Стахановшылар қозғалысы Қазыналы қарашаңырақ



Pdf көрінісі
Дата22.02.2019
өлшемі30.15 Kb.

Стахановшылар қозғалысы 

Қазыналы қарашаңырақ 

 

1935 жылы Донбасс шахтері Алексей Стаханов толық емес бір ауысым ішінде 7 тонна орнына 102 



тонна көмір шауып, тамаша еңбек көрсеткішіне жетті. Большевиктік баспасөз бұны таңғажайып рекорд 

ретінде жариялап, мұндай нəтиже тек қана советтік құрылыс кезінде ғана мүмкін болады деп даурықпа 

ұрандатып жатты. Шын мəнінде рекордтың сыры мынада еді. 

Кадиевкадағы «Центральная -Ирмино» шахтасында көп жылдан бері зобойшы болып еңбек ететін 

тəжірибелі  шахтер  А.Стаханов  шойбалғамен  көмір    шабудың  ұтымды  əдістерін  көптен  ойластырып 

жүретін. Егер жұмысты дұрыс ұйымдастыра білсе, яғни забойшыға қолайлы жағдай жасалса тəжірибелі 

кенші  көмір  қабатының  жігін,  кливажын,  яғни  жарықшақтарын  тиімді  пайдаланып  отырса,  еңбек 

өнімділігін  еселеп  арттыруға  болатындығын  тəжірибе  жүзінде  сынап  көрген.  Яғни  қара  күшке  салып 

емес,  айламен,  еңбекті  жан-жақты  ұйымдастыру  арқылы.  Сондықтан  да  бұл  рекордта  ешқандай 

«ғажайыптық»  жоқ  болатын.  Өзінің  Қарағанды  шахтерлеріне 1968 жылғы 1 мамырда  «Казахстанская 

правда» газеті арқылы жазған хатында даңқты шахтер осы оқиғаны былай еске алады: «30 тамыздан 31 

тамызға  қараған  түнде  мен,  парторгымыз  Константин  Григорьевич  Петров,  учаске  бастығы  Николай 

Машуров  забойға  түстік.  Маған  бұрын 10-12 забойшы  жұмыс  істейтін  кеңістік  босатылып  берілді. 

Константин Григорьевич шахтер шамын жарық қылып тұрды, ал мен жалғыз өзім көмір шаба бастадым. 

Өмірде бірінші рет тіреушілер забойшыға ілесе алмады. Бес сағат 45 минут ішінде мен 102 тонна көмір 

шаптым.  Бұл - сол  кездегі 14 нормаға  пара-пар  болатын...  Əңгіме  ондаған,  тіпті  жүздеген  за-

бойшылардың  бəлендей  рекорд  қоюында  емес.  Мəселе  осындай  жоғарғы  көрсеткіштердің  барлық 

шахталар  үшін  орта  дəрежеге  айналуында.  Озық  əдіс  бірте-бірте  барлығының  баспалдақпен  жоғары 

көтерілуінің алғы шарты болмақ». 

Міне  Кеңестер  одағында  атақты  стахановшылар  қозғалысы  осылай  басталған  еді.  Халық  шаруа-

шылығының түрлі салаларында жұмысшылар еңбектің озық əдістерін кеңінен іздестіре бастады. Түрлі 

өндіріс  салаларында,  мəселен,  автомобиль  өнеркəсібінде  Александр  Бусыгин,  тоқыма  өнеркəсібінде 

Евдокия жəне Мария Виноградовалар, теміржол транспортында Петр Кривонос, машина жасауда Иван 

Грудов,  металлургияда  Макар  Мазай,  ауыл  шаруашылығында  Паша  Ангелина,  Мария  Демченко, 

Константин Борин, Федор Колесов стахановтық қозғалысты өрістеткен өрендер атанды. 

Қанша айтқанмен стахановшылар жарысы көмір өнеркəсібінде туындады. Қарағанды бассейнінде 

де  бұл  жарыс  қызу  қарқын  алды.  Сол  арқылы  үшінші  көмір  ошағын-да  шахтер  еңбегі  биік  тұғырға 

көтерілді.  Қойнауы  қазынаға  бай  өлкеден  атақты  стахановшылар,  олардың  ісін  алға  апарған  екпінді 

еңбек ерлері көптеп шықты. 

Донбастық  əріптестерінің  өнегесін  алғашқы  болып  №12  шахтаның  кеншілері  өрістетті.  Шахта 

забойшысы Ушаков бір ауысымда 11 вагонетка орнына 70 вагонетка көмір шауып, рекорд жасады. Көп 

ұзамай  бұл  нəтижеден  №1  шахтадағы  Түсіп  Күзембаевтың  жəне  №4  шахтадағы  Дайырбековтың 

бригадалары асып түсті, 27 қыркүйек күні облыстық газетте мынадай хабар жарияланды: «№1 шахтада 

стахановтық қозғалыс кеңінен өрістеген. Түсіп Күзембаевтың бригадасы стахановтық тəсілдің таңдаулы 

үлгілерін  көрсетуде.  Учаске  бастығы  Лапиннің  шебер  жетекшілігімен 26 қыркүйек  күні  түнде 

забойшылар  Күзембаев  (бригадир),  Жақсыбеков,  Қүсайынов,  Рақымов,  Қырбасов  бір  ауысымда 220 

вагонетка көмір шапты». 

Сол  жылдың 16 желтоқсанында  №17  шахтаның  забойшысы  Байд3лда  Мұқажанов  қолмен  көмір 

шабу жөнінен рекорд жасауға бел байлап шахтаға түсті. Небəрі үш сағат ішінде ол 25 вагонетка орнына 

100 вагонетка отын жөнелтті. Сол аусымда озат стахановшы нормасын 800 процент орындады. 

Стахановтық  тəсілді  бассейннің  көптеген  таңдалы  шахтерлері  іліп  əкетті.  Забойшылар  Рақышев, 

Нұрбеков,  Такинский,  врубмаинистер  Боженок,  Литвинов,  Топаев  жəне  басқалары  нормаларын  үнемі 

200-400  процентке  асыра  орындап  жүрді.  Жаңашыл  əдістерді  қолдану  көмір  өндірудің  де  қарқыны 

арттыра түсті. Мысалы тарихшы Н.Дауылбаев өзінің «Қарағанды көмір бассейні» деген кітабында 1935 

жылғы  қазан  айының  бірінші  онкүндігінде 79139 тонна  көмір  өндірілсе,  екінші  онкүндігінде 80110 

тонна  жəне  үшінші  онкүндігінде 92658 тонна  көмір  қырға  шығарылғандығын  атап  өтеді.  Сондай-ақ 

жаңашылдар  салада  күн  санап  арта  түскендігін  көрсетеді. 1935 жылғы  қараша  айына  қарай  олардың 

саны 2005 адамға жеткен. 

Стахановшылар  қозғалысы  жергілікті  газеттерде  үзбей  жарияланып  тұрды.  Жоғары  жақтың 

нұсқауы  бойынша  оларға  партия,  кеңес,  кəсіподақ  ұйымдары  тарапынан  қолдау  көрсетілді. 1935 

жылдың 7-9 желтоқсанында  өнеркəсіп  пен  транспорт  стахановшыларының 182 делегаты  мен 700-ден 


астам  қонақ  қатысқан  қалалық  слеті  болып  өтті.  Слет  делегаттары  отанға  мол  өнім  берудің  келелі 

мəселелерін талқылап, өндіріс озаттарының бай тəжірибелерімен ортақтасты. 

Қалалық  «Қарағанды  пролетариаты»  газеті  слетке  «Қарағанды  стахановшылары  жұмыс 

тəжрибелерін  ортаға  салады»  деген  бет  арнады.  Кейін  Социалистік  Еңбек  Ері  атанған  белгілі  шахтер 

Сікен Шоманұлы (18 шахтаның бригадирі) өз тəжрибесін газет арқылы былай насихаттайды: «Қандай 

забой болса да көмірді астынан келеп алғаннан кейін жігі босап қалады, сонан кейін көмірді құлатуға 

көп қиындық болмайды. Тек əрбір пластың жігін тауып алып, көмірді кесек-кесегімен құлата береміз. 

Пластың  жігін  білмеген  қалайшылар  көп  күшті  бекер  шығын  қылады.  Мен  көмір  забойларының 

төбесінің қауіпті-қауіпсіздігін де жақсы аңғарамын. Лаваға, штректерге барғанша көмір шабуға кіріспей 

тұрып  төбе  топырағын  байқаймын.  Көмір  құлатудың  техникасын  шеше  білгеннің  арқасында  менің 

өндіріс жоспарым да үздіксіз артық орындалады. Стаханов əдісіне көшкелі бұрынғы 9 қалайшы істейтін 

лавада біз осы күні 4-ақ қалайшы істеп жүрміз. Жоспарды бұрынғы 9 адамның орындағынан бір жарым 

есе  артық  орындайтын  болдық».  Осы  номерде  сондай-ақ  Киров  атындағы  шахтаның  стахановшы 

бригадирі  Рақышұлы,  №1  шахтаның  маңдай  алды  стахановшысы  Күзембайұлы,  №9  шахтаның 

забойшылар бригадирі Тебайұлы, №2 шахтаның стахановшысы Дайырбекұлы өз тəжірибелерін ортаға 

салады.  Екпінді  еңбегінің  арқасында  қарапайым  шахтер  Мағауия  Рақышев  КСРО  Орталық  Атқару 

Комитеті Ұлттар Кеңесінің мүшесі болып сайланды. 

Жыл аяғында стахановшылар саны 2158 адамға жетті. Осы жылы қарағандылықтар 2,356 миллион 

тонна отын өндірді. 

Стахановтық  қозғалыс 1936 жылы  одан  əрі  өрістей  түсті.  Сол  жылы  Қарағандыда  жаңашылдар-

дың 5 күндіктері мен 10 күндіктері ұйымдастырылып тұрды. 3 тамызда Ауыр өнеркəсіп халық комисса-

ры  С.Орджоникидзе  бір  топ  таңдаулы  стахановшыларды  қабылдады.  Оған  қарағандылықтар  атынан 

бассейнде  стахановтық  қозғалыстың  бастамашысы  болған  Түсіп  Күзембаев  қатысты.  Жыл  аяғында 

Ауыр өнеркесіп халық комиссариатының бұйрығы бойынша бір топ қарағандылық шахтерлер: «Қара-

ғанды көмір» тресінің басқарушысы М.Смирнов, бас инженері В.Смерткж жəне №3-26 Киров атындағы 

шахтаның  бас  инженері  И.Дрейге  «М-1»  жеңіл  автомашинасы,  №17-19  Калинин  атындағы,  №18,  №1 

шахта меңгерушілері А.Лаухин, М.Крутько, М.Малютин, №18 жəне Киров атындағы шахтаның учаске 

бастықтары  М.Попов,  М.Əзімбаевқа,  врубмашина  машинистері  Ə.Топаев,  Е.Боженокқа,  Киров 

атындағы шахтаның забойшылар бригадирі Байтулинге мотоциклдер сыйға тартылды. Стахановшылар 

саны жыл санап арта түсті. 1937 жылы олардың саны 2878 болса, 1940 жылы 3417 адамға жетті. 

Стахановтық  қозғалыстың  етек  жаюы  Қарағанды  көміршілерінің 5 қарашада 1936 жылдың 

жоспарын  мерзімінен  бұрын  орындап  шығуға  мүмкіндік  берді.  Осы  жылы  бассейнде 3,772 миллион 

тонна көмір өндірілді. 

Қарқын жылдан-жылға арта түсті. Сөйтіп 1938 жылы - 4,12 млн. тонна, 1939 жылы - 5,04, ал 1940 

жылы - 6,3 млн.  тонна  кокстелетін  тас  кемір  өндірілді.  Үшінші  көмір  ошағы  өз  атына  сай  қанатын 

қомдап болашаққа зор сеніммен қарайтын болды. 



 

Аман ЖАНҒОЖИН, 

Ермағамбет ЛҰҚПАН.

 



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет