Сүлейменова Әсия биология пән мұғалімі №15 Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектеп Сарыағаш ауданы Оңтүстік Қазақстан облысы Тақырыбы



жүктеу 43.57 Kb.
Дата22.12.2016
өлшемі43.57 Kb.
Сүлейменова Әсия биология пән мұғалімі №15 Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектеп Сарыағаш ауданы Оңтүстік Қазақстан облысы
Тақырыбы: Адам ағзасы – бір тұтас құрылым

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың биологиялық сөздік қорын байыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру,тазалыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу барысында өткізілген сабақ үлгісін ұсынып отырымын.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа «Адам ағзасы – біртұтас құрылым», Ішкі секреция бездері», Секреция бездерінің қызметі бұзылғанда болатын аурулар» Тірек схемаларын, адамның қаңқаларын пайдаландым.

Сабағымызды атақты қоғам қайраткері, биология ғылымының докторы, профессор М.Монтеннің сөзімен бастадық. «Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш жігерді, не еңбекті тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз деп есептеймін». Қалқанша без гормондарының тапшылығынан ми, есту,көру, есте сақтау және сөйлеу қабілеттері бұзылады. Бұл гормондардың жетіспеушілігі әйелдердің ұрпақ өрбіту қабілетіне, дүниеге сәби әкелу мен жас ұрпақтың өміршеңдігіне әсер етеді, балалардың ақыл-ой физикалық, жыныстық дамуының тежелуіне әкеледі, кез келген жас аралығында жемсау дамуына мүмкін, танымдық қызметтер төмендейді. Йодтапшылықтың туа біткен аса ауыр ауру түрлері адам ағзасы дамуының ерте кезеңдерінде (құрсақ ішіндегі кезеңнен бастап, жыныстық жетілу кезеңіне дейін) қалыптасады және кретин изм ауруы түрінде бейнеледі.

3. Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін, топпен жұмыс жасалынады.

А тобына В тобына С тобына

Биологиялық Тест Деңгейлік

Диктант тапсырмалар

беріледі


Деңгейлік тапсырмалар (Стобы)

  1. Гормандар мен ферменттер – екеуі де биологиялық активті әрекетшіл заттар. Екеуінің қандай ұқсастық айырмашылықтары бар?

  2. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуына байланысты болатын ауруларды емдеуге болама?

  3. Бұл ауруларды қандай жолдармен емдейді деп ойлайсыздар? Өз ойларыңызды айтып мысал келтіріңіздер.

Биология диктант (А тобы)

  1. Гормон деп ішкі секреция бездерінің қанға бөліп шығаратын және дененің әрекетін реттейтін________________________________айтады.

  2. Ұйқы безі _______________________гормонын бөледі.

  3. Бүйрік үсті безі__________________ гормонын бөледі.

  4. Қалқанша без___________________ гормонын бөледі.

  5. Қалқанша маңы безі ______________________бөледі.

  6. Паратгормон денедегі__________ алмасуын реттейді.

  7. Үш бөліктен тұратын без________________________


Тест сұрақтарымен жұмыс (В тобы)

І нұсқа

1.Қандай бездер аралас қызмет атқарады.

а) ұйқы безі; ә) қалқанша безі; б)гипофиз; в) жыныс безі.

2. Ішкі секреция бездерінің гормондары қайда бөлінеді?

а) ішекке; ә) ұлпа сұйықтығына; б) қанға; в) тері үстіне.
3.Сыртқы секреция бездеріне қайсысы жатпайды?

а) сілекей, бауыр; ә) бүйрек үсті безі; б) гипофиз; в) ұйқы безі.


4. Андреналинді қай без бөлініп шығарады?

а) ұйқы безі; ә) бүйрек үсті безі; б) қалқанша безі; в) гипофиз.


5. Қай без ішкі секреция бездеріне жатпайды?

а) гипофиз; ә)қалқанша безі; б) жыныс бездері; в) асқазан бездері.


6. Қалқанша безі гормоны жетіспегенде қандай ауру пайда болады?

А) микседема; ә) бақшаңкөз; б) алыптылық; в) ергежейлік.


7. Бақшаңкөз ауруы қай бездің қызметі бұзылғанда болады?

А) бүйрек үсті безі ә) эпифиз; б) қадқанша безі; в) ұйқы безі


8. Тироксиндегі негізгі химиялық элемент:

А)бром ә)калий б) йод в) темір г) марганец.


9.Айырмашылық бездің гормоны:

А)тимозин ә) тироксин б)кортизон в)тестостерон?


10. Алыптылық пен ергежейлік қандай гормонның әрекетінен пайда болады?

А)кортизон ә) темизон б)өсу гормоны в) норадренали

ІІ- нұсқа


  1. Аралас безге жататын:

а)гипофиз; ә) ұйқы безі; б)қалқанша безі.
2.Гормон дегеніміз –

А) химиялық реакциялардың қатализаторы; ә)биологиялық актифті заттар; б)ферменттер


3.Тироксин-

а) ұйқы безінің гормоны; б)қалқанша безі гормоны.

ә)жыныс безі гормон
4.Қалқанша безінде қандай элемент көп болу керек?

А) йод; ә)глюкоза; б) майлар;


5. Кретинизм қандай гормонның бөлінуіне байланысты;

А)норадреналин; ә)инсулин б)тироксин

6.Акромегалия ауруы қай бездің қызметіне байланысты:

А) гипофиз ә) эпифиз б)бүйрек үсті безі


7.Андреналин қандай безден бөлінеді?

а)қалқанша безі ә)бүйрек үсті безі б)жыныс бездері


8.Мида қандай без орналасқан?

А)гипофиз ә)бүрек үсті безі б)жыныс бездері.


9. Ер баланың жынысытық белгісінің дамуы әсер ететін гормон:

А)тироксин ә)тестостерон; б)инсулин


10. Қыз баланың жыныстық белгісінің дамуына әсер ететін гормон:

А)фолликулин; ә)тестостерон; б)тироксин.


Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауда, түрлі аурулардан сақтандыруда және жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беруде осындай сабақтардың тәрбиелік мәні өте зор.

Үй тапсырмасын беру: Ғаламтордан ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылғанда болатын ауралардың мәліметтер жазып келу.



Ұлттық емдеу тәсілдері туралы реферат жазып келу




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет