"Соғыс" сөзі қандай қорқынышты, осы сөзді естігенде, денем түршігіп, бойымды қорқыныш пен үрей билейді. Ал "Жеңіс" сөзі ше? Жоқ, бұл сөз жүрекке жақын, жанға жылы. Естігенде, кеудеңе шаттық орнап, бойыңды қуаныш кернейді



жүктеу 26.73 Kb.
Дата27.10.2018
өлшемі26.73 Kb.
"Соғыс" сөзі қандай қорқынышты, осы сөзді естігенде, денем түршігіп, бойымды қорқыныш пен үрей билейді. Ал "Жеңіс" сөзі ше? Жоқ, бұл сөз жүрекке жақын, жанға жылы. Естігенде, кеудеңе шаттық орнап, бойыңды қуаныш кернейді.
Ұлы Отан соғысы – адам баласының адамдық қасиетке жатпайтын өзімшілдігі, аярлығы, зымиян ойлылығы мен озбырлығынан басталды. Қанша адам жақындарынан айрылды? Соғыс жырлары қанша адам туған жерден жырақ жүріп, қаншасы жат жерде жерленді? Қанша жас қыршын кетті? Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде қазалылық менің атам – Айымбетов Сыдық та болды.

Қазалы топырағында 1924 жылдың 15 қазаны күні дүниеге келген. 1942 жылы 18 жасында Қазалы қаласынан майданға аттанады. Әуелі әскерге алынған солдаттарды Ашхабад қаласында әскери жаттығулардан өткізеді. Соғыс жылдары Украина, Белоруссия, Эстония қалаларын азат етуге қатысады. Күндіз-түні тынбайтын атыс-шабыста, аш-жалаңаш болса да, қан майдандағы жауынгер бойында шыдамдылық, төзімділік, сабырлылық және Отанға деген сүйіспеншілік басым болатын.

Көзі тірісінде атам маған соғыс оқиғаларын көп айтатын. Соның ішінде қызық та, қайғылы да оқиғалар бар. Солардың бірнешесін есіме түсірсем, соғыста командирдің бұйрығын бұлжытпай орындау міндеті. Мен ерлік көрсетемін деп ешқашан ойлаған емеспін, дейтін атам. Мынау жота болса, енді мына жерде ойпат бар. Ротаны танктен қорғаймыз деп ойпаттың алдын бағып тырп етпей жатырмыз. Кенет екі танкі шыға келді. Дереу оларды жою керек. Міндет атама жүктелді.

Рухы мен ерік-жігері мықты атам қандай да бір тапсырма болмасын абыройға дақ түсірмей, уақытылы орындаған.Қан майданда жаяу әскерлер қатарында болған кезінде жау танкілеріне қарсы шабуыл жасаған. Ұрыс басталар алдында бөлімше командирі С.Ивановтың бұйрығы бойынша жаяу әскерлердің міндеті – келе жатқан жау танкілеріне қарсы шығумен оларға тойтарыс беру.Осы мақсатта окопта да, жерде де аяқ асты болған солдаттар, қансыраған жауынгерлер, дүрсілдеген бомба мен сақырлаған пулеметтердің дауысы құлақ тұндырады.

Сол шайқаста Сыдық атам оң аяғына оқ тиіп, он қолынан жеңіл жарақат алды, жанындағылар тез арада медсанбатқа жеткізді. Емделген соң ұрыс даласына қайта келді. Басынан қатты жарақат алды.Кейін соғысқа жарамсыз деп табылып,1944 жылы маусымда елге оралды.

Атамның Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі үшін алған марапаты жеткілікті. Атап айтсақ, «Қызыл Жұлдыз» ІІІ дәрежелі, «Даңқ» ІІ дәрежелі, «Отан соғысы» ордендері мен «Қаһармандығы үшін», «Жеңістің 30, 40, 50 жылдығы» және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік , Маршал Жуковтың естелік медальдары қарт жауынгердің кеудесінде жарқырап тұратын.

1944 жылы маусым айында елге оралғаннан кейін аудандық суландыру басқармасында, балық зауытында, №86, №42 жылжымалы мехколоннада жұмысшы және құрылысшы болып жұмыс істеп , 1985 жылы соңғы мекемеден зейнеткерлікке шығады.Оның игілікті істері «Еңбек ардагері» медалімен және мақтау қағаздарымен атап өтілді. Марқұм Есенгүл әжем екеуі 9 баланы дүниеге әкеліп, ұлын ұяға , қызын қияға қондырды.Атам 2011 жылы 1 қарашада 87 жасында дүниеден озды.

«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ер қолында»,-деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер - Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар.



Атамның қан майданда мұз жастанып, қар жамылып, ажалмен айқаса жүріп жасаған ерлігін өмір бойы құрметтеп есте сақтау –біздің парызымыз! бізді жеңіске жеткізген ата-бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Жеңімпаз әкелердің, достық пен татулықты қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді ардақ тұтамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында бүгінгі ұрпақ атынан басымызды иеміз.

Немересі: №249 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Индира Медетова




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет