Стандартты емес есептер Нұсқа 1 9 сынып 1



жүктеу 22.01 Kb.
Дата17.06.2017
өлшемі22.01 Kb.
Стандартты емес есептер Нұсқа 1 9 сынып

1. Бір литр сүттен 180 мл қаймақ, ал бір литр қаймақтан 350 г май алынады. 100 л сүттен неше килограмм май алынады?

2. Жазықтықта 11 түзу жүргізілді. Сонда ең көп дегенде неше квадрат пайда болуы мүмкін?

3. Бір адамның жасы 1990 жылы оның туған жылының цифрларының көбейтіндісіне тең болды. Ол қай жылы туды?

4. Бір санды 11-ге бөлгенде қалдық 7-ге, ал екіншісін бөлгенде қалдық 8-ге тең. Осы сандардың көбейтіндісін 11-ге бөлгенде қалдық неге тең?

5. Төрт санның арифметикалық ортасы 12-ге, ал басқа екі санның арифметикалық ортасы 18-ге тең. Осы алты санның арифметикалық ортасын табыңдар.

6. Төртбұрыштың екі қабырғасы 1 және 7 тең. Ұзындығы 3-ке тең бір диагоналі оны екі теңбүйірлі үшбұрышқа бөледі. Осы төртбұрыштың периметрі неге тең?

7. ABC үшбұрышында АВ = АС , ал D мен Е нүктелері АЕ= AD және ∠BAD= 26° болатындай алынған. ∠СDЕ бұрышы неге тең?

8. Бала бейсенбі мен жұмада тек шындықты, ал сейсенбіде тек өтірік айтады. Бірде одан жеті күн қатар оның есімін сұрады. Алғашқы алты күнде ол былай жауап берді: Мұрат, Асан, Мұрат, Асан, Қанат, Асан. Ол жетінші күні қалай жауап берді?

9. Қорапта 28 қызыл, 20 жасыл, 12 сары және 21 көк шарик бар. Қорап ішіне қарамай алынған шариктердің ішінде міндетті түрде бір түстен кем дегенде 15 шарик болуы үшін қораптан

неше шарик алу керек?



10. санын ондық бөлшек түрінде жаздық. Соңғы цифры қандай болады?

Барлық есептер үшін: g = 10 м/с, Ссу = 4200Дж/кг К, Смұз = 2100Дж/кг К, λ =33·104 Дж/кг

11

R1=3 Ом және R2=5Ом кедергілері параллель жалғанып ток көзіне қосылған. Қай кедергі қаттырақ ысиды?


12

Дененің судағы салмағы ауадағы салмағынан үш есе жеңіл. Дене тығыздығы неге тең?


13

Арақашықтығы 600 м болған екі аялдамадан, бір мезетте екі автобус бір бағытта қозғала бастады. Қозғалыс басталғаннан 10 минут өткенде олардың арақашықтығы 1,2 км болды. Егер алдында қозғалған автобустың орташа жылдамдығы 21 м/с болса, артқы автобустың орташа жылдамдығы нег тең?


14

Температурасы 00С мұз кесегін электрқыздырғышы бар калориметрге салды. Берілген мұз кесегін температурасы 200С болған суға айналдыру үшін 100 кДж жылу мөлшері қажет. Егер мұз кесегі қыздырғыштан 75 кДж жылу мөлшерін алса, калориметрдегі орныққан температура қанша болады? Калориметрдің жылусыйымдылығын және ортамен жылуалмасуды ескермеңіз.


15

Дене 20 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Қандай биіктікте оның кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясына тең болады?






©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет