәндік  құзыреттілігі  – білім беру қызметінде  ботаника пәніне қатысты білім, біліктілігі  және  дағдысы  мен  іс – әрекетінің сапалық  жиынтығы. Ботаника негіздерін қолдана білу іскерлігі.

Аталған құрылымдық бөлшектер ботаника пәнінің мақсатына жету бағытын нақтылайды. Олар студент меңгеруі керек және соны бағдарға алуы керек соңғы нәтиже болып табылады. Егер аталған құрама бөлшектерді және «Ботаника» пәні бойынша оқу бағдарламаларында көрсетілген міндеттерді БЛУМ таксономиясына сәйкес жіктесек, олар студентердің оқудағы әрекеттерін алға қойған мақсаттары бойынша жетістікке жетелейтін және сол жетістіктерін, яғни құзыреттіліктерін бағалау өлшемін құрайды.

Егер студенттің ботаника пәні бойынша меңгерген түсініктері мен қабілеттерін, пәннің міндеттерін жүйелесек және логика бойынша реттесек онда 5В011300- биология мамандығы бакалаврында «Ботаника» пәні бойынша қалыптастыру қажет келесідей құзыреттіліктерді айқындауға болады:



(Қ1);

өсімдіктерді туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролін түсіну қабілеті


(Қ2);

өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері жөніндегі білімдерді, түсініктерді меңгеруі және оны тәжірибеде пайдалана алуға қабілеттілігі



(Қ3)

өсімдіктерді зерттеп тану, оларды көбейту, адам игілігі үшін тұтынумен байланысты білімге жағымды мотвациялық-құнылықтылық қарым-қатынасқа негізделе қалыптасқан көзқарастарды меңгеру



өсімдіктерді сақтау, қорғау, көбейту әдістерін меңгеруі көзқарастарды меңгеру

Қ4




Қ 5

өсімдіктерді зерттеудің әдістерін, құралдарын, оларды зерттеп тануға көмектесетін практикалық біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру




өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу әдістері жөніндегі білімдерін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалана алуға қабілеттіліктері дағдыларды меңгеру

Қ 6

Осы аталған құзыреттіліктерді ботаника пәнін оқыту барысында студенттерде қалыптастыру жолдарын және оқу нәтижесін бағалау үшін, сондай ақ сол құзыреттіліктерді Блум таксономиясына сәйкес қалыптастыру үшін осы құзыреттіліктердің барлығын мазмұндық-әрекеттік матрица, яғни оқыту мақсатының 6 категориясын: білу, түсіну, талдау, синтездеу, бағалауды біріктіретін Блум таксономиясына негізделген формада беру керек.

Педагогикалық ЖОО 5В011300 - биология мамандығы аясында ботаника пәнін оқыту үдерісінде студенттерде қалыптастырылу керек құзыреттіліктер осы сызба бойынша көрсетіледі:



  • ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – 1: өсімдіктерді туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролін түсіну қабілеті;

Білу мен түсіну деңгейінде: өсімдіктер туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролі жөніндегі студенттің білімін сипаттайды және тестілеу мен ауызша немесе жазбаша формада бағаланады.

Талдау, синтездеу деңгейі студенттің өсімдіктер туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролі жөніндегі мәселені талдауға, синтездеуге қабілеттілігін сипаттайды және студенттің өзіндік жеке зерттеу жұмыстары, жобалық тапсырмалар формасымен бағаланады

Қолдану және бағалау деңгейі: өсімдіктер туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролі жөнінде берілген материалды студенттің пайдалана алуымен сипатталады және жобалық тапсырмаларды орындауы арқылы бағаланады.

Қазіргі уақытта ЖОО біршама тиімді оқыту технологиясның қатарына жобалауды ұсынатын және студенттің жеке білім алу маршрутын басқауға негізделген өз бетінше оқуды жатқызады.

Жобалау технологиясын пайдалануда басты назар алға қойған міндеттерді жеке қарастыру негізінде оқу мақсатына жету тәсілдеріне аударылады. Өз кезегінде, проблемалы оқыту әдісін зерттеушілер белгісіздік жағдайды, студенттің жеке тұлғалық қасиеті мен ақыл-ой мүмкіндігінің арасындағы сол мәселе жөніндегі шешуді талап ететін қарама-қайшылықтың нәтижесі деп қарастырады.

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – 2: өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері жөніндегі білімдерді, түсініктерді меңгеруі және оны тәжірибеде пайдалана алуға қабілеттілігі.

Білу мен түсіну деңгейі студенттің өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері, оны тәжірибеде пайдалану жолдары жөніндегі білімдерін, түсініктерін білдіреді және тест және ауызша немесе жазбаша формада бағаланады.

Талдау және синтездеу деңгейі өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері, оны тәжірибеде пайдалану жолдары жөнінде студенттің талдап, синтездей алу қабілетімен сипатталады және жобалық тапсырмалар немесе жеке өзіндік жұмыстар формасымен бағаланады.

Қолдану және бағалау деңгейі өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері жөніндегі білімдерді, түсініктер және оны тәжірибеде пайдалана алуға оларды бағалауға қабілеттілігі студенттің осы аталған әрекеттерді меңгеруімен сипатталады және жобалық, жеке өзінідік зерттеу жұмыстарымен және тапсырмаларымен бағаланады.

- ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – 3: өсімдіктерді зерттеп тану, оларды көбейту, адам игілігі үшін тұтынумен байланысты білімге жағымды мотвациялық-құнылықтылық қарым-қатынасқа негізделе қалыптасқан көзқарастарды меңгеру.



Білу және түсіну деңгейі өсімдіктерді зерттеп тану, оларды көбейту, адам игілігі үшін тұтынумен байланысты білімге жағымды мотвациялық-құнылықтылық қарым-қатынасқа негізделген көзқарастың қажеттілігі жөніндегі студенттің білімімен сипатталады және тестпен немесе ауызша, жазбаша формада бағаланады.

Талдау мен синтездеу деңгейі өсімдіктерді зерттеп тану, оларды көбейту, адам игілігі үшін тұтынумен байланысты білімге жағымды мотвациялық-құнылықтылық қарым-қатынасқа негізделген көзқарасты талап, синтездей алу қабілетімен сипатталады және жобалық немесе өзіндік жеке зерттеу тапсырмаларымен бағаланады

Қолдану мен бағалау деңгейі студентте өсімдіктерді зерттеп тану, оларды көбейту, адам игілігі үшін тұтынумен байланысты білімге жағымды мотвациялық-құнылықтылық қарым-қатынасқа негізделген көзқарастың қалыптасуы осы мақсаттарға жетуге бағатталған әрекеттерді меңгеруімен және оларды іс жүзінде іске асыра алуларымен сипатталады, бұл деңгей білім алушыларға кішігірім зерттеушілік тапсырмалар (СӨЖ) орындату формасымен бағаланады.

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – 4: өсімдіктерді сақтау, қорғау, көбейту әдістерін меңгеруі.

Білу және түсіну деңгейі өсімдіктерді сақтау, қорғау, көбейту әдістері жөніндегі білімдерімен және түсініктерімен сипатталады да тест, ауызша және жазбаша бақылау негізінде анықталады.

Талдау мен жалыпалау деңгейі өсімдіктерді сақтау, қорғау, көбейту әдістері бойынша іскерліктерімен (біліктіліктерімен) сипатталады және өзіндік жеке зерттеу жұмыс түрлерін орындауларымен бағаланады

Қолдану мен бағалау деңгейі өсімдіктерді сақтау, қорғау, көбейту әдістері жүйесін пайдалана алуларымен сипатталады және жоба тапсырмаларын орындаулары бойынша бағаланады.

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – 5: өсімдіктерді зерттеудің әдістерін, құралдарын, оларды зерттеп тануға көмектесетін практикалық біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру;

Білу және түсіну деңгейі өсімдіктерді зерттеудің әдістерін, құралдарын, оларды зерттеп тануға көмектесетін практикалық біліктіліктер мен дағдылар жөніндегі білімдерімен және түсініктерімен сипатталады да тест, ауызша және жазбаша бақылау негізінде анықталады.

Талдау мен жалыпалау деңгейі өсімдіктерді зерттеудің әдістерін, құралдарын, оларды зерттеп тануға көмектесетін практикалық біліктіліктер мен дағдыларды талдап, сипаттап бере алу іскерліктерімен сипатталады және өзіндік жеке зерттеу жұмыс түрлерін орындауларымен бағаланады

Қолдану мен бағалау деңгейі өсімдіктерді зерттеудің әдістерін, құралдарын, оларды зерттеп тануға көмектесетін практикалық біліктіліктер мен дағдыларын іске асыра алуларымен сипатталады және жоба тапсырмаларын орындаулары бойынша бағаланады.

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – 6: өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу әдістері жөніндегі білімдерін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалана алуға қабілеттіліктері.

Білу және түсіну деңгейі өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу әдістері жөніндегі білімдерін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалану жолдары жөніндегі білімдерімен және түсініктерімен сипатталады да тест, ауызша және жазбаша бақылау негізінде анықталады.

Талдау мен жалыпалау деңгейі өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу әдістері жөніндегі білімдерін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалану үшін талдап, сипаттап бере алу іскерліктерімен сипатталады және өзіндік жеке зерттеу жұмыс түрлерін орындауларымен бағаланады

Қолдану мен бағалау деңгейі өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу әдістері жөніндегі білімдерін өздерінің кәсіби қызметтерінде (педагогикалық практикада) пайдалану іс әрекетерімен сипатталады және жоба тапсырмаларын орындаулары бойынша бағаланады.

Педагогикалық ЖОО –да биологиялық білім беру аясында студенттердің жоғарыда аталып көрсетілген құзыреттіліктерді меңгеру үдерісін шартты түрде төрт деңгейге бөліуге болады.

Бірінші деңгей –(ұғынушылық), осы құзыреттіліктер аясында жалпы таныстыруды қарастырады; мәселені терең ұғынуды талап етпейтін, негізінен үлгі бойынша, дайын нұсқаулық бойынша орындауды талап ететін іс әрекеттерді болжамдайды; іс жүзінде өз бетінше шешім қабылдауды қарастырмайтын деңгей.

Екінші деңгей – (хабардарлық немесе базалық), сол құзыреттіліктер бойынша білімдерін тәжірибеде, негізінен белгіленген регламентке сәйкес сабақтарда және жаттығу жағдайларында кеңінен пайдалануды болжамдайды, орындаушының өз бетінше шешім қабылдауы шектелеп, өз іс әрекетіне жауапкершілігін қарастырады.



Үшінші деңгей (тереңдетілген немесе қолдана алушылық), қалыптаспаған жағдайда мәселені шешумен, өз іс-әрекеттерін және басқаның (оқушының болуы мүмкін, группаластарының болуы мүмкін) әрекеттеріне түзету ендіру, оларды үйрету немесе бақылаумен байланысты әрекеттерді және мүмкіндігінше өз бетінше шешім қабылауын қарастырады.

Төртінші деңгей(шығармашылық), сол құзыреттіліктер әдіснамасы және жалпы ұстанымдарын жасау (ботаникалық зерттеу жүргізу, ботаникалық білім білім беру бойынша топттық, жеке сабақтардың жоспары мен әдістемесін жасау) аясындағы іс әрекетті болжамдайды. Оқушыларға білім беруде, өсімдіктер дүниесін зерттеуде негізді шешім қабылдай алуын болжамдайды. Жоғары кәсіби білім беру аясында бакалавриаттың деңгейі үшінші- тереңдетілген деңгейге бағдарлануы керек. Құзыреттіліктердің төртінші деңгейін меңгеру- жоғары кәсіби білім берудің магистр дәрежесіне сәйкес келеді.


  1. Хуторской, А.В. Технология проектирования ключевых и предметных компетенций // Интернет-журнал «Эйдос» [М., 2002].

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет