Сөздік! 1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз. Байлық – богатство



Дата12.04.2018
өлшемі445 b.



Шынықсаң шымыр боларсың



Сөздік! 1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

  • Байлық – богатство

  • Өмір – жизнь

  • Баға - цена

  • Сергек – бодрый; бодрствующий; живой.

  • Уақыт – время

  • Еңбек – труд

  • Көмек - помощь

  • Үздіксіз – непрерывный, регулярный, непрестанный.

  • Құштарлық – влюбленность; увлеченность; страстное

  • желание, пылкость

  • Денешынықтыру –физкультура, закаливание.

  • Қажыр-қайрат – сила, мощь, энергия

  • Көңіл-күй – самочуствие, настроение

  • Салауатты өмір салты – здоровый образ жизни



2-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз.

  • Қоғамның басты байлығы адам болса, адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз – дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет. Дене тәрбиесімен айналысқан адам өзін сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айрықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең басты көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.

  • Спорт – салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Оларды өмірді сүріп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.



3-тапсырма.

  • Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз

  • Тапсырма.

  • «Спорт пен денешынықтыру – салауатты өмір салтының негіздері» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер.

  • Сайт: www.google.kz

  • www.egemen.kz



Сұхбаттасайық 4-тапсырма. Диалогқа қатысыңыз

  • - Спорт сіздің өміріңізде қандай орын алады?

  • - Күнделікті жаттығу жұмысын жасайсыз ба?

  • - Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегенге қалай қарайсыз?

  • - Спорттың қандай түрін ұнатасыз?

  • - Қазақстанның атақты спортшыларын білесіз бе?

  • - Біздің Республикамызда спорттың қай түрі жақсы дамыған?



Грамматикалық минимум! СЕПТІК ЖАЛҒАУ

  • Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді.

  • Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:



Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу Жай септелу – сөздердің түбір күйінде септелуі Тәуелді септелу – сөздердің тәуелденіп барып септелуі



6 -тапсырма.

  • 6 -тапсырма.

  • «2011 жылғы VІІ Қысқы Азия ойындары»

  • туралы, дайындық барысы т.б. мәліметтерді іздеңіз. Жиналған ақпарат бойынша қорғаңыздар.

  • Сайттар: www.akorda.kz

  • www.kazinfo.kz

  • www.astana.kz

  • www.google.kz

  • www.egemen.kz



Термин сөздермен танысайық!







7.6-тапсырма.

  • 7.6-тапсырма.

  • «Спорт пен денешынықтыру – салауатты өмір салтының негіздері»

  • тақырыбында денсаулықты нығайтуға байланысты эссе жазыңыз және қорғаңыз.

  • Үлгі

  • Адамның денсаулығы – оның байлығы. Денсаулық мықты болу үшін денешынықтырумен айналысу керек.





Тест

  • Тест

  • 1.Сөздердің қайсысы септік жалғауында тұр?

  • А) аспанды

  • В) санады

  • Д) ойлады

  • Е) ақылды

  • С) беделді

  • 2. Адам өміріндегі баға жетпейтін дүние не?

  • Адам өміріндегі ... баға жетпес дүние.

  • А. Ақша

  • В. Қызмет

  • С. Денсаулық

  • Д. Қызмет

  • Е. Машина

  • 3. Марат жолдасымен бірге кетті.

  • А) табыс

  • В) атау

  • Д) ілік

  • Е) барыс

  • С) көмектес

  • 4. «-ды, -ді, -ты, -ті» қай септіктің жалғаулары?

  • А) ілік

  • В) жатыс

  • Д) шығыс

  • Е) көмектес

  • С) табыс

  • 5. Қазақ тілінде неше септік бар?

  • А) алты

  • В) сегіз

  • Д) жеті

  • Е) бес

  • С) тоғыз



Пайдалы кеңестер!

  • 9-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.

  • Есіңізде болсын, күнделікті тұлғалық жаттығулармен қатар, дене шынықтырудың мына түрлерімен шұғылдануыңызға болады :

  • Таңертеңгі жаттығу;

  • Баяулап жаяу жүру, біртіндеп жылдамдықты және ара қашықтықты

  • ұлғайту ( 3 км-ді 30 минутта );

  • Баяу желе жүгіру ( 30 мин ).

  • Суға жүзу ( жұмасына 3рет ).

  • Велосипед тебу ( 30 мин- та 8 км ).

  • Шаңғы тебу және басқалар.

  • Егер, сізде артериялы қысым көтеріңкі болса, волейбол, футбол, теннистермен шұғылдануға, еңкейіп жасалатын жаттығуларды жасауға,

  • ауыр жүк көтеруге болмайды.



Артық болмас білгенің!



Қорытынды

  • Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі

  • Т.Карлейль

  • Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.

  • Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымыз қажет.



: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет