Құстар – біздің досымыз 2017 жыл Тақырыбы



жүктеу 28.29 Kb.
Дата20.07.2018
өлшемі28.29 Kb.
түріСабақ
Жамбыл бастауыш мектебі

Құстар – біздің досымыз

2017 жыл

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз.

Мақсаты: Құстар жайлы түсініктерін кеңейту. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту; сөздік қорын, «сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын дамыту. Құстарға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік көзқарастарын арттыру».

Әдіс-тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, ойын.

Көрнекілік көрсету: құстар суреті.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Гүлдер жапты бөктерді,

Жыршы құстар көп келді.

Кел балалар әнменен,

Қарсы алайық көктемді.

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің неше айы бар?

-Қазір қай айы?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Көктемде күн жылиды, қар ериді. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек гүлі шығады.


  1. –Балалар, теледидар көргенді ұнатасыңдар ма?

  • Олай болса бәріміз теледидарға қарайық.

/Кино көрсету құстар жайлы/

-Балалар кино не туралы екен?

-Құстар не істеп жатыр?

Тақтамен жұмыс.

-Нелерді көріп тұрсыңдар? Құстарды.

-Қандай құстар екен?

-Қандай құстар екен?

-Осы құстардың дауысын кім келтіре алады?

Қаз-қаңқылдайды, сауысқан –саңқылдайды, орғай – шиқылдайды, үйрек – бақылдайды, тырна – тыраулайды.


  1. Балалар, осы көктем туралы, құстар туралы кім тақпақтар біледі екен?

1.Дильназ.

Көктем келді, құс келді.

Күн ұзын, түн қысқа.

Көктем келді су ақты,

Күннің көщі шуақты.

2.Бекзат

Көктемде, көктемде

Күн нұрын төккенде.

Қар еріп ақты су,

Жоғары тартты бу.

3.Мәншүк.

Қараторғай келіпті,

Үйшік жасап берейін.

Алғашқы гүл – бәйшешек,

Бәйшешекті терейін.

Аида, Гюзаль, Мөлдір.



4. «Кім жылдам» ойыны.

1./Шу көп қырда,

Ән бе, жыр ма?

Тыраулайтын

Бұл не?

/Тырна/


2/Сәндер жазды, даусы сазды,

Қаңқылдайтын айтшы

/қазды/

3.Қонып талға,



Басар зарға.

Қарқ – қарқ дейтін

Ол не?

/қарға/


4.Баласы тізіп соңына,

Сүңгіп жүзіп үйретті.

Су жұқпайтын тонына,

Кім біледі?

/үйректі/

5.Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

6.Енді балалар көз алдымызға әлсіреп қалған балапанды елестетіп көріңдерші, ол тоңып капты. Не істер едіңдер? Біз осы құсқа көмектесейікші. Қолымызды созып, алақанымызға балапанды алайық. Енді өзіміздің жылы демімізбен жылытайық. Енді алақандарыңды кеуделеріңе қойыңдар. Балапанға өздеріңнің жүректегі жылуларыңды беріңдер.

-Балалар, сендердің жүректерің қандай?

-Жақсы, жылы, нәзік.

-Сендер жақсыжүректеріңмен, жылы лебіздеріңмен бір өмірді сақтап қалдыңдар.

Себебі: Құс – біздің досымыз. Оларға қамқорлық жасауымыз керек. Олардың табиғатқа тигізетін пайдасы зор.



7. «Бұл қандай құс».

Ойын мақсаты: белгілі бір ерекшелігіне қарай құстарды суреттеуге үйрету.

Аққу - түсу ақ, сұлу, кербез, әдемі құс, мойыны ұзын, аққуды атуға болмайды.

Қарлығаш – қара, құйрығы айыр, кішкентай. Адамның досы.

Тоқылдақ – кішкентай құс, тұмсығы ұзын біз сияқты ағашты құрттан тазартады. Тоқылдақ – орман дәрігері.

8. Енді мына суреттен тоқылдақ суретін алып бояу.



9.Қорытынды: Сабақ не жайлы болды?
: uploads -> doc -> 01c6
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
01c6 -> 1. Тіршілік ортасы, түр саны




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет